«Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері»



бет5/6
Дата10.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#13649
1   2   3   4   5   6

Ойын технологиясы
Қазақ елінің ғасырлары бойы аңсаған тәуелсіздікке енді ғана қолы жетсе, оны ілгері өркендетіп, өркениеттілікке жеткізу бүгінгі бала, ертеңгі күнің еңбеккерлеріне байланысты. Олай болса, еліміздің болашақ құрлысшылары бойына өмірге лайықты жаңа қасиеттер қалыптастыруды тәрбиеде бастау-шешуші мәнге ие болатыны шындық. Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат өміріне тәрбие мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің талабына лайық жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің сәбилік шағынан бастап, қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды меңгерту ойынға байланысты.

Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады» - А.С. Макаренко осылай жазыпты. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процессінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды.

Ойынның негізгі құрлымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынның жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Балабақшасы» және тағы сол сияқты болып ойнайды.

Бала ойын ойнағанда өмірінде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрінде өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана.

Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді.

Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл - қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Ойын – баланы жан-жақты дамытып қана қоймай, өзін қоршаған әлеуметтік құбылыстың қыр-сырын түсінуіне әсер етеді. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын да сондай қажеттілік болып саналады.Ойын арқылы баланың дербестігін демеп, оны ілгері дамытуға деген сенім тәрбие саласындағы тиімді әдіс екендігін нақты сабақ барысындағы ойыннан жан-жақты байқауға болады. Баланың үлкені кішісіне қамқорлық жасап, достық қарым-қатынасының берік, бауырмал болуы олардың жастайынан бірге ойнап, бірге өсуімен де байланысты. Өйткені ойын балалардың бірлігін нығайтады, мүддесін біріктіреді. Ал ондай қатынас болмаса, бір отбасындағы балалардың өзі де бір-біріне салқын, жат-бауыр, керек десе бірін-бірі жеп көруге дейін баратын кездері де байқалып қалады. Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынандай кесте арқылы суреттесек те болады:


Іс-әрекет



Оқу-әрекеті

Еңбек-әрекеті

Ойын- әрекеті

Бұл жерде «Ойын» ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:



  • Ойын – сауық;

  • Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;

  • Диагностикалық (ойын барысында өзін -өзі тану);

  • Коррекциялық (өзін-өзі түзету);

  • Әлеуметтендіру.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіріп, өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көрсетеді. Ойының ережелері ойнаушыладың қисынды ой қабілетінің бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы ол қарсы мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды

Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойының мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процессінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлық мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым - қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойын оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай , өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлдік, драмалық, дидактикалық, құрлыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.



Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті –рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластырған жөн.

Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті –рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Дидактикалық құрлыс ойыны – балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрлыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын балаларға мейліне тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» - деген ойында балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қою. Ойын міндеті - қалпақ астында не бар екенін білу.

Қазақ халқының тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Ұлттық ойын түрлері өскелең ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын – сауық пен шұғылдануымен ғана шектелмейді, олар сол халықтың салт - санасын, дәстүрін, тұрмысын жағдайын білдіретін әрекетті көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты - халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс. Мысалы, қазақтың «Көкпар» ойыны бір жағынан, халықтың әдет- ғұрыпын, салтын білдіретін болса, ал екінші жағынан адамның дене шынықтырып, ой–әрекетін дамытатын дәстүр болған. Ал «Ақсүйек» ойыны түнгі мезгілде балалардың байқампаздық қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Міне осындай түрлі ойындар арқылы халқымыз өз ұрпағын ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен мергендікке тәрбиелеп отырған. Сондай - ақ ойын барысында бала қатар құрбыларымен қарым - қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады.



Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.

Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынандай қызметтерді орындайды:



  • Көңіл көтеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);

  • Коммуникативті:қарым-қатынас диалектикасын меңгеру; өзіндік жүзеге асыру;

  • Ойын терапиясы: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;

  • Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процесінде (ережеге сай мінез-құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы);

  • Коррекция қызметі: тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;

  • Ұлтаралық - коммуникациялық қызметі бойынша: барлық адамдарға ортақ әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;

  • Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту.

Ойындардың көбісі өздеріне мынандай 4 басты қырлары болады (С.А.Шмаков бойынша):

  • Еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесімен немесе іс-әрекеттілік процессінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады.

  • Шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»).

  • Эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, конкуренттілік және т.б.(ойынның табиғи сезімділігі «эмоционалдық кернеулік»).

  • Түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.

Ойын құрылымына оның процесі ретінде:

  • Ойнаушының өзіне алған рөлі;

  • Осы рөлдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс- әрекеті;

  • Пәндерді ойын түрінде пайдалану;

  • Ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;

  • Сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».

Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялық-педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:

  • Өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын, кәсіби қызметтің іс-әрекеттің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;

  • Балалардың кейбір қиындықтар мен ойлу қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі;

  • Ойында көрсетілетін өндіріс мамандарының фунцияларын бейнелеуге қатысушылардың бірлескен қызметінің принципі;

  • Оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші рөл атқаруы принципі;

  • Оқу ойын іс-әрекеттің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: балалар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді игереді. Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылаы да, оқушыларға интеллектуалдық, эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат- шығармашылық ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да- оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын ала болжай білуге үйрету.Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеуілік т.б. Барлық ойынды танымдық деп атасақ қателеспейміз.«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:

1.Заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қаынастарды т.б. зерттеп таниды.

2.Шығармашылық, сюжеттік – рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы. Мысалы, Саяхат ойындар. Бұған кітаптар, карталар, бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілік т.б. саяхаттар жатады. Балалалар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф, т.б. ролдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындарды балалар шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.

3.Дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте, баланың жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді талап етеді.

4.Еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5.Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер.

Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар баланың біліммен, біліктермен және дағдылармен қаруландыруға бағытайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Балалардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психолгиялық сипаттағы дамыушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, крипотограммалар және т.б.


Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсатылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес- баланың білуге, білімге деген құштарлығын ояту.


Балабақшада ойын не үшін керек ?

  • Өздігінен бұл технология жаңа ұғымдарды, тақырыптарды меңгеруге ыңғайлы.

  • Жалпы технологиялық элементтерін қолдану.

  • Ойынды сабақ ретінде түсіндіру,пысықтау,тапсырманы бақылау түрінде қолдану.

  • «Ғажайып алаң», «Жұлдызды сәт», «Ақылдылар» ойындарын демалу үзілістерде ойнатуға болады.

Ойын технологиясының мақсаты:

1.Дидактикалық :

Ой - өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін, білімдерін қолдану,еңбек іс-әрекеттерін дамыту.



2.Тәрбиелік :

Өздігінен жұмыс жасау,ерік,адамгершілік қасиеттерін дамыту .



3.Дамытушылық :

Есте са1қтау,ойлау,салыстыру,қиялдау,дұрыс шешім қабылдау.



4.Әлеуметтендіру:

Психотерапия,стресті бақылау,қарым-қатынасқа үйрену.



Тәрбиешінің мақсаты:

  • Нақты бала жасының мүмкіндіктерін дамытуға талпыну.

  • Алдынғы жастағы балалардың жетістіктеріне сүйену.

  • Баланың деңгейін ескере отырып,оқу-іс әрекетін дамыту.

  • Ойын түрінде өтетін сабақ арнайы ережелерге сүйенеді.

Ойын технологиясының функциялары:

  • Баланың ойын үстінде өзін-өзі көрсете білуі.

  • Баланың кез келген адаммен тіл табыса алады.

  • Ойын терапиясы.

  • Ойын-сауық.

  • Баланың ойын барысындағы қалыпты қылықтарының диагностикалық кемшілігі.

  • Баланың ойын үстіндегі іс-әрекеті.

  • Адамдармен қарым-қатынасы.

  • Салт-дәстүр.

Баланың бойындағы негізгі қасиеттер:

  • Еркін дамытушылық іс-әрекеті (баланың ойынға деген ынтасы және еркі).

  • Баланың шығармашылық және қиялдау іс-әрекеті белсенді дамыған.

  • Эмоциялық жағдай (баланың бәсекеге түсуі,эмоциялық қиындықтарды туғызуы).

  • Ойын мазмұнын көрсететін тура және жанама ережелердің болуы,оның уақытылы және логикалық дамуының жүруі.

Ойынның құрамы:

  • Ойынның мазмұны.

  • Ойынның шарты бойынша іс-әрекеттер.

  • Ойын заттарын кеңінен пайдалану.

  • Балалардың өзара қарым-қатынасы.

  • Бала өзін ойын кейіпкері ретінде сезіну.

Ойын әдістемесі:

  • Пәндік

  • Сюжеттік

  • Рөлдік

  • Драматизациялау

  • Іскерлік

  • Имитация

Ойын ортасы бойынша:




Педагогикалық ойындарды қолдану салалары:

  • Дене шынықтыру;

  • Интеллектуалды;

  • Еңбек;

  • Қоғамдық;

  • Психологиялық.

Ойын –сабақты дайындау, талап ететін ережелерді сақтау:

  • Алдын –ала жүргізілген жұмыс өткізу түрі мен сұрақтарды талқылау.

  • Алдын –ала рөлдерді бөліп беруі тиіс.

  • Бұл танымдық іс-әрекетті ұштай түседі.

  • Ойынның қажетті көрнекті құралдарды орынды қолдану.

  • Ойының нәтижесі. ( Әділқазы алқасы)

  • Ойын сәттері. ( ән айту,би билеу т.б.)

  • Көңілің аудару,шаршағанды басу.

Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы

(М.Валиеваның құрастыруы бойынша):

Дайындық кезеңі

  1. Ойынды дайындау:

    • Сценариін дайындау;

    • Жоспар құру;

    • Жалпы сипаттау;

    • Мазмұнын меңгеру;

    • Материалмен қамтамасыз ету.

  2. Ойынға кіріспе:

  • Проблемалық мақсат қою;

  • Шарттарын білу;

  • Топ құру;

  • Рөлдерді бөлісу;

  • Регламент белгілеу;

  • Жалпы түсінік беру;

  • Тиісті консультация беру.

Ойынды жүргізу кезеңі

1.Топтық жұмыс:

    • Әдебиеттермен жұмыс;

    • Тренинг;

    • Ойлану;

    • Ойыншылармен жұмыс.

2.Топ аралық жұмыс, пікірталас:

  • Топтардың жұмысты баяндауы;

  • Нәтижені қорғау;

  • Пікірталас туғызу.

Талдау және қорытындылау кезеңі

Ойынға қорытынды жасау;



  • Талдау, рефлексия;

  • Баға және өзіндік баға;

  • Қорытындылау, жинақтау;

  • Ұсыныстар беру.



Дидактикалық ойынның құрылымдық принципі:



Динамикалық өндірістің және нақты шарттың имитациялық модельдеу принципі

Профессионалды іс-әрекет формасының және мазмұнның модельдеу принципі



Біріктірілген іс-әрекет принципі

Имитациялық мазмұны моделінің мәселелік принципі және оның ойын әрекетіндегі даму процесі




Диагностикалық қатынастың принципі




Екі жоспарлықтың принципі


Жобалау іс-әрекеті

Қазіргі таңда жобалау іс-әрекеті өзекті әрі өте тиімді әдіс, себебі ол мектепке дейінгі жасқа тән болып келетін эгоцентризмді жеңуге, іздемпаздықты, интеллектуалдық инициативаны қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға, ересектердің көмегімен немесе өз бетінше мәселелердің шешімін анықтау қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды.

Жобалау іс-әрекетімен жұмыс жасау кезінде мына кезеңдерді бөліп қарастырған:


  1. Тақырыпты анықтау. Мәселені қою.

  2. Мақсаттар мен міндеттерді анықтау.

  3. Жүзеге асыру (топтарды ұйымдастыру, топтарда рөлдерді бөлу, әдіс-тәсілдерді таңдау, жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру)

  4. Презентация (таныстыру)

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жобалау іс-әрекеті әзірге тек тәрбиешінің, ата-аналардың көмегімен жүзеге асырылады. Көп жағдайда балабақшадағы жобалау жұмыстары топта орындалады, яғни қандай да жолмен рөлдер бөліп беріледі: біреу аналитикалық әрекетті өзі орындайды, енді біреулері көмектеседі, осылайша әр баланың көмегімен біріктіре отырып нәтижеге қол жеткізеді.

Оқытудың кіріктірілген әдістерінің бірі ретінде жобалау әрекетін пайдалану балалардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлауын, өзін қызықтырған зат немесе құбылыс туралы ақпаратты өз бетінше іздеу қабілетін дамытуға, игерген білімін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жобаларды жүзеге асыруға балалардың барлық коммуникативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Барлық жобаларда іс-әрекеттің негізгі түрі ойын болып табылады. Ойын кезінде ғана бала құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Жобалау іс-әрекеті процесінің барысында балалар өз бетінше ойлауды, үлкендермен бірлесе ақпарат іздеуді, табуды және мәселелерді шешуді үйренеді.

Жобалардың тақырыптары балалардың бастамасымен (олар нені білгісі келеді, неге қызығады) немесе тәрбиешінің бастамасымен (тәрбиешілер баланың дамуының дамуы үшін нені маңызды деп есептейді) анықталады. Егер тақырып ересектермен таңдалса, онда сол жасқа сәйкес келетін мотивацияны таңдалады.

Тәрбиеші балаларға жобаның тақырыбына байланысты тапсырмаларды ұсынады, ал балалар ата-аналарымен бірге өздеріне қызық тапсырмаларды таңдайды. Қажет болған жағдайда тәрбиеші ата-аналарға анықтамалық материалдар ұсынады, кеңестер береді. Жобаны қорғау қызықты әрі белсенді түрде өтеді және ол жобаның әрбір қатысушысы ата-ана және бала өз жұмысын көрсете алатындай етіп ұйымдастырылады. Жобаны қорғау барысында балалар барлық шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады, олардың шығармашылық белсенділігі мен қиялы дамиды, коммуникативтік қабілеттері жетілдіреді: олар аудиториямен жұмыс істеуге, ақпаратты жүйелі, эмоционалды түрде тыңдаушыларға жеткізуге, қонақтарды қызықтырған сұрақтарға жауап беруге үйренеді.


Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр адам өзінің ағзасын шамасынша шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс жас шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға болады.Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету- дене шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары, түрлі гимнастика, сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар арқылы іске асырылады. Баланың жеке бас тазалығын сақтау ережелерін қалыптастыру, дене жаттығуларын, қозғалыс ойындарын, сергіту сәттерін, табиғи әдістермен (күн, су, ауа) ағзаны шынықтыруды ұйымдастыру, пайдалы дағдыларды дарыту, зиянды әдеттерден сақтандыруды үйрету күнделікті өткізілетін іс-шара болып табылады. Технологияның бір бөлімі- сергіту жаттығулары, баланың жұмыс қабілетіне, ойлау жүйесіне игі әсер етіп, жүйкесін, сезімталдығын арттырып, денсаулығын нығайтып, зейінін тұрақтандырады. «Денсаулық сақтау» технологиясының басты шараларының бірі- шынықтыру шаралары. Балаларды «денсаулық жолдарымен»: массаждық кілемшелер, түймелі, тығынды, бұршақты кілемшелер, иректі тақтайша, кішкене тасты, құмды қораптармен жүргізу, бүлдіршіндердің қоршаған ортадағы температура өзгерісіне шыдамдық танытатын ағза қалыптастыру, шынықтыру шараларының негізі болып табылады.

Денсаулық сақтау технологиялары - бұл балалардың денсаулығының сақтауы және дамытуы бойынша бiлiм беретiн кеңiстiк жұмысының жүйесi.  Денсаулық сақтау технологиялары - балалардың денсаулығын сақтау мәселесін үстiрт емес, сезiніп, балалардың өзіндік жеке даму  ерекшелiктерiн есепке алып шешу.

         Тәрбиеші баланың денсаулығын сақтай отырып білім беруде ең алдымен баланың диагнозын, әлеуметтік жағдайын жақсы білу керек. Ол үшін балабақша дәрігерімен, мамандарымен және тәрбиеші көмекшісімен қарым-қатынас өте тығыз болуы тиіс. Олармен кеңесе отырып және әр баланы жеке зерттей отырып түзете білім беру жоспарын құру қажет.

Балабақшада күн кестесіне сәйкес жұмыс күнін денсаулық сақтаудың тиімді әдісі- таңғы жаттығудан бастайды. Ертеңгілік жаттығулардың орындалу барысында балалардың бойында жинақылық, шапшаңдық, дене бітімінің түзу, әрі сымбатты, жүрісінің жеңіл болуы қадағаланады. Жаттығулар денедегі зат алмасуын жақсартады, мойын, иық, бел, іш, арқа, балтыр бұлшық еттерін қатайтады, жүйкесін нығайтады, бала өзін-өзі сергек сезінеді, көңіл–күйі көтеріледі. Қимыл-қозғалыстар бір орында тұрып жүруден бастап, аяңдап жүрумен аяқталады. Жаттығу түрлері ай сайын алмастырылып отырылады. Жылы күндері аулада, салқын күндері спорт залында өткізіледі.

Технологияның бір бөлімі- сергіту жаттығулары, баланың жұмыс қабілетіне, ойлау жүйесіне игі әсер етіп, жүйкесін, сезімталдығын арттырып, денсаулығын нығайтып, зейінін тұрақтандырады. «Денсаулық сақтау» технологиясының басты шараларының бірі- шынықтыру шаралары. Балаларды «денсаулық жолдарымен»: массаждық кілемшелер, түймелі, тығынды, бұршақты кілемшелер, иректі тақтайша, кішкене тасты, құмды қораптармен жүргізу, бүлдіршіндердің қоршаған ортадағы температура өзгерісіне шыдамдық танытатын ағза қалыптастыру, шынықтыру шараларының негізі болып табылады. Балабақша тәрбиеленушілеріне маусым өзгешеліктеріне орай аурудың алдын алу шаралары ретінде итмұрын шырыны мен дәрумендер, балық майы беріледі. Қыс айларында балалардың мойнына сарымсақ тұмаршалары ілінеді, қабылдау бөлмелерінде тәрелкелерде салынып тұрады. Балалардың денесін шынықтырудағы маңызды бөлігі – түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар. Көзделетін мақсат: ұйқыдан баланы біртіндеп ояту арқылы сергектікке, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түскі ұйқыдан кейінгі кешенді жаттығулар кез келген жайлы бөлмеде классикалық музыканы, табиғат әуендерін пайдаланып жүргізіледі.

Бекітілген жоспар бойынша ата–аналар, тәрбиеші олардың тәрбиеленушілерімен біріккен алуан түрлі спорттық сайыстар, жарыстар, «денсаулық күндері» жыл бойы өткізілуде. Мәселен, «Көңілді эстафета», «Біз – спорттық отбасы», «Спорт – біздің досымыз», т.б.

Балабақшада ұлттық ойындарды үйретіп, ойнату үнемі жоспарланады. Қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары әрқашан ескеріліп отырылады. Өйткені, ата-бабаларымыз балаларын ат құлағына ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа, отбасының тіршілігіне үйреткен. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында балабақшамыздың әр топтарында ұлттық нақыштағы қимыл-қозғалыстарына арналған жаттығулар мен ойындар әрдайым жүргізіледі. Балабақшамызда аудандық «Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары», «Мектепке дейінгі мекемеде сауықтыру-шынықтыру шараларының маңызы» атты семинарлар өткізілді. Семинар барысында педагогтармен пікір алмасып, ой бөлістік. Қазіргі уақытта мұндай жан-жақты үйлесімді дамыған адамзат тәрбиелеудің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда күн тәртібінде қолданудан, дене тәрбиесі сабақтарын жақсартудан және оның маңызын халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады. Жаңа стандарт бойынша үнемі балалардың іс-әрекетінің даму деңгейі мен берілген талаптарды орындау барысындағы көрсеткіштер шығарылады.

«Денсаулық сақтау» технологиясы бойынша бұл өткізіліп жатқан шаралар баланың аурудың алдын алуға деген алғашқы қадамы болып саналады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келмек болсақ, «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақыт өмір», -деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектепке дейінгі мекемелердің әрбір ісі жан-жақты жарасымды, рухани бай тәрбие берумен қатар, денсаулығы мықты болашақ өсіруге бағыттау баршамыздың міндетіміз.

         Ұлы ойшыл Вергилий «Ешкім бәрін білуші де, бәрі қолынан келуші де бола алмайды» деп айтқандай, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып балаларды денсаулығын сақтауға үйрету керек.

Баланың кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің оқу-тәрбие ісінде басты мақсатқа айналып отыр. Ендеше оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай жүргізілуге бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білімі мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүреміз. Мектепалды даярлық тобында баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады. Әрдайым жайдары көңіл-күйі жоғары болады. Денсаулық бұл баланың физиологиялық- психикалық мүмкіндігін толықтай анықтайтын негізгі жағдайлардың бірі.

Балалардың денсаулығы келесі факторларға тікелей байланысты болады:

- ата –ана денсаулығы;

- экология;

- өмір сүру жағдайы;

- баланың мектепке дейінгі ұйым және отбасындағы тәрбиесі.   

Мектепалды даярлық тобындағы балалардың денсаулығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары:

- дене шынықтыру мен сауықтыру, шынықтыру шараларының  

комплексінің жүйесін дамыту.

- дене мүшесінің бұзылуы мен май табанының алдын алу және түзету;

- үйлесімді қимылдық тәртіп тұрғызу;

- жиі ауыратын балалармен сауықтыру шараларын ұйымдастыру.

    Мейірбикенің көмегімен дене дамуында ауытқушылығы бар және жиі ауыратын балалармен сауықтыру, шынықтыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізілуі.

1. Шынықтырудың дәстүрлі формалары: ауаны тазарту, су құю, даладағы қабылдау, күн сәулесімен шынығу, жалпы және жартылай су процедураларын жүргізу – ығалды сүртіну, аяққа, денеге су құйыну, тұзды алаша, жалаңаяқ жүру.

2. Ұтымды –қимылды күн тәртібін ұйымдастыру: жаттығулар, жүгіру, сазды-би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары.

3. Әдеттен тыс сауықтыру шаралары:


  • Ауамен шынықтыру;

  • Психогимнастика;

  • Өзін-өзі сылау;

  • Дене мұшелерін босаңсыту жаттығулары.

 Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына жаңа технологиялар енгізуде, ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету – бұл әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына, оның көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алып алдағы уақытта мынадай қорытынды жетістіктерге қол жеткізуді көздейміз: 

  • Балалық кезеңде денсаулықты жоғалтпау;

  • Денсаулықтың соматикалық көрсеткіштерін жақсарту;

  • Гигиеналық мәдениет қалыптастыру;

  • Салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттілігін және оған мүмкіндік туғызу;

  • Дене шынықтыру тәрбиесін баланың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты даралау;

  • Дене тәрбиесінің үздіксіз жүйесін құру.

Мемлекеттің болашағы — жас ұрпақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек.

Ұлтық ойындар денсаулық сақтау технологиясында өзінің бір орынын алады. Қимыл, қозғалыс техникасымен және олардың орындалуындағы қолдануға болатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсыну. Спорттық жаттығуларға, жарыстарға, сайыстарға қызығушылықтарын арттыру. Өз қимыл- қозғалыстық мүмкіндіктерін жақсартуға ынталандырып, олардың орындалуына шығармашылық тұрғысынан қарау қажет. Әртүрлі жағдайда кеудені тік ұстауды үйрету.

Бағытты түрде физиологиялық қасиеттерді және жалпы төзімділікті, шапшаңдылықты, жүйріктікті, тәсілқойлылықты, тепе-теңдік сезімі мен қимыл - қозғалыс координациясын дамыту. Амалшылдық, тапқырлықты бойларына дарыту. Балаға көзбен шамалауды үйрету. Спорттың әр түрімен таныстырып, спорттық үлгі-нұсқаларға беріп отыру.

Дүние жүзіңдегі денсаулық сақтау саласы елдің даму және нығайю тарихын көрсетеді. Бүгінгі күні елдің денсаулығы қиын жағдайда, сондықтан да кең түрде сауықтыру бағдарламасы керек. Соның бірі – массаж. Кейбір жаңалықтардың ашылуы да тез, жабылуы да тез. Ал бұл жаңалықтың болашағы бар және ол одан әрі дамып, көркейеді. Әрбір адам, жас баладан, егде кісіге дейін, осы әдіс арқылы өзін-өзі емдей алады. Адамның қол басы мен аяқ табан бұлшық етпен байланысты болады. Сондықтан да, Пак Чжи Вудың айтуы бойынша, адамға қозғалыс қажет.

Қазіргі уақытта көп факторлы сыртқы әсерлердің талдауына, әр баланың денсаулығының маниторингіне, оның ағзасының ерекшеліктерінің есебіне негізделген балалармен тәрбие сауықтыру жұмысына жаңа әдістемелер іздеу, белсенді түрде жүріп жатыр. Балалармен сауықтыру жұмысында балалардың дұрыс тыныс алуына үйренуі маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Дұрыс тыныс алу- бұл көптеген аурулардың алдын алады; адамның денсаулығы, физиологиялық және ақыл-ой қызметі оның тыныс алу қызметіне байланысты сонымен қатар, дұрыс тынысалуы әр түрлі емдік әсер береді. Ырғақты демнің екпінімен шығуы-шаршаудан арылудың бір де бір құралы. Баяу ырғақта демалу, тыныс алу кезінде кідіріс жасауға да болады. Қан айналымын белсенді ететін көміртегінің мөлшерін, артылған мөлшерінің жиналып қалуына әсер етуі жүрек қан тамырларының және де мидың жақсаруына себепші болады яғни қан айналымын күшейтеді. Демалу бұлшық еттерінің шынығуы физиологиялық жұмыс қабілеттілігін және шыдамдылықты арттырады.

Салауатты өмір салты қажеттіліктерін қалыптастыру. Допты лақтыруға жаттықтыру. Әртүрлі жаттығуларда, доппен ойнайтын ойындарда және басқада құрал - жабдықтармен балаларды өз мүмкіндіктерін көрсетуге баулиды.

Денсаулық саласында массаж бағыты да кіреді. Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен таралған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгісі болып табылады. Массаж адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Массаж өкпедегі зат алмасуын үдетеді, тыныс алу үшін оның терендігін, жиілігін, өкпенің қимылын, тіпті кеуде қуысының дем алуға дұрыс қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге үлкен көмек көрсетеді. Адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді.






Дене тәрбиесі

Денешынықтыру:

-таңертеңгі гимнастика;

-денетәрбиесі сабағы;

- дене шынықтыру және мерекелер;

- қимылды белсенділік;

-жеке сабақ



Вариативтік бөлік:

-өмір қауіпсіздігін қорғау негіздері;

-үйлесімді қимылды тәртіп


Шынықтыру:

-тамақты шаю;

-жалаңаяқ жүру;

-суды басып жүру;

-ауамен шынықтыру



Көрмелер,

мерекелер



Ашық сабақтар

Іс-шаралар,

демалыс кештері



Тәрбиешілермен жұмыс:

-семинарлар;

-кеңестер;

-педкеңестер;

-баяндама жасау;

-шығармашылық топ жұмысы;

-ашық іс-шаралар


Мектеп пен сабақтастық:

ортақ шаралар өткізу;

кенестер;

семинарлар;

балаларды ауықтыру; бағытындағы жұмыстар


Сауықтыру жұмыстары

Физиотерапия:

-сылау;


-психо-гимнастика

Сауықтыру шаралары:

-аурудың алдын алу;

-дәрумендер;

-психо-педагогикалықзерттеу.



Кеңестер

Сайыстар,денсаулық күні

Ата –аналармен жұмыс:

-ата-аналар жиналысы;

-мамандар кеңесі;

-ашық шаралар;

-спорттық мерекелерге қатысуы


Каталог: uploads -> doc -> 0a42
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a42 -> Құрмалас сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет