Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерді құрастыруға пайдалануға болады.
Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, "Әлеуметтік лингвистика", "Лингвоелтану" пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |