НАҒЫЗ ҚАЗАҚТЫ ДӘЛ ОСЫНДАЙ КЕЙІПТЕ КӨРГІМІЗ КЕЛЕДІ Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.
Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi Дінмұхамед Қонаев Қазіргі қазақ халқының қаншалықты ұлтшыл екенін қатты ойланбай-ақ та байқауға болады. Біріншіден ұлтшыл деген сөзді қалай түсінемін? Халық пікірімен келісетін, халықтық сананы, өз елін, жерін дамытып, халықтың құқығын қорғай алуды ұлтшылдық дейміз. Өз қазағын жақтап, кез келген жерден жұлып алып шығып, барлық кемшіліктерімен жақсы көретін адамдар жоқтың қасы. Ал көпшіліктің пікірімен жүретін, қоғам ақты қара, қараны ақ десе өз пікірлерін артқа тастап, халық дұрыс айтады деп ойлап тыңдауды да ұлтшылдық дей аламыз ба? Әрине жоқ. Халыққа, заңға, қоғамға бағынған дұрыс-ақ, алайда халық әрдайым дұрыс айта бермейді. Осылардың ара жігін ажырата білу өте маңызды. Қазіргі қоғам мүлде басқа арнаға бұрылып кеткен. Өз ішінен іріткіштер шығып, қоғамдық сананы дұрыс қалыптастыруға кедергі келтіретіндер де көбейіп кетті. Егер басқа халықтар қазақтар туралы былай деді, солай деді, жамандады деп айтсақ ол өмірдің бір заңы деп айтуға болатын еді. Алайда өз қазағын жамандаған халықты қайдан көрдіңіздер ағайын?Елді есі кеткен жамандайды демекші , халықтың есі кетіп соншалықты өз халқын жамандайтындай халге түсулеріне не себеп болды деген сұрақ туындайды. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.(Бауыржан Момышұлы).Шынымен де біз жастар өз елімізді, жерімізді қорғамасақ бізден басқа кім қорғайды? Әр жүрген жерінде қазақтар бұзылған, қазақтар сондай деп қауесет таратып, даттап жүрген адам қорғайды ма? Ондай адамға ең алдымен сана берсін. Әлде өз халқын жамандап жатқанда халықтың пікіріне қарсы шыға алмайтын адам қорғайды ма? Онда онсызда оңып тұрған қоғамды кім қорғап, әлемдік деңгейге жеткізіп, қазақ атауын бүкіл әлемге паш етеді? Бір мәселе, шегі жок сұрақтар, ал оған бір жауап та табылмайды.
Қазақстанды мекендейтін көп ұлттың әрбір азаматы Қазақстанды, қазақты, оның тілін, салт - дәстүрін, мінез - құлқын, жер - суын түп тамыры Қазақстанда туылған қазақтардан жақсы біліп тұрса, онда олардың жанында біз қаншалықты терең деңгейде тұрмыз десеңізші. Өзге ұлт, өзге ел десе ішкен асын жерге қойып демі жетпей мақтайтын қазақтар көп деп айтсам артық айтпағаным болар. Жарайды жамандағанды былай қойып қарасақ, ондай адамдардан бәрін күтуге болады. Елімізді сатып, халқымыздың осал тұсын қалың жұртқа жария етеді ма деп қорқамын.Қазақтың жауы жоқ қазақтар бір-біріне жау.
Ұлттық сананы дамытып, осындай адамдардан қоғамды құтқарғысы келетін адамдар қазақ халқының қаралы күнде түскен күн шуағы секілді. Қазіргі өтпелі деп аталатын кезеңдегі мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе азаматтық не ұлттық бірегейлік арақатынасы қандай болмақ.Ұяда не көрсең, ұщқанда соны ілерсің деген мақалды осы жерде қолдансам орынды болар. Себебі өсіп келе жатқан жас ұрпақ ата-анасының өз халқы туралы айтқан сөздерін қабылдап кейін өскенде елін,жұртын сыйламайтын азамат болмайтынына ешкім кепілдік бермейді. Жаңа буын ақ қараны ажырата алмайтын жаста айналасындағы адамдарға қарап бой түзейді. Ал оны қоршап жатқан адамдар қайбір оңып тұрған адамдар. Бірақ бір нәрсені ескеру керек барлық қазақ бірдей емес. Адамның бес саусағы қалай бірдей емес, барлық қазақ та солай бірдей емес. Өз елім, жерім деп тұрған адамдар да жетерлік. Осындай адамдардан айналып кетейін дегің келеді. Сондай адамдар барына шексіз алғыс айтпау мүмкін емес.
Негізі біздің ел мақтануға тұрарлық мемлекет,-деп айтсам артық етпес. Осы күнге дейін көптеген шыңдарды бағындырып келе жатқан қазағымды мақтан тұтамын. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарында болуымыз бекерден емес. Ал Жер көлемі бойынша тоғызыншы орындамыз. Еліміздің, туып өскен жеріміздің кең байтақ, бай жер екенің айқындайтын көрсеткіштер жетерлік. Өзге мемлекеттер арасынан шабандоз болып, алға шыққан мына Қазақ еліме сүйсіне қараймын! Өзге ұлт өкілдері тіпті Мемлекетімізге сондай махаббатпен қарап, мақтап, қызығады. Әрине, еліміздің әрі-қарай дамуына, көркейіп, жетілуіне халық, ал түптеп келгенде мына біз жастар, өсіп келе жатқан қауым жауаптымыз. Менің ойымша ұлт бірлігін нығайту үшін әр адам өзінен бастауы керек. Мейлінше әр қазағым ұлт бірлігіне кішкентай болсын бір пайдасын, үлесін қосатын болса, бір ғанибет болып қалмаймыз ба?! Елімнің, кең байтақ өлкемнің дамуына мына мен үлкен үлесімді қосуға, қай жерде болмасын, қандай жағдай болмасын қазағымды сүйіп, мақтанарлық көз қараспен қарауға уәде беремін! Ол үшін өзімді жан-жақты жетілдіріп, мақтан тұтатындай азаматшаға айналуға тырысамын. Ел болашағы біздің қолымызда жастар қауымы!-деп сөзімнің соңында өз құрдастарыма үңдеу жасап кетсем, артық болмас!