Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі


Табиғат құбылыстарына байланысты диалектизмдер



бет8/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”
1, 350
Табиғат құбылыстарына байланысты диалектизмдер

1

Астынан әлдекім алып дәулердің сүйегін қазып алғандай, шағылдардың бүйірлері опырайып-опырайып көрінеді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 14бет)



ШАҒЫЛ.

  1. (Маңғ, Шевч, Түрікм, Красн.) желмен сусып жататын өркеш-өркеш өсімдігі жоқ жалаңаш қүм төбелер.

  2. (Шығ. Қаз.) жарықшақ тастар, тау бетіндегі ұсақ тастар, қорым тастар. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 724 бет)

2

Бұлар жүзген, сексеуіл, шағыл ұйлыға өскен ойдым-ойдым түлейлерді орағытып, құмақ жалдарға көтерілді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 19 бет)

ТҮЛЕЙ (Түрікм, Красн, Ашх, Таш) ылғи сексеуіл өскен қалың жер. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 684 бет)



3

Әмірші оңаша тұма бұлақ басында ұзақ отырды.(Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 22 бет)

ТҰМА. (Жамб, Шу, Қорд., Шығ. Қаз) ағуы шамалы, қайнар, бұлақ су. (Қазақ тілінің диалектиологиялық сөздігі 650 бет)

4

Бала қолына садағын алып, тастан-тасқа қарғып, асыға-үсіге манағы әйел су алуға кіріп кеткен кеуекке қарай жүгірді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 55 бет)

КЕУЕК.

  1. (Гур, Маңғ, Түрікм, Красн, Таш.) Тау үңгірі.

  2. Құдық түбіндегі балшықтың құлауынан пайда болған қуыс. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 325 бет)

5

Әуелі қыстықтың шетіндегі қозы-лақ жайылып жүрген кішкене қолаттан асып, кебіртік жалдың басына шықты. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 87 бет)

ҚОЛАТ.

  1. (Алм, Шел.) жыра, сайдың қолтығы.

  2. (Алм, Нар.) таудағы жайылым.

  3. (Шығ. Қаз, Зайс.) шымды, қара топырақты жер. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 416 бет)

6

Сонау ойда, айнала қырпық-қырпық кебір жоталар қоршаған ұзыншуақ тайпақ қолатта, жарлының дастарқанына шашып тастаған бір уыс жүгерідей бытырай шашылып қыстақ жатыр; кемірейген саз балшық дуалдармен қоршалған шөкім-шөкім танаптық жерлер шытыраның көзіндей ию-қию. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 87 бет)

ТАНАП.
1. (Шымк, Сайр.) айналым, егіс егілетін жерді нашарлатып алмау үшін әр жылы әртүрлі егіс егіп отырады.
2. (Қарақ.) өлшем. Бір танап жер. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 645 бет)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет