Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет15/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Бақылау сұрақтары

1.Аналитикалық жанрда мәтін жазу. 

2.Аналитикалық жанрда сөйлеп үйрену.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.



Дәріс №8. Комментарий, бағалау, позиция, болжам қазіргі баспасөз 

жаңалықтары ретінде 

Лекция   мақсаты:

 Баспасөз   жаңалықтарының   жаңа

элементтерін анықтау.



Лекция       мәтіні.   1.

  Баспасөз—   мерзімді   және   мерзімсіз   басылымдардың

жиынтық   атауы.   Баспасөз   —  

халық

  арасында   әр   түрлі   ақпараттар   тарата



отырып,   қоғамдық   пікір   қалыптастыруға,   саяси   жұмыстар   жүргізуге,

мемлекеттің,   әлеуметтік   топтардың   не   жекелеген   тұлғалардың   мүдделі

мұраттарын   танытуға   қызмет   етеді.   Мерзімді   баспасөзге   тұрақты   атауы,

ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын 

газет

,

журнал



,  

альманах


,  

бюллетень

,   олардың   қосымшасы   жатады.   Олар

шығармалық-өндірістік   процестердің   ұйымдастырылу   ерекшеліктеріне,

тақырыптық-мазмұндық   бағыттарына,   әкімшілік-аумақтық   бөлініс

деңгейлеріне,  оқырмандар  аудиториясының  сипатына,  т.б. белгілеріне  орай

бірнеше   түрлерге   жіктеледі.   Мерзімді   баспасөздің   ең   негізгі   әрі   көне

түрлерінің   бірі   —   газет.   Қағаз   өндірісінің   дамып,   полиграфиялық

технологияның   бастапқы   тәсілдерінің   жетілдірілуіне   байланысты   Батыс

Еуропада


  (

Германияда

  —   1609   жылы,  

Ұлыбританияда

  —   1622   жылы,

Францияда

  — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі

алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы 

Ташкент

 қаласында жарық көрген

“Түркістан   уәлаятының   газеті”.   Бұл   басылым   қазақ   даласында  

Ресей


империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге

келгенімен,   ұлттың   Баспасөзін   қалыптастырып,   зиялы   қауымның   азаттық

идеяларын   бұқараға   жеткізуде   Баспасөздің   маңызы   зор   екендігін   түсінуіне

ықпал   етті.   Мерзімді   баспасөзге   жататын   журналдар,   альманахтар   мен

бюллетендер   шығу   мерзімділігіне,   көлемі   мен   безендірілуіне   газеттен

ерекшеленіп тұрады (қара 

Газет



Журнал



Альманах


). Баспасөздің екінші түрі

—   мерзімсіз   басылымдарға   кітаптар,   кітапшалар,  

плакаттар

,  


күнтізбелер

,

ноталар



, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—

9   ғасырларда  

Қытайда

  басталды.   Алғаш   рет  

ксилографиялық

  (ағаштан

ойылған   қалыппен   басу)   әдіспен   буддистердің   “Жақұт   сутра”   (868)   деген

қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін

келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы

Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде 

Қазақстанда

 1200-


ден астам  газет-журналдар, апталықтар  жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі

меншік   нысанындағы   260-тан   астам   баспадан   мыңдаған   таралыммен

кітаптар,  

буклеттер

  мен  

плакаттар

,   т.б.   шығады.   Республикадағы   Баспасөз

жүйесінің қызметі ҚР-ның “

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

” заңымен

(1999, 23 шілде) реттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет