«Мұхаммед сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағандарымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет» (35-32) 35-кітап 45 аяттан тұратын елшілік құраны Мұхаммед пайғамбарымызға уахи-батамен берілген кітапты яғни пайғамбарымызға берілген құранның насихатын түсіндіретін ғылым кітабын пайғамбарымыз өмірден өткенен кейін де тура жолды көрсететін кітап болып, бұл сүренің 32 амалын орындау арқылы кейбіреулерінің осы аяттың білімі сәждені ғана орындау арқылы дінің ортасын ұстап, ал кейбіреулері оны теріске алып, өзіне кесірін тигізіп меңгере алмайтынын ескертеді. Енді ортада болушылар; 35+32=67-ші кітапты меңгерушілер болып көктер мүлкімен байланыс кітабы Ыбырайым жолын ұстанып, бірақ толық меңгермегендіктен тек діннің білім жолын ұстанушылыр яғни қазіргі масһабшы, сопы, «мұсқаб» ұстанушы бұрынғы сахабалар, табиғиндар мен дін ғалымдарының өздері таңдағандарының соңынан еріп, сопылық, тақуалық жолдамыз деп көбі тура жолдың қисығын ұстанушылар болып табылады табылады. Тақуалық жолға түсіп тура жолды іздемейді керісінше тура жолға түсіп барып тақуалық, сабырлық қасиеттерді меңгереді. Ислам діншілерінің де муфтиятық бауырларымыздың да ең басты қателігі осында тұр. Енді сандардың сүремен байланысын ғылымынан жүгінсек 32-ші аят 23-ші сүренің 35-ші сүреге қосылуын осы екі аралықты яғни оңға қарай 12-сүрені меңгеріп, жүріп өтуді меңзейді. Ал жалпы пайғамбарымызға түсіндірілген құран насихатын яғни алдыңғы кітаптардың да үгітін толық қамтып білімінің меңгеру үшін жоғарыдағы 23-сүреге дейін меңгеру мен бірге 35-ші сүренің барлық аят саны 45-ке 35+45=80 санымен яғни тағы оңға қарай 8-ші сүреге дейін 23-8=15-сүрені қосымша меңгеру яғни жүріп өту керек. Бірақ әрбір дінді меңгерушілердің 24-сүреге дейінгі аралықтағы сүрелерден белгілі аят сандарынан бір үлесін алу арқылы шариғат базарынан «Нұр» сүресінен өз нұрын алу шарт. Ол енді Алланың кеңшілігі рахметі деп аталады. «Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхеметі болмаса, Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейрімді.» (24-20) Рас Алла деп әрбір үмметке жіберілген пайғамбарлары яғни Алланың ең жақын сүйікті құлдары арқылы көрсетілген нұсқаулармен, рухани дәлелдермен берілген кітаптарды ескертеді. Сондықтан Мұхаммедтің үмметімін деген әрбір мұсылманға тура жолына бағыт, ұлықсат алу пайғамбарымыздың шапағаты арқылы яғни аян арқылы кездесіп, пайғамбарымыздан тікелей батасын алу керек. «Ол, өте жұмсақ мейрімді!» Бұл жағдай сөз өнерін, асатарлы сөздерді және мінездің алты сатысын толық меңгеріп; Алтауды араздастырмағандар, «жер емшегімен, шал емшегін» толық емген құлдары үшін; «Кітап бергендер, оны (Мұхаммедті) ұлдарын танығандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді.» (6-20) Ал ұлдарын тану дегеніміз дүниелік қатыныңның туып береген балаң емес, рухани өміріңдегі нәпсіңмен, жыныңды мінезіңді қоса тәрбиелеп шығарған періште балаң иманыңды ескертеді. Иманыңды тану үшін немесе адасып кеткен ұлыңды табу үшін түс ғылымын меңгеру шарт! Пайғамбарымыздан; «Мені түсінде көрсе, шын мәнінде көреді, ал шайтан менің бейнеме кіре алмайды» (2085-аят). Енді бұл хадистің екілік жүйедегі мәні 15 санын беріп жоғарыдағы 15-сүрені ескертіп тұрғанын білуге болады. Ал пайғамбарымыздың исламды толықтырған негізгі сүресі «Бақара» болып; «Біз өзіне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтірген. Кім кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.» (2-121). Екілік жүйеде бұл кітап әрбір тура жолға түсірілген мүміннің ортақ кітабы 31, 13 сүрелер, кітаптары болып табылады. 13-ші сүре 13-түрлі қасиеттерді меңгеру мен әулиелік сатыларды иманды, ізгілікті істерді толық меңгеріп тақуалық, сабырлықтың шыңына шығу боса, 31-сүре «Лұқман» емшілік, даналық, пайғамбарлық қасиеттерді толық меңгеру болып есептеледі. Бұл есептік жүйемен әулиеліктің, әмбилік мұғижалармен, бақсылық істерді меңгергендер Алланың сүйікті құлдары, достары яғни «құл қожалар» деп аталады. Оған себеп бұл қағидалар тура жолға түсірудің пайғамбарымызға және үмметтерге берілген ортақ кітаптардан үлес алу болса, енді құран ішінде пайғамбарымызға және құран түсірілгенге дейін келген пайғамбарларға берілген мұғжиза,жасырын ғылым кітаптары да бар. Сол көмес жасырын кітаптарға жалғанып, өзінің жеке үлесіңді, несібесібеңді кеңітудің шарты яғни бұрынғы надандық дәуірлерде тек керемет істер арқылы көрсетілген кітаптардың егелеріне, сүйікті Алланың достарына иманыңды жалғану арқылы енді олардың нақты сан ғылымын, білімін алып оны сөзге, насихатқа және адам жан сырының құпияларын, емшілік шипалары меңгеру арқылы көрінеді. Демек әрбір мұсылманның дін жолында іздену еңбегің арқасында Алланың сүйікті құлы «қожа» болу әрбір пендеге ортақ нәсіп болып есептеледі. Ал мен туғанан қожа болып немесе, қожа руынанмын дегеннің өзі Аллаға серік қосып, құран аяттарына, кітаптарға күдіксіз ортақ қосып өзіне зұлымдық жасау болып есептеледі. Оған себеп, егер қожамын десең онда жаратқанан алған жеке кітабың дәлел, хикметерің болып және оны іс жүзіне асыра білген құл қожа- мүміннің көрсететін кереметтері мен ғылымы да қоса болу шарт. Сондықтан аятта; «Кімге ғылым берілсе, онда оған мол игілік берілді» деп ескерткен де ал ғылым берілу көп кітапты талғамсыз оқып білімді аталу емес, онымен қоса Алладан түсетін құпия аяттарды аянмен көріп, уахи-батамен естіп, алған жинаған біліміңнің ақ-қарасын ажыратып, екшеп, салыстыра отыра құран аятарының құпия сырларын меңгеру деп біліңіз. Сондықтан аятта; «Мұхаммед: осылайша саған кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап берілгендер оған сенеді. Және осылардан ( араптар??) оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді (47) Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді. (48) Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді. (29-49) Бұл аяттан пайғамбарымызға ғылым жеке кітап болып аян, уахи-батамен оқылғанын және оның бұрынғы түсірілген кітаптармен және өзге елдердің дін істерімен, ғұрыптарымен сәйкестік болып бірақ пайғамбарымызға жаратқаннан берілген екеніне дәлел пайғамбарымыздың сауатсыз және арап тілінен басқа тілді білмеуімен көрінеді және білімділіктің белгісі көңілдің кеңдігінде тазалығында болатынын ескертеді. Бұл аяттардың түсуіне негізгі себеп сақтардың тікелей ұрпақтарының Укаша сахаба басшы болып «Ізбөрі, Бестаңба» кітабының көшірмесін апарып көрсетіп таныстыруымен және оған дейін пайғабарымыздың келтірген хадис-аят, араптарға үйреткен сүннетерімен сәйкес келуімен араптардың имандарының бекуіне хақиқаттың ақталуына үлкен негіз болған. Енді аят ішіндегі тәпсіршілердің осылардың деген сөздің жақша ішіндегі (араптар) деп аудармашының түсіндірмесіне қосымша сөздегі сұрау белгісін қойған себебім, бұл ұғым аяттың сандық мәнімен мүлде сәйкес келмейді. Жалпы арап халықтарына арап тілімен ортақ кітап 104-ші болып арап елдеріне ескертулер болса ал құрайыштарға, Меккеліктеге 43;143 санды аятармен ғана осылардан (араптардан) деп түсіндірілуі керек. Ал 47; 147 санды аяттар негізінен түріктердің номадтық нәсілдеріне-(47) оның негізі қазақ елі біздер болып құранда түсіндіріледі. Мұхаммед пайғамбарымыздың құрандағы меншікті сүресінің өзі 47;74 ал екілік жүйеге қайта түрлендірсек 11-сүре «ҺҰТ-аб» болып Мәдінің (Мағди) сипатын Нұхтың ұрпағы Алты алаштың негізгі пайғамбарын көрсетеді. Олай болса ғылым берілгендерге кімдерді жатқызу керек екенін ақылыңызды еркіне жіберіп, аяттарды санап және ойлап көріңіз?
Ғылым берілу және даналық негіздері.
Қазақ еліне келген құранда арнаулы кітаптармен көрсетілген пайғамбарларымыз; Һұд, Юныс, Юсып, Ыбырайым, және Лұқман елші болып 31,14,12,11,10-сүрелер біздердің ата бабаларымыздың шежіресі мен дінінің негіздері болып есептеледі. Қазақ елі үшін әуелі 31-сүре қырыққа толған даналықтан оң бағытқа қарай тура жолдың нәтижесі Бақара сүресіне жалғанамыз. Бірақ оның да адам баласының білімділігі қасиетілігі және туғанан берілген кітап сандарынга қарай белгілі жүретін жолдары бар. Негізінен 24-сүреден нұрымызды алып әркім дінді меңгеру барысында құранан өз кітабы арқылы қалған сүрелерді меңгеру керек. Оған кейін жалпы құлшылық түсініктерін бере жатармыз әуелі жоғарыда жазылған періштелік кітапты 35-сүре 32-аят арқылы меңгерген және 45-аятын толық меңгеру арқылы құран ғылымын меңгерен Абай-Шәкәрім атамыздың алған құран насихатын зертеп көрейік. Абай атамыз 45-аятты толығымен қара сөзбен өрнектеп және 23-сүре мүміндікті қалыптастыруды 223-аят өлеңмен өрнектеп көрсеткенін, осы уақытқа дейін бірде-бір дінші немесе ғалым біле білмейміз. Оған себеп құранның аудармасын қазақшасын оқып зертемей діншілердің арапшадан өздері аудармалаған шала тәпсірінің кесірі бүкіл сауатты қазақты алжастырған себебінен қазақи аңқаулығымыздан пайда болған. Құран сүрелері болсын, аяттары болсын тақ сандар ішкі құдайлық ақпараттар болып, ал жұп сандық мәндер сырқы жаратушы себептік қуаттармен қосылу болып есептеледі. Сондықтан аятта; «Үш кісі сыбырласса төртінші Алла, бес кісі сыбырласса алтыншы Алла одан көп не аз..» деп ескерткен. Құрандағы әрбір сүрелердің орнына байланысты және оң солына байланысты екінші үшінші сандық мәндері шығып отырады. Мысалға 35-сүре солға қарай 53-ші сүренің де мәнін берсе, 11,22,33,44,55,66,77,88,99 санды сүрелер де аяттарда құранның тұрақты аяттардың дәрежеленетін асулары болып саналады. Бірақ бұл сандардың бәрінің негізі 11-санымен дәрежеленіп 11-санды аяттармен сүре бүкіл құранның қозғалысының негізін құрайды.Адам баласының несібе, рухани ризығы 24-санымен белгіленіп; 35-24=11 санының өзі осы аралықты меңгеруді яғни нұр сүресінің бір есігін айқындайды. 35+11=46;57;78;89;100-ге толтыру осы сандармен берілген сүрелерді меңгеруге тәуелді. Сол сияқты сүрелер ішіндегі 24 аралық белестер сопылық, тақуалықты меңгеру жолындағы негізгі кедергілер, сынақтар болып есептеледі; 24+24=48;72;96 санды сүрелердің «тарихат», «мағрипат», «ақиқат» деп аталуымен ішкі сырларын меңгеріп тағы төртеуді қосып түгелдеп 100-ге толтырумен сопылық жол деп атайды. Оны Ясауи бабамыз көрсетіп белгілеп кеткенімен, кейінен ислам сопылары құранан емес бұрынғы ұстаздардың еңбегінен, сахабалар істерінен іздеп бір-бірден таңдап алып, құдайдай ие тұтып 72-топқа бөліну себебі де осыдан шығады. Болашақта жеке-жеке сандар мәндерінің құпиясына тоқтала жатармыз, енді Абай атамыз бұл Алладан берілген мәрхамет кітабын толық меңгеріп жалпы қазаққа керекті тақуалықтың, даналықтың ғылым-білімді меңгерудің насихат құранын айқындап көрсеткен. Абай атамыз сыртқы бейнесін жазып, рухани сырын ашып сөзбен, өлеңмен бейнелесе, Шәкәрім атамыз ішкі жан сырын көрсетіп, сопылық жолдың белестерімен, құранның ғылымдық сырларын тереңдеп түсіндіріп, кейде Абай атамыздың көрсеткен құпия ішкі сырларының сыртқы бейнесін немесе қарам-қарсы жақтарын көрсетіп отырған. Бұндай ақпарттың сырын ашу үшін Шәкәрім атамыздың еңбегін құран аяттарының мәнімен санмен белгілеп шығып, құран аяттарының сандық құпияларын ортасын тауып, екі кітаппен біріктіріп оқып көрсеңіз ғана толық қанды құранның қазақша тәпсірі пайда болады. Ғылым келумен тура жолды өз заманына сай толық меңгерудің нақты көрнісін ислам елі де әлем халқыда болашақта қазақ философиясымен, психологиясынан нәр алары даусыз тек оған діншілеріміз, ғалымдарымыз, әкім қараларымыздың көздеріндегі бөренені алатын және мәдениетімізді қазақтың ұлттық шариғатымен достастырып, қауыштыруға ел басымыздың қожалығынан хабар келіп, арнаулы пәрмен болса деген арманымыз ғана бар ата-жолдық өгей баланың күйін кешкен қауымның. Аталарымыз қазақ шариғатын; «Батыр болар жігіттің көбеде болар жұмысы, Қызық көрер жігіттің Бүркітте болар жұмысы. Жаман болар жігіттің Жалаң аяқ, Жалаң бас Итте болар жұмысы. Би болатын жігіттің Төбеде болар жұмысы.» деп ескерткен әулиелігі қазақ басына өтіп жатқан жайы бар. Жалаң аяқ жалаң бас «намазхан» жастарымыздың иттері (жындары) тез жетіліп, енді елді талауды бастады. Байдалы шешен Абылайхан атамыз қайтыс болғанан кейін; -мені қинап тұрған бұл емес. Таққа ие болу-хандыққа ие болу! Еліме екі емшекті қабат емізсем дегенді ойлады. Бірақ сол Абылайдан сыңар емшекке қарап ел де қалды, Шөлдеп жаздан таяқ жемесе, жұтап қыстан таяқ жемесе, ел ерні кезермесе, менің де ернім кезермес еді. Жазғы шөл. Қысқы жұттан елді құтқаратын қамқоршының қайда екенін білмеймін...» деп толғанған екен. Ана тілі үстемдік құрса жер емшегін емгені халықтың, ата аманаты орындалса шал емшегін емгені халықтың. Болашақ хан болуды армандаған ағайын әуелі уәзірлігін дұрыс атқарып, жер анасының сыңар емшегін де дұрыс еме алмай жатқан халықты рухани шөлін қандыруға, екі емшекті қатар емуге ел басына жәрдемге қатарға тұрғаны қазағымыздың салтына да лайық болар еді. Екі емшектің белгісін құраннан ізщдесеңіз; «Және де: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар, ерікті түрде қалағаныңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік.» (2-35) «Және тура жолға келулерің үшін Мұсаға Тәуратты жақсы-жаманды айырушы нұсқауды бердік.» (2-53) Осындай көптеген аяттарды және 35-ші, 53-ші сүрелердің насихатын Абай атамыз 35-ші қара сөзімен; «Ақылды кісімен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі-пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызық нәрсесін іздген кезі өмірінің ең қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күніне айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші жоқ болады екен. Есер кісі орнын тапай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады екен дағы, күніне өкінгені пайда болмайды екен...»деп әрі қарай естің қалай қалыптасатын жан сырларын ашып көрсетіп және бұл сандық аяттарды тағы өлеңмен өрнектеп естіліктік өмірдегі қазақша салттық сипатын көрсеткен. Мысалға: «Мынау келген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағаның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» «Кешегі Оспан ағасы Кісінің малын жемепті. Мал сұраған кісіге Жоқ қайтемін демепті. Қуаты артық, ойы кең, Жұртың бәрін шенепті. Досына дәл жаз, жауға аяз, Алысқанды дендепті. Адамдық үшін алысып, Жегішке ақы төлетті...» «Жалын мен отан жаралып, Жарқылдап Рағит (періште) жайды айдар, Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар...Жалын мен оттан жаралған Сөзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып пара алған, Пейілі кедей байсыңдар. Қулық пенен құбылдан Жалықсаң, жақсы жансыңдар. Түзелмесе шұғылдан, Арсылдар да қалшылдыр...» Ал Шәкәрім атамыз бұл сүремен аяттарға өз өмір баянын арнап үлкен насихатын арнапты. Қысқаша үзіндіден; «... Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыныштпайтын осы сұрақтар...біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Біреулер бай кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі –тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған...Бізше, адам өмірін түзетуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ...» деген естілікті, 35-сүре 32-ші аятағы кітапты алудың, меңгерудің нақты жолынын көрсетіп еңбексіз жанатта тұрып қалағанынша жеген атамызбен анамыздың шайтанның құрығына түсіп жанаттан қуылғанын да астарлап ескертеді. Және бұл сүремен аяттарды «Қазақ айнасы» «Қайтқан шал» деген өлеңдермен өрнектеп 45- санды аяттардың жан сырын да басқалай өлеңдермен суретеп көрсете білген. Аз ғана үзіндіні келтіре кетсек; «Қаның қашып, жасаурап екі көзің, Не болды деп табалап өзіңді-өзің. Өткен іс ойға түсір ұялтады. Қисынсызды қызық деп қуған кезің...Енді қайтір сен мықты бола алмасың, Жас күндегі тұғырға қона алмасың. Кейін баспай, ентелеп ілгері бас. Құр айналсаң, еш жерде оңалмасың. Соны ойла өзге қызық істі ойлама, Біреуге айла, біреуге күшті ойлама. Кеткен қайта келмейді кейісең де, Түнде көрген көлеңке –түсті ойлама.» деп «Қазақ айнасын» жалпы естілігін, дінін бейнелесе, ал шариғаттың базарын «Қайтқан шал» деп; «Күнде керуен келеді бір сарайға, Неше бөлек үйі бар әрбір жайда... Нені іздесең бәрі бар сол сарайда, Кейі залал үйренгенмен, кейі пайда. Сан керуен қылады сауда –саттық, Не боларын көбі тұр байқамайда...Жақсы қымбат, жаманның бағасы арзан, әркімнің өз сүйгенің болар дұрыс...Кейбіреу жүр асыл деп арамды алып, Өз қылғанын демейді ешкім бұрыс...Мен де жүрдім ол жүрген сол сарайда, Тамағым тоқ, қайғы жоқ, төсек майда. Аздан кейін азайды жолдас сиреп, Кетіп жатыр, білмеймін, әлдеқайда...Кейінгіге сәлем айт біз байғұстан, Бұл сарайда көп екен бізге дұспан. Қызықтырып, қыздырып алдайды екен, Біреуі іштен болады, бірі тыстан... Мал да бар лапкесінде, мақтан да бар, Көзіңше мақтан алып жатқан да бар, Көңілдің жұбатқаны-көп ойын бар, Ұстайтын дұспаныңды қақпан да бар...Жар да көп жалындаған жан құмары, Жақындасаң әкетер онан әрі. Жаду көзбен сиқырлап жаныңды алып, Ішіңді елжіретіп тұрғандары... Айрылап серігімнен (ақылымнан, рух) қалдым нағып, Мұңымды ұқтырайын кімге шағып. «А, құдай, өзің оңда»-дедім-дағы, Жөнелдім жапа-жалғыз бүкең қағып. Жігіттер жалған емес, мұным анық, Бұрыннан осы сарай елге қанық, Қайта келмес қақпанан әрі өткізіп, Шығарып салып мені қайтар халық.» Атамыз бұл сүренің өліммен байланысты болып, ұйқы кезінде сол сарайдан малыңды, несібеңді, көретін жарығыңды алып өлімге де осы сүре арқылы атанатыныңды ескертеді. Бұл сүренің сандық құпия сыры 30-парамен мұсылмандық бес парыздың бірлігін көрсетіп, ал бірлік дәрежеде 8-кітапты барлық 4-кітаптың нұсқауларының жинағын яғни ішкі рухтың сегіз қырын, ер азаматың барлық өнерлерді, естілікті меңгерген «Сегіз қырлы бір сырлы» (се-гіз, ес-егіз) аталып шариғат істерінің шектерін толық қамтиды да 10-шы кітап, «Юныс» сүресіне жалғанып 18-санымен Інжілдің өлімді жеңудің, қайта тірілудің рухтың дәрежелену сипаттарын көрсетеді. Екінші жағынан пайғамбарымыздың «Барлық нәрсенің де, құлшылықтың да ортасын табыңдар» деген өсиетіне сүйенсек Ясауи бабамыздың меңгерген 70-кітаптың дәл ортасы 35-ші хикметің намазының орындалу амалдары болып есептеледі. «Махабаттың шарабын ішіп рахатқа батқан, Дуананың мақамына кірді достар. Аш пен тоғын, пайда-зиян еш білмеген, Сауық-сайран, қызықпенен жүрді, достар... Шәблі ғашық сайран салды нұрын көріп, Мұстапаны енді көріп, сауал беріп. Дүние азабын артқа тастап, көзін жұмып, Сондай құлдар сауық сайран құрды достар.» (35-хикмет.) Бұл тақырыпты «Ғылым келу мен ғалым болу» деген халық арасына 2010 жылы қыркүйек айынан бастап үн парақтармен таратқан басылымға түсіндірме деп және Абай атамыздың; «Ғылым көпке келіп пе? Бірден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген (дін білмеген) көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын (дінді білген) кісінің (аруағының, кітаптың) керегі жоқ па екен?...» (23-сөз) мүміндік қағиданың қалай қалыптасуын түсіндірген кітапқа жалғау деп ұқаныңыз да абзал.
Ғылым берілу мен кітап берілу.
Алдыңғы бір «Ғылым берілу мен ғалым болу» деген басылымда ғалымдықтың қазақ жерінде көрністеріне тоқталып өткенмін. Енді құран арқылы аз ғана мағлұмат алып көрейік. Әрбір жаратқан пендесіне жаратушымыз 4-сөзбен кітабын, әлемнің жарығын беріп сол кітаптар арқылы тағдыр кітабын қоса меңгеруді үкім еткен де ол кітапты «Бол» деген 3-кітаптан тұратынын және жереге қайта кіргенше сол кітабымыз арқылы тіршілік несібеміз берілетінін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Бұл құпия кітапты адам баласының жанына рухпен жазылатынын; «Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?» (68-47) деп «Қалам» яғни шармен жанға жазылған ғылымды оқушылар шабыт иелері; жазушы, ақын, философ, психолог, шешен,би,көріпкел, ғалымдар, ел басқарушы билік иелері яғни төрелер болып есептеледі. Бірақ ата аманаты «шал емшегін» ембей, сөз құпиясын меңгеру үшін «жер емшегін» анаға деген үш парызын өтемеген тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін яғни ұлтық дінін меңгермеген осындай төрелер білімнің соңына түсіп кәпірге айналып; «Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) Осындай жаратылыстан берілген құдайдың сиын біреулеріміз жазғыш атанып, ойымызға келгенді жазып, ақындарымыз ғашықтық пен асықтықтың ауылынан шыға алмай, философтарыз европаның біліміне еліктеп, елді діннен теріске азғырып, діншілеріміз, сопыларымыз, тиелогтарымыз араптарға табынып, ғалымдарымыз дінді теріске шығарумен шариғатты меңгеру түгіл берілген кітабымыз нұрымызды өшіріп 7-атамызға дейін ұрапақтарымыздың мәңгүтеніп немесе мүлде жоғалуына қызмет жасайды екенбіз. Оны бірақ бұл дүние тіршілігінде байлыққа, дүниеге, атақ шенге айырбастап алғандықтан өлгенен кейін құдай алдында бір-ақ білеміз. Болмаса 50-100 жылдан кейін сондай пенделердің ұрапақтарының азып-тозып, кейбіреулері тұқымымен түгел жоғалғанда ғана білеміз. Аятта; «Әр адамның қылығын мойына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. (13) «Кітабыңды оқы. Бүгін есеп көру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің» (17-14) Әрбір адамның 13-ші қылықтар кітабы мойынмен және әйел затымен некелік өмірімен, ұрпақ сабақтастығымен байланысты болса, 14-ші кітабы Ыбырайым жолы-түс көріп, оны амалға айналдырумен, тылысымнан уахи, бата алып мойын ұсынып, іс-әрекеттерге, ел игілігіне айналдыруға арналған. Қазақ елінде осы қиямет кітабы ашылып әрбір пендесіне батамен, аяндармен зираттау арқылы оқыла бастап еді оны жоғарыдағы аяттағы ескерткен пенделер ауыздарымен Алланың нұрын өшіріп үкіметіміздің қолдауымен атасын, ата заңымен соттап қудалап үлгірді. Бірақ бәрібір Алла нұрын тамамдайды деген жаратқаның үкімін шақырып, елімізге келген жалғасты апаттар сынақтар, бір-бірімізді өлтіру мен себепсіз ажалдарға әкеліп тіредік. Құдаймен соғысудың соңы қасіретпен аяқталатынын мойындағымыз келмей үкіметіміз түрлі заңмен, күшпен тоқтатып әділеттілік орнатамыз де бастарына қайта әлекті сатып алып жатқанын сезер емес. Бұған негізгі себептің өзі муфтият дін ғалымдарының таза надандығынан, тілдерінің азғындығынан құр діннің білімінің соңына түсіп кітаптарын жалпы құранды теріске алуынан пайда болды. Осындай құдайдың үкіміне, дініне емес арапқа табынған ел билеушілері, жазушы ғалымдар мен дінші қауымы жек көріп теріске шығарса да аталарымыздан қалған ислам діншідерімен «серік қосу» деп қудаланған санмен, аятпен жору жұлдыз жорамалы білімінен аз ғана мағлұмат беріп кетейік. Аруақтардың жаратқаннан елге қатаң сынақ түседі деген ескертуінен кейін 2010 жылғы тамыз айында призидентімізбен ел ағаларынан «Жолдау хат» деген айдармен үндеу жариялап, көптеген басылымдарға, құзырлы орындарға жіберіліп әлі де халық арасынан үн парақтар түрінде таратылып жатқан мақаладын үзінді; «Қазіргі таңда әлем алдында қазақ дәстүрлі дінінің нақты тура жол екендігінің көрсететін амалдары мен нақты ғылыми деректер және тек қазақ әулие-әмбилері білген меңгерген, нақты ғылыми ақпараттарда әлем алдында мақтанышпен көрсетуге болады. Бірақ ол үшін адасып жүрген дін танытушылардың қосақ арасында, халықтың назына қалып, тарихта босқа таңбаланып кетпеуі үшін сол ақиқатты ғылымдарымызбен бірге өзіміз түсініп, халық болып талқыласақ, ең болмаса жартысымыз ақылға жүгініп иманға кесек, сонда ғана әлем алдында мақтана жариялауға болар еді. Осы хатымның бос сөз емес екендігіне дәлел ретінде Құранның қарапайым ғана құпия белгісінен жұлдызнама тізбегінен, сіздің өмірге келген «Әліф лам мим» гендік кодыңызды ұсынамын;