БайғҰтова ақлима мархабатқызы "Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты


­кесте: Әйел мен еркекке байланысты қоғамда қалыптасқан таптаурындар (стереотиптер) кестесі



бет9/28
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#34968
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
кесте: Әйел мен еркекке байланысты қоғамда қалыптасқан таптаурындар (стереотиптер) кестесі.
1.3.2 "Қазақ әйелі" концептісінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі. Көркем мәтінде көрініс тапқан ұлттық сипаттағы кинемалардың мән-мазмұнын саралай келе, тілімізде жиі кездесетін бейвербалды элементтерді қолдану басымдылығына орай ер кісілерге, әйелдерге тән және ортақ кинемалар деп бөлуге болады. Мысалы, ер адамдар қарым-қатынасында "малдас құрып отыру", "төс қағыстыру", "қамшы тастау", "мұртынан күлу", "сақалын шошайту", "сақал­мұртын сипау" т.б. ишараттары жиі көрініс берсе, ал "бетін шымшу", "шашын жаю", "шашын жұлу", "орамалын бұлғау", "қос бүйірін таяну", "ернін сылп еткізу" т.б. әйелдерге тән кинемалар болып есептеледі. Ал "қол бұлғап шақыру", "жағасын ұстау", "басын изеу", "мұрнын шүйіру" сияқты ым-ишарат түрлері ортақ болып келетіні анық.
Ері, баласы, жақыны, туысы қайтыс болған әйелдің қара жамылып, жоқтау айтуы - халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Қайғы-қасіреті мен шерлі көңілін жақынын жоғалтқан әйел бетін жырту, бетін тырнау, шашын жаю, шашын жұлу, қос бүйірін таяну сияқты паралингвистикалық амалдар арқылы білдіріп, қайтыс болған ерінің, баласының, туысының жақсы, асыл қасиеттерін жоқтау жырына арқау еткен. Ертеде көптеген халықта қатты қайғырғанда, бетін тырнап, айғыздаумен бірге шашын жұлып немесе тақырлап алып тастайтын дәстүр болған. Кейбір тайпаларда ері қайтыс болған әйел бұрымын кесіп, күйеуіне деген адалдық белгісі ретінде оны күйеуімен бірге жерлеген. Аталған бейвербалды амалдың қазақтың жоқтау жырларын айтқандa қолданылуы сол кезден қалған болуы керек: Бұл кезде Бөжейдің өз үйінің ішінде қара сұр бәйбіше шаршысын шорт байлаған. Қара шашын тарқатып, екі иініне жайып салған. Қан сөлден айрылып, сұрланып талған жүзінде көк тамырлары білінеді (М.Әуезов. Абай жолы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет