Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі



бет2/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”
1, 350
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір көркем шығарманы оқу барысында бізге түсініксіз сөздер кездеседі. Бірақ, оны диалектологиялық сөздіктен қарап, оның мағынасын ашуға біздің уақытымыз бірде болса, бірде бола бермейді. Сол себепті, шығарма тіліндегі диалект сөздерді зерттеу – қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Көркем шығарма тіліндегі диалект сөздерді зерттеудің маңыздылығы осы ғылыми зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айқындайды.
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» шығармасындағы диалект сөздерді тауып, олардың қолданыс ерекшелігін анықтап, тақырыптық топтарға бөлу, оларды зерттеп, зерделеу арқылы мағыналарын ашу.
Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Ә.Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» шығармасының тілінде кездесетін диалект сөздерді анықтау;

  • Терілген диалект сөздерді тақырыптық топтарға бөлу;

  • Жазушы Ә.Кекілбаевтың шығармашылығындағы диалект сөздердің қолданыс ерекшелігін, мағыналарын анықтау;

Зерттеу жұмысының ғылымилығы: Қай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері көптеп ұшырасады. Мұндай сөз қолданыс жергілікті ерекшеліктер (диалектизмдер) деп аталады. Оны тіл білімінің арнаулы саласы - диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан жан-жақты зерттейді.
Зерттеу нысаны: Әбіш Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» шығармасы.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысын жазу барысында негізінен салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері жүзеге асты.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Әбіш Кекілбаев батыстың тумасы болса да, өз шығармаларында тек батыс диалектісін ғана емес, бүкіл Қазақстанның өңірлерінде кездесетін диалект сөздерді қолданған.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 бөлім (өз ішінде тараушалары), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
Жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер, тілдің сөздік құрамында елеулі орын алатын тілдік жүйе бірліктері екені белгілі. Сондықтан ұлттық тілдің құрамына енетін диалектизмдер туралы «екіұшты қолданылатын ондай сөздер қажетсіз, олардан құтылу керек» деп, кесіп айтатын пікірден аулақ болған дұрыс. Талдау негізінде, Ә.Кекілбаев шығармаларында қолданылатын диалектизмдердің пайда болу себептері, олардың басқа сөйленістерге қатысы анықталды, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер де ұшырасады.
Әрбір көркем шығарманы оқу барысында бізге түсініксіз сөздер кездеседі. Бірақ, оны диалектологиялық сөздіктен қарап, оның мағынасын ашуға біздің уақытымыз бірде болса, бірде бола бермейді. Сол себепті, шығарма тіліндегі диалект сөздерді зерттеу – қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып табылады.
Тұтастай алғанда, Ә.Кекілбаев шығармалары Маңғыстау өңірі тұрғындарының өмірінен ғана емес, бүкіл қазақ халқының тұрмыс-салтынан, тіршілігінен хабардар ететін туындылар болып табылады.
Әбіш Кекілбаев батыстың тумасы болса да, өз шығармаларында тек батыс диалектісін ғана емес, бүкіл Қазақстанның өңірлерінде кездесетін диалект сөздерді қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет