Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет14/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Байланысты:
179562, № 1 практикалық сабақ, Lermontov Geroy-nashego-vremeni.iRuJIA.69892
Бақылау сұрақтары

1.Аналитикалық жанрды оқу әдісі. 

2.Аналитик журналисттерінің тәжірбиесінен.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №7. Аналитикалық журналистика, аналитикалық текст 

Жоспар:

1. Аналитикалық журналистика туралы пікір.

2. Аналитикалық журналистика қоғам өмірінде.

Лекция   мақсаты:  Аналитикалық   журналистика   саласында

мәтін жазып үйрету.



Лекция     мәтіні. 1.  Аналитикалық  журналистика  төңірегіндегі  сұрақтарға

қайшы   пікірлер   бұрыннан   бар.   Көпшіліктің   пікірі   бойынша,   журналист




жалпы   маңызды   құбылыс   бойынша   өзіндік   қорытынды   шығармайды,   тек

қана ол деректерді жүйелеп беріп отырады. Ал басқалары жалпы дамудың

теориялық және практикалық проблемаларымен байланысты сөз болған пікір

болу керектігін ерекше баса айтады.

Аналитикалық журналистикадағы қоғам дамуының тиімді жолдарын таңдау:

себебін   анықтау,   әртүрлі   әлеуметтік   күштердің   әрекеті,   пиғылы,

қызығушылығы желісіне құрылған жағдайлардың өзгеруі мен оқиғаның даму

шарттары,   тенденциялардың   дамуындағы   қазіргі   қарама-қайшылықтардың

көрінуі, дұрыстығы, әртүрлі ой-пікірлерде тұрақтануы мүмкін.

БАҚ-ғы Халықаралық аналитиканың ерекшеліктері

1. Себебін анықтау: мәтіндегі бар тезистер, дәлелдер, авторлық бағалау;

2. Тақырыпты оқытудың маңызды үрдісі: нақты дәлелді болу үшін автордың

логикалық пайымдауы қадағаланып отыруы керек. 

3. Оқиғаны меңгертуде барлық әдістерді қолдану керек: 

- салыстыру (айырмашылықтарды анықтау мақсатында салыстыру);

- ұқсату (ұқсастығын анықтау мақсатында салыстыру);

- бағалау (жоғары сапаға пән сәйкес пе, соны тексеру);

- бөлшектеу (маңызды, қажет бөлшектерді анықтау);

- түсіндіру (тергеу себептерінің байланысу қатарын жаңадан жасау);

- болжау;

- байыту (жалпы жағдайлар қатарынан түйінін анықтау);

4.   Коммуникацияға   бағдар   беру:   жұмысшы   мәтінге   қатысқан   немесе   енді

қатысады. 

5. Ақпаратты маңызды көрнекі құралдарымен меңгерту жолы: қатысушыда

бар   ақпараттық   базаға   сүйене   отырып   түсіндіру,   "күрделіні"   қарапайым

тілмен түсіндіру;

6. Шындықтың динамикадағы көрінісі;

Аналитикадағы журналистиканың қызметі 

Әлеуметтік аудитория

Тек   қана   аналитикалық   мәтін   ғана   тергеу   себептерін   өзара   байланысы

туралы,   осы   немесе   басқа   жағдайларға   байланысты   әрекет   жоспары   мен

келешектегі даму көрсеткіштерін анықтау, бағалау, оларға қысқаша мәлімет

беру тәрізді деректер бере алады. Сондықтан әлеуметтік ортаға әсер ететін

өзіндік   орны   бар   нақтыланған   мәліметтерді   айқындай   отырып,   аналитика

бүгінгі таңда соңғы орында емес екендігін ескеру керек. 

Көрсеткіш негізі 



2.  Қоғамдық   өмірде   өзекті,   маңызды   болып   табылатын   жағдайда   (заңды

таңбаларды   жазуда,   олардың   статистикалық   мәліметтерін   шығаруда   т.с.с.),

шешім қабылдауда аналитикалық жанр ақпараттық көмек беруі мүмкін, соған

қарамастан, әлеуметтік институттар, өкілетті органдар өзіне қатысты БАҚ-

дағы   басылымдардың   тікелей   әсер   ететіндігін   ҚР-ның   Заң   шығарушы

органдары қарастырмайды. Осы тектес басылымдар 2 топқа бөлінеді: 

1.   Әлеуметтік   зерттеулер:   осы   және   басқа   да   өкілетті   органның

жауапкершілігіне жататын және арнайы қызығушылық пәні болып табылатын

қоғамдық өмір аспектілері.



2.   Институттық   зерттеулер:   өкілетті   органдардың   қызметі,   жұмыстың

нәтижелілігі, қабылданған заңдар мен ережелерге қорытынды жасау т.с.

Ақпарат беру

Шолу жасау,   аналитикалық  жанр  сияқты,  бұрыннан  пайда  болған.  "Халық

уақыт   кесімін   көру   қажеттілігін   сезінген   кезде,   шолу   жасау   пайда   болды"

(Белинский  В.Г.).  Бұл  жанр  бірнеше  ғасырлар   бұрын  өте   танымал  болған,

себебі әдебиет құбылысы мен театр өмірін шынайылықпен көрсете отырып,

сол кезең суреттерін толық және кең көлемде жеткізуге авторларға мүмкіндік

берді.

Бүгінгі таңда "шолу жасау" - телеарнаға жаңалық беретін бағдарламалардың



ішінде   кең   таралған   жанр.   Бұл   жанрдың   басты   мақсаты   -   тыңдаушыларға

шыңдықтың   бір   бөлшегінен   барынша   толық,   тұтас   көрініс   беру,   деректер

арасындағы   байланысты   түсіндіру,   динамиканы   көрсету,   басты   үрдістерге

тоқталу. "Шолу жасауды" негізі шыңдықты бейнелейтін тенденциялар туралы

пікір айтуға болатын деректер екені анық.

"Шолу   жасауда"   жеке   мәлімет   ешқандай   мағына   бермейді.   Деректер

журналисттың шыншыл көзқарасы концепциясының тұтастығымен бірігеді.

Осы   және   басқа   мәліметтерге   берілген   сындарда   (олардың   арасындағы

байланысты)   бейнеленеді,   оны   таңдау   (неліктен   дәл   осы   деректер)   себебі

анықтайды.   "Шолу   жасау"   құрылымы,   формасы,   түсіндіретін   пән   мен

тақырыптары бойынша жан-жақты.

"Шолу жасау" аз ғана уақыт көлемінде өмірдің тұтас көрінісін көз алдымызға

елестете алады, өмірдің бір кесіміндегі хаттар, қайта жазылған және құжат

ережелерін (егер олар дерек қызметін атқарса) тақырыппен және бөлшектеп

қарайды.

Әрине, аталған жанрда жұмыс жасаудың өзіндік ережелері бар: ойдың дұрыс,

нақты қалыптасуы, өнерге қатысты жинақталған деректерден бас тарту, пәнді

немесе тақырыпты жақсы меңгеру.

Рецензияның жанрлық ерекшеліктері - 18 ғасырда қалыптасқан, бірақ қазіргі

күнге дейін өзіндік бағасын жоймаған ақпарат берудің бір түрі. Рецензияға

анықтама   бере   отырып,   автордың   айтайын   деген   ойын   білдіретін,   өмірдің

қандайда бір құбылысына баға беретін материал екендігіне көз жеткіземіз.

Жанрлық   белгілері   бойынша   "рецензия"   тек   ғана   аналитикамен   ғана

тұтаспайды, сонымен қатар, көптеген мағлұматты ақпарат жаңалықтарынан

алып пайдаланады. "Рецензияның" басқа бағыттардан басты ерекшелігі мен

айырмашылығы   -   жанама   шындық,   яғни,   пікір   берілген   шығармадағы

шындық   құбылыстарының   деректермен   көрініс   беруі.   Пікірге   түскен

шығармаға   көпшілік   назарын   аудартарлықтай   ой   айқындылығы,

тенденциялар жайында пікір айта алушылық типі тән. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет