Қорыта келгенде, "қазақ әйелі" концептісінің лингвомәдени ерекшелігі қазақ дүниетанымында қалыптасып, тілде беркіген этномәдени, гендерлік стереотиптер арқылы ашылады. Қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейінзерде ерекшелігі, парасатпайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. тілдік көрінісі этностың ерекше этноөзектік концептілерін құрайды; "қазақ әйелінің" концептілік бейнесі көркем және прецеденттік мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік т.б. жүйеде жасала отырып, оны символдық деңгейге көтереді. Ұлттық санада қалыптасқан, тіл арқылы сақталып, этномәдениеттің көрінісі ретіндегі, ұлтымызды біртұтас етіп ұйыстыратын ұйытқы күштің бірі де бірегейі ұлт тәрбиесіндегі ананың рөлін дәлелдейді. Бүгінгі қоғамдағы ананың, әйелдердің қоғамдағы орны мен қызметін арттыру күнделікті тұрмыс пен тәрбиедегі ана тілінің ұлтты ұйыстырушылық қасиетін, құдіретін күшейтумен тығыз байланысты екенін осы тектес зерттеулер нақты көрсетіп отыр.
Ғылыми болжам: Қазақ этномәдениетінде қалыптасқан дәстүрлі көзқарасты негізге ала отырып, "қазақ әйелі" макроконцептісінің қазіргі заман ағымына сай "іскер әйел" т.б.микроконцептілеріне, имиджіне, кәсібиинтеллектуалдық өрісіне дәйектелген динамикалық жүйесін қазіргі қазақ қоғамының руханиәлеуметтік үрдісімен сабақтастыра зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |