Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет19/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Комментарий мен реплика ара қатынасы.

2. Реплика ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №12. Авторлық ұстаным және авторлық аргумент 

Жоспар:

1. Автор және оның ұстанымдары.

2. Аргумент.

Лекция   мақсаты:  Авторлық   ұстанымдармен   таныстыру,

аргумент жасап үйрету.



Лекция     мәтіні. 1.  Автор  (

лат.


  auctor  — жасаушы, шығарушы) —  

көркем


шығарманы

, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді,

жобаларды,   өнертабысты   жазған,  

әдебиет


,  

өнер


,  

музыка


,   бейнелеу,   мүсін,

сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған

т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым).

[1]


Қазіргі  

өнертануда

,  

әдебиеттануда



  қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер

туындысын жасаушы; қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік

танымын   әйгілейтін   шығармашылық   тұлға.   Автор   санаты   шығармашылық

қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық

принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Әлемдік



өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерту

қажет.


XIX ғасырда француз ақыны 

Стефан Малларме

 басталған («жазу деген жеке

тұлға ретіндегі даралыққа қатысы жоқ әрекет») шығармашылық процестегі

жеке   «менің»,   автордың   дербес   тұлға   екенін   мойындамайтын,   терістейтін

идея қазіргі структурализм, семитика мектептеріндегі негізгі принциптердің

бірі.

Көркемдік   жүйе   түзуші   бірегей   қабілет,   ерік   иесі   автор   шығармашылық



процеске   қатыстылығы   байырғы   мифтерден,   фольклор   туындыларынан   да

бажалайнады.   Алайда   ежелгі   мәдениеттер   кеңістігінде   автор   тұлғасының

дара   шығармашылық   сипатынан   гөрі,   медиаторлық   белгісі   басым   еді.

Гегельдің айтуынша, мифология - өнердің, қайнар көзі, бірден-бір қойнауы

болған   көне   дәуірде   автор   үшін   дара   өмірлік   материалды,   оны   көркемдік

тұрғыда қайта қорытудың дара тәсіл, құралдарын іздеудің, мүмкіндігін де,

қажеттілігі де болмаған. Яғни, автор тіршілікті, әлем сырын мифтік канондар

бойынша   жырлайтын   абыз-медиум,   дәнекерші-түсіндірмеші   рөлін

орындаған.

2. Аргумент(лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) –

1)   философияда   –   пікір,   ойдың   немесе   теорияның   ақиқаттығына



келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес,

пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Оған қойылатын

жалпы талаптар: ақ II. Аргумент (Argument) -

1) программада кездесетін тәуелсіз айнымалының мәні;



2) электрондық кестедегі элемент орнын анықтайтын сан. Көбінесе тор

немесе блок адресі ретінде, нақты сан түрінде де болады;

3)   мәліметтерді   анықтауға   арналған   программалық   модульді   немесе



программаның осы модульге жіберілетін элементтерін шақыру кезінде

пайдаланылатын тұрақты айнымалы немесе өрнек.

[1]



4) математикада - өзгерісіне, басқа бір 



функция

 деп аталатын 

шаманың

өзгерісі   тәуелді   болатын   тәуелсіз   айнымалы   шама.   Бұл   шама

функцияның 

анықталу аймағының

 

элементі


 болады.

Газет   бетіне   шыққан   материалдың   оқылуы   көбінесе   тақырыбының   қалай

қойылуына   тікелей   байланысты   болады.   Өйткені   сәтті   қойылған   тақырып

оқырманды бірден баурап алады. Оның да өзіндік сырлары жеткілікті. 

Әдетте   тақырыптың   қойылуы   мақалада   айтылатын   фактілерге   тікелей

байланысты. Көп іздене білетін журналист ресми материалдың өзіне де сәтті

тақырып   қоя   алады.   Бұл   арада   журналистің   кәсіби   шеберлігі   мен

тәжірибесінің   молдығы,   талантының   дәрежесі   шешуші   роль   атқарады.

Тақырып кейде бір немесе екі сөзбен беріледі. Кейде кейіпкердің тұшымды

бір сөйлемі тақырыпқа шығарылады. Кейде мақалада айтылатын ең негізгі

ой-ұсыныс   тақырып   ретінде   оқырман   назарына   ұсынылады.   Кейде

аллитерация және ассонанс тәсілдері қолданылып жатады. Тағы бірде мақал-




мәтел   тақырып   жүгін   арқалайды.   Енді   бірде   жыр   шумағының   екі   жолы

тақырыпқа шығарылады. 

Қалай   болғанда   да   журналист   оқырман   назарын   өз   мақаласына   аударуға

тырысып бағады. Күнделікті газеттерге қарап отырсаңыз сәтсіз тақырыптар

да өріп жүреді. Кейде  бұған түсіністікпен қарауға  да тура келеді. Өйткені

газет   жұмысы   оперативтілікті   қажет   ететіндіктен   ондағы   жарияланып

отырған   мақалалардың   барлығын   құлпырған   тақырыппен   беріп   отыруға

уақыт жетісе бермейді. 

Сонымен қатар оқырмандардың назарын аудару үшін тақырып беріліп, оның

астына тақырыпша қойылады. Мұның өзі материалдағы фактілердің мәнін

нақты аңғартуға қажеттіліктен туындаған. 

Қазақ   журналистикасындағы   белгілі   тақырып   қоюшының   бірі   Сейдахмет

Бердіқұлов.   Ол   «Лениншіл   жастың»   редакторы   ретінде   әрбір   мақала

тақырыбын ойнақы берілуін қадағалап қана қоймай, көптеген тақырыптарды

әп-сәтте   өзі   өзгертіп   жіберіп   отырған.   Сонымен   қатар   тақырып   қоюды

публицистер Сарбас Ақтаев, Қайнар Олжай, Қали Сәрсенбай, Нұртөре Жүсіп,

Талғат Батырхан да ерекше меңгерген. Қазақ журналистикасындағы белгілі

публицистер олардың талантын мойындаған.   

Қазақ журналистикасында тақырып қоюдың хас шеберлері мол болғандығын

айтып өттік. Мақала мазмұнын оқи бастағаннан-ақ сәтті тақырыпты бірден

қоятын   публицистер   әдетте   қазақтың   шұрайлы   тілін   терең   меңгергендер

екендігі анық. Өйткені сәтті тақырып қою тілі бай публицистің қолынан ғана

келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет