Кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру туралы Елбасы жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз»деп атап өтті
Торгаутова Айсапар мпи-20-9нк
Географияны оқытудың тиімді әдістері Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламын.Әр мұғалімнің алдындағы мақсаты,ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай,әр баланың мүмкіндігін ашу,оны шығармашылық тұлғаға жетелеу.Міне,біз бүгінгі таңда «Білім берудегіКембридж тәсілдерінің теориялық негіздері»осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстаймыз.Яғни,мұндағы бала өзі ізденуші,бір-біріне үйретуші,ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.Әйгілі зерттеушіЛ.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып,дамуға стихиялы әсер етсе,яғни, «дамудың соңында жүрсе»,жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді»-деген болатын.Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,мұғалім әрқашан ізденісте болып,өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. «Сабақ-оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы»,деп А.Сухомлинский айтқандай,осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі,жарыққа шығарары,баланың қызығушылығын оятары,білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойлағаным рас.Саралай келе әр сабақта бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде белгілі ғалым Сократтың оқыту үрдісіне көңіл бөлемін. Оқу сапасын арттыру үшін күнделікті сабақта жаңа технологияларды пайдаланамын.
Осы негізде география пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс – әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді Өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып,
алады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық - техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында жаңаша басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді.