«Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпен (тәпсір білімін қуып) көңілін алсам екен(өзге жұртың) деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жаурынан бір қақанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к..ні ашылса да, қам жемейді...»(25-сөз) Шәкәрім атамыз көңілдің жан сырына көптеген астарлы өлеңмен сипаттап ашып көрсетіпті де және «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен ел көгерер» деген мақалдың сырын ашып беріпті; «...Жер жүзіне нұр жауып, Күн жылынды, шөп өсті. Бие байлап, қой сауып, Буаз малдан төл өсті. Жанған оттай жалындап, Жайлауға қарай ел көшті. Жанбақ түгіл жабырқап, Жаралы жүрек қайта өшті... Жаралы біздің көңілге Бір тамбайды сіркіреп. Таянды ғой өлімге-Қақырық басты кіркіреп... Көңілі жұмсақ адамның Күрмеуін тағдыр шешеді. Рахымсыз, пейілі жаманың Орны дайын деседі...Мен жау болсам, кім досың, Байқадың ба оны өзің? Өзгелерден сен шошын, Жау десең де, мен-көзің...» Атамыз көңіл дегенді жүрек көзі және адамзаттың ниет-пейілі деп түсіндіреді және «Мен»-ге тәуелді дейді. Оны біздің халқымыз сенген дін ғалымдары таудың басындағы қысым немесе өкпенің шаруасымен байланыстырғаны дінге, аятқа, жан сырынан арнаулы ұйымдасқан тікелей қастандық, болмаса надандықтың ең шайтан-біліміне айналған түрі. Аталарымыз: «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін» деп ескертіпті. Егерде жазатайым, мысалға орыстың бір құрмет тұтқан жазушысының шығармасын осылай сөз мағыналарының бұзып түсіндірмей-ақ тек философиялық қателіктермен аударып көр не болар екенсің? Орыстардың білімділері түгіл, өз қазағыңның жазушы, айтқыштарынан ғана сотталмай, кітабыңмен қоса күл төкенге айдалып кетпей немесе айып төлемей құтылсаң қуана бер. Ал құранды осындай екі жүзді ойшылдық, пайымдаулармен хан-талапайға салып қойып үнсіз қарап отырған заңгерлер мен ғалымдар, сопылар, теолог, философтар құдайға да болашақта халық алдында да, өскелең ұрпақтар алдында «ар» сотына түсетін «уақ»-та түсер, ғалымдарымыздың осындай елдің дін көңілін тарылтып кеудеге- көкірекке айналдырып алған ұлтына, тіліне рахымсыз пейілдеріне деген үміт қана бар біздердей «діни сауатсыз» аталған қауымда. Оған дейін сабыр сақтап біздің шаруамыз өз қойымызды (ой- малымызды) бағу ғана. Сондықтан кітап авторының мына сөзіне; «Тіпті реті келсе де де, келмесе де, арнайы кітап, аудио, видио өнімдерін халыққа тартып, мұны өзекті мәселеге айналдырғандарды Имам Мәлік көрсе не дер еді? Жаубын сіз беріңіз!» (154-бет) деп біздердей қара қазақ «діни саутсыздарды» тексермекші. Бұндай тұжырымға; «Әсілінде, жалаң ақылдың бүгін тура дегені ертең қате болып жатады. Бұған кеше ақиқат саналғанмен бүгін шикілігі әшкереленіп жатқан түрлі «измдер» мен кейбір ғылыми болжамдардың өзі дәлел емес пе? Белгілі бір дәуірдің қол жеткізген мүмкіншіліктерінің аясында дұрыспен бұрысты анықтау-әрине қате. (тек арап елінің дінің өркендеген дәуірінен ғана үлгіні алуды ескертеді) Сондықтан бір қарағанда, қисынға қайшы секілді көрінген кейбір сахих хадистерді асығыстық жасап, бірден жоққа шығару өзімізді ертең ұятқа қалдыратын үлкен қателік. Міне, сондықтан Абай жалаң ақылды емес, «Нұрлы ақылды» үнемі насихаттайды.» (Дін мен Діл 265-бет) Дін ғалымдарымыз Абай атамызды қазақ еліне келген елші сақтың ұрпағы атамыз Имам Мәліктен кем қадірлемейтінін, ақыл аманттарын оқып насихатына иман келтіріп және әулиелердің көріп тұратынан да хабары бар екенін жасырмай, хадистерді арзан жалаң ақылға айырбастаудан болашақ алдында ұят болатынын біледі екен, онда алда дәлелденетін ақиқаттың ашщы шындығы; құран аяттарына бүкіл қазіргі мейлі масһабтық, мейлі толып жатқан «измдердің» дінге жасаған қиянатын, әлем алдына жариялайтын кезге дейін «айтылған сөз, атылған оқ», болмаса «мұнафықтық», екі сөзді ал ісінде басқа, нұрлы ақылды-аяттарды арзан ақшаға айырбастай салған нағыз суайт шайтан адамы болумен қатар, соңына ерген бүкіл муфтиятық, масһабшыл «намаздың» жетілген, «тақуа» барлық «хандарыда» шайтанның жамағаты аталмас үшін мүмкін иманға қайта келер деген үмітпенен; «Нұрлы ақылдан» хабарды аталар аманатын жеткізуді оқырмандардың ар-ұятына тапсырып, Абай атамыз ; «..Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркітен кем бе жем жесі? Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі...» «Қазақтың өзге жұртан сөзі ұзын, Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін... Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін... Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін. Адасып алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай.» «Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Көңілдің жүгін қиял қыл, Ызаға тұтқын бой мең-зең... Өз бойыңа болып сақ, Жан-жағыңа қараңдар! Күн көріп жүр күліп-ақ сенен басқа жарандар... Күлкі болмай, қой жаным, Сен бүйтесің, ол қайтті?» десе Шәкәрім атамыз; «Ас бергенін дейді той, Ол-қасапшы, бұлар қой, Көп мисызда болмайды ой, Бұл не қылған ел еді!» «Алдағанға кетің азып, Әпсін оқып үйреніп. Берді сайтан дұға жазып, Соны қылдың бой тұмар.» «Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды.» Сондықтан болашақ жетіліп келе жатқан көңілдері туғанан зайырлы жастарымыздың араларынан шығатын даналарының алдында күлікіге қалмас үшін келіңдер, келісіп бір кітапқа жүгінейік! Тіл өнерінің дертінің емі де, тіл ғылымына мойын ұсынып бір сөзге көндірілмейінше қазақ дін танушылар ішінде алауыздық тоқтауы мүмкін де емес екенін ұғынайық. «Дін тазасын дін ішінен ізде!» деп ескерткен Шәкәрім атамыз. Құранның түсіндірмесі (тәпсірі) насихаты жоғарығы лауазым алу үшін есеп беру негізінде емес, көркем әдеби тілде өлең және шешендік сөздермен түсіндіруі керек. Әдеби және ғылымы санмен белгіленіп, әрі көркем шығарма түріндегі толық негізді құран түсіндірмесі Ясауи бабамыздың «Сәни дәптері». Бірақ оны түсініп оқу үшін құранның ғылымдық негізді аудамасын жылдар бойы қайталап оқумен бірге Абай-Шәкәрім еңбектерін сәйкестендіріп оқи білсеңіз өзінен-өзі құраның жан жақты ашылып, сәни дәптердің де түсінігі қарапайымданып сананың жетілуін қалыптастырады. Бұндай философиялық, психологиялық, ғылыми маңызды еңбектер әлемде жоқ, тек қазақтың несібесіне берілген деп біліңіз. Құран құдайдың сөзі, көркемдеп майын шығарған ата сөзімен, бал тамған ана тілімен ғана жүректеге зейнетеледі, сондықтан көп шаршамай ауылға оралыңдар дінші ағайындар, Абайымыз бен Шәкәрім және жүздеген әулие ақын еңбектерінен-ақ іздеген қойларыңды, жоғалтқан малдарыңды тауып аласыңдар! Бұл менің ойым емес аруақтар аманаты, бабалар батасы.
Аманатқа қиянат-ортақ қосу туралы.
Інжіл жазбасынан елшілерге арнау; «Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар. Көріп жатқан азаптарыңды тәрбие ретінде шыдыңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленсеңдер, онда Оның шынайы рухани балары болғандықтарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер бағынуымыз керек емес пе? Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді. Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді. «Балам, Тәңір тәрбилегенде Онысын менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз сүйетін әркімді Түзетіп тәрбиелейді де, Бауырына басқан баласын да. Жазалайды қажет болғанда». Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер! Рухани жағынан әлсіреген бауырластарыңның адаспай, сауығып кетулері үшін «түзу жолмен аяқтарыңды нық басып жүріңдер!» Сондай-ақ Құдайдың «құрлышысыңдар». Әр құрлысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығарған күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылады да, жаны оттан өтіп қашқандай ғана сақталады. Әлде сендер өздеріңнің « Құдайдың рухани үйі» екендеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме? «Рухани үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «рухани үйі»-Оның қасиетті меншігі. Ал осы «рухани үй»-сендерсіңдер! Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреулерің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып, Масіхтің ілімін ұстансын, сонда Құдайдың даналығына ие бола алады! Өйткені күнәкар дүние нені даналық деп есептесе, сол Құдай алдында ақымақтық. «Құдай данышпан дегендерді қулықтарынан ұстап алады»,-деп жазылған ғой. «Данышпан дегендердің ойларының бекер екенін Құдай біледі»,-деп те жазылған. Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады. Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады» дегенді білмейсіңдер ме? «Ескі ашытқыны», күнә атаулыны араларыңнан шығарыңдар, сонда «жаңа қамырдай» таза боласыңдар. Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін қиды, сол арқылы жаңа, пәк таза адам болыңдар. Сондықтан бұрынғы зұлым сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» біржолата арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық! Өз сенімдеріңдегі бауырласпын деп атағанымен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастархандас болмаңдар.» (Петрден.) «Сүйіспеншілік жолын қуыңдар! Рухани дарындарға Құдайдың хабарын жеткізу дарынына, ие болуға тырысыңдар! Бөтен тілде сөйлейтін кісі адамдарға емес, Құдайға арнап сөйлеп ешкім оны түсінбейді. Ол өз рухымен құпияларды айтады. Ал Құдайдың хабарын жеткізуші адамдарға арнап сөйлеп, оларды нығайтып, жігерлендіріп, жұбатады. Кім бөтен тілде сөйлесе сол өз сенімін нығайтады, ал кім Құдайдың хабарын уағыздаса сол қауымды нығайтады... Бауырластар, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ Құдай ашқан құпия, не білім, не құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге не пайда? Мысалы жансыз күй аспаптары-сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойнағанын қайдан білеміз?.. Дәл осы сияқты, сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздерің желмен ұшып кетті ғой.» (Корытындықтарға; 14-т. 1-9) Дінді халықтың ана тілінен, сөз ғылымынан, әдет-ғұрып, сал-дәстүрінен бөліп қараудан өткен аманатқа қиянат болмайды. Осындай амалдардың негізгісі бөтен тілді дәріптеп дінің де, тура жолыңда осы деп, жаратқанның ақыл сөзіне емес өзге тілге, салтына, әдеттеріне табындырудан елдің дін-пейілі де тарылып, жүректер жабылып құр рәсімдердің, мүлгудің соңына түсуден біртұтас халықтың жындануымен сол дінді уағыздаушылардың мастығын ғана қалыптасттырып ақыры халықтың қайғы –қасіретіне апарып тіреледі. Қақ елі осындай тарихи оқиғаларға талай ұшырап данагөй ақсақал абыздардың, батырлардың, ақын-жыраулардың шежірешілердің бас қосып «аруақ!» деп ұрандатып елдің басын қосып арамыздан азғырушыларды жазалап, өлтіріп жерімізден аластаумен қайта бейбіт өмірді орнатып Шыңғысхан атамыздың тұсында жүздеген жыл «Алтын ғасырдың» да дәмін де татқан елміз. Тарихи оқиғалар үнемі қайталанып отыру заманның заңдылығы. Осындай ата салтымызды, дінімізді ашықтай мазақтап теріске шығарып, ақылы толмаған жастарды азғырып, жоғары ақыл айтатын лауазымды орындар мен тіптен сөзін де тексермей ғалым атап, елді азғырған аманатқа қиянат жасаған ойларын халыққа таратуға жәрдем де беріп қойған, жалпы халықтық жындану көрнісін күнде көгілдір терезеден де, жеке басылымдардан да еркін тыңдап оқуға қоса жындануға болады. Бұндай дінін, отанын, ата амантын сатқан қу заманды Абай атамыз; «Сұм-сұрқия қу заман Гүл көрінен жігітке. Қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке... Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай. Жұрты құрғыр сенгішке Тұра ма қулық жалғамай? Ары кеткен алдағыш, Мені –ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасаңшы көктейін!» Жаратушымыз бұндай екі жүзділердің өз араларыңнан шығып оны тек сөз аңғарынан ғана байқайсыңдар деп; «Егер олар, уәделескенен кейін антарын бұзып (аманатқа қарсы шығып), діндеріңе тілдерін тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандарымен (ғалымдарымен, хазіретерімен) соғысыңдар. Өйткені олардікі (сөзді бұзу, тілді бұрмалау) ант емес. Олар бәлкім тиылар.» (9-12) Аятта көрсетілген 12-саны адам баласының ішкен суымен, ана ділімен берілген несібесін ұлттық рухани байлықты ескертіп тұр. Бір күні Пайғамбарымыз үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» -деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі –жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. (Әбу Бәкірден өсиет; 1119, 2654) «Алланың ризалығы әке-шешенің ризалығында. Алланың ашуы әке-шешенің ашуында.» (Ғабдулла Ғамырдан) «Бір адам пайғамбарымыздан: «Әке-шешенің баларындағы хақтары не?»-леп сұрады. Пайғамбарымыз: «Олар сенің жаннатың немесе тозағың яғни олардың ықыласын алсаң жаннатқа кітесің, қарғысын алсаң тозаққа кіресің.» (Әбумаммеден. Маже.) Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын, жалған сөйлеу, жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе ата-баба аманатарына, олардың жаратушыға берген уәделері дін ұстанымдарына қарсылық білдіру- серік қосу амалы болып тек киелі кітап аяттарына, аяттарды ауыстырған заманға сай мұғжиза арқылы көрсеткен жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал, ортақ қосу амалы; амантқа қиянат жасап ана тілінен, ата сөзінің мағынасына, астарына үңіліп зерделемей киелі кітаптар үкімін өзгертумен немесе басқаша жорамалдап түсіндіру арқылы және ақиреттік болған ата-аналар арқылы жаратқанан берілетін ескерту уахи, түс, аянды зертеп, талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттерімен халықтың шежіреге айналған тарихи тәжірибесін дінін жалғанға шығарудан зор зұлымдықтың ортақ қосу амалы болып, халықтар қасіретіне соғатынын ескетеді. Пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе?» Біз де: «Әрине, я рассулла»-дедік. Пайғамбарымыз: «Аллаға ортақ қосу, ата-анаға қарсы келу деді.» (Әбубәкірден) Және: «Алла тағала барлық күнәлардың жазасын қиямет күніне дейін кешіктіреді. Бірақ ата-анаға қарсылық қылғанның жазасын Алла тағала иесіне дүние тіршілігінде, өлуінен бұрын береді.» (Хаким және Аспаһанныйдан) Сондықтан ата салт-дәстүрін, дінді бұрмалап, бөлшектеп тарылту үшін сөз ұғымын өзгертуші, ана тіліне қастандық қылушы шайтан пендесін «Дәжал», ал жалпы дінді теріске бұрмалап, халық арасына араздық отын тұтатушы жын-шайтан пендені «Тажал» деп атайды. Енді қазақ ел, дін басшылырының бірауыздан мойындап ғалым атағын берген және осы тура жолды көрсетуші деп барлық дін басшыларының, ғалымдарының арнаулы ұлықсатымен елге еркін таратылып жатқан «Ислам ғалымхалы», «От басы ғалымхалы» баспа иелері Қайрат Жолдыбай ұлы, Ата Әс-Сыбати, Мұхитдин Исаұлы және пікір жазып мақұлдағандар Нұр Мүбәрәк Египет ислам универиситететінің белгілі ғалымдары Шәмшәдин Керім, Мухаммед Махфуз, Мухаммед әл-Жунди, Рида әд-Дақиқи. « Исламның негізгі парыздарын қамтығын осы кітап та, сол діни басқарманың тапсырмасы бойынша жазылды...Өйткені, Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы Имам Ағзам қауымына жатады. Задында «мәзһаб»-жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді...» деген бағытың, шариғатың да-жол, көзқарас, пікірің де-жол болып дін тарылып енді шариғат амалы тура жол болып шыға келгенін ақылы сау пендеге айқын. Және «кіріспе» яғни араласпа осы ғана дұрыс деген ескертумен берілген осы кітаптың жалпы қазақтың тіл, сөз сауаттылығына серік қосқан, тұнып тұрған атаулармен, пайымдауларды былай қойғанда құран аятарының мағынасын да бұрмалап, жаратушы үкіміне ашықтай жала қойған, жан, рух сырына мүлде қайшы пікірлермен ақылы сау адамның өзінің миын ашытып, адастыруға бағыталған пікірлерден тұратына көзіңіз жеткіңіз келсе, Абай-Шәкәрім және Ясауи бамыздың «Сәни дәптерімен», Інжілмен, аталар аманат мақал, нақылдарымен Халифа Алтай қазақша құран аудармасымен салыстырып оқып көріңіз. Сөзіміз жалған болып бұл азаматтарды ашық жала жауып күнә жүктемес үшін осы және алдағы басылымдарда аздаған мысалдар келтіре кетеміз, бірақ бұл кітаптарға толық есеп беру үшін арнаулы кітап жазу керек. Ең басты қазақ ақыл-ойына қастандығы біздің ендігі дін ұстанымыз «мазһаб-жол» болу керек екен. Жол дегенді көзқарас, бағыт деп бір ұғыммен атаудың өзі дінге қастандық, серік қосу және «дәжалдық» пайымдау. Егер дін ұстанымыз Имам Ағзам масһабы болып тек сонымен ғана ақыл-ойымызды жетілдіру керек болса онда масһаб құраның Адам-ата дәуірінен, қияметке дейінгі ашық түсінігі насихаты және Имам Ағзам атамыз енді барлық түсірілген нұсқалардан хабар беріп, шапағат етуші пайғамбар болып шығады. Бұндай философиялық жаңашылдықтан; Аспандағы жеті жолға өзіміздегі екі жолды қосып 9-жолды да, заманына қарай құран аяттарының насихатының да ашылғаны сайын соған байланысыт күнәніңде артып, әрбір пендесіне ұлтына, руына мақсат, мүдде мамандық, кәсібіне қарай беріліп отыратын жобаны да 12-ғасыр кейінге шегініп масһабтан ғана бағдар алып, заманның жетіліп жатқан шараушылық ерекшеліктеріміздің көз қарасымызды тағы біздер үшін арап тілін зертеуші ғалымдар мыңдаған жылдар бұрын жазып қалдырған екен. Сондықтан болашақтағы ашылуға тиісті құран сырларын да, жаратушы хикмет істерін де, болашақ келетін ұрпақтарымыздың да несібесін және Адам атамызға дейінгі діннің нұсқауларын енді тек масһаб қана түсіндіріп, намаз оқыған адам баласына төбесінен тесіп құйып береді деген жындылық ой пайда болады. Раббымыз ескеткендей; «Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90-11) Абай атамыз бұл аятты; «Берген бе тәңірім саған өзге туыс? Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс. Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы Тапаған бір тиянақ не еткен қуыс? Күні түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі. Халиққа (жаратушыға) мақұлық ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі-дәһірі (мекенсіз, жалған)... Өмір жолы-тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.» Абай атамыз екі жолды аянмен іздеп тәңірінің көрсетуімен табасың, ол жолды кемпірқосақ қылып екі басы бар екенін, және ерін қылып көрсетіп қойғанын ескертеді және туған жеріңе, ана тіліңе байланысты екенін, бағытың да, көзқарасыңда сонымен қалыптасады, құр оймен іздеп босқа шаршама дейді. Олай болса масһабты- дін рәсімін жол деп көрсеткен дін ғалымымдарын кім деп атуға болады? Енді осындай үлкен тілге деген қастандық, зұлымдықтың негізі осы кітапта келтірілген жаратушымыздың көркем есімі «Алаһ» деп Алла-сөзінің теріс ұғым екенін дәлеледеуге тырысқан екен. Ал Халифа Алтай аудармасының түсінік баянында;Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Иллаһ» деген атау 167 жерде бар. «Тәңір» деп аударылады.» деп ескерткен. Әрбір жаратылыстың мейлі жансыз, жанды өлшемі болуы міндетті болса сол өлшемнің бәрі құран аятарының сөзімен бағалануы тиіс. Олай болса есеп бар жерде ғана білім бар. Сондықтан құраның барлық сүрелерінде Алла есептеріңді көреді, біледі, алдыңа қояды, мойныңа жазады, есебіңе яғни сөз, ісіңе кездесесіңдер т,б ескртулер бере отыра; «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескертілгендей, Құранда бір бос сөз немесе таңба болмайды бәрінің белгілі орны саны бар. Ала әрбір қозғалыстың мейлі үн, мейлі жарық, суық, ыстық т,б 4-ші және 6-шысы депте ескерткен. Сондықтан осы сөзді есептеуге, зертеуге бұйырған аяттарды негізге ала отыра; «Есеп білмеген есек» атанбауымыз үшін 2697; 167 сандары екілік жүйеде 24; 14 сандарын берсе, бірлікпен 6; 5 сандық нәтижесін береді. Сонда бүкіл құран ұғымы бойынша Алла=24 нұрдың, қозғалыс тегін және Алла=6 рахман немесе сөздің басын жаралыс тегін белгілейді. Иллаһ= 14;5 мәні отың, желдің немесе бес қуат қозғалысты тәңірлік сипатты көрсетіп тұр. Әрине таңбаларды жеке –жеке сандарға айналдырып аятар мәнімен құпия ғылымдық мәнін де көрсетуге болар еді, әзірше оны алдағы уақыттың еншісіне қалдыруды жөн көрдім. Қарапайым үннің сандық мәнімен жүйелесек: 3, 5-таңбалы атаулар тәңір сипатын яғни төрт жаратылыс періштесінің «кісінің» көрнісін, бірліктің нәтижесі 5-ші нүкте тақ мәнін берсе, «Алла»-4 санымен түп негізді және бүкіл әлем есептеу құрғылары тек төрт санымен ғана (1001 бір түн немесе 1000 айдан артық) есептейді, ойланады. Жаратқан сипаттың негізі адам баласының өзіндегі басты белгісі адамзат қанның төрт-ақ топқа бөлінуі және жаратылыс төрт мезгілден, төрт сырдан, төрт тілдік негізден, нәсіптік ризық төрт күннен тұрады да бесінші күн жалған, жалғанушы сипатты береді. Ал алты саны барлық қозғалыс және несібенің негізі; «Бүкіл әлемді 6-күнде» яғни к-үн мен жарық негізінде жаратқан. Құранда «Алла» сөзіне байланысты қосып айтылатын «Тағала»(6), «Рабб»(4), «Ол»(2) «Ол сондай Алла»(6), «Бір Алла»(7), «Рас Алла»(7), «Алла бар»(7) т.б тіркеме сөздердің бәрі белгілі атаулар жүйесімен және сол аттың таңбалық сандық мәніне байланысты жаратқан сипаттарын белгілеп, міндетті түрде сандық мәнімен ғана есептеледі, айтылады. Сондықтан «Аллаһ» (дұрысы Иллаһ) қазақшаға сандық мәнімен «Шүкір»(5) мағанасын беріп және «Тағала»(6) шүкір сөзінің екінші балама ұғым ақпараттар жүйесі «яшик пандора» орнына пайдаланады. Онда «Аллаһ тағала»(11) -шүкіріңе шүкір деп жаратушымызға тілмен серік қосамыз. Себебі үндестік негізінде жалған ұғым! Онда бүкіл қазақ дін танымындағы басылым, әдебет аударманың бәрі (Халифа Алтай аудармасынан басқа) түгелге жуық серік қосушылар, жалғаншылар, тілді шұбарлап бүлдірушілер екендігі айқын! Енді «Олар сөзді зертемей ме?» деген аятты назарға алып «Аллаһ» сөзі қазақ тілінің үнімен «Алла-ақ» болып естіледі, айтылады да. Енді Алла-ақ-тәңір деген ұғымды береді. Ақ сөздің бейнеленген таза қозғалысын тәңірлік сипатын яғни тәңір оғын білдіреді. Және «Аллаһ» сөзі шүкір болса онада Тағала тәңірдің өзі болып адамзатқа байланысты белгісі «шүкір» яғни жаратушының рахметі яғни аруақ ұғымы шығады. Бұл ұғымды Абай атамыздан; «...
Достарыңызбен бөлісу: |