Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Журналист. Журналист зерттеуші.

2. Зерттеу жұмысының амал-тәсілдері.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.



Дәріс №14. Комментатор бағамы 

Жоспар:

1. Комментатор.

2. Бағам.

Лекция мақсаты: Комментарий жасап үйрету.

Лекция       мәтіні.   1.  Журналист   негізінен   алғанда   шығармашылық   тұлға

болғанымен, ол қаласын-қаламасын саясаттан айналып өте алмайды. Яғни,

журналист – саясат сардары. 

Журналист–қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол

жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал

немесе   радио   мен   теледидар   жұмысын   атқарып,   шығармашылық   қызмет

жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші -

әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім

мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз

жеткізіліп   жазатын   болуы   керек.   Қандай   оқиғаны   болсын   тапқырлықпен,

сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап

айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір

айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол

заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар

жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси - әлеуметтік қызметіне, дүниеге

деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан - жақты білімділік

пен саяси - азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау

керектігін   білдіреді.   Журналист   өз   ісіне   адал   берілген   маман   болуы   тиіс.

Соңдай   -   ақ,   журналист   көпшіл   болуы,   жұртпен   тез   ортақ   тіл   тапқыш

болғаны абзал. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей

алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.

Кез-келген   басылымды   алыңыз,   ондағы   журналистер   саясаттың   әртүрлі

салаларын жазады. Өйткені журналистиканың негізгі  міндеттерінің бірі де

сол. 

Қазіргі   заманғы   бүкіләлемдік   саяси,   экономика   және   рухани-мәдени



жаһандану   жағдайында   журналистика   әлемдік   интеграциялық   үрдістердің

ішіндегі   аса   ықпалдысы   болып   табылады.   Осыған   байланысты   әлемдік

журналистика   бұрын-соңды   болмаған   дүмпуді   басынан   өткізуде.

Журналистиканың белгілі бір елде, аймақта, тіпті әлемдік ауқымда қоғамдық

пікір қалыптастырып, ресми емес төртінші билік тармағы тұғырына көтеріле

алатындығы оның болашақтағы даму мүмкіндігінің бұдан да мол екендігін

көрсетеді. Демократиялық елдердегі журналистика салыстырмалы түрде өз

міндетін   атқара   алатын   болса,   тоталитарлық,   авторитарлық   елдердегі

журналистика өзге билік тармақтарының қысымы салдарынан жұртшылыққа

шынайы объективті ақпарат жеткізбеу, шындықтың өңін айналдыру, бұрмалау

құралына   айналуда.   Алайда   демократиялық   мемлекеттерде   қалыптасқан

тәуелсіз журналистика ұғымының өзі толық мәнді тәуелсіздікті білдірмейтін

шартты   ұғым.   Кез   келген   елде   қандай   да   бір   қаражатсыз   және   билік

тармақтарының   қолдауынсыз   журналистика   ісі   дамымайды.   Сондықтан




журналистиканың   өз   қызметін   шын   мәнінде   дұрыс   атқаруы   әрбір   елдің

бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне кепілдік беретін заңдарының

қабылдануына   және   олардың   толық   орындалуына   байланысты.   Сонымен

қатар дүниежүзүлік журналистер қауымдастықтарының өзара ынтымағы да

көп рөл атқарады.

Журналист   әрбір   мақаласында   белгілі   бір   проблеманы   көтереді.   Онда   ол

фактіні   ғана   жариялап   қоймай,   мәселенің   шешілуі   жолындағы   өзінің   ой-

пікірлерін де ортаға салып, оқырмандар арасында қоғамдық пікір туғызуға

талпынады. Бұл – журналистің негізгі міндеті. Егер материал оқырманға ой

салмаса, қоғамдық пікір туғызуға қауқары болмаса онда ол материал газеттің

бос   жерін   толтырумен   пара-пар.   Демек,   саясаттың   сардары   саналатын

журналист әрбір мақаласын жазарда терең ойланып, жан-жақты толғанғаны

жөн. Сонда ғана өзекті мәселені қотара жазатын тұшымды дүние баспасөзде

жарияланатын болады.

Қазақстан   баспасөзі   жағдайында   ресми   басылымдардан   гөрі   тәуелсіз

басылымдар   оқырмандардың   көңілінен   шығатын   материалдарды   көптеп

жариялауда. Мәселен, «Алаш айнасы», «Жас алаш», «Жас қазақ», «Қазақстан

заман»   және   басқа   басылымдар   қоғамдағы   өзекжарды   проблемаларды

батылдықпен   ашып   көрсетуге   талпынуда.   Бұл   да   болса   тәуелсіздіктің   бір

жемісі деп түсінуіміз керек. Өйткені кеңес заманында цензура деген «қайшы»

болды. Ол саясатқа сәл келмейтін батыл пікірлерді кесіп тастап отыратын. Ал

бүгінгі таңда журналистер өз ойларын еркін жазады. Мемлекеттік құпияны

жариялаудан басқа еркін пікірлер тоқтаусыз жариялануда. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет