- Мынау қойдың басы, - деді Ақжан оған түсіндіріп. - Біздің халқымыз ең құрметті қонағының алдына осылай бас тартады.
- Мен құрметті қонақ емеспін ғой. Бар болғаны біздің жас ханымның қызметшісімін. Ондай жағдайда басты ханымның өзі ұстауы керек, -деп Акбар оны Лаураның алдына жылжытты (Қ. Жұмаділов. Атамекен).
Байқап отырғанымыздай, Сирия елінен келген кісі қазақ халқының салт- дәстүрінен, қазақ мәдениетінен хабарсыз, оған сәйкес аялық білімі жоқ, сол себепті қойдың басы онда дұрыс ассоциация тудырмай отыр. Ол қазақтың сыйлы қонағына бас тартатынын, оны әйел баласына ұсынбайтынын білмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |