1. Комментарий, бағалау, позиция, болжам жаз.
Дәріс №9. Шұғыл комментарий беру
Жоспар:
1. Комментарий туралы түсінік.
2. Шұғыл комментарий жасаудың қыр-сыры.
Лекция мақсаты: Шұғыл комментарий беріп үйрету.
Лекция мәтіні. 1. Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол,
жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы
арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын,
қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы
бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине,
қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы
ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе?
Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен,
ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен
де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі
бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз.
Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен
уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен
оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист
бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып,
әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін
сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған
өзінше анықтама беруге тырысады.
2.Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы.
Баспасөз —
халық
арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық
пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік
топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет
етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде
жарты жылда бір рет шығарылатын
газет
,
журнал
,
альманах
,
бюллетень
,
олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің
ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына,
әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының
сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді
баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің
дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне
байланысты Батыс
Еуропада
(
Германияда
— 1609 жылы,
Ұлыбританияда
—
1622 жылы,
Францияда
— 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады.
Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы
Ташкент
қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ
даласында
Ресей
империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы
ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы
қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор
екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар,
альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен
безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара
Газет
,
Журнал
,
Альманах
).
Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар,
плакаттар
,
күнтізбелер
,
ноталар
, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі —
кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда
Қытайда
басталды. Алғаш рет
ксилографиялық
(ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің
“Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл
жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-
мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап).
Қазіргі кезде
Қазақстанда
1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар
жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам
баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар,
буклеттер
мен
плакаттар
, т.б.
шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “
Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы
” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: