Бала тілінің даму диагностикасының өзіндік ерекшелігі, бала тілінің дағдыларын зерттеу 2.Балалардың тілін дамыту үшін әдістер мен мазмұнды дұрыс іріктеудің ерекшелігін көрсетіңіз
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің формалары (диалогты және монологты). Мектеп жасына дейінгі балалық шақтағы байланстырып сөйлеу дамуының ерекшелігі. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері. Әртүрлі жас ерекшелік топтарында байланыстырып сөйлеуді дамытудың жұмыс мазмұны.
Диалогты сөйлеу. Әңгімелесу. Монологты сөйлеу. Әңгімелеуге үйретудің әдістемесі. Әңгімелеудің түрлері: есте сақтау, қиялдау, ойыншытар мен заттар, картина бойынша әңгімелеу. Балалардың сөздік шығармашылығын қалыптастыру ерекшеліктері. Әртүрлі топта игеретін дағдылар тізбесі. Балалардың шығармашылық сөйлеу әрекеті. Балаларды байланыстырып сөйлеуге оқытуда дидактикалық ойындарды пайдалану. Күтілетін нәтижелер.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Тіл дамытудың мақсаттары мен міндеттері. Балаларды тәрбиелеудегі ана тілінің мәні. Балабақшада тіл дамытудың міндеттері, олардың психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздемесі: байланыстырып сөйлеуді және сөздікті дамыту, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру, тілдегі дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу, көркем сөзге деген қызығушылықты және сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Балабақшада балалардың тілін дамыту әдістері мен тәсілдері. Әдістердің жіктелуі. Көрнекілік әдістерінің сипаттамасы. Сөздік әдістер және олардың сипаттамасы. Балалардың тілін дамытудың, тілдік біліктері мен дағдыларын бекітетін практикалық әдістер. Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы. Ұйымдастырылған оқу қызметінің өтілуіне қойылатын талаптар.
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың тілдік дамуын диагностикалау функциялары. Интеллектуалды іс-әрекеттерін зерттеудегі балалардың сөйлеу дамуының диагностикасының ерекшелігі. Балалардың тілдік дағдыларын зерттеу. Байланыстырып сөйлеуді дамыту деңгейін зерттеу әдістемесі. Балалардың сөздік қорын зерттеу ерекшеліктері. Коммуникативтік-тілдік дағдыларды диагностикалау. Күтілетін нәтижеге сәйкес балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейінің индикаторлары. Баланың тілдік дамуын мониторингілеу. Балаларды мектепке өту сәтінде тілдік дағдыларының қалыптасуының негізгі көрсеткіштері.
Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар. Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады.
Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады. Осымен қатар, әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады. Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |