Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет29/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
2.Саяси қызмет 

Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси лидер болып табылады, себебі

кезкелген   саяси   белсенді   топ   өздерінің   ортасынан   басшылар   тобын   алға

шығарады.

Саяси лидерліктің табиғаты барынша күрделі және оның түптамыры ғалым-

ойшылдардың   консульдар,   императорлар,   корольдер   феноменін   зерттеп

білген   алыс   өткенде   жатыр.   Лидерлік   феномені   саяси   психологиядағы



ерекше   проблема.   Оның   ертеректегі   теориясы   «геройлар»   теориясы   деп

аталады. Оның басқа да теориялары бар. Лидерліктің саяси психологиялық

типологиясын   жасағандар   мыналар:   психопотологиялық   типологияны   Г.

Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер

типологиясы   Д.   Барбер   және   т.б.   жасаған.   Лидерлік   феномені   саяси

психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.

Лидер   (ағылшынның   «басты»   деген   сөзінен   алғанда)   –сол   бірлестіктің

мүддесін   қанағаттандыруға   бағытталған   бірлескен   қызметті   біріктіру

мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер:

1. Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

2. Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

3. Бастамашылдығы;

4. Өзіне-өзінің сенімділігі;

5. Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

6. Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

7. Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

«Саяси   лидер»   категориясы   саясат   саласындағы   адамдардың   белгілі   бір

бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді.Лидерлік –ең

алдымен   қоғам   мүшелері   арасындағы   қатынас,   себебі   лидер   әрқашанда

қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып

табылады. Бұндай жағдайда лидер белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен

мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір

көлеміне   ие   болады,   оларды   жүзеге   асыру   және   барлық   қауымдастықтың

саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.

Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша лидерлердің үш деңгейін

ажыратады:

1.мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың лидері;

2.қоғамдық   қозғалыстың   (ұйымның,   партияның)   лидері,   яғни   белгілі   бір

әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланысты-

ратын адам;

3.лидер –биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

«Бірден қол жеткізген» билік лидерлік болып саналмайды. Лидерлік жай ғана

кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Лидерліктің

қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Лидерлік дегеніміз–талдау жасау

мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан

жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.

Саяси   лидерлік   –өзінің   тағдырын   жақсарту   үшін   іс-әрекетке,   бірлескен

жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.

Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы

немесе өте нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы

соншалықты күшті, яғни оның тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға

тиісті.   Осыған   орай,   лидер   қоғамның   саяси   өмірінде   аса   маңызды




орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай

бағытта дамитындығы байланысты болады. Лидерліктің мән-мағынасы және

формасы   бойынша   биліктің   феномені   дегеніміз   осы.   Лидерлік   дегеніміз   –

билік, себебіол белгілі бір адамның бірдеңежасауына мәжбүр ету қабілетінен

тұрады.   Лидер   –халықтың,   қоғамның,   топтың   және   т.б.   үстінен   қарайтын

адам.   Бірақ   билік   пен   лидерлік   қатынасы   айырықша   тең   болмауымен

ерекшеленеді, себебілидер өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда

олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті

адам. Осылайша, лидерліктің негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар

айырықша тең болмауымен –ерікті болуымен ерекшеленеді.

Саяси лидер –қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің

тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.



3.Лидердің психологиялық портреті, теориялары

Лидердің   психологиялық   портреті   саяси   лидерлердің   психологиялық

биографиясы   негізінде   жасалады.   Ол   бір   жағынан   әртүрлі   халықтардың

социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке

алады.   Лидердің   психологиялық   портреті   саяси   лидерлік   психолгияны

сипаттайды.   Осы   ретте   «лидерліктің   белгілері»   концепциялары   да

пайдаланылады. Лидердің психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы

100   ден   асатыны   белгілі.   Лидерлерді   классификациялағанда   бұлар   қажет.

Лидердің басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және

ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси лидер

феноменінің   маңызы   артып   келеді.   Бұл   мәселе   қазіргі   кезде   өте   өзекті.

Дегенмен лидер анықтамасы әр автор әр түрлі береді.

Олардың бастылары мыналар:

«Ұлы   адам»   теориясы   немесе   лидерліктің   харизматикалық   теориясы.   Бұл

бойынша лидерлікті тұқым қуалау негізінде түсіндіреді.

Лидерліктің ситуативті теориясы бойынша лидерлердің пайда болуы ортаға,

уақытқа және жағдайларға байланысты. Басқаша айтқанда лидер болу белгілі

бір жағдайда, уақытта топтан суырылып шығып өз қасиетін көрсете алуы.

Лидерліктің тұлғалық – ситуативтік теориясы бойынша мынадай төрт фактор

еске   алынуы   керек:   1)   лидердің   адам   ретіндегі   белгілері   мен   дәлеледері;

2)лидердің   жолын   қуушылар   үшін   белгілі   бір   келбеті   болады;3)   лидердің

ролінің сипаттары; 4)лидерің жолын куатындар үшін ресми және құқықтық

негіздердің болуы.

Лидердің үміткерлік – қарым-қатынастық теориясы. Ол бойынша нақтылы

бір   жағдайда   лидер   стилінің   сәйкес   келуін   айтады.   Лидерліктің   басқа   да

толып   жатқан   теориялары   бар.   Ол   бойынша   лидерліктің   психологиялық

ерекшеліктері   қарастырылуы   керек.   Саяси   лидердің   тұлғалық   қасиеттерін

талдауда  мыналарды еске  алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы;

оның   саяси   мінез-құлқына   әсер   ететін   себептері   мен   сұраныстары;   саяси

сенімінің   басты   жүйесі;   жеке   тұлғалық   қарым-қатынас   стилі;   стресс

жағдайында   өзін-өзі   ұстай   білуі;   өмір   баяндық   талдау;   саяси   іс-әрекетін

эволюциялық өзгерістері.




Лидерлік–жекелеген   адамның   туа   біткен   қасиеті   және   мүлдем   мәңілікке

берілген   артықшылық   емес.   Лидерлік   дегеніміз–әрқашанда   қорғап   қалуға

керекті   белгілі   бір   мәртебе,   позиция,   адамдардың   іс-әрекетіндегі,   саяси

процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет

және   саяси   қатынас   өзінің   табиғаты   жағынан   әрқашанда   мақсатты,

ұйымдасқан   сипатта   болады.   Осыдан   барыпқоғамдық   идеяны   жүргізуге

қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі

және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік

туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің

болуын   объективті   түрде   талап   етеді.   Лидерлік   саясаттың   шығармашылық

мазмұнынан тура туындайды. Лидер саясаттың және қоғамның бүкіл саяси

жүйесінің ядросы болып табылады. Лидерлік ғаламдықтан бастап жекелеген

саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда

болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Егер   субъектіні   саяси   қауымдастық   өзінің   мүддесі   мен   еркін   білдіруші

ретінде (яғни заңды болып табылатын болса) мойындайтын болса, онда ол

саяси   лидер   ретінде   сөз   алады.   Яғни   бұндай   мойындау   нормативті,

ұйымдасқан, идеологиялық, дәстүрлі және қоғамдық пікірмен бекітіледі. Бір

жағынан   лидер   қоғамға   биліктік   органдар   мен   механизмдер   арқылы,   ал

екінші жағынан өзінің саяси және идеологиялық көзқарастары мен пікірлері,

саяси   қызметінің   мазмұны   мен   бағыттары,   тәжірибесі   мен   іс-әрекетінің

стилімен ықпал етеді. Осы айтқандар арқылы лидер тек көпшілік биліктің

тұтқасына ғана сүйенетін кезкелген басқа басшыдан ерекшеленеді.

Лидерліктің   типологиясы   барынша   шартты   болып   келеді   және   түрлі

критерийлер бойынша сараланады:

–лидерлік типі бойынша: программист, стратег, орындаушы, дем беруші;

–қызметінің сипаты бойынша: әмбебап, жағдайға қарай әрекет етуші;

–басшылық ету стилі бойынша: демократшыл, авторитарлы, анархиялық;

–кешенді критерий: дем беруші, әмбебап, авторитарлы, орындаушы, жағдайға

қарай әрекет етуші, стратег, демократшыл және т.с.с.

Саясаттанудағы   барынша   кең   тараған   билікті   алу   тәсілі   және   оның   заңды

болуы   бойынша   М.Вебердің   деректеріне   сәйкес   лидерліктің   типологиясы

саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет