Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:
- "қазақ әйелі" концептісін антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;
- қазақ әйелінің "Ғалам бейнесі" контексіндегі концептілік аясын сипаттау;
- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. "қазақ әйелі" бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;
- қазақ әйеліне қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;
- "қазақ әйелі" концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық, гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;
- қазақ әйеліне қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;
- қазақ әйеліне қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін динамикалық жүйе ретінде көрсету;
- "қазақ әйелі" концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.
Достарыңызбен бөлісу: |