Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы


Стандарт. «Михаэлис ромбасын өлшеу»



бет4/19
Дата30.05.2022
өлшемі87,97 Kb.
#145467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Стандарттар акушерия каз (1)
Акушерство Гинекология каз, ВСЕ Сестринское дело НОК, Сесринское дело (массажист для инвалидов по зрению) (алгоритмы), transfer-receipt-13 8026729696, Сестринское дело (алгоримты каз), рецепты СД каз , ТЕСТ Экзамен сестринское дело (1) (1)
3.1.7. Стандарт. «Михаэлис ромбасын өлшеу»
Тексеру мақсаты: Жамбастың тарлығының түрін анықтау үшін.
Құрал жабдықтар: Сантиметрлік лента.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексеру жасалатындығын ескертіңіз.
2. Жүкті әйелден шешінуін сұраңыз.
3. Орындыққа әйелді арқасымен отырғызыңыз.
4. Залалсыздандырылған сантиметірлік лентамен вертикальды және горизонтальды диагоналін өлшеңіз.
-вертикальды диагональ Михаэлс ромбасының алдыңғы бұрышынан төменгі бұрышына дейінгі аралық.(Қалыпты жағдацда 10-11см)
5. Алынған нәтижені белгілеңіз.
6. Қолыңызды жуыңыз.
7. Алынған нәтижелерді медициналық құжатқа тіркеңіз.

3.1.8. Стандарт ‘‘Диагональді коньюгатаны өлшеу ’’.


Зерттеу мақсаты: жамбас тарлығының дәрежесін анықтау
Керекті құрал - жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық,сантиметрлік лента, жамбас өлшегіш және бір рет қолданыста болатын қолғаптар
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Әйелді зерттеу жүргізетіндігі туралы және зерттеу алдында қуығын босатуды ескертіңіз.

  2. Жаялықтың үстіне гинекологиялық креслоға әйелді шалқасынан жатқызыңыз.

  3. Қолға стерильденген қолғап киіңіз.

  4. Сол қолдың бірінші, екінші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші, үшінші саусағын біртіндеп қынапқа енгізіңіз.

  5. Оң қолдың үшінші саусағын сегізкөздің мүйісіне тіреп, сол қолдың сұқ саусағын оң қолдың шат сүйегіне түйіскен жеріне қойып ұстаңыз.

  6. Сол ұстаған күйі саусағыңызды қынаптан шығарыңыз.

  7. Ассистенттің көмегімен белгіленген аралықты сантиметрлік лентамен немесе жамбас өлшегішпен өлшеңіз. Қалыпты жағдайда бұл аралық 13 см тең. Нақты коньюгатаны табу үшін өлшеген өлшеммен 2 см шегеру керек.

  8. Инфекцияның алдын алу шараларының ережелерін сақтай отырып қолыңыздағы қолғапты шешіп, тастаңыз.

  9. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

  10. Сантиметрлік лентаны және жамбас өлшегішті дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз.

  11. Медициналық құжатқа нәтижесін жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет