Қазақ тілі пәні бойынша сабақ үлгілері
Тақырыбы: Мәндес сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөздің мағыналары бір-біріне жуық туралы берілген білімді тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру 10,13-жаттығу 113-бет. тексеру, оқу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Сәйкестендіру тесті. Мағынасы жуық сөздерді бір-бірімен сәйкестендір:
Алыс Жоғары
Сұлу Шалғай
Биік Әр түрлі
Алуан Көрікті
Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Мағынасына қарай қандай болып бөлінеді? Мысал келтір.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 14-жаттығу сөз топтарын көшіріп жазу, Әр топтағы сөздердің мағынасын түсіндіру.Олардың мағыналары бір-біріне жуық екендігін дәлелдеу.15-жаттығу көп нүктенің орына сол сөзге мағыналары жуық сөздерді жазу: Оңай, жеңіл. Түзу, тура. Мұғалм, ұстаз. Тұнық, мөлдір.
16-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіну қарамен жазылған сөздердің мағыналары қандай? Марат қандай сурет салды? Өз әңгімеңде мағынасы жуық сөздерді қолданып айту. 17-жаттығу өлеңді көшіріп жазу, мағынасы жуық сөздердің астын сызу: туыс, тума, туысқан. Қимылды білдіретін: тоңды, жаурады.
ҮІ. Бекіту:
19-жаттығу мәтінді оқу, қайталанып тұрған сөзді мағынасы жуық сөзбен алмастыру. Мәтінге қандай ат қоюға болады?Біз әдемі саябаққа серуен жасады. Онда көркем жасалған бұрқақ бар екен. Сұлу қыздар шарларын әуелдетіп ұшырып жүрді.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағыналары жуық сөздер қандай сөздер? Оларға мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 18-жаттығу, 115-бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналас сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрақты сөз тіркесі туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 25-жаттығу, 117-бет. берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазу, бір мақал тауып жазу.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Тірек сызбаларды пайдаланып алған білімдерін тиянақтау. Мысал келтіру.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 26-жаттығу сөйлемдерді оқу, қарамен жазылған сөздерді салыстыру. Негеш пен Білгішбектің айтқандарына сүйеніп қорытынды жасау.
27-жаттығу қарамен жазылған сөздер тобының мағыаны қалай түсінгендерін тексеру, үлгі бойынша сөздер тобын олардың беретін мағынасымен жазу:
Көз жазып қалды – адасты. Жаны ашыды – аяды. Құлақ қойған жоқ – тыңдамады. Көзді ашып-жұмғанша – лезде, тез. 28-жаттығу жұмбақтың шешуін табу, қарамен жазылған сөздер тобын қандай жеке сөзбен алмастырып айтуға болады? 29-жаттығу мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздер тобының мағынасын түсіндіру: Төбе шашым тік тұрады – бір нәрседен шошу. Мәтін туралы? Мәтінге ат қой.
ҮІ. Бекіту: 31-жаттығу өлеңді түсініп оқу, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Жаз-мезгіл, жаз – қимылды білдіріп тұр. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағыналары қарама-қарсы сөздер дегеніміз не? Оларға мысал келтір.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 30-жаттығу, 119-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Бақылау диктанты
Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.
Бүлдіргенге барғанда
Абай бала кезінде бүлдіргенді жақсы көретін. Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген көп болатын. Бір топбала атқа мініп өзен жағасына барды. Олар аттарын жіберді. Өздері бүлдірген теруге кірісті. Алдымен бүлдіргенді тойғанынша жеді. Сонан кейін апарған ыдыстарын толтыра терді. Абай шешесіне бүлдіргеннің ең жақсысын бөлек теріп алды. (44)
Тапсырма.
1. Аттарын, өзенінің деген сөздердің түбірін тап. 2. Бала деген сөзге жұрнақ жалғап жаз. 3. Бірінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып белгіле.
ІҮ.Үйге тапсырма: пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Тақырыбы: Қатемен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу; танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз қатемен жұмыс жасаймыз. дәптерлерін тарату, сабақтың мақсатын толықтай хабарлау.
ІІІ.Білімдерін тексеру: Диктантта кімнің қандай қате жібергендігін анықтау, талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жазу, ережелерге сүйене отырып сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесе ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады? Оларды сөйлемде қалай белгілейміз? Тұрлаусыз мүшелер қандай сұрақтарға жауап береді? Сөз және оның құрамы туралы не айтуға болады?
ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау.
Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Тақырыбы: Өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз құрамы туралы 2-сыныпта берілген білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 25-жаттығу, 117-бет. берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазу, бір мақал тауып жазу.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.
Құлақшын Жұрнақ
Әнші
Қалаға Жалғау
Жазуды
Сөздердегі қосымшаның қайсысы жұрнақ, қайсысы жалғау екендігін табу.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 1-жаттығуда берілген өлеңді оқып қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, оларды тиісті бағанға орналастыру:
|
|
|
|
машина, металл, сен,
кім
|
іскер, жұмысшы
|
жолға, машинаны, зауытта
|
Теңізшінің
|
2-жаттығу берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат, қай сөзде бір ғана қосымша, қай сөзде екі қосымша бар екенін анықтау. Қалаған 2-3 сөздермен сөйлем құрастыру.
Бір қосымшасы бар сөздер
|
Екі қосымшасы бар сөздер
|
Құлақшын, әнші, биші, жұмыстан, дәптерлер, мектепке
|
Құлақшындар, әншінің, бишіге, жұмысшыны, жұмысшылар, теміршілер, қалаларға, білімді, орындаушылар.
|
3-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде оорындау.
ҮІ. Бекіту: 5-жаттығудағы жаңылтпашты оқып,жатқа жазу. Сөздерді түбірі мен қосымшаға ажыратып, тиісті белгімен дәлелдеу. Ребусты шешу: егіншілер.
Күзде егіншілер егін орды.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 121-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Сөз және оның құрамы
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөз құрамы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығу, 121-бет.Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді сөздер құрамына талдау, түбір мен қосымшаның жазылуын түсіндіру.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
.....
Аң .....
.....
|
......
Күй ......
.........
|
.....
Ән ......
......
|
Сызбаны қосымшалармен толтыру
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.6-жаттығу берілген сөздердің түбірін бөліп алып, басқа қосымша жалғау арқылы жаңа сөз ойлап табу: дәрігер, оқушы, жұмыстан, кітапхана, өнерлі, бүркітші. Біздің мектептің кітапханасында өте қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханаға жиі барады. 7-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, көшіріп жазу, мақалдардың мағынасын ашу.8-жаттығу Өлеңдегі түбір сөздерді табу, қарамен жазылған сөздерді көшіру, түбір мен қосымшаға ажыратып жазу. 9-жаттығу Әуе шарында берілген бірнеш қосымшалы сөз жасау: ұшқыш, ұшпа, ұшты, ұшақ.10-жаттығу өздіктерінен сөзжұмбақ құрастыру. Достық сөзін түбір мен қосымшаға ажыратып, қосымшаның қай түріне жататынын айту.
ҮІ.Бекіту:11-жаттығу «Бесінші артық» ойынын ойнату. Ойынның шарты: берілген қатардағы сөздердің артығын табу.
1. Ойын, бас, өнер, дала, түтінді.
2. Көкем, іні, апасы, атаның, қарындасы.
3. Білгіш, балық, сазгер, оқулық, мүсінші.
13-жаттығу сызбаға қарап сөздер тауып айту.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 12-жаттығу, 123-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
2.2 Психологиялық ахуалды талдау - оқушылардың креативті ойлауын қалыптастырудың шарты
Мектеп психологының жыл сайын эмоционалдық өрісін зерттеудің нәтижелері 2-ші бөлімнің тармақтарында атап көрсетілгендей оқушылардың оқу үдерісіндегі функционалдық жағдайын қарастыру СБК-сезім, белсенділік, көңіл-күй әдісінің эксперсс-нұсқасының көмегімен жүзеге асырылды (В. Доскин, А. Николаев [206, 37 б]) 1 жыл ішіндегі 3а (бақылау сыныбындағы) және 3в (эксперименттік сынып) сынып оқушыларының функционалдық жағдайының өзгерісін қарастырудың нәтижесі 1 кестесінде көрсетілген.
Манна-Уитни өлшемін алынған көрсеткіштерге 4а және 4в сынып оқушыларының арасындағы маңызды статистикалық айырмашылық табылмады деп айтуға болады. Осы сыналушыларда сабақтағы статистикалық белсенділік, көңіл-күй, сонымен бірге интегралдық коэффициентте маңызды айырмашылық көрінеді. Бақылау сыныбындағы өзгерістер оқуға, мектепке деген қызығушылықтың төмендеуінен болып отыр (мәліметтер мектеп психологының жүргізген зерттеулерінен алынды).
Кесте 1
Екі сыныптағы сезім, белсенділік, көңіл-күй көрсеткіштерінің орташа шамаларының өзгерістерін салыстыру
Көрсеткіштер
|
Эксперименттік сынып
|
Бақылау сыныбы
|
Сезім
|
Белсенді-лік
|
Көңіл-күй
|
Коэффи-циент
|
Сезім
|
Белсенді-лік
|
Көңіл-күй
|
Коэффи-циент
|
2 сынып
|
14,5
|
14,6
|
14,6
|
14,6
|
12,3
|
9,7
|
13,3
|
11,8
|
3 сынып
|
13,3
|
15
|
14,3
|
14,2
|
7,7
|
6,8
|
6,7
|
7,1
|
- СБК интегралды коэффициенті
СБК интегралды коэффициентінің арасындағы орташа мәннің айырмашылығы эксперименталдық сыныпта аз, ал бақылау сыныбында біршама төмендеген.
Оқушылардың мотивациялық өрісінің ерекшеліктерін зерттеу барысында эксперименттік және бақылау сыныптарының арасындағы айырмашылық пайыз түрінде 5 кестесінде көрсетілген.
Кесте 2
Эксперименттік және бақылау сыныптарының сауалнама сұрақтарына жауап беруі (%)
Сұрақтар мен жауаптар нұсқалары
|
Эксперименттік сынып
|
Бақылау сыныбы
|
Сенің мектепке барғың келе ме?
Иә
|
66,6
|
40,02
|
Сондай барғым келмейді
|
23,31
|
13,34
|
Жоқ
|
9,99
|
46,69
|
Сен неге мектепте оқисың?
Оқу қызықты
|
29,37
|
6,67
|
Көп білгім келеді
|
43,29
|
6,67
|
Ата-анам мәжбүр етеді
|
3,33
|
13,34
|
Жұмысқа орналасу оңай болады
|
9,99
|
20,01
|
Қазір барлығы оқиды
|
9,99
|
20,01
|
Мұғалім ұнайды
|
3,33
|
33,35
|
Сен қалай оқисың?
Бар күшіммен
|
46,62
|
13,34
|
Мүмкіншілікке қарай
|
36,63
|
6,67
|
Қажеттілікке байланысты
|
13,32
|
33,35
|
Ата-анам мәжбүр етеді
|
0
|
13,34
|
Оқығым келмейді
|
3,33
|
33,35
|
2 кестеден эксперименттік сыныптың 66,6% сыналушысы мектепке барғысы келіп, ал 10,0%-ы мектепке барғысы келмейтіні көрініп тұр. Бақылау сыныбында мектепке барғысы келмейтіндер 46,7% артық.
Эксперименттік сыныпта оқушылар мектепке барып, сабақ оқығысы келеді, оқуды тұлғаның маңызды әрекет түрі деп есептейді.
Олар оқудың себебін қызығушылық (30,0%), көп білуге құштарлықпен (43,3%) түсіндіреді, яғни ішкі, процессуалдық мотивация басым.
Бақылау сыныбындағы оқушылар мұғалім ұнайды (33,4%), жұмысқа орналасу оңай болды (20,0%), бәрі оқып жатыр (20,0%) деп түсіндіреді. Эксперименттік сыныпқа қарағанда, олар «ата-анам мәжбүр етеді» деген жауап береді. Бақылау сыныбындағы балалар оларда сыртқы мотивацияның басым екенін көрсетті.
Оқушылардың оқу пәндеріне қарым-қатынасы жетекші оқуға қызығушылықпен анықталады. Барлық балалар дерлік әйтеуір бір пәннің мазмұнына қызығушылық танытады. Бақылау тобындағы балалар негізгі пәндерді, яғни ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерін атаса, эксперименттік сыныбындағы оқушылардың жауаптары әртүрлі: олар көркем-эстетикалық цикл мен практикалық пәндерді ұнатады.
Мектепте білім беруді, ұйымдастыруды тәрбиелеу жұмыстарын және оқушы демалысын қалай ұйымдастыруға болады деген сауалға эксперименттік сыныптың мұғалімдері көптеген сонылы ұсыныстар айтса (сонылы жауаптарға барлық жауаптар ішінен тек 1 рет қана кездескен жауап жатады), бақылау тобындағы жауаптарда бірін-бірі қайталағандары жиі кездеседі. Бақылау тобындағы мұғалімдер білім беруді ұйымдастыруда бар-жоғы екі ұсыныс айтты: сыныптардағы оқушы санын азайту (25%) және оқушы икемділігі бойынша сыныптар құру (37%) – олар білім берудің тек сырт жағын ғана жанап өтті. Керісінше, экспериментті сыныптың мұғалімдері (75%) сонылы, ерекше ұсыныстар айтты, олар білім берудің әр қырын көрсетеді («үйде жүргендей сезім тудыру», «мектеп пен мұғалім проблемасына емес, күн тәртібі бала ағзасының ерекшелігіне сәйкес сабақ кестесі», «оқушыға дара тұлға ретінде қарау», «орташа баланың» деңгейіне қатысты емес, өзіне байланысты бағалау т.б.). Осы сыныптың мұғалімдері ұйымдастыру кезінде оқытушы мен әкімшіліктің өзара қарым-қатынасының әріптестік сипатта болғаны маңызды деп есептейді (68%). Жалпы алғанда олар екінші сыныпқа қарағанда өз пікірлерін батыл айтып, дәлелдей алады.
«Қалыптасқан үлгілерге қарсы тұру» және басқалардың пікіріне шыдамдылықпен қарай білу шығармашылық қабілеттіліктің маңызды қасиеті екені белгілі.
Жалпы алғанда сауалнама нәтижелері эксперименттік сыныптағы мұғалімдердің бақылау тобына қарағанда оқытудың тиімді әдістерін іздеуге мүмкіншілік беретін шығармашылық атмосфера қалыптасқанын көрсетеді.
Расында да, эксперименттік сыныптың мұғалімдері басты мақсат оқушылардың теориялық білімі деп ойламайды. Педагогтердің пікірінше, дайын теориялық білім таптаурын әдістерді қолдануға үйретеді. Жоғарыда аталғандай шығармашылық процесте білім беру деңгейі мен білім рөлін зерттей отырып, зерттеушілер бұл көрсеткіштердің байланыстарының маңызы әртүрлі деген қорытындыға келеді. Е. Туниктің зерттеулерінен алынған нәтижелер креативтілік пен мектептегі табыстың арасындағы жағымды байланыстың әлсіз екенін көрсетеді [207].
Креативті ойлауды қалыптастыруды мақсат еткен мектептер мемлекеттік стандарт белгілеген білім деңгейін қамтамасыз ете алмайды деген қарсы пікір айтады. Яғни бір жағынан бастауыш сынып оқушыларының креативтіліктерін дамыту принциптеріне, екінші жағынан мектептегі білім берудің мерзімі мен аралық аттестация мақсаттарына сәйкес келетін оқу жоспарларын жасау қажет.
Жалпы алғанда, сауалнама бақылау сыныбындағы ата-аналардың мектеппен байланыстары әлсіз екенін көп сұрақтарға «жауап беруге қиналамын» деген жауаптарынан көруге болады. Керісінше, эксперименттік сыныптың ата-аналары мектеппен тығыз байланыста болып, жұмысты жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын айтады. Мектепте де, үйде де «креативті ортада» болу ынтымақтастық жағдайында креативті ойлауды қалыптастыруға жағымды ықпал ететіні сөзсіз. Сонымен, біздің зерттеулеріміздің нәтижелері эксперименттік сыныпта оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық ахуал қалыптасады. Оның көрінісі ретінде баланы шығармашылық шешімге бағыттау, бастамаларға қатысты кедергілерді болдырмау, мектепте және үйде түрлі шығармашылық өнімдерді жасауын қолдау, өз тұлғасының шығармашылық жақтарын құндылығын түсінуді және қоршаған ортаның барлық қасиеттеріне зейін қоя қарауға тәрбиелеуді айтуға болады (Р. Штейнер, Е. Торренс). Психологиялық қауіпсіздік (балаға тұлға ретінде құрметпен қарау), өз әрекетін өзі бағалау білуге бағыт беру; «бұл жаман» дегеннен гөрі «маған бұл ұнамайды» ұстанымын жүзеге асыру, психологиялық еркіндіктің (сезімдерін, жағымды, жағымсыз қобалжуларын көрсете білу) де алатын орны аз емес. Эмпатиялық түсіну және қабылдау, сенім атмосферасы, сүйіспеншілік және аяқ астылық (К. Роджерс, Е.Л. Яковлева); сын мен сыртқы бағалаудың болмауы, эмоционалдық релаксация (А. Маслоу, С.О. Раевский) сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Ал мақсаттарды шешу кезіндегі үзіліс, демалыс, оқушы кейпіндегі еркіндік және өзіне деген сенімділік деңгейін реттеу (С.О. Раевский титықтаудан бас тарта білуге мүмкіншілік береді (М. Воллах, Н. Коган (В.Н. Дружинин бойынша [208])).
Креативті ойлау жаңа идеяларды құрумен байланысты болғандықтан, оның дамуы үшін адам өз ойына еркіндік беріп үйренуі қажет. Креативті ойлауды қалыптастыруды мақсат еткен мектептерде дәстүрлі емес, ерекше жауаптар мақұлданады. Оқушылар әрбір пікір құнды екенін, оны айту қажеттілігін сезіну үшін пікір алысуға, идеялармен алмасуға, қызу талқылау, шығармашылық пікірсайыс өткізетіндей жағдай туғызу керек.
Мұғалім басқалардың берген бағасынан қорықпау керектігін айтады. Оқушыларда өздерінің қабілеттеріне деген жағымды бағдар пайда болады. Оқушы кез келген ойды ешқандай қорқынышсыз айтуға болатынына үйрене бастайды. Жалпы білім беретін мектептерде қалыптасып қалған қағидалар бұзыла бастайды, яғни бұрын балалар қате жауап бергенде сын мен жзалаудан, төмен баға мен өзіндік бағадан қорқатын. Оқушылар кез келген жағдайда өз сезімдерін, қобалжулары мен ойларын алаңсыз айта алады.
Жалпы креативті ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық ахуал жасауға ұмтылған креативті ойлауды қалыптастыруды мақсат еткен мектептер ұстанымы ізгілендіру тұрғысынан қарау психологиясына жақындығы, мұғалім:
- оқушыларға оң көзқараспен қарайды, оларды табиғи қалпымен қабылдайды;
- оқушыға эмпатия көрсетеді;
- білім беруде психологиялық ахуал жасап, оқушы бостандығын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыруға бағытталған педагогика зерттеушілердің шығармашылық әлеуетті дамытуға кедергі жасайтын конформизм; ішкі және сыртқы цензура, жауапты тез табуға ұмтылысы, сын тұрғысынан ойлау білмеуі, ортаның талаптарының өзгерісіне бейімделе алмауы (Г. Линдсей, К. Томпсон [209]); сонымен қатар қалыптасып қалған қағидалар, өзіндік бағасының төмендігі, бағалар тек қана табыс күткендіктен оқушының қате жауап беруге қорқуы; сұрақ қойдырмау және бастамаларды шектеу деген қорытындылармен келісуге тура келеді.
Сөйтіп, эксперименттік сыныптағы психологиялық ахуал педагогикалық процестің барлық қатысушылары үшін жағымды екені көрсетілді. Психология-педагогикалық жағдайды тұтастық тұрғысынан қарау аясында жүзеге асыру бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауының тиімді дамқалыптасуына ықпал етеді. Эмпирикалық зерттеулерде оқушылардың креативті ойлауының қалыптасу динамикасы вербалды жылдамдық, вербалды икемділік, вербалды сонылық, бейнелі жылдамдық сияқты көрсеткіштер бойынша анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |