Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет50/56
Дата06.02.2022
өлшемі464,64 Kb.
#80239
түріСеминар
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
Байланысты:
Силлабус ҚР Конст құқығы Интернеттен

 
СӨЖ үшін тапсырмалар
Практикалық тапсырма: 
Жергілікті өкілді органдардың жүйесін, құрылымы және құзыретін
қабылдайтын актілерін анықтау. Жергілікті атқарушы органдардың құрылу тәртібін, жүйесін, 
құзыреті мен жауаптылығын жан-жақты зерделеу. Жергілікті өкілді органдар мен атқарушы 
органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жан-жақты зерделеу. Жергілікті өзін-өзі 
басқаруды ұйымдастыру негіздерін анықтау. 
СОӨЖ үшін тапсырмалар: 
Келесі нормативтік құқықтық актілерді конспектілеу: 
1.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы 
2.
«Қазақстан 
Республикасының 
әкімшілік-аумақтық 
құрылысы 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының Заңы 
Тақырыпқа сәйкес мультимедиалық таныстырылым дайындау. 
Келесі
есептерді шешу: 
1. Қалалық мәслихат қала көлігінде тегін жүру түрінде полиция қызметкерлеріне жеңілдіктер беру 
туралы шешім қабылдады. Қала әкімі бұл үшін қалалық бюджеттегі қаржы жеткіліксіз деп есептеп, 
аталмыш шешімге қарсы болды. 
Мәслихат шешімі заңды ма? Әкім қандай тәртіпте осы шешімнің күшін жоя алады? Мәслихат 
шешімін кім тоқтата тұра алады?
2. Облыстық мәслихат шешімі және қалалық мәслихат шешімі бір-біріне қарама-қайшы. 
Екі актінің қайсысы әрекет етуі қажет? 
3. Облыстық мәслихат өзінің сессиясында қалалық мәслихаттың жұмысы туралы есебін тыңдауға 
шешім қабылдады. Қалалық мәслихат облыстық мәслихат алдында есеп беруден бас тартты. 
Кімдікі дұрыс? Дұрыс емес жаққа заңды түсіндіре алатын қандай орган? 
4. Қалалық мәслихат сессиясында келесі үш мәселе қаралуы керек: 
1) Балалар қылмысы және құқықбұзушылықтарымен күрес бойынша бағдарламаны бекіту туралы; 
2) қала көшелерінің атауларын өзгерту туралы
3) Денсаулық сақтау департаментінің жұмысы туралы есебі. 
Мәслихат алда болатын сессияның күн тәртібін анықтай отырып, сессияға шығарылатын 
жоғарыдағы үш мәселенің әр қайсысы бойынша төрағалық етушіні тағайындай ала ма?
Сұрақтар: 
1.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары қызметінің негізгі түрлерін 
атаңыз.


22 
2.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау қалай 
жүзеге асырылады? 
3.
Жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды 
анықтаңыз. 
4.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару қалай ұйымдастырылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет