Бақылау сұрақтары
1.Журналистиканың қоғаммен байланысы.
2.Журналистиканың ғылымда алатын орны.
3.Журналистиканың теориялық және практикалық мәні.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №2 Бұқаралық ақпарат және коммуникация мәселелері анализі
парадигмалары
Жоспар:
1.БАҚ әлеуметтік қажеттілік
2.Қоғамдық сана.
3. БАҚ-тың интеракциясы.
Лекция мақсаты: Қазақстандағы ақпарат нарығының қазiргi жай-
күйiне талдау жасау
.
Лекция мәтіні. 1. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік
қажеттіліктердің қатарынан бастау алады. Бұқаралық ақпарат құралдары
қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікірді туғызады, қоғамның бір-бірімен
байланысын қамтамасыз етеді. Кім ақпараттқа ие болса, сол кезкелген
мәселенің шешімін табады. Ақпараттық кеңiстiкте Интернет ролiнiң өсуiмен
адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарын зорлық жасау мен
қатыгездiктi насихаттайтын ақпараттан, оларға өтiрiк және жалған ақпаратты
таңудан, болашақ ұрпақтың мақсатты бағытталған терiс дүниетанымын
қалыптастырудан қорғау қажеттiлiгi туындайды. Ақпарат елдің тұрмысына,
көңіл-күйіне, мінез-құлқына әсер етеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат
құралдарының қоғамдық санаға әсерін, қоғамдық сананы қалыптастырудағы
рөлі, Қазақстандағы ақпарат нарығының қазiргi жай-күйiне талдау жасау өте
маңызды мәселелер қатарына жатады.
БАҚ туралы заңда бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы,
радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы
және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі
(интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық
ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны
делінген.
2. Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың
бейнеленуінің барлық түрін қамтитын қоғамдық идеялар, теориялар, саяси,
құқықтық адамгершілік, эстетика, философия, діни көзқарастар, ғылыми
білімдер. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдеп-
ғұрыптар мен мінез-құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен
халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. БАҚ бүкіл
қоғамға әсер ете отырып, барлық жекелеген адамдардың бойына белгілі бір
эмоциялар мен әрекеттерді қалыптастырады. Осылайша БАҚ қоғамдық
пікірді қалыптастырады.
Қоғамдық пікір – адамдардың белгілі бір мәселеге, әлеуметтік өмірдің әр
түрлі құбылыстарына, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға көзқарасын
білдіретін қоғамдық сананың ерекше түрі. БАҚ қоғамдығы өзекті әрі
маңызды мәселелерге шолу жасағанда қоғамдық пікірге сүйенеді. Бұдан
қоғамдық пікірдің БАҚ-тың қызметін анықтайды деген қорытындыға келеміз.
Ал қоғамдық пікір – қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің бұқара халыққа
әсер етуінің нәтижесінде немесе әр түрлі дәстүрлер мен өмірлік тәжірибелер
негізінде қалыптасады.
БАҚ-тың қоғамдық сананы қалыптастыруындағы орны мен роліне келетін
болсақ, қайта құруға дейінгі БАҚ-тың негізгі қызметі коммунистік
идеологияны: марксистік-лениндік идеяларды, социалистік өмір салтын
үгіттеу, жаңа адамдарды тәрбиелеу, Батыстық құндылықтарды сынға алуға
бағытталды. Бұл ұстанымдар тек газетті, эфирдегі публицистиканың
мазмұны мен құрылымын, бағытын ғана емес, сондай-ақ аудиториямен
қарым-қатынас тәсілін де анықтады.
Алпысыншы жылдары БАҚ-тың негізгі қызметі қоғамдық пікірді
қалыптастыру деген көзқарас алға шықты. Зерттеушілер БАҚ-тың
қызметіндегі 3 бағытты атап көрсетті: 1) қоғамдық пікірді қалыптастырып,
аудиторияның санасы мен мінез-құлқына әсер ету; 2) дүниетанымдық
құндылықтар арқылы аудиторияның санасы мен мінез-құлқына әсер ету; 3)
белгілі бір тұлғалардың әлеуметтік мінез-құлқына әсер ету арқылы қалың
қоғамның санасы мен мінез-құлқына әсер ету.
Қазіргі уақыттағы БАҚ-тың негізгі қызметі – адамдардың санасына
әлеуметтік-психологиялық құндылықтарды, демократиялық және нарықтық
қатынастарға негізделген азаматтық қоғамның талаптарына сай келетін
қоғамдық сананы қалыптастыру мен дамыту болып отыр.
Енді бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық санаға әсері жайлы талдау
жасап көрелік.
3. БАҚ-тың интеракциясы. Интеракция дегеніміз (әлеуметтік әсер) –
индивидтің екінші бір индивидті (ықпал ету объектісінің) мінез-құлқына,
ұстанымына, ықыласына, мүддесіне әсер ету процесі.
БАҚ түрлі саладағы өзекті ақпараттарды тарата отырып, қоғамдық санаға,
жалпы қоғам мен жекелеген адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. БАҚ-тың
техникалық құралдарына баспасөз, радио, телевидение, соңғы кездері
интернет пен жарнама жатқызылады. Соңғы онжылдықта спутникті
байланыс, кабельді радио мен телевидение, электронды жазбалы
коммуникация жүйелері (видео-, экранды, және кабельді жазбалар), сондай-
ақ жазба мен баспа ақпараттарының жекелеген құрылғылары (кассета, дискет,
дисктер мен принтерлер) бұқаралық ақпарат құралдарына айтарлықтай
өзгерістер еңгізді. Қоғамға интеракциясы жағынан аудиовизуалды БАҚ:
радио мен телевидение, интернет пен жарнама күшті әрі ықпалды болып
отыр.
Баспасөздің ықпалы. Баспасөзді өзіңмен алып жүруге, кез-келген жерде, өзіңе
ыңғайлы уақытта, айналадағыларға кедергі келтірмей (поезд, метро, автобус,
т.б.) оқуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқырман өз қалауынша баспа
материалдарын бірнеше рет оқуына, қажеттісін сақтап, белгілер қоюына
болады. Мұның бәрі баспа құралдарымен көптеген оң байланыстар
орнатуына мүмкіндік береді. Осылайша баспасөз қазіргі уақыттағы маңызды
ақпарат көзі болып табылады. Баспасөздің теріс ықпалына ақпараттық
фантомдарды жатқызамыз (лат. Information – «қабылдау» және грек.
фосутааца «елес»). Тұлғаның ұстанымының қалыптасуы мен өзгеруіне ықпал
ететін тексерілген, тексерілмеген және (немесе) толық емес ақпараттардың
үйлесуі.
Көбінде фантомдар адамдарға теріс әсер етеді.
Радионың ықпалы. Уақыты бойынша екінші пайда болған ақпарат тарату
құралы – радио болып табылады. Визуалдылықтың (лат. – viceo - көру)
болмауы радиоға тән сипат. Бірінші қарағанда радионың бұл кемшілігі
дыбысты телевидениеге қарағанда сапалы етіп іске асыруға мүмкіндік береді.
Радио тыңдаушылар бар назарын бейнеге елеңдемей, дыбысты толық әрі
терең қабылдайды. Радиода берілетін белгілі бір бағдарламаларды қалаған
уақытта тыңдауға немесе оны кейінге қалдыруға мүмкіндік жоқ. Бұл
радионың кемшілігіне жатады.
Телевидениенің ықпалы. Телевидение өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап
қолданысқа ене бастады. 60-жылдары кең таралған бұқаралық ақпарат
құралы болып табылды. Уақыт өте келе ол қарқынды түрде дамыды.
Телевидение өзінің тек жарты ғасырлық ғұмырында адамдардың негізгі
әлеуметтік тұтыну тауарына айналды. Телевидениенің қоғамдық санаға әсер
етуі мен көлемі жағынан ешбір ақпарат тарату құралы сайысқа түсе алмайды.
Оның негізгі қызметтеріне көңіл көтеру, ақпараттық, рухани дүние мен
мәдени құндылықтарды беру, тәрбиелік рекреациялық қызметтерін атауға
болады. Телевидениені көріп отырған адам ақпаратты терең қабылдайды,
ондағы қуаныш пен қорқыныш сияқты сезімдерді анық сезінеді. Көрерменнің
психикасы қозу немесе кідіру жағдайында болады. Теледидар үйдегі вампир-
дос. Оны көріп отырған адам бар назарын аударады, ал ол белгілі бір
ойларды, идеяларды гипноз күйінде сендіреді. Адам өлтіру, зорлық-
зомбылық көрсету, алаяқтық, жалғыздық суретін көре отырып, адам өзінің
психикалық процестерін теледидарға билеуге мүмкіндік береді. Қоғамда
бірдей адамдар болмайды. Әр адам қайталанбайды. Ол отбасында, қоғамда,
жеке өмірінде өздігінше тіршілік етеді. Оның өз мақсаттары, идеялары,
ұстанымдары мен ұнатулары болады. Телевидениемен қатынасқа түсе
отырып, ол өзіне құнды бір дүниелерді, өзінің идеалын табады. Біреулер үшін
ол суперадамдар, батыл полицейлер немесе американдық детективтердегі
гангстерлер, басқалары үшін саяси, қоғамдық қайраткерлер, үшіншілері үшін
атақты киноактерлер мен модельерлер, спортсмендер, т.б. болуы мүмкін.
Көрермен өзінің идеалына қалтқысыз сенеді, оның сөздері мен әрекеттерінде
мін жоқ деп біледі, олардың принциптерін ұстана бастайды. Осылайша
телевидениедегі идеалының ықпалы адамға сендіру қызметін орындайды.
Интернеттің ықпалы. Интернетке тән сипаттар:
- Жаһандық сипаты – дүниежүзінің кезкелген нүктесінде ақпаратқа ие болу
мүмкіндігі;
- Ашықтық – қол жетімділік, ақпаратты жинау мен тарату құнының
төтендігі;
- Шектеусіздік – ақпараттың шектеусіз көлеміне иелік етуге мүмкіндік
береді;
- Интерактивтілігі – бір адамның басқа адаммен, бір адамның көптеген
адамдармен, көптеген адамдардың бір адаммен қарым-қатынасын
қамтамасыз
етеді;
- Инфрақұрылымдық тәуелсіздігі – телефоннан басқа бірде-бір
инфрақұрылымға тәуелділігі жоқ.
Жоғарыда аталған сипаттардың бәрі интернеттің оң ықпалына жатса, теріс
ықпалына қолданушының агрессивті мінез-құлқы мен ойын тудыратын
кейбір компьютерлік ойындарды жатқызамыз. Жасөспірімдердің өмірге деген
қызығушылығығының азаюы, өз әлемін құруға ұмтылуы, нақтылықты
қабылдамауы, өзімен қатарластарынан гөрі компьютермен қарым-қатынасқа
түскенді қалауы әлеуметтік оқшаулануға соқтырып, тұлғааралық қарым-
қатынастарын қиындатады. Сондай-ақ соматикалық ауытқуларға (көз
көргіштігінің төмендеуі, тез шаршағыштық, т.б.) алып келеді. Сонымен қоса
интернетке тәуелділік науқастығына ұшырайды.
Жарнама ықпалы. Жарнама – қазіргі уақыттағы өміріміздің ажырамас бір
бөлігі. Жарнаманы кез-келген жерден көруге және естуге болады. Атап
айтсақ, теледидар, радио, баспа және сыртқы бұқаралық ақпарат
коммуникациясы арқылы. Жарнама тұтынушылардың сұранысын
қанағаттандарады. БАҚ-тың негізгі табыс көзі болып табылады. Кейбір
деректерге қарағанда негативті жарнамалар 1980 жылы 70-жылға қарағанда
үш есе өскен, ал енді біреулерінде БАҚ-тағы негативті жарнаманың көлемі
1960 жылдан бері өзгермеген деседі. Үшіншілері негативті жарнамалар 1988
жылдан бастап қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастады [4].
Қазақстандағы БАҚ-тың жалпы ахуалы және БАҚ-тағы идеология мәселесіне
келсек, БАҚ қызметiнiң және Қазақстан Республикасы ақпараттық
нарығының жұмыс iстеуiнiң негiзi Қазақстан Республикасының
Конституциясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен
шығармашылық еркiндiкке кепiлдiк бередi, цензураға тыйым салады,
сонымен қатар әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен
еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар екенiн айқындайды,
идеологиялық
және
саяси
әралуандылықты
таниды.
Қазақстан Республикасындағы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң
1999 жылы 23 шілдеде қабылданды. Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді
белгілейді.
Егемендікке қол жеткізгелі баспасөз, радио, телевизия жұмыстары үлкен
өзгерістерге ұшырады. Бұқаралық ақпарат құралдарына шындық, ашықтық,
айқындық тән болып келеді.
Қазiр Қазақстанда ақпарат нарығының негiзгi, елеулi элементтерi
қалыптасқан. Мәселен, 1990 жылға дейiн республикада барлығы 10
республикалық мемлекеттiк газет пен журнал басылса, эфирге 21 теле- және
радиоарна шығарылған, ал 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
Қазақстан Республикасында 7281 бұқаралық ақпарат құралы тiркелген.
Мемлекеттiк емес БАҚ-тардың үлесi 78-ге жуық проценттi құрайды.
Тiркелген БАҚ-тың жалпы санынан 2479 бұқаралық ақпарат құралы тұрақты
негiзде жұмыс iстейдi.
Елiмiзде БАҚ-ты кең тұрғыда тақырыптық саралау орын алып отыр. Қазiргi
уақытта баспалық БАҚ-тың үлесi масс-медианың жалпы санының 50
процентiн, қоғамдық-саяси – 16 проценттi, ғылыми – 9 проценттi,
жарнамалық – 10,5 проценттi, балалар, жастар, әйелдер және дiни
басылымдар шамамен әрқайсысы 2 проценттi құрайды.
Қазақстан Республикасында 212 электрондық БАҚ жұмыс iстейдi.
Қазақстанда 212 телеарна тіркелген. Олардың тек 2 ғана мемлекеттік:
«Қазақстан-1», «Хабар». Қалғандары жекеменшік арналар. Аса iрi
жалпыұлттық электрондық БАҚ-тар Қазақстан Республикасы аумағының:
"Xaбap" телеарнасы – 95,70 процентiн, "Қазақстан" – 96,25 процентiн, "Ел
арна" – 75,50 процентiн, "Еуразия – бiрiншi арна" – 78,60 процентiн, Қазақ
радиосы – 86,99 процентiн қамтиды. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа
және Солтүстiк Африка елдерiнiң аумақтарында хабар тарататын "Caspionet"
жалғыз спутниктiк арна жұмыс iстейдi.
Қазіргі таңда Қазақстанда 2970 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның
ішіндегі 2756 мерзімдік басылымның 955-і (36%) – орыс тілінде, 453-і (18%)
– мемлекеттік тілде, 959-ы (33
– орысша-қазақша, яғни аралас тілде.
Көршілес Ресейден келетін 5248 газет-журнал тағы бар. Орыс тіліндегі
ақпараттың жалпы көлемі 90 пайызға дейін барады. Орыс тіліндегі ақпарат
құралдарының таралымы мемлекеттік тілдегі таралымнан 3-4 есе артық.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 94 газет-журналдың 70-і
(75%)
–
орыс
тілді.
БАҚ туралы Заңның 3 бап 3-тармағында Мемлекеттік тілдегі бұқаралық
ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының
апталық көлемі уақыты бойынша басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық
көлемінен кем болмауы тиіс. Мемлекеттік тілдегі хабарларды хабар
таратудың тәулік кестесіне орналастыру хабарлар эфирге шығатын бүкіл
кезең ішінде біркелкі жүзеге асырылуы тиіс. Ал Қазақстанда Республикалық
телеарналар бойынша орысша бағдарламалардың көлемі НТК, Қазақстан – 35
пайыздан жоғары, Хабар – 45 пайыз, 31 канал – 48 пайыз, Рахат ТВ – 49
пайыз, Астана қаласының теледидары және КТК – 50 пайыз. Алайда ең
тиімді уақытта (праймтайм) көрсетілетіндер негізінен орыс тілдегі хабарлар.
Мұның бәрі мемлекеттік тілдің статусының қоғамдық санада әлі күнге дейін
мойындалмағандығын көрсетіп отыр.
Студенттер арасында «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы
қалыптастырудағы рөлі қандай?» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 20
респондент қатысты. Респонденттердің 75 пайызы әйел, 25 пайызы ер.
Олардың орташа жасы – 19,85 жас. Респонденттердің 35% отандық
арналардың шетел арналарына еліктеушіліктің басымдылығы, 15% отандық
кинолар мен мультфильмдердің аздығын, 10% танымдық бағдарламалардың
санының аздығын отандық арналардағы кемшіліктерге жатқызған.
Отандық арналарға қандай толықтырулар мен өзгерістер еңгізу керек деген
сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 55% жастар бойында имандылық пен
мәдениетті қалыптастыратын бағдарламалар көбейсе, 20% тіл үйрететін
бағдарламалар енгізілсе, 15% еліміздің тарихы, мәдениеті, салты туралы
бағдарламалар саны көбейсе деп жауап берген.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орнын қарастыра отырып,
төмендегі мәселелерге байланысты ұсыныстарды ұсынып отырмын:
- Балаларға арналған отандық мультфильмдер өндіру;
- Мемлекетіміздегі қазақ тіліне байланысты мәселелерді шешу мақсатында,
қазақ тілін БАҚ арқылы үгіттеу, меңгерту;
- Темекі, арақ сынды зиянды әрекеттердің зиянын жиі насихаттау;
- Адамгершілік, имандылық, патриоттық сезімді оятатын бағдарламалар
санын көбейту;
- Адамдар теріс мінез-құлық оятатын шетелдік бағдарламалық өнімдер санын
қысқарту;
- Балалардың дүние танымын өрістететін бағдарламалар санын көбейту.
Қорыта айтқанда, БАҚ адамдардың санаға және мінез-құлқына
идеологиялық, саяси, экономикалық және т.б. арқылы әсер ету құралы болып
табылады. БАҚ-тағы ақпараттар психологиялық әсер етудің
ақпараттандырудан, оқытудан, сендіру мен үгіттеуге дейінгі барлық секторын
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |