Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі


I ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ



бет3/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”
1, 350
I ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1 Диалектология ғылымы туралы жалпы түсінік
Қай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері көптеп ұшырасады. Мұндай сөз қолданыс жергілікті ерекшеліктер (диалектизмдер) деп аталады. Оны тіл білімінің арнаулы саласы-диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан жан-жақты зерттейді.
Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы – диалектология деп аталады. Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Говор - жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтуы мүмкін.
Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде совет дәуірінде ғана басталды.
ССРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет алматы облысының Кеген, Нарынқол, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Қарағанды облысының Нұра аудандарында диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедициялар 1939 жылы Мақтаарал, Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып материал жинады.1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып материал жинады. 1944 жылы Ж.Досқараев «Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1948 жылы С.Аманжолов «Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары» деген тақырыпта диссертация қорғады.
Тіл ерекшеліктерін жинау жұмысын ұйымдастыруда 1945 жылы ССРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл және әдебиет институтында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттейтін арнаулы бөлім құраудың мәні зор болды. 1956 жылы «Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық» жарық көрді. 1959 жылы бұл сұраулық толықтырылып, қайта басылып шықты.
Қазақ диалектологиясының алғаш зерттелу және қалыптасу тарихы профессор С.Аманжоловтың есімімен байланысты. С.Аманжолов бұл тақырыпта докторлық диссертация қорғап, одақтық және республикалық баспасөз бетінде бірсыпыра ғылыми мақала жариялады. Абай атындағы Қазақ педагогика институтында 1938-1939 оқу жылынан бастап қазақ тілі тарихы мен диалектологиясынан лекция оқу үстінде осы курстың негізін салды. С. Аманжоловтың тікелей араласуымен революциядан бұрын басылған нұсқалардан, халық ақындары мен жазушылардың шығармаларынан, 1932, 1935 және 1938 жылдардан бері шыға бастаған аудандық газеттерден шыға бастаған көлемді материал жиналды. С.Аманжоловтың ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алады. Оның 1959 жылы шыққан «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет