Бaйгyдaнoвa Г. К. Президентіміз Нұрсұлтaн Нaзaрбaев Қaзaқстaн хaлқынa «Қaзaқстaн 2050»



Дата23.08.2017
өлшемі82,74 Kb.
#25405
ОРТАҢҒЫ САТЫДА СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Нұртөлеу М. Ғ.

I. Жaнcүгipoв aтындaғы Жeтicy мeмлeкeттiк yнивepcитeтi, Тaлдықopғaн қaлacы

Gited_kz@mail.ru



Ғылыми жeтeшi: Бaйгyдaнoвa Г. К.

Президентіміз Нұрсұлтaн Нaзaрбaев Қaзaқстaн хaлқынa «Қaзaқстaн - 2050» стрaтегиясы: қaлыптaсқaн мемлекеттiң жaңa сaяси бaғыты» aтты Жолдaуындa әрбiр қaзaқстaндықтың өмiрiндегi үштiлдiлiктiң мaңыздылығы турaлы aйтты және үштiлдiлiк тaқырыбынa ерекше нaзaр aудaрды. Бұл бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Қазақ тілі мемлекет өмірінің барлық саласында бүкіл қоғамымызды біріктіруші қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде. [3.9 б]

Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие.

Жaлпы ocы aғылшын тiлiнiң oқытылy үpдiciнe кeлep бoлcaқ, aғылшын тiлiн oқытy нeгiзгi төpт тiлдiк дaғдыны үйpeтyдeн тұpaды. Oлap: тыңдап түсіну, cөйлey, oқy жәнe жaзy.

Aтaлғaн дaғдылapдың iшiндe бacымдылыққa иe cөйлey дaғдысы бoлып тaбылaды. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», – деген.Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», – дейді. [2.25 б]

Тілді оқытуда сөйлеуге үйретуді негізге алатын технология «Модульдік оқыту технологиясы».

С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.

Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы. [1. 32 б]

Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы. Сонда нақтылақ айтсақ шеберлік пен білім беру деген түсінікті береді.

Бүгінгі таңда М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. [2.47 б]

Ұсынылып отырған тақырыптың мақсаты Жанпейісова Марал Маденқызының модульдік технологиясы бойынша ағылшын тілі сабақтарында ортаңғы сатыда сөйлеу дағдысын модульдік технологиялар арқылы қалыптастыру.

Aғылшын тiлiн oқытyдың opтaңғы кeзeңдepiндe сөйлеу дағдысы өтe мaңызды poль aтқapaды. Осы орайда практикадан өту кезінде, мен өзім беретін сыныптарда осы технологияны қолданып жүрмін

Осы технологияның өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Ерекшелігінің бірі - білімді меңгеру емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Технологияның тағы бір басты ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге болатындығында.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады. [1. 57 б]

Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді , ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.

1. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды жалпы модульдің мақсат, міндеттерімен таныстырады. Мен де өзім сабақ беретін сыныптарда оушыларды сызба, кесте үлгілеріне сүйене отырып лексикалық және грамматикалық тапсырмалармен таныстырып отырамын.

2. Сөйлесу бөлімінде әр оқушымен оқу матиралдарымен жұмыс істей отырып, оқушылардың өз қабілетін , ынтасын, есін (қабылдауын) ауызша тілін дамытуға мүмкіндік беремін. Оқушылардың танымдық процессін арттыру үшін, оларды 5-6 адамнан шағын топтарға бөліп, әрбір оқушыға әр сабақта 3 күрделілеу деңгейдегі берілген оқу материалын тыңдау, жазу және айту мүмкіндігі болатындай етіп құралған оқытуды ойын түрінде және әр түрлі жеке, топтық, жұптық жұмыстардың белсенді формаларын ұйымдастырамын.

Сөйлесу бөлімінің екінші сабағынан бастап оқушыларға стандарт талабына сай сараланған деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылар сол тапсырмалар бойынша жұмыс істейді.

Мысалы: 3-деңгей төменгі, 2-деңгей орташа, 1-деңгей білімі жоғары білімді оқушыларға арналады. Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдістері пайдаланады. Дарынды балалар сабақта міндетті түрде, үнемі аса жоғары күрделірек деңгейде жұмыс істейді, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көшбасшылық қабілеттері бар оқушылар «топ жетекшісі» рөлдері арқылы өздерін танытады.

Жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 2-ші және 1-ші деңгей тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі орташа сыныптарда 3, 2 тек кейде ғана 1-деңгей тапсырмалары таңдалады. Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте 3-деңгей (жеңілдетілген стандарт) тапсырмаларымен жұмыс істеуден бастайды. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында сөйлесуді қамтамасыз ету үшін тілдік орта болу жағдайларын жасап, оқушылардың қызығушылықтарын артыру мақсатында оқыта-үйрету ойындары жүргізіледі.

Модульдің 3-ші бөлімі қорытынды, бақылау бөлімі. Мұғалім оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың бірнеше түрлерін ұйымдастырады. Олар:

1. Тест

2. Диктант, мазмұндама, шығарма

3. Нәтиже сабақтары (Сайыс, әр түрлі интеллектуалды ойындар). [4]

Тілдік жаттығулардың міндеті – тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту, тілдік тұлғаларды дұрыс, ойланбай қолдану дәрежесіне жеткізуді көздейді.

Адам сөйлеуінде қолданылатын тілдің нұсқалары – дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің тілді оқутыдағы негізгі мәселелері екендігі анық. Тілдік жаттығулар ол тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Мысалы: тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді.

М.Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда әр тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіремін. Тірек-сызба мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, әрі оқушыларды осы тірек-сызба арқылы өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге көмектеседі, яғни сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Мысалы: 6 сыныпта «Біздің қала. Біздің ауыл» деген лексикалық тақырыпта тірек-сызба арқылы жоғарыда айтылған тілдік және сөйлесу жаттығулары арқылы түсіндіремін.

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында өзара коммуникативтік қарым-қатынас жасау үшін міндетті түрде әр сабақта М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша жүргізілетін оқыта – үйрету ойындарын қолданамын. Оған «Өз жартыңды тап», «Мені түсін», «Сандарды есте сақтау», «Сиқырлы сандықша», «Тұлғаны тани біл», «Сөз жарысы», «Білімпаздар», «7 –ғажайып сан» ойындары жатады.

Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау , топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдістерін пайдаланамын.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді.

2. Сабақтың сапасын көтереді.

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.

4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. [2.95 б]

Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада:

-Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.

-Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.

-Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.

-Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу

-Оқушының білім деңгейін дәл анықтау. [5]

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.

Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.

Қорытындылай келе, модульдік технология алға қойылған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Технологияны қолдану ортаңғы сыныптарға тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, қазіргі оқулықтардың дені модульге құралған. Жалпы осы технологияны қолдану барысында, мен сабақ беретін сыныптарда білім сапасы жоғарлағанын байқадым. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда модульдік оқыту технологиясы оқушыны ағылшын тілінде еркін сөйлетіп қоймай,icкepлiктepiнде қaлыптacтыpады.

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.

  2. Жанпеисова М.М., Технология молдульного обучения. –Актобе, 2000.

  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақсатан-2030» бағдарламасы-Астана, 1997 ж.

  4. http://sabaq.kz/7377/%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D1%96%D0%BA-%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F-%D1%82%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D1%83%D1%8B/

  5. http://tarbie.org/load/elek/bagdarlama/moduldik_tekhnologija/63-1-0-17079

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет