БайғҰтова ақлима мархабатқызы "Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты


- Өтіп кет, қайным, - деді келіншек күлімдеп, - Жолыңды кеспейік деп тұрмыз. Білмеуші ме ең... Әйелге жолыңды кестірме



бет14/28
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#34968
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
- Өтіп кет, қайным, - деді келіншек күлімдеп, - Жолыңды кеспейік деп тұрмыз. Білмеуші ме ең... Әйелге жолыңды кестірме (Қ.Жұмаділов. Бақыт жолында).
Ал "Қабырғаммен кеңесейін" тұрақты тіркесінің "әйеліммен, үй ішіммен ақылдасайын" деген мағынасы "әйел ердің (Адамның) қабырғасынан жаралған" деген христиандардың қасиетті кітабы Таураттағы ұғыммен дәйектеледі. Белгілі анатом Л.Этингеннің көрсетуінше, қабырғадан жаратылу дерегі Библияға дейін, яғни Адам пайда болғанға дейін орын алған. Ежелгі шумерлер (Оңтүстік Қосөзен елі) су құдайы - Энкиге табынған. Бір жолы оның қабырғасы қатты ауырады. Шумер тілінде қабырғаны "ти" дейтін көрінеді, сондай-ақ "ти" - "тірідей туу", "өмір беру" дегенді де білдіреді. Осы кезде Энкиді емдеген Нинти әйел-құдайы пайда болған. Оны "өмір беретін ханым" деп атаған. Осыдан келіп, ежелгі аңыздар Библия баяндауларына да әсер еткен деп жорамалдауға болады. Инквизиторлар Я.Ширенгер мен Г.Инститористің айтуынша, Хауаның жаратылуына қисық қабырға пайдаланылған, сондықтан әйел түрлі кемшіліктерге толы. Толық жетілмегендіктен, ол үнемі алдауға бейім тұрады. Сондықтан, "қабырға" - Хауаның Адамнан пайда болғанын дәйектейтін символ [6, 67].
Қазақ халқының әйелге байланысты ұғым-түсініктері, қалыптасқан көзқарасы ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінде түйінделіп, елеп-екшеліп, сұрыпталудан өткен халық даналығының мәйегі - мақал-мәтелдерде сақталған. "Қазақ әйелі" концептісінің көрінісін мына мақал­мәтелдер аңғартады: "Ердің асылы күшінен білінеді, Қатынның асылы ісінен білінеді"; "Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы, Қатының жақсы болса, бұл дүниенің шырағы"; "Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас", "Жақсы қатын жүн қарыз алады, жаман қатын су қарыз алады", "Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын", "Олақ қатын оймақшыл, Салақ қатын сауықшыл", "Төркіні жақын қатынның төсегі жиылмас", "Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар", "Ердің атын я аты шығарады, я қатыны шығарады", "Жақсы қатын алғанның тойы өз үйінде", "Еріншек әйел опа жағады, ерінбес әйел еңбек табады", "Жақсы әйел асын жасырмайды", "Қапияда қатын ақыл табады, "Әділсіз болса, би оңбас, Әйелсіз болса үй оңбас" т.б. Тіліміздегі "әйел" концептісіне қатысы бар мақал-мәтелдерде жақсы әйел мен жаман әйелге қатысты халық көзқарасымен бірге әйелдің қоғамдағы орнына байланысты қазақ қауымына тән стереотиптер де ұшырасады. Мысалы, "Денсаулық ғанибет, Сырқаулығы болмаса, Ер жолдасы - қатыны, Ақ жаулығы болмаса"; "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа", "Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық", "Байтал шауып бәйге алмас", т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет