«Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері»
Құрастырушы: МКҚК №21 «Ақбота» бөбекжайының әдіскері
Н.М. Шубаева
Құрастырушы: МКҚК №21 «Ақбота» бөбекжайының әдіскері
Шубаева Нургуль Мейрамовна
Көкшетау қаласы 2014 жыл
87 бет
Пікір жазғандар: МКҚК №6 «Нұрай» балабақшасының меңгерушісі А.А. Маментикова, әдіскері А.Е. Исмагулова, ұйымдастырушы-ұстаз Т.К. Макишева
Әдістемелік құралдабалабақшадағы жаңа технологиялар сипаттамасы және тиімділігі ұсынылған.Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің бүлдіршіндерге сапалы, жанашыл тәрбие мен білім беру мақсатында құрастырылған.
2014 жылдың 17 наурызында МКҚК №6 «Нұрай» балабақшасының педагогикалық кеңес отырысының №3 хаттамасы шешімі бойынша басылымға ұсынылған.
Адамның екі ең маңызды өнертаңбасы бар:
Тәрбиелеу өнері және басқару өнері.
И.Кан
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудіңалғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді.
Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу, жазу, сызуға ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық. Осыған байланысты еліміздің сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің қызметкерлері. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар мен түрлі семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетіншыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол – ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».
Үздіксіз білім беруге көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану,білім берудің ашықтығы, көкейкестілігі, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру; білім берудегі инновациялық әдістер.«Инновация» термині ғылымға XIX ғасырда енді. Ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. XX ғасырдың 30 жылдары И.Шумпетер, Г.Менш «инновация» терминін ғылымға енгізді. Осы кезден бастап, «инновация», «инновациялық процесс», «инновациялық потенциал» терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновациялық үдерістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асыру.«Технология» ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - білім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. «Технология» сөзі көптеген ұғымды білдіреді, олар:
Белгілі бір маңызды әрекетте, өнерде, шеберлікте мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс (В.Даль сөздігі).
Белгілі заттың бейнесін өзгерту үшін қолданынатын өнер, біліктілік, әдіс-тәсілдер (В.М. Шепель).
Белгілі затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын білім мен әдіс-тәсілдер жүйесі (И.Г. Зайнышев).
Адамның әрекетін, біліктілігін, тәжірибесін еңбекке қажетті заттарды, әлеуметтік шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі (Р.В. Овчарова).
В.П. Беспалько: «Педагогикалық технология - оқу мен тәрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс - тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі. Новация дегеніміз - бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу - ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Лапиннің инновациялық процеске байланысты екі бөлімі қолданылады:
1) қарапайым түрде қолдану, ол яғни ашылу – жаңалық енгізу (новация) – қолданушылардың арасындағы бөлінуі – көпшіліктің қолдануы;
2) кеңейтілген түрде қолдану – ашылу – новация – таралуы – меңгеруі және модификация – рутинизация, яғни дәстүрге айналуы.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын Н.В. Горбунова, М.В. Кларин, А.В. Лоренсов, М.М. Поташник, Л.И. Романова, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, Т.И. Шамова, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектепке дейінгі ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Сондықтан да қазіргі кезде әр мұғалім өз іс -әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар балабақшадағы оқу - тәрбие жүйесі, тәрбиеші-бала арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетініңғылыми -педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:
жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;
педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру;
оқу процесі кезінде теориялық талдау, жасау, немесе іс - әрекет ретінде.
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс - инновациялық іс-әрекет - инновациялық потенциал - инновациялық процестерді басқару.Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы инноватика - инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы. Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми - әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау.
Жаңалық ғылыми - зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама - қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.
Білімділік деңгейде бала тәрбиеші көмегімен амал-әрекет жасайды. Мұнда тапсырмалар алдыңғы сабақты нысықтауына мүмкіндік беретіндей, жаңа тақырып үшін тиімді, өмірмен байланысты болуы керек.
Алгоритмдік деңгейде тапсырма балалардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін беріледі. Мұндай іс-әрекетте келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.
Эвристикалық деңгей - өнімді деңгей.Танымдық іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында қарапайым білімдерін жетілдіріп, жаңа білімді меңгеріп, жаңалық ашады.
Шығармашылық деңгейде балалардың іздену нәтижесінен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына бағытталған тапсырмалар. Оқыту технологиясы педагогтардың эмперикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс - әрекетін ұйымдастыру және бала тұлғасын дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекетті бақылау.Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл орта құру үшін инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең – оқып үйрену;
2 кезең – меңгеру;
3 кезең - тәжірибеге енгізу;
4 кезең – дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
Тәрбиеленушілердің сабаққа қатыспаушылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми- әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
Жаңа оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы балаларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Баланың танымдық күшінқалыптастыру және дамыту;
Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
Әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
Баланың оқу үрдісін сезінуі.
Оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық
әдіс –тәсілдерін пайдаландың педагогикалық шарттарының өзара бірлігінің моделі:
Инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім
|
Инновациялық ізденіс қажеттілігі
|
Инновациялық әдістерді меңгеру
|
Инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану
|
Оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
|
Инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру
|
Инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінің болуы
|
Инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қарастыру
|
Жаңалықтың өмірсүру сатыларын меңгеру
|
Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде ұстаз жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, ұстаз инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде ұстаз оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу - тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс - әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым - қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы ақпарат-құралдардағы материалдар арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу - тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Келешек - ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлденетер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя – балабақша. «Аулына қарап, азаматын таны», дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді, білімді азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитынқұнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту. Оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «әр адам - өз заманының баласы». Сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар болуы керек. Осы тұрғыдан Көкшетау қаласындағы № 6 «Нұрай» балабақшасы оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр, ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмыстарының жүргізілуімен қатар, жалпы балабақшада жүргізілетін іс-шаралардың сапалы болуына байланысты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.
Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен жол атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. «Балабақша үйіміз, әдемілікті сүйеміз» - деген ұранымызбен, балаларды айналамен таныстырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Баланың өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету.
Экологиялық мәдениетінің негізгі мақсаты:
Қоршаған ортамен таныстыру ;
Адаммен табиғаттың бірлігі туралы білім негізін қалыптастыру;
Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру;
Экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру;
Қоршаған орта мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға жетелеу.
Балабақшадағы сыртқы безендіруі таза табиғи және құнсыз заттардан жасалынып төңірегімізді көркейтіп тұр. Тәрбиеленушілердің табиғатты танып білуге және оның тылсым тынысының өздік ерекшіліктерін түсінуге арнайы таза ауадағы экологиялық кабинет жасалды.Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуға үйреніп табиғатпен етене байланыста болады.
3-4 жасар балаларға арналған экологиялық жол салынған. Ол жолда балалар құмырсқа иілеуімен, шағын тоғанымен, аралардың еңбегімен, жәндіктер әлемімен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |