Аққа тартқан, Жөнге қайтқан, Ақыл айтар (қолдау берер) пенде жоқ.» деп ақты ақыл яғни «қолдау», аруақ деп ескертеді. Демек біздің дін ғұламаларымыз ата-баба, әулиелер аруағына яғни ақылына табыну серік қосу деп халықты жақсылық жасаудан тиым салып өздері жаратушыны, түп негізді «бес элементпен» (християнда 3-элемент-«Бог») белгілеп, аруақпен теңдес жасайды яғни екі тәңір жасап алған. Қазақ тілінен, астарлы сөздердің мағынасынан шамалы ғана хабары бар оқырманның өзіне бұл ғалымдарымыздың теология түгіл философиялық білімі бар екеніне күмән келтіруге болады. Мысалы «Сәзжде» сөзінің ұғымына құранда арнаулы сүре-кітап түсіріліп және оның екі сүреде ұғымы айқын көрсетілгенде адамзат түгіл бүкіл жаратылыс жан иелерінің белгілі Алланың әмірлерін орындап дыбыс, дауыс үн қатуларын сәзжде деп ескерткен. Олай болса; «Сәзжде сөздікте –бағыну, мойынсұну, кішпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді.» (Ислам ғаламхалы 123-бет) Демек адам баласының барлық жақсылық жасауға бағыталған бір-бірінен қызмет, құрмет көрсетуі де сәзжде болып табылады. Енді өздерінің бұл пайымдауларын енді өздері қайтадан теріске бұрмалаған; «Нағыз сәжде-жеті мүшемен жасалған сәзжде. Жүз екі қол, екі тізе және екі аяқ.» деп пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәзжде етуге әмір етілдім» деген өсиетін негізге алып намаз оқу деп барлық ізгілік, игіліктен хайырдан жоғары деп көрсеткен. Ал негізінде пайғамбарымыз жеті сүйектің ағаруын, толық бойдың қалыптасуымен, жеті құран үнін меңгеріп толық намаз орындаудың нәтижесін айтқан. Және көптеген мазһаб ұстаным шектерінің қазақ салтымен қарама-қайшы екенін өздері мойындап оны «Бір Аллаһ біледі» деп қысқа қайырған. Демек мазһаб қағидалары мен түркі дін ұстанымдарының шариғаттарының арасында қайшылықтар бар, олай болса күмәнің артында күдік, дау-жанжал күнәда болып дінде бөлшектену сөзсіз. Барлық ғылымның негізі сызықтық бейнеге, сурет өнеріне келіп тіреліп, мидың қызметінің өзі осы бейнелеу өнерінің негізі болса онда бұл ғалымдарымыз; «Олар (жындылар, адамдар) Сүлейменің қалауынша құрлыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді»,-деп айтылады. Сүлеймен пайғамбардың шариғаты басқа, дегенмен рұқсат беруінің бір сыры ол кезде ел арсында тәухидтің мықтылығынан болса керек.» (Отбасы ғалымхалы 69-бет) Яғни Забур шариғаты яғни негізгі сақ ұрапақтарының ұстанымы бөлек деп дінде өздерінің сауатсыз екенін тек кітаптардан көшіріп, арап тәпсіршілірінің ой жоруын жалғастырған, сол кездегі философия жетістіктерін жалғанға шығарады. Жынды меңгергендер көп жағдайда өнер адамдары болып олардың дінге деген сенімі аз болғандықта құранда жынды деп атайды. Бірақ сондай шаруашылық істерді, өнерді дамытып, түрлі құрал құрылғылыр шығарып жатқан жынды адамдар, қолынан жынды сөз айтудан басқа өнері жоқ жалған ғалымдардан әлде қайда иманды деп айтсақ күнәлі болмаймыз. Құранды және жан ғылымын білмейтіндіктерін және надандықтық ашық белгісі; «Ақындарға азғындар ереді» деген аяттың меңзегені-Құранға қарсы шығып, өлең жазып, елді дінен алстатуға тырысқан ақын-шайырлар. Әйтпесе бұл аятқа қарап өлең харам деуге болмайды. Пайғамбар кезінде сахаба ақындар болған.» (Отбасы Ғылымхалы. 73-бет) Олай болса Раббымыз бұл аят өмірдегі шындыққа мүлде қайшы деген пікір туындайды. Олай болса құранның көптеген осындай аяттарына күмәнмен қарау керекте дін ғалымдарының ғана айтқанымен жүріп құдай қылып алу керек болғаны. Ғалымдық, сөзді зертеу, ұқсас аяттарын табу және сандық мәнінің білімі, әрбір нәрсені жұп және парымен ғана жараттым деген үкім қайда қалады? «Ол, бір ақынның сөзі емес сендер аз сенесіңдер.» (69-41) деген аятпен ақындардың негізінен дінге сенімі тұрақсыз, еліктегіш, сезімге берілгіш сөз ұғымдарын аяттарды бұрмалаушы болатынын ескертеді. Сондықтан ақындардың ішінен тек тақуалықты, тарихат, мағрипат амалдарын меңгерушілер ғылым, кітап берілгендер ғана азғындықтан құтыла алады. «Ақындарға азғындар ереді» (26-224) «Ол, бір ақынның сөзі емес аз сенесіңдер» (69-41) Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргенен кейін кек алғандар басқа...» (26-227) Аятардың парын тауып орнына қойсаңыз аяттың ұғымы ашылып қандай ақындар азғындыққа түсетінін және Алланы көп зікір ететін ақындар басқа яғни Абай-Шәкәрім аталарымыз сияқты иман келтіріп ізгілік істегендер пайғамбарлық қасиетті меңгерушілер, сахабалық дәрежеге жетіп Алла жолында соғысушылар болып есептеледі. Енді осы аятардың сандық мәндерімен зертеп, жұбын және тағы 9-аятпен жүйелесеңіз құранның насихаты ашылады. Бұл әрине жоғары лауазымды пәтуа берууші хазіретердің, дін ғалымдарының міндеті болса, еліміздегі бүлікшіл дін топтары түгіл, ең түркі әлемінің дәстүріне жақын «Нахшпандия» тобы да пірімен қоса екпетінен құранның наситхатына тәнті болып, сәзждеге (бұйрыққа, үкімге) жығылып құлап қалар еді. Философ ағайындарымыздың діннен сауатсыздықтарынан және дін ғалымдарының жалған пайымдауларынан сөз ғылымының беделі жоғалып, әрбір арап тілді білген пенденің өзінше тәпсірлеуінен ислам дінің басты жол көрсетушісі құран аятарын «арзан ақшаға, ертегіге айналдыру» деген түсінік пайда болады. Бұған өздері де Лұқман сүресін қате аударып, өздеріне алдын-ала мойындап үкім беріп қойыпты; «Кейбір адамдар ешбір (дәлелеге) білімге сүйенбестен елді Аллаһтың жолынан адастыру үшін мән-мағынасыз бос сөздерді сатып алып соларды халыққа жаяды. Бұлар өздерін қорлайтын ауыр азап күтіп тұрған адамдар» (31-6) Ал Халифа Алтай атамыз бұл аятты; «Адамдардың түк білмесе де Аланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар, үшін қорлаушы азап бар.» (31-6) Енді жалпы тіл ғылымынан аудармашылықтан шамалы хабары бар адам баласы орыстың атақты бір жазушысын осындай айырмашылықпен аударып көріңіз не болар екенсіз? Ал бұл жаратушының адамзатқа берген ең көркем ғылыми астарлы сөздері емсес пе? Бұл аяттар құдайға шүкір мағыналары әйтеуір бір-біріне жақын. Ал бұл кітаптарда атақты жол көрсетуші ғалымдарымыздың осындай өздері аударған аяттарының кейбіреулері тіптен мағынасынан басқа жаққа кетіп қалғандары бар. Енді мынандай қазақ әулие аталарымыздың шариғат ұстанымына мүлде қайшы үлгіден; «..Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана рүкүғке барып, намазан бітірді..»(О.Ғ. 29-бет) Астапыралла дегенен басқа не айтуға болады. Қатын құсап көз жасын төкенен кейін намаз түгіл дәретте бұзылады. Еркек адам қатын құсап жыламайды іштей үнсіз жүрегімен жылайды егер есі толық болса. Абай атамыз; «Тәңірі сорлы етсе, пенде Не бітірер құр жылып? Жігері жоқ, ақылы кенде, Жамбасынан жат сұлап! «Бір жаман мен бе?»-Дедің бе Көңіліңде?» деп құр жылағанан жігер мұқалып, көңілдің азатынын, өзін өзгеден жаман, қор санайтын пенде ғана босқа жылайтынын, ғашықтың жылауы үнсіз жүректен шығатынын ескертеді; «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл..» «Жылағанды тоқтатып, Ынсап қылсақ жарайды, Қоймасаң, қайғы ауыр боп, Тұл бойыңа тарайды...» «Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпендт сулайды. Жеңіменен көз сүртіп Сұрланып жігіт жылайды. Әйелмісің, жылама, Тәуекел қыл Құдаға! Өлең айт, Үйге қайт!..Белді бу, Бетті жу!» Шәкәрім атамыз; «Таза ақылдан жоқ сұрақ. Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға дұрысы не?...Құбылсаң, Бұзылсаң, Не қызығып, Не именумен. Қайта алмай, Байқалмай, Себепке еріп, Жетектеліп өлдің сен...» Қазақ елінің және ел басымыздыңда діннің керегесін кеңге жайып халықтың дін-жанының және рухани егінінің бақташысы болуға аманатын алған ғалымдарымыздың қарапайым жан ғылымынан мүлде сауатсыз екендігін өздерін-өздері әшкере қылған, жүздеген мысалдармен өздерінің пәтуаларынан көрсетуге болады. Оған оқырмандар өздері салыстырып көздері жетер деген және философ ағайындардың еңбектері сияқты әдеби тілден қашықтап кетпеу үшін шамалы дәлелдер көрсете кетейік. «Сен маған анамның арқасы сияқтысың» деген аятта да ананың арқасына назар аудартуда. Сондықтан ананың арқасы және осыған ұқсас ішкі жағы да жақындарының алдында әурет жері саналады... Мұсылман әйел бөтен ерлердің алдында білектеріне дейінгі қолдары және аяқтарынан өзге денесінің барлық жерлері әурет саналады. Мықты көз қарасқа қарай аяқтарыда ашық болады..» (О.Ғ. 124-бет) Біріншіден әйелзатының аяғы санмен бірге жалғанып адамзаттың негізгі жаратылыс кітабы, белден төмен бөлік аяққа, діл несібесі, аналық сүтінің қоры ыдысқа жатады. Ал мазһаб пәтуасы бойынша әйелзаты балтырын жарқыратып жүрген былай тұрсын, егер «жынды!» «мықты көзқарасы» болса санын да ашуға болады екен. Және бұл пікірді енді өздері теріске шығарып «Басқа жағынан Аллаһ елшісі Әлиге: «Сандарыңды ашпа тірі болсын өлі болсын ешкімнің санына қарама,-дейді» (О.Ғ.128-бет) Осындай өсиетпен пайғамбарымыз еректерге де санын көрсетугше тиым салғанына дәлелді келтірген. Егер «Аяттарды ауыстырсақ оны өзгертуші жоқ» деген Рабымыздың үкімін еске алсақ қазақ әдет-ғұрпында аяқ, балтыр, саны түгіл білектің өзі ашылып қалса ұятқа санағанын қайда қоямыз? Және «Жаннат әйелдің табанының астында» деген ескертуден әйелзатының аяғының бар жері мүлде құпия болып көрінбеу керек деген ескерту екенін де білген жөн. Адам баласының жанатпен байланысатын мүшелері өте сақтықпен, құпия сақталып қорғалу тиіс. Енді «ананың арқасы» деген тәндік ұғымдағы емес құпия күзетші «жүр-ек» туралы болып отыр. Ол күзетші «Ғыфыр» деп аталып яғни көк несібесімен жеті атамен байланысты киесі, жаурындағы байлашысшы құпия көз, ананың киесі болып есептеледі. Жан сырының құпиясын, сандық, сызықтық мәндерін болашақта көресетеміз ал әзірше бұдай теріс ниетке аятта; «Сондай сендердің жұбайларын зиһар еткендер (анамның арқасындайсың-анамсың деп) әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандары ғана. Сосын олар теріс өтірік сөз сөйлейді...» (58-2) Осы аятпен дін ғалымдарының аяттардың орны саны түгіл үгітінің өзіне мән бермей құранды теріске алғандарын көруге болады. Ал енді қазақ салт-дәстүрі түгіл жалпы жаратушымыздың түсірген дініне, құранан бұрынғы барлық тәурат, інжіл, зәбур үкімдерімен пайғамбарларға берілген нұсқауларға білдіртпей ғана қарсы шығып көңілі ислам құндылықтарына ашылып бұл азаматардың ғалымдықтарына шүбәсіз сенгендерге байқатпай мынандай аюдың тұзағын құрып қойған; «Кейбір салтанатарда, я болмаса шалғайдан қадірлі қонақ келсе соған арнап мал союған болады... Сондықтан шалынған малдар Аллаһтың (тағаланың) атымен аталып шүкірлік мақсатпен және өмірден қайтқан кісіге сауабын бағыштау әрі оның күнәларына кәффарат садақа ниетімен шалынатын болса, мұның ешбір ағаттығы жоқ. Алайда әрбір кісіні киелі тұтып, яки әулиенің басына барып малды тікелей соған арнап, сол кісінің аруағынан медет күтіп, Аллаһ Тағала емес соған (яғни әулиеге, ата-анасына) жақындайын деген ниетпен Аллаһтың атымен шалса да бұл жерде жасырын серік қосу болғандықтан, шариғатқа қарсы шыққан болып есептеледі. Қашан да үкім берерде Хақ Тағаланың өлшемімен қарау парыз.» (12-бет) Міне біздің халқымыздың берген садақасымен отанымыздан түскен несібемізден, жер суымызды бірге басып жүріп қойында қанжарын тығып; асыңды ішіп дастарханыңды білдірпей тілген-ден осы болар. Байбөрі деген бай болып, Төрт түлігі сай болып, Бір перзентке зар болып, Қорасанға қой айтып, Әулиеге ат айтып...», жер кезіп, әулиелерге тағзым етіп Баба Түкті Шашты әзиз атамыздың басынан тілегін қабыл етіп Алпамыспен, Қарашаштай ұрпақ сүйіп өмірден өткені енді, қазақтың ұланғайыр жерін де, елінің елдігін де сақтай білген асыл діні өтірік, жалған себе серік қосқандар дейді. Сонда өздері қалай жаратылғанын да, қайда барып кімнің алдында есеп беретінін де білмейтін дін ғалымдарына ел басымыз сенім артып, елдің дінінің тізгінін беріп, отанына опасыздық қылатын мәңгүт ұрпақтарды тәрбиелеп жатқана кім тосқауыл қоя алады. Және ең қауіптілігі де ғалымдар арсында өз ара пәтуасы да болмай сондай қым қиғаш пікірлерді бір жерден бір адамның алдынан қол қойдырып өзден өздері мараптай білуінде жатыр. Пайғамбарымыз; «Алла тағала былай дейді: «Мен үшін сәлемдескендерге (пайғамбарлар,әулиелерге салауатпен құран бағыштау), отырыс ұйымдастырғандарға (құдайы тамақ бергендерге), дүние жұмсағандарға (садақа, мал құрбандығы), зиярат қылушыларға мейрім түседі. Ал енді қарсы болғандар кәпір». (596-өсиет). Қазақ халқының бейсенбі күні шелпек пісіріп, иіс шығару, аруақты шақыру деп көршілеріне тарататын салты бар. Пайғамбарымыз; «Әр бейсенбі күннің жұмаға жалғанатын кеште адам баласының ғамалдары Алла тағалаға ұсынылады. Бірақ жақынынан безгеннің ғамалы қабыл болмайды.»( 20-өсиет.Ахмет Ханбелден) «Кімде кім, Аллаға, ақирет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметесін. Кімде кім, Аллаға, ақирет күніне иман келтіргенболса, жақындық байланысын (өлілермен) нығайтсын.» (7-өсиет Әбу Хурайрадан) «Алла тағала кейбір адамдарды жаратқанан бері олар ашуланғандығынан мәрхамет назарымен қарамайды. Бірақ кейбір ғамалдарының салдарынан олардың үйлерін жақсартады, малдарын көбейтеді. Бұл қалайша болады? Делінгенде, пайғамбарымыз; «жақындарынмен (әулиелермен, Алла достарымен) жақсы шығысқандарының салдарынан» деп бұйырды» (Ғабас ұлы Хакімнен 13-өсиет) Адам баласына өмірге келуіне себеп болған ата-анасы шықан тегінен, өлілерден басқа қандай жақыны, жақын бола алады? «Өлі разы болмай тірі байымас»деген қазақтың мақалын пайғамбарымызда растап құрбан шалу, мал жұмсау өлілермен жақындық байланысты жалғау арқылы жолдың ашылып, жаратқаның мәрхаметіне бөленетінін ескертіп кетіпті. Осындай ап-ашық аят үкімдерін түсінбейтіндей және пайғамбарымызға ашық жала жауып өздерінің кәпір болуына қазақ дін имамдарының, діншілерінің өздерін-өзі зұлымдыққа салып ата салт-дәстүрімізге қарсы шығуларына не себеп болған? Әлде пайғамбарымыздың, әулие бабаларымыздың асыл сөздері жүректеріне ұяламай жүректері мөрленіп, саналары жабылып қалған ба? Мысалы бұндай әріптес ғалымының ата дінге қарсылық пікірін енді Қайрат Жолдыбайұлы теріске шығарып; « Ал енді ақыреттегі ең ауыр-есеп күні Алла мен құлдың арасында себепкер болу рұқсат етілсе, қисын тұрғысынан мына дүниеде кейбір салиқалы да тақуа кісілердің құрметіне дұға жасау неліктен болмасын? Екеуінің арасында негіз тұрғысынан қандай айырмашылық бар? Шапағатты да қабыл алып, алмайтын да Алланың өзі емес пе?» (203-бет) Әулие-әмбилер деп айтуға аузы бармай бірақ, әйтеуір олардан да төмен тұрған салихалы кісілердің құрметіне мал арнап дұға жасауға ұлықсат беріпті. «Тәуәссулге «Аллаға серік қосу» деп те қарайтындар кездесіп жатады. Алайда тақуа адамның құрметіне Ұлы жаратушыдан мұқтаждығыңды сұраудың Аллаға серік қосумен ешқандай байланысы жоқ.» деп жоғарыдағы ғалымдардың өздерінің серік қосқандағын және аруақшы, зиратшылардың істерінің дұрыстығын дәлеледейді. Олай болса нағыз елінің ұлтшыл салт-дәстүрін әулие-әмбилерін құрмет тұтатын азаматы екен деген ой келеді. Бірақ көп ұзамай шатасып кейде дұрыс, кейде бұрыс деп өзінің бет пердесін ашық көрсеткен: «Ал біздің қарсы шыққан нәрсеміз ол-жартылғанға (адамға) Аллаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну... Бұл жерде бір Алладан ғана сұрап, Алламен қоса басқа біреуге дұға етпеу...Бұл жерде айтылған шариғат өлшемдері мен талаптарына сай тәуәссулге байланысты келтірілген дәлелдерді қазіргі таңда «халықты емдейміз» деп алаяқтықпен айналысып жүрген кейбір топтар өздерінің қате істеріне айғақ ретінде қолдана алмайды. Себебі шариғаттың өлшемдерін аяққа таптап, түрлі мүрде, бейітердің басына барып мұң-мұқтаждықтарын Алладан емес, сол бейітте жатқан адамдардан тікелей сұроап, серік қосудың бұл жерде айтылған тәуссулмен ешқандай байланысы жоқ екенін ескерте кетейік.» (Дін мен Діл. 209-бет) Көріңіз есіңізде сақтаңыз «АДАМ» аладан басқа шеріктер тобына жатып яғни адам жаны Алланың «ӨЗІ» емес, адам ақылды іске айналдырушы орынбасар емес керісінше теріске бұрмалаушы Алладан басқа яғни ібіліс шайтанан. Және «Аллаға дұға жасау» дегеніміз Алланы құтқара көр деп тағы бір тәңір жасап жалбарыну болып шығады. Аллаға дұға жасамайды Алланы мадақтап зікір айтады яғни құран оқиды да және өз ниет пікірін де білдіреді. Сондықтан Құран сүресіндегі арап тілінде белгілі Алланы мадақтау, пәктеу аяттары оқылғаннан кейінгі барлық амалдар, тіліктер Аллаға дұға жасау болып саналады. «Алаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну..» деген ұғымнан; құран оқып Алланы зікір еткенен кейінгі пайғамбарларға, әулиелерге арнап тілегімізді жеткіз ата-аналарымызға жәрдем бер деп сұраған, себептереге жасалған дұға тіліктің алдында оқылған құран, жаратушыға арналған мадағымыз күшін жойып түкке тұрмай қалады да, онда құран сөздері арапша оқылғанда шайтанан деген ұғымды білдіреді. Сондықтан қазақтың дін ғалымдарының пікірінше ой жорудан пайда болған араптардың «тәуәссулі» негізінде Халифа Алтай аудармасы бойынша «сабыр ету,сабырлық қасиетті меңгеру» болып қазақтың ата жолының намаз орындау қағидасына сәйкес келгендіктен, аударса өтіріктері ашылатын болғандықтан екі тілде сөйлеу діни ғалымдықтың негізгі шарты болар. Ал жоғары лауазымды хазіреті жарықты арқанмен, басқалары қуыс бас, түбі тесік шелекпен сөз ұғымын өлшейтін шариғатардың қағидасымен, масһаб бағытымен салыстырғанда құран да жартушы үкімдері де рух қағидасы- «Бір» деген Алланың бірлігіне, таза ақылға иман келтіруге жіберілген соңғы пайғамбарымыздың бар өсиетімен, істері де түкке тұрмайды және сондай алаяқтың бірі менің де рухтан хабар оқушы ақылшы ұстаздарымының басшылары Абай-Шәкәрім, Ясауи баба, Арыстан баба, Қажы баба, пір Бекет, Қорқыт абыз, Қорасан ата,Марал ишан, Укаша сахаба, Тектұрмас әулие, Қарахан ата, Ысқақ баб, Әбділ Әзиз баба,Түктібай бақсы, Қордай, Қарасай, Ағынтай батырлар, Жақып әулие, Абылайхан батыр, Қоңыр әулие, Қара молда Баябай бақсы,Ақбура, Қарабура бақсылар, Ырғызбай ата, Әлмерек абыз, Райымбек батыр, Бауыржан батыр т.б барлық пір тұтқан әулие-әмбилеріміз, аналарымыз қаншама хикметтердің көрнісімен халықты рухани сауықтырып, жаратқанға иман келтіруге мәжбүрлеп, елді бірлікке, игілікке шақырып жатқан, Құдайдың сүйікті құлдарын жын-шайтанға, шеріктерге «ол, жаратылған» адам өнімі ақылдан жаратылған, ақылды жарата алмайтындарға теңейді. Және сондай керемет иелер Алланың сүйікті құлы бола тұра, біздерді алаяқтыққа, дінді бұзып, серік қосып елдің ақылын аздыруға тәрбиелеп жатқан деп түсіндіреді. Ата-ана ұғымы Адам-ата, Хау-ана дан бастап өзіңнің әке-шешеңе дейінгі аралықты қамтитын Алланың сүйген құлдарына, періштелерге айналған шежіре ағашын білдіреді. Бүкіл пайғамбарлар, әулие-әмбилер, аналарымыз адамзат баласына ортақ ата-ана болып есептеледі. Себебі, бәріміз ортақ бір жанан яғни «Ман»-нан (Адамнан) пайда болып, мұсылман аталамыз. Сондықтан тәңіріміз Бір-ақ тәңір, Ол Алла! Үкіметіміздің «әділетті басқарушылары» осындай ғалымдардың жалған тәңірге (ой жоруға) шоқынған пәтуаларына иланып, ақылдары тұзаққа түсіп аузындағы ірімшігін кез келген мақтаған түлкілерге таратып беріп отырса. «Бір»- «Хақ Тағала» деген ұғымды өздері де түсінбей өз сөздеріне, пікірлеріне қарсы шығып, екі жүзділік ой жоруға түскенін: «Алла адастырған пенделерін түзу жолға салушы жоқ» деген аяттың қандай терең сырлы сөз екенін аңғаруға болады. Абай атамыз; « Имансыздық намазда-Қызылбастан салған жол.(Мазһаб) Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел? Берекесі болса ел-Жағасы жайлау ол бір көл....Берекесі кеткен ел- Суы ашыған батпақ көл...Еденица жақсысы, Ерген елі бейне нөл. Еденица нөлсіз-ақ, Өз басындық болар сол. Еденица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Беркеңдң қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып ақ жем болма, жаным кел!» Діннің мақсаты елдің береке бірлігін қалыптастырумен ғана тура жол болып нәтижеленеді. Аз ғана қазақтың арасынан сына қағып бір –бірінен айдап салып өзге жұртан үлгі алған бір ұрты арамдардың салған лаңынан тиым салатын тек «Еденицамыздың» қожалығы оянып, әділетті заң шығаруға үкім бермесе әзірше өңшең шуылдақ, ұраншыл кеудесінде сәулесі жоқ- жынды, мас рухани өлі-басшы «нөлдердің» соңына ерген елдің басынан қайғы бұлты қоюланаса түсері Хақ. «..Жақынға еріп, мал салмай, (құрбан шалмай) Жауды көріп (жын-шайтан), жан салмай, Қайдан ғана біледі Ауыр менен жеңілдің (сираттың) Арасымен өтерді?» «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста жетсін бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, (зиратап құран оқу) Онан да шықты жаңғырық. Естісем үнін (тылсымның, аруақтың) Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып (тау-тасты кезіп зираттап)...» «Аямай жанын дос ерер (әулие аруағы), Жолдастықты ақтаса, Алдыңы айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса... Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? «Ауызға келіп түс» дейміз, Қылып жүріп құр салдық!» «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (түске ену) Хүкімші шалдар (өлілер) мәз боп отыр ма онда? Антұрғандық қылығын алла ісі деп, Нандырар қандай сопы, қандай молда?..Сопысынсын, хақ десін, хақты ұмытсын, Әділетсіз бір жастың басын жұтсын, Қайнап тұрған қанымды ішкеніңмен, Қаңсыған, қатқан ішің не жылытсын?!.. Бейкүнә зорлықпенен шыққан жаным Бейішке басшы болар деме залым! Суық қабір-қайғысыз ұйқы орны ғой, Оңай ма жас өмірден айрылғаным?... Менің кеудем сендерге (аруақтарға) сандықпен тең, Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең. Ішін түгел көрген соң көзіңменен, Тахиқ (анық) мені күнәкар қу демес ең...Мен- өлі жан, ешкімді талғамаймын, Рақымсыз, билеріңді қарғамаймын.Мен кешерлік сүйтсе де іс қылған жоқ, Разымын деп жалған сөз жалғамаймын..» Жаратушымыз көк несібесін алуды яғни жеті жолға жалғануға: «Әй адам балары! Әрбір құлшылық орнында(ойпатарда, киелі орындарда) зейнеттеріңді ( тағдыр, ақыл кітаптарыңды) алыңдар. Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді.» (7-31) Бұл аяпен 31-санмен белгілеп өз кіндіктеріңе жеті ата-аналарыңа зиратап, мал жұмсаңдар деп ескерткен. Және осындай зейнеттерді толық алмай қажылық жасауға болмайтынын босқа ысырап екенін астарлы ескертеді. Ал негізгі қазақтың хаж қағидасын; «Мұхаммед барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем (салауат айтып,дұға тілек тілеу) Алланың таңдаулы құлдарына (әулие-әмбилерге) лайық. Алла (Бір) жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Бұл аятта Алла достарын Бірді Алланың өзі яғни хикметті істерінің белгісі деп ескертеді. Ал ортақ қосуды пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе? Біз; -Әрине расулалла-дедік. «Аллаға ортақ қосу, ата-анаға қарсы келу.. көңіл бөліңдер, өтірік айтудан және өтірік куәлік беруден сақтаныңдар. Жалған сөйлеу, жалған айғақ беруден сақтаныңдар, деп тоқтамастан сөйледі, тіптен сөзін тоқтатпайды екекн деп ойладық» (Тәбәрәниден; 34-хадис) «Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан соған бой ұсыныңдар. Мұхаммед ықыластыларды (үнемі зиярат етіп құрбан шалушы), қуандыр. (Шапағат ет, батаңды бер!)» (22-34) Осы аятпен-ақ «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп Алланы еске алып құрбан шалғанның өзі жеткілікті, онан кейін кімге дұға қылсаңда ешқандайда серік қосудан сақтайтынын ескертеді. Бұндай санмен пайғамбарымыздың өсиетін белгілегеннің өзінде үлкен даналық жатқанын көруге болады. Бірақ аталарымыз; «Санасызға санды айтқаныңмен түсінбейді» деп ескерткен екен. Тек өкінішке қарай осындай дін қандастарымызды, мейлі қандай ғылым егесі болса да жаратушы иеміз; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан (әулие-әмбилерден, Алланың дастарынан) күдер үзгеніндей олар, ақиреттен (Хақтан) үміт үзген.» (61-13) Өлілерден күдер үзгендерді кәпірлер санатына қосыңдар деп бұйырыпты Раббымыз. «Зұлымдыққа түскендерді құтқарыңдар» деп аманатаған пайғамбарымыздың өсиетін назарға алып, бұндай дін қандастарымызды Алланың азабы толық баурап жан ұяларына, бала шағаларына кесірі тимей тұрғанда, оқушым сіздер қол созып насихат айтып көрсеңіздер. Оларға жоғарыдағы әулиелер санатымен, болашақтағы дін имамдарының бастарына келетін және төніп тұрған сынақ, азаптарын тым ауырлатпау үшін аз ғана есімдермен мысал келтірген әулиелердің және сондай көптеген әмбилердің алдынан өтіп тезірек құрбан шалып кешірім сұрап, халық алдында да қателіктерін мойындамайтын болса үлкен қасіретің бастарына төніп тұрғанын, ал бас тартса ондай жағдайға жуырда оған куә болумыз да сөзсіз. Сондықтан осындай қасіртке, ордың жағасында тұрған теріс пиғылдармен, аруаққа қарсы шығып, кәпірге айналған әкім қаралар мен, ел, сөз басшыларын да иманға шақырып, зұлымдықтан құтқару үшін, алдағы келесі басылымдарда бұл тақырыпты тереңдей зертеп, жан сырын, ғылымын ақиқатын ашып көрсетеміз.
Діни сауаттылық және Құдайдың құлы болу туралы насихат.
Лұқман Хакімге бір сопысымақ адам бір жиналыста: «Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә. Тәңір жіберген қаза –пәлесіне қарсылық қылып, тоқтаушылық етемін деген болады» -депті. Сонда Лұқман айтыпты: «Олай болса, осы айтылған сөздерің жазылған кітапты келтіріңіз. Сенімді кітап болса, тәубе етіп, дәрігерлікті қояйын.». Сопы бұл сөзді естіп еш кітаптан көре алған жоқ, кітап алып келе қоям деп айталмады. Жиылып отырған жұрт шулап қоя берді: «Сопы! Лұқман жетім-жесірге атадай болып, неше мұңды бишаралардың көз жасын құрғатты. Сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып жазаландырамыз»-десті. Істің бұлайша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқман жұртан өтініш етіп, сопыны тысқа оңаша алып кетіп айтты: «Алла разы болсын, моллам, білген шамаңызша күнәдан тыйуға айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын. Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз. Ақылыңыз дұрыс десе, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегеніңіз көрінді. Жасаған адам денесіне лайықтап түрлі мүше берді. Қол берді жұмыс қылуға, көз берді көруге, құлақ берді естуге, аяқ берді жүруге, ақыл берді ойлап жақсы-жаманды айыруға. Сол берген дененің мүшелерін тиісті орнына жұмсамасаң, Тәңірдің бұйрығына қарсылық болып табылса керек. Сол себепті жүрмей, тұрмай, көрмей, естімей, Құдайға құлшылық етіп болмайды. Осылар секілді, жансыз нәрселердің де керексіз жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп жаратты. Екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың. Не нәрсені пайдалы орынға жұмсаудан обал болмаса керек»,-деді. Осы әңгімедегі насихатты және жоғарыдағы аяттармен, дәлелдерді енді үкіметіміздің зиратағанан, әулие аралағанан шығынға ұшырап және дінде жаратушыны әлсіретеді деген 2008 жылы тиым салып жетіммен, жесірін ауру-сырқауларын қудалаған жақсылыққа тиым салған, елдің берекетін қашыруға арналған адасқан, ойдан шығарған «ата заңымен» мүфтият пәтуасымен салыстырып ақыл таразысына салып көріңіз.
Құран кітаптардың жинағы-Құдай сөзі.
«Әуел баста сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жоханан. 1 тарау 1-5) Құдайдан қорқу деген ұғымды намаз оқу немесе бір діни рәсімдерді орындау деп түсіндіреді діншілердің философиялық ойлау әдістерінде. Егерде бәрі сөзден жаратылып, Құдайдың өзі- нұрлы сөз болса қазақша «ақ сөйле» деген осы құдайды сыйла, қорық деген мағынаны береді. Аталарымыздың бір ғана астарлы сөзбен талай дауды шешіп, тіптен кәпір аталған жоңғар билеушілерін де сөзден жеңілгенін мойындап, талай дұшпандық ниеттерінен бас тартқыза білген билеріміздің тарихы халықтың есінде мәңгі орын алған. Ал Құдайдан қорқу дегенімізді сөз қадірін біліп, сөзге тоқтап, жаман сөзден тиылу деп түсінгеніміз абзал. Сөйлей білгеннің бәрін ақылды деп есептейтін заман туып қазіргі таңда, есті сөз бен, ессіз сөздің арасын ажырату ел бақарып отырған данышпандарымыз, зияларымыздың көбінің қолынан келе бермейді. Бұндай сөздің қадірі кетіп сапасы да, дәмі де бұзылған надандықтың белең алғаны сонша, адам баласының сөзі түгіл жаратушы сөзін, үкімдерін де шыбын шаққан құрлы көрмейтін діншілеріміз, хазіреттеріміз бар арамызда. «Олар сөзді зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) Бұл аятпен құранды тек араптарға ғана түсіріліп, сөз ұғымдары, аят құпияларын түсіндіруші кітаптармен және ата-бабаларыңа келген сөздерді (кітаптарды) зертте деп ескертеді Раббымыз. 2З–ші сүре негізінен тәуратты яғни бүкіл жаратылыс тәңірлік сипаттардың, қуаттық кітабын көсетсе. Ал 68-осы кітаптың атам –ата қауымынан бері елдердің нәсілдік белгісімен және пайғамбарлық, елшілік белгілерді ескертеді. Ал жалпы 23+68=91саны Қазақтың ежелгі ата-бабаларымыздан келе жатқан 91-ді жеуден тыйым деген шариғаттық ұстанымымыз нәпсіні тазарту тақуалық кітабы, Салих пайғамбарға берілген негізгі кітап, кейінен көптеген елші, абыздар арқылы толықтырылған кейінен Укаша сахабаның өз әскерлерімен Мұхаммед пайғамбарымызға арапып таныстырған «Насият-Ізбөрі» кітабы болып шығады. Мұхаммед пайғамбарымыз осы кітаптың негізінде қосымша өсиетермен толықтырылған хадистер жинаға 92-ші кітап негізін тақуалықты меңгеру кітабы болып табылады. Құранда бұл кітаптардың насихатын қысқаша санмен белгілеп 91, 92-ші сүрелермен жалғануын көрсеткен. Құранның аударма мәнінің жойылуына бірден-бір басты себептің негізі осы аятқа қарсы келіп, әрбір үмметтерге келген кітабын, сөздерін назарға алмай аяттарға ортақ қосып барлық ұғымдардың құран сөздерінің, сандық ғылымдық мәнін емес араптардың жетілмеген тұрмыстық тілінен іздеуден пайда болады. Менің бір өмірімде тәнті болғандай бірнеше жағдайлар бар; бірі Абай атамыздың еңбегін оқып отырып орыс классиктерін аударудағы қазақша сөйлеткені өз түп нұсқасынан да мәнді түсінікті және құран аятарының философиясын, ұғымдарын нақты көрсетуінде тұр. Екінші; аты белгісіз бір кісінің түркия елінен басылып шығарған Інжілдің өз түп нұсқасының философиялық мәнін қазақ сөзінің терең ұғымдарымен бейнелеп және толық жеткізе білуінде. Енді құран қазақша аудармаларын салыстырып зертеу барысында Халифа Алтай аудармасына сөз қиындықтарын толық түсіне алмай күмән келтіргенім бар. Сонан бір күндері уахи-аян алдым. Үш құранның аудармасын алдыма қойды. Біріншісі Сағди, екіншісі Хафиз, үшіншісі Халифа Алтай және бір уақыттан кейін екі адамның аты пайда болды. Екеуіде түркі есімі яғни қазақ фамилиясы «ов» «ев» болып аяқталады. Толық есімдері есімде қалған жоқ. Демек қазақ және түркі халқы үшін тек бес аударма ғана жаратушы ұлықсатына ие болады екен. Және біздердің «ОВ,ЕВ» ларымыз орыстардың бізге таңған зорлығы емес жаратушының үкімі бойынша болашақта толық құпиясы белгілі болатын есімді сипат және ұлт аралық түсінісу бірігу көпірі болып шығады да болашақта бір тұтас түркі тектес халықтарға айналу славян халықтары нәсілдік түрленуге түседі деген белгі. Және ныпсымызға қосылған қосымша сандық мәні бар есімдік сипатты көрсететін белгі деп түсігеніміз де абзал. Осы «ов» «евтер» арқылы жандардың арасындағы ақпараттық қатынастардың алмасуын және славян халықтарымен, орыстармен тылсым байланысын ғылым-білім меңгеруді де қамтамасыз ету керек деп түсіндім. Бұрынғы елші, пайғамбар, абыз болған аталарымызда міндетті түрде кемі 4-аты болып оның бірі құпия тылсымнан берілген есімі болып саналады. Сондықтан қазақ елінің пайғамбарлары тарихта белгісіз бірақ киелі кітаптардың негізін қалайды. Құранда да көбі «Әлисақтар» болып келеді. Бұндай халықтардың тылсымдық байланыс негізін құрайтын есімдік белгілерін қысқартқандар өзінің нәр алған ағашын кескенмен бірдей. Оны орыс тілінде «Д-ЕР-ОВ-О» атап, сөздің атын зертесек; Д-дене, бой; Ер-сөз, сабақ; ОВ-тамыр; О-от, жапырақ болып жіктеледі. Әрине қазақ халқының славян халқынан сөзі де үні де ұзын ділдік санымыз, орыстардан да, араптардан жоғары тұр. Сондықтан үндік таңбаларымыз яғни Шәкәрім атамыз ескерткендей «үн-ыдыс» деп, үндік, сөздік несібеміз де қай елдерден де жоғары тұр. Бұл жаратқанның біздерге берген үлкен дәрежесі мен бағы деп түсініп, ғылыми сараптап дұрыс пікірге келуімізді керек етеді. Енді Халифа Алтай аудармасына мән беріп өзге осындай көптеген құран аудармаларымен, тәпсір түсініктермен салыстырып зертеп көрсем, құран аудармасы діншілердің зу еткізіп оқи салатын өлеңі, жыры емес, әрбір тыныс белгі бас әріптермен басталатын сөздер, тырнақша ішіндегі сөздер, және әрбір аятта ұқсас сөз орындары сөздің басында, аяғында, ортасында келуінің өзінде үлкен мәні және ойға салмақ түсіруге негізделген насихаттық, ғылыми маңыздық түсініктері бар екенін түсінуге 3-4 жыл уақыт кетті. Ал сандық мәнін анықтау есептік жүйе арқылы оқудың шала сауатына 7-8 жыл уақыт кетті. Енді оқыған сайын біздердің құран оқудағы сауатымыздың мүлде жетімсіз екенін және кейбір хазіреттердің, дін ғалымдарының аударған құран аудармасымен салыстыра отыра қазаққа жаратушымыз қандай бағалы кітаптың түсіргенін айқын ұғына бастадым. Екінші жағынан менің арап тіліне деген қөз қарасымды өзгертіп, арап тілін меңгеруден тежелуіме де себеп болды. Құран сөзі тек араптың тұрмыстық тілі емес одан әлде қайда биік және таза аудармашылықты меңгеру кез келген тілдегі аударма мамандығын меңгергеннен әлде қайда жоғары және арнаулы жаратқаннан белгі ұлықсатта керек деп түсіндім. Сондықтан болашақ жастардың өсіп келе жатқан даналарымыздың алдында мазақ болмас үшін өзімнің ана тілімді зертеп Абай-Шәкәрім тілін, сөз астарларын толық түсінуге мақсат қойдым. Енді осы құнды құран аудармасындағы ескеретін және өкінішке орай Халифа Алтай атамыз қандай арап тілін жетік меңгерген ғұлама болғанымен аяттардың философиясын тәпсірлеу бөлек ғұламалық екеніне көз жеткізуге болады. Оған негізгі дәлел аудармадағы жақша ішіндегі сансыз дайын тәпсірлерден пайдаланылған түсініктердің кейбіреулері тіптен адам ойын шатыстыруға ғана арналған. Олай болса біздердің мақтаулы ислам дін универиситетердің дайындап жатқан құранды арапшадан төте оқып тәпсірлеушілер, діншілер, имамадар анық серік қосып, Аллаға яғни аяттарға ортақ қосушылар деп айтсақ жаңылыспаймыз. Оған енді нақты дәлелдің бір жаратушымыздың басты үкімі; «Қандайда бір нәрсені, мейлі жанды, жансыз және сөзді де жұп және пар қылып жараттым, Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деген аяттардың ұғымына және әрбір сөзге байланысты; «(Мұхаммед) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласа; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла...» (58-7) деген аяттардың ғылымыи маңызын теріске шығарып әрбір сөздің, атпен, атаудың жұбы төрттен, пары үш-үш 6-дан тұру керектігіне және одан көп, аз есептік насихаттық белгілерден тұратынын білмейді, білседе әдейі серік қосып, аяттарға ортақ қосып зор зұлымдыққа өздерімен бірге елді де ұшыратқанын аңғармайды. Бұл ескертуден ғана Алла адам баласымен сөйлеспейді деген діншілердің надандық пайымдауларын және психологтардың, философтардың білмеген, меңгермеген бірақ жазбаларында кездесетін ғылыми жоба (теорема) шығады. Ал 7-санымен пайғамбарымыздың құранның жеті үнін меңгердім деген өсиеті және 4х10+6 мен 46 саны пайғабарлық кітап болып кейін қарай 64-саны құдай соты және «сөз жоқ» адамзатқа ортақ осынадай санды үнмен сөйлесетін белгісі шығады. Енді ішкі сырларын сөздің пайда болу.т,б жан сырының ахуалы Абай-Шәкәрім аталарымыздың құпия сөздерін ашу барысында құранмен салыстырып дәлелдерміз. Сондықтан күрделі құран сөзін зертеу тәсілін меңгермек түгіл, ана тілін жетік білмеген аулармашылардың кесірінен әлем халқы асыл діннің маңызына, құдіретіне және сөздердің нәріне қаныға алмай дін де, ғылым да үлкен зиянға ұшырап, өзіміз діннің ортасына қарай кейін кетіп, рухани несібеміз дініміз тарылып, содан бүкід халықтық пейілімізде арап елдеріне ұқсап тарылғандықтан зұлымдыққа түсіп жатқанымызға әлем оқиғалары, сынақтар дәлел бола алады. Мысалға бір ғана киімге байланысты қазақ тіліне; «басты омырауды жабу» деп аударылып жамылғы, бүркеншік мағынасын беретін «хижап» деген атаудың жаздық белгісімен бір қабат қана және белгілі бір түспен шектелген арап ұлтының әйелдеріне сай киім үлгісінің сипатын береді. Ал енді ыстықтық, суықтық райға, заманың уағына (6-мезгіл), мезгіліне, дәрежесіне адам баласының жас кәрісіне, ұлтық ерекшелігін қарай үлгілері мен аттарының да өзгеріп арнаулы мағыналары болатынын теріске шығарып, енді бір ішінде шайтаны, қарама-қарсылығы бар мейлі ел басшылары болсын «хижап» сөзінен жандары түршігіп, іштегі шайтандары жүректерінде қарсылық көрсетіп, бір бүлікшілер қылығы немесе соның өзі келіп қалғандай көрінеді. Осыдан барып ел алдында танымал жазушы, ақын, ғалым, саясатшылардың өзі сұхбаттарында «Қазақта хижап (кимешек) деген болмаған, қыздарымыз жалаңбас еркін жүрген деген жындылық, дінге, жаратушы үкімдерге қарсылық пікір, пәтуалардың айтылып жатқанынан бұндай жалпы халықтық жынданудың, жүректердің жабылуынан ел ағаларын да айналып өтпегенін көруге болады. Осындай түрлі атауларды сол қалпында үндестігін бұзып айтудың, сол қалпында әдеби тілге айналдырумен керісінше адам баласының санасын жабуға, мәңгүттік пен тек айтқанмен жүріп айдауға көнетін, ақылын жұмсау, ойлану қабілеттерін тежеп ессіз жастарды дайындауға қазақ муфтият, діни оқу орындары көп үлесін қосуда. «Дін апиын!»-деп осы арап сөзінің, құран аяттарының өз орнымен, мөлшерімен пайдаланбаса адам баласының санасын улайтынын керісінше зияға алатынын құранда; «Тура жолдыңда қисығы бар» деп ескерте отыра: «..Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де, кейі ортада болады...» (35-32) деп және тағы 69-шы кітап-құраның ардақты елші арқылы түсіріліп; «Расында ол Құран, тақуалар үшін насихат. (48) Сөзсіз сендерден өтірік деушілірдің барлығын анық білеміз (49) Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет. (50) Шүбәсіз ол Құран, анық шындық.» (69-51) Мұхаммед пайғамбарымызға осы сүремен келетін тақуалар насихат кітабы ол Құранның (сәни дәптердің) сол елдегілердің өзі өтірікке шығарып, қасіретке қалатынын ескерткен. Бұл кітапттың інжілмен, тәуратпен байланысты екенін 51-ші белгі дәлелдеп тұр. Бұл құран-кітап «сәни дәптер» екендігі шүбәсіз сүренің ішкі үгіті нақты сақтардан шыққан Һұд, Салих елшілігімен байланысты оқиғалар көрсетіп тұр. Бұл құран-кітапта үгіт, насихатты түркі тілінде өлеңмен баяндалып және сандармен белгіленудің өзінде ғалымдарымыз әлі анықтап түсіне қоймаған үлкен құпия сыр жатыр. Сондықтан ол құранның түсірілетінен пайғамбарға алдын ала ескертумен және насихатын, шындығын алдын-ала растап оған сол елдегі діншілердің өзі қарсы шығып, ақырында қасіретке қалатынын, елге сынақтар түсуін Раббымыз ескертіп отыр.
Сөз тағдыры, дін тағдыры және дінің саудасы.
Аллаға құлшылық немесе Бір Аллаға құлшылық, Құдайға құлшылық деген сөздердің түп мағынасы адам баласынын нанымынан яғни жаратылыстың сырын, өлімнің хақтығын және сол өлімді құдайдан болатындығын, өлім себептерін түсініп; «Құдайсыз қурайда сынбайды» деп білуімізді қазқтың бұрынғы аталарымыз білген наным-біліміз болып табылады. Енді ақылымымыз ғылым-білімді меңгеру арқылы өлім себептерімен күресуді, емдейді үйреніп сонымен бірге нанымызға да өзгеріс енгендігі сонша енді өлімді тек қартайып өлу керек ал өлімнің ажал болып Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер» деген тағдыр жазуына тәуелді 4-сөздің онмен дәрежеленетін 40-санымен өлшенетін себептік ұстанымызды құран түскенге дейінгі де шариғатымызды мүлде ұмытып егер жазатайым ауырып өлсек дәрігерден, емшіден басқалай мезгілсіз ажалдың құрығына түссек соған себеп болғандардан, ауа-райы мен, ықылым өзгерістерінен немесе үкімет пен басшылардан көретін наным қазақтың білімді ортасының діни нанымына айналды. Сонда да болса өзімізді-өзіміз алдап құдайға сенемін деп намаз оқып өлімді алдамақ болып әрекет ету діншілердің де кәсібіне айналғаны даусыз. Адам баласының нанымын бұрын пайғамбарлар, әулиелер, керемет иелері елші әмби, абыздар қалыптастырып жасынан тәрбиемен санасына құйып отырса, қазіргі таңдағы наным біздің ғалымдарымызбен, философ ойшыл, психолг, дін абыздарымен қалыптасып қай жағына сену әркімнің ерік қалауы болып табылады. Ал сенім нанымның ірге тасы мықты болғанда ғана оған қаланатын қабырғасы болып оның шатырын діни рәсімдермен үмметік ерекшеліктерге қарай жабамыз. Егер түпкі ұлттық нанымымыз дұрыс қаланбаса құр сендім дегенмен иман келмейді, санада бекімейді де. Енді қазақтың дін-жанының да жалпы пайғамбарымыздың өсиет етіп кеткен аманаты да ол құдаймен өлім туралы саудаласу. «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннатпен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Мінен осы ірі қол жетушілік.» (9-111) Бұл аяттан тура жолын тапқан адам баласының рухы мен жанының мәңгілік өлмейтінін және жаннаттық болып мәңгі тіршілік ететінін сүйіншілейді. Сондықтантағдырдың сынағынан өз нәпсімен күресіп, ауыздықтау арқылы рухани дарындылықтарды меңгеріп, өзіңе қалағанды өзгеге де жасап, хайырлы, ізгілікті парасатты тіршілік етуді Алла жолында соғыс деп атайды. Адам баласы Алламен саудаға өз жанымен,тәндік мал қуатын қойып, рухани кемелдену тазару барысында түрлі бейнеттерді, сыақтарды сабарлықпен жеңе білуі тиісті. Сондықтан бұл аят туралы пайғамбарымыз; «Адам баласына Алла Тағала 100 себеп өлімді жазған соның 99-нан өтсең 100-ші ақ өлімің болады» деп ескерткен. Ал жаратқанмен арадағы себептерге байланысты сауданың да 3-түрін меңгеруміз керек екен. Оны қалай білеміз? Әрине жартқанмен, періштелерімен тілдесу арқылы әрбір пенде өзіне лайық тапсырмаларын алып отыру керек. Бірақ қазіргі біздің дін ұстанымызда ол мүлде мүмкін де емес, себебі мазһабшыл діншілеріміз адам баласының жаратушымен сөйлесуі мүмкін емес деп халықты нандырып, енді біздер соған сеніп иланумен, дініміз ата-баба дәстүрінен бас тартып әлемдегі «масһабшылдардың» біріне айналып алдық та ақирет саудасын дүнемен есептеп дін пейілімізді надандық дәуірлерше тарылтып алдық. Осындай дін саудасын тарылтқан надандықты Абай атамыз; «Екі ауыз сөздің басын қосарлық нен ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қылымын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» деп ескертуінің өзі екі кітаптың басын қосуды яғни екі тілді терең қатар меңгере білмегендіктен, аудармашылық сауатсыздықтан пайда болатын жалған ғалымдықты, тәпсіршілдікті ескерткен. Олай болса аятта: «Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан (тозақтық, ауру, сынақ т,б) құтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» (10) «Аллаға, Елшісіне иман келтірсеңдер; малдарыңмен Алла жолында күресіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендер үшін хайырлы.» (61-11) Аяттағы 11-саны осы құранның 11-түрлі насихатымен 61-ші кітап негізінен Мұса пайғамбарымызға оқылған көрсетілген нұсқаулар болып табылады. Ал 61+11=72-ші кітап Дәуіт және Сүлеймен пайғабарларымыз меңгерген істердің нұсқауы яғни жын сүресі деп біліңіз. Енді аятта; «Түсініңдер, түсіндірейін бе, ақыл жұмсаңдар» деп емес; «Көрсетейін бе?» деген сөздің мағынасына ақыл жүгірткен әрбір саналы адам баласынан жаратушымыз сендермен аяндарды көрсету арқылы уахимен сөйлесемін нұсқаулар беремін деп ескертеді. Бұл қазақтың Адам ата Хау анамыздан бері ұстанып келе жатқан діни наным жоралғымыз және дәстүріміздің негізгі ірге тасы болып табылады. Бұл мәселеде біздің муфтият дін ғалымдарымыз Мазһаб, шариғат аясынан шығып, тарихатпен пайымдаған пікірлері де бар. Мысалға: «Ұлы жаратушының қойған үкімін өзгерту мәселесі бар. Құдай сақтасын, бейне бір «Ол білмейді, мен білемін» дегендей... күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі- күнә, бірі- күпір.» (И. Ғ. 41-бет) Енді діншілердің қай сөзіне сенейік деген сұрақ туады бұл пікірден. Дін ғалымдары жаратқанмен сөз таластыруға яғни саудаласуға болатынын біледі екен де, ал көп дінші имамдарымыз Алламен сөйлесемін деген «жынмен, шайтанмен сөйлесемін» деген яғни жынданған адам сөзі деп түсіндіреді де оларға солай нанамыз да, ал жастарымыз түс, аянды шайтаннан деп иман келтіреді. Ал дін ғалымдарының, теологтарымыздың пікірінше; аруақтан бата тыңдап, тылсым үніне құлақ салу мүлде адасқандық яғни қудалап соттауға лайық. Онда олардың «АҺ» -деп өкініп, «аһ» деп күрсініп азанмен Алла Тағаланы шақырып алып мешітерде өздері ғана сөз таластырғандарды білетін болғаны ғой шамасы? Енді заманына қарай құран аяттарының насихатының мүлде басқа қырынан көрініп өзгеретінін; «Себебі, Құранда арабтардың қолданған қара сөздерінде де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше өзіне ғана тән илаһи (құдайлық) тәсіл бар...Иә, заман ескірген(?? білім) сайын Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол ғасырлардағы аса көкейкесті мәселерге дауа(шипа??) болған Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір заманауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, өзінің сарқылмас қазынаға толы мәңгілік мұғжиза, ескірмес иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.» (И.Ғ.199-бет) Осындай пікірлерді оқығанда қалай таң қалмассыз? Сонда қалай құран арап тілінде қияметке дейін өзгермейтін болса оның үгітін де өздері тек бұрынғы сахабалар, табиғындар, мазһабшылар түсінігімен ғана шектеп тәпсірлеуді ғана ұсынып отырса, онда заман өзгерісі, сөздердің жетілуімен, жаңа ұғымдардың қалыптасуына қарай, сансыз сауалдармызға сонда кімдер арқылы қалай жауап береді? Демек аруақ бар екенін және құдаймен екі арада елшіліктің хабаршының болатынын ашық жазып, ал бұл сөздеріне, пікірлеріне іс жүзінде ашық қарсы шыққандарды кім деп атауға лайық? Екі жүзділік пе, әлде өз жазғанын өздері де ұғымын түсініп, аңғармайтын надандық па? Қазақ халқының әдет-ғұрпын, асыл дінін жасанды қылықтарға, тозған білім нанымына айналып тұқымымыз тұздай құрып бара жатқан кезде қарапайым халық арасынан елшісін тағайындап, дін ниетінің саудасын көрсеткен құдайдың түсірген ашық мұғжизасын және тылсымнан әліде оқылып жатқан сананы қалыптастырып, талай өлімнің тұзағына түскен пенделерін ұйқысынан оятуға себепші және үлкен қозғалыстың басшысы болған және осы жаратқанның түскен жаңадан үкіміне, аяттардың ауытыруына сәйкес мұғижа көрсетіп жүректердің көзінің ашылуына серпін беріп жол көрсеткен «Ақ ұлымызды» және жүз мыңдаған халықты ислам дінің құндылығына, ата-баба салт-дәстүріне, өзге ұлтарды да тізе бүктіріп, мыңдаған шәкірт ертіп Ясауи ілімін жалғаған азаматымызды, «боқ дүниенің» есебімен өлшеп, неге қаралап ақыреттік сапарға өтуіне себепкер болдық? Және әлі кезге дейін осы ғалымдарымыздың аузынан «Ата жолының бухалтериясын 15-жыл бұрын тексеру керек еді.» деген көгілдір терезеден берген сұхбаттарын тыңдай отырып, тіліңді тістеп, дінді дүниемен, ақылды арқанмен, шүкірлікті намаз оқумен өлшеген, есі кемістерді де анасы құрсағын жарып, ұлтын қорғайтын ұл тудым деп қалжа жеді –ау деп, ең болмаса ата-баба аруағын тыныш жатқызса екен дейсің. Халық болып руына, туысына қарамай қиналғанда жылу жинап, бір қазаннан ас іштіріп, туысқандық қатынасты үнемі бекітіп отырумен және қонағын құдайындай сыйлап, аштан өлем деп дүниенің бетіне қарамай жалғыз сауын сиырын, болмаса астына мінген атын, жалғыз тайын сойып қонағының батасын алатын қазақты, дүниенің тірлігімен алдап, дінін тарылтып, естің бірлігін емес, қулыққа естілерді қалыптастырытын, дүние туысқандық, шық бермес шығайбайлармен ақылы азған қарынбай болуға шақырып; «Өлі риза болмай, тірі байымайтын» ата заңымызбен туысқандық, дін ағайындық бірлікті жалғайтын, Алланың досы әулиелерінің ризашылығын алуға тышқақ лағын да қимайтын «жапарқұл» мырзалардың дін-жанын қолдайтын ата заңымыздың, несібелік нанымымыздың адамның емес атасының баларының дорбасының күзетшісі, қызметшісіне айналғанын қай ойлы қазақ білмейді дерсің? Бұндай елдің пейілін тарылтуға бағыталған, ағайынның арасына от салатын қазақтың мұндай кеселін Абай атамыз; «Жоқ бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалынып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді шаруа іздемейді. Әуелі бір-біріне пәле іздейді.» Жоғарыдағыдай сөзі мен ісі қайшылықта болатын пенделерін жаратушымыз «Мұнафықтардың сөзіне таң қаласың, олар қуыс дөңбек сияқты» деп ескерткен. Ал ғылымда екіжүзділік болған елде және дін ниеті тек малды, дүниені көбейту мақсаты тұрған жерде ешқандай бірлік те тыныштық өмірде, тағдырдың сындарынан да шығынсыз өтуде, бақытты шуақты тіршілікте болу мүмкін емес. Сондықтан: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92) Және әрбір дінді, ғылымды меңгерген және тура жолын таптым деген адам баласы кітап егелері болып саналып міндетті түрде Ғиса пайғамбардан уахи бағдар алу тиісті. Сондықтан аятта: «Кітап иелері, Ғисаға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға (иман келтіргеніне, уахиды тыңдағанына) куә болады.» (4-159) Қазақ елінде өліктердің аққу сұңқарлар сөйлеу мұғжизасы Ғиса пайғамбар рухы (аруағымен) тікелей байланысты екенін бідгеніміз абзал. Інжілден: «Ал басқаша тәлім беріп, Иеміздің (Раббымыздың), Иса Мәсіхтің шынайы сөздерімен (рухтан хабар-бата) және Құдайға ұнамды өмір салтына (ұлтық салт-дәстүрге) жетелейтін іліммен келіспейтіндер-кеуделерін көтеріп, ешқандай шындықты білмей, тек сөздер туралы (жеке аяттар, хадистер мен сөздің ұғымдары) айтыс-тартысқа деген зиянды құмарлықпен ауыратындар. Бұл қызғаныш, дау-жанжал, жамандау мен арам күдік тудырып, ақыл-естері уланған, шындықты білуден ада болған адамдардың арасында үздіксіз ұрыс-керіске себепші болады. Ондайлар Құдайға ұнамдылық-байлыққа қол жеткізудің жолы деп санайды. Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді. Бұл дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, ештеңе де алып кетпейтінімізде айдан анық. Сондықтан ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етейік. Ал басқаға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құруға алап келетін көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық-әр түрлі жамандықтың түп тамыры, кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті. Осы дүниелік мал-мүлікке байларға ескерт: олар менмен болмасын; сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол рақатын көру үшін игіліктердің бәрін сыйлайды. Байлар жақсылық жасай беріп, игі істерге бай, әрі жомарт болып, басқалармен бөліссін. Осылай өздеріне келешек заман үшін игілікті негіз болатын рухани қазына жинап, мәңгілік, шынайы өмірді берік ұстанбақ. Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір кешуге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан иені көре алмайды».
Таудағы саудадан ғибратты әңгіме және ата-жолының негізгі қағидасы.
Мұса пайғамбардың заманында бірпатша перзентке зар болып, Аллаға жылда жалбарынады екен. Бірақ оған Алла перзент жазбапты.
..Аяңдай Тор тауына келді Мұса, Құдайым пайғамбарға берді жауап,
Тоқсан ауыз сөз айтты енді Мұса. «Мені ойласа, тапқаны оның сауап.
«Бұл құлың сізге зарлық етер тілеп, Бір ұл бердім енді оған, Мұса,
Бір ұл берсең нетеді?»-дейді Мұса. Өмірі үш күн болар оның бірақ».
* * * * * * * * * * *
Мұса қайтты тәңірмен сөйлесіп сөз, «Шын ба екен естігенім осы сөзің,
Алдынан тағы патша жолықты кез. Перзент деп сарғайды менің жүзім.
«Бір бала берді,-дейді,-сізге Алла Бергені маған бала рас болса,
Өмірі қысқа-үш күнде алады тез» Бермеспін оны қайтып құдайға өзім.»
* * * * * * * * * * *
Падиша бұл сөзімен келді үйіне, Той қылап қазынаның кілтін ашты,
Бір қиял түсіп оның және ойына. Ғаріпке, мүсәпірмен қайыр шашты.
Халқын жинап падиша той қылады, Бір кезде ханымы да буаз болды,
Келеді көп халайық бұл тойына. Падишаның мұны көріп көңілі тасты.
* * * * * * * * * *
Күнде есіктен кетпейді көп халайық, Әкеліп Мұсаға да тағам қойды,
Жатады ғаріп-мүскін алтын алып. Бір бала қызмет етіп алдында жүр
Тоғыз ай, он күн тамам болған шақта, Пайғамбар мұны көріп ойлайды енді,
Ханымнан туды айдай боп бала ғаріп. Баланың падишаның енді білді.
* * * * * * * * *
Аяңдап Тор тауына келеді енді, Пенде өтірік айтса егер, Алла тағалам,
«Не себепті бұл жеті жасқа келді?» Айтасың орның дозақ, қатты ғазап.
Деп сауал бір аллаға береді енді. Келіпті патша ұлы жеті жасқа,
«Айтады мұнше неге жасы ұзақ, Деп едің үш күн өмір әуел баста.
Айтып едің өмірі үш-ақ күн-ақ. Я, раббым өтірік сөз сіз айтсаңыз,
* * * * * * * *
Жалған сөз неғып айтпас сізден басқа?!» Зияда үлкен сауап тапқан деді.
Құдайым пайғамбарға жауап берді, Естігеннен ол патша той қылып жүр,
«Ей Мұса, жауабым тұр тыңдап деді. Шығарды садақамен патша көп пұл.
Садақа қайырымен ол падиша, Әр адам ұлының өмірін тілеуші еді,
Көп тілеумен өмірі ұзарған сол!.
Тарихат-төртеуді түгелдеу, масһаб- шариғат білімі, бағдар.
«Оқуың, дінің дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жарамас өйтіп ой көму. Ақылыңа ұстат қол, Тура апарар сені сол. Жардың жолы қиын жол: Шытырман тоғай, қалың ну!» ( Хазіреті Шәкәрім сопы)
«Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аталар аманатының астарында адам баласының тал бесіктен жер бесікке кіргенше өмірінің барлық саласын қамтиды. Ғылымда да бесінші нүктені табу сол арқылы қандай да жаратылыс нәрселерің ақпартты басқарылуын қамтамасыз етуге болатынын дәлелдейді. Бесінші сан Әл Фараби атамызға дейінгі уақыттарда қауіпті, теріс «магиялық» әсері бар деп көп ғалымдар бұл саннан айналып өтуге тырысқан. Әл-Фараби атамыз осы бесінші санды музыкаға да ғылымға да толық енгізіп дәлелдеп шыққан. Оған болашақта арнаулы тақырып арнауымыз сөзсіз. Енді жер бетіндегі 4 пен 5-тің қатынасынан арналған Мысыр мұнаралары дәлел бола алады. Төрт мұнараның 4-қабырғаларының бесінші нүктелерінің аспан сайрандарымен байланысып және салынып жатқан 5-ші мұнараның құлатылып тек 27-метірлік адам бейнесіндегі арыстанның қалдырылуы осы бесінші күш қуат және патшалықтың, биліктің жер бетінің халифалығын бейнесін көрсетеді. Сондықтан құрандағы әрбір сүрелердің атарына, сандардың мәндеріне байланысты жасырын құпия сырлары бар. Адам баласының бүкіл жаратылыс басы да тіршіліктік несібе азығы 24-сүре «Нұр»-ға тәуеді. Барлық іс әрекеттеріміз, құлшылық намазымыз, өліміміз, ақиретте сұралуымыз осы нұр сүресімен нәтижеленіп өлшенеді. Сондықтан адам баласының тағдырына жазылған 4-сөз 24 санымен беріліп, осы 24-санын қалай толықтырып отыруына байланысты тіршілік тағдырының себептері белгіленіп отырады. 24 санының 20х4=80 періштенің адам баласына қызметке берілгендігін көрсетеді. Бұл белгі сол қол алақанында 80+1 болып, жер бетіндегі түсірлген бар пайғамбарлар санын береді. Енді құранда; «Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме? (19) Үшінші басқа Менатты? (20) Еркек сендердікі де ұрғашы Алланыкі ме? (21) Онда бұл, орынсыз бөліс.» (53-22) деп ескертуінде адам баласының рухы мен жанында қыз және еркек періштенің бірдей болатынын ескерткен. Ал, 22-санымен енді осы 4-періште тағдыр жазуының белгісін көрсетеді. « Патша: -Көп пе, үй ішіндеге адамдарың? -Екі ұлым, екі қызым бар. –Олай болса, артық көп емес екен. Сен тапқан ақшаңды не орынға жұмсайсың? –Мен тапқанымды үшке бөлемін. Бір бөлімін борышыма беремін. Бір бөлімін қарызға беремін. Бір бөлімін суға тастаймын. Патша ойлайды-ойлайды таба алмайды да: -Бұл не деген сөз; борышыма беремін, қарызға беремін, суға тастаймын деген? Мұжық: -Борышыма беремін дегенім-әке шешемді асыраймын.(құрбан шалу, құран бағыштау) Қарызға беремін дегенім-ұлдарымды тәрбиелеймін.(рухты меңгеру) Суға тастаймын дегенім-қыздарымды өсіремін(жанды жетілдіру) Патша айтады:-Нендей ақылды бас.» Құранда ескерткен «адам баласы» деген ұғым неке арқылды еркек, әйелдің ортақ өнімі емес әрбір пенденің өнімі періштесі екі ұл, екі қыз болатынын және ата-ана періштелерінен беретін борышын «бодау төлеу» деп атаған. Адам баласының мейлі еркек мейлі әйел болсын екі көзі екі қыз, екі құлақ ұл болып табылады. Және адам тәніндегі «гормон» яғни үндік, әуездік қабілеттері де осы мүшелерге тәуелді. Қыз құлақты еректер ойсыз, мінезі» де қыз сияқты боласа, керісінше ерекек құлақты әйелдерде еркек мінезді болып келеді. Көздің жаратылуына қарай бадырақ көз еректердің де қыз сияқты үркек болып келетіні де, еркек көзді қыздардың да керісінше еркек мінезді болуы да көп кездеседі. Бірақ осы жаратылыс ерекшеліктерін өз жыныстық қабілетімен сәйкестендіріп, тәрбиелеу ұлтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтауға тікелей тәуелді және төбеден келетін, бейнеленетін бесінші періштенің сипатына естіліктің нәтижесі де тәуелді болады. Сондықтан аталарымыз; «Ой анасы құлақ, су анасы бұлақ, жол анасы тұяқ» деп мақалдаған. Ұл бала естуші, қыз бала көруші. «Қатын қағыс естіп, еркек түйені де көрмей» өтетініміз сондықтан. Абай атамыз; «Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.» Ұл періштеңді ит қылып, қыз періштеге еркектің ісін үйретсең артынан жаның жаралы болар деп ескертеді. «Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шариғатын.» Нәпсіні «қара қатынды» тәрбиелеу некелі адам жар, ерлі-зайыпты өмірдің мәні шариғатың басты талабы екенін, 62-санымен, ортақ өнім ұрпақ сабақтастықтың, қанды тазартудың маңыздылығын ескертеді. Сондықтан әрбір жер бетіне келген пенде енді құранның 20-шы сүресіне дейінгі аяттармен белгіленіп, туған күніне, жылына, айына және қойылған атының, ныспысының таңбалық сан мәндерін қатысты 4-аятты періштесін еншілеп, нұр сүресінен өз белгісін алып, бесінші ата-анаға бодау төлеу арқылы төбеден келетін кітабын «бірін» түгелдеп отыру шариғат талабы болу шарт. Әрбір ұлттың өздерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі осы 24-ші сүренің кітабы болып, тәрбиемен оқылып ер жетіп, бой жетіп өз жүзін толықтыруды шариғат тағаты деп атаймыз. Және бұл әрекеттердің бәрі 11-санымен басқарылып нәтижеленіп отырады. Енді алдығы басылымдағы патшаның орман ішінде адасып ағаш шауып жүрген мұжықтан жол сұрап; «әуелі тура жүресің сосын, оңға тағы оңға сосын солға» деген нұсқауы осы шариғаттан қалай жол тауып масһабыңды алып орманан яғни тура жолыңа, көктегі еліңе халқыңа қосылуды астарлы түрде көрсеткен. Әрбір адам баласы өз ұлтына сай әуелі тура жүріп төртеуін төрт парызын түгелдеп, шариғатын ұлтық кітабын нұрын қалыптастыру керек. Солдан оңға қарай оң бағыт болып, 24-сүре 42-санын беріп әрбір адам өз 42-сін меңгерумен 23-ші сүре 32-ге яғни сәждеге айналып, Алла үкімдерін орындаумен, 22-сүрені хажды меңгерумен, зираттаумен тарихыңа жалғанып; 42+32+22=96-ға толтырып қалған төртеу некемен жұбайыңмен тату-тәтті өмір сүріп, өмірге ұрпақ әкеліп мұсылмандық қарыздарды өтеумен 100-ге толтырып барып қалған екі жүзді меңгеруге жол ашылады. Осы ерекшелікті Абай атамыз; «Әй қайдам, 100-қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой» деп қазақтың шариғатында қалай орындауын білмей адасатынын уайым қылған. Бұл мұсылмандықтың 4-парызы және бесінші қарызымен 25-сүрені яғни солға қарай бағытты аламыз. Пайғамбарымыздың «Адам денесінде 100-бұлшық ет бар, соның біреуі басқарушы» деп ескерткен өсиетіндегі тәндегі 100-бұлшық ет пен жүректі меңгеру, сананы қалыптастыруды тәнің сүнетелуін айтамыз. «Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау... Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау... Жетілсеңде, жетсеңде, Керек күні бір бар-ау.» Абай атамыз осы 100 меңгергендердің өздерін «намазхан, сопы, тақуа» атап бесеуіңмен, алтыңды қалай түгендейсің, бәрібір ақиреттеде, тіршілікте де алдыңнан шығады деп ескертеді. Шәкәрім атамыз шариғатты меңгеруді; «Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан. Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсеңде. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсеңде...Аз ойна да, көп ойла, осынымды ұқ, Өкінбе жастық бойдан серілгенде.» Адам тәніндегі басты қозғалыс негізі 100-бұлшық еттің басқарушысы жүректің тазаруы, қалған 99-ның тазалығына тәуелді болып, сондықтан өзіңдегі 5-күнге, сыртан 5-қуатты бой жалдап, намаз оқып, сопылық қуып емес тек өнерді меңгеру арқылы нәтиже беретінін ескертеді. Сондықтан осы өнерді меңгерудің нәтижесі, насихаты; 25-ші сүре қанның тазалығымен құлшылық істерінің яғни намаздарды толық орындаумен, бойды меңгеріп қалыптасуымен бастың тазарумен төбемен толық жалғануымен байланысты болып; «Қартайып тозған Бой денең, -Айрылман өлмей сенен. Мида жоқ бұзық қан. Ақылың таза, Не себептен боласың Ойды бұзып. Күдер үзіп наза?.. Толғанып, Сынға алып, Танығын тастап, Анықталған хақиқат Тура жолға салушы еді-ау бастап.» «Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да.» деп атамыз шариғатың базарынан төртеуіңді түгелдеп, бесіңді үлесіңді алып тарихыңнан, тарихаттан хақиқатты анықтап тура жолға түсуді ескертеді. Бестің базары 25-сүренің жұбы 52-ші сүре болып «Тұр» сүресін қалай алуды Шәкәрім атамыз; «Қырық жылдан өтіп жасым, Ақылым болды сырласым. Отыз жылдық замандасым, Иманым-басшы жолдасым. Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғарып басым. Әлемді ойлап кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім. Моланың ақтарып тасын. Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар: «Деме-деді-ғылымым тар,-Ерінбесең, мені аласың...».
Құран-рұх-иман-кітап-кісі.
Достарыңызбен бөлісу: |