Балалар бақшасындағы мерекелер Музыканың мерекелердегі рөлі



бет2/9
Дата27.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#5424
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаңа жыл – қыс мерекесі, ол балаларды Аяз Атамен, Қаршамен, орман аңдарымен қауыштырады. Шырша айналасындағы ойындар мен билерде көңілді, асқақ музыка ойналады, ол жалпы көңілділіктің, шаттықтың күйін шертеді, сан қилы, біразға дейін ұмытылмайтын әсерлермен байытады.

Балалар бақшасымен қоштасу және мектеппен кездесу ертеңгілігі даярлық тобының балаларымен өткізіледі. Сүйікті ән және ойындармен (мереке көктемнің аяқ кезінде немесе жазда өткізіледі) қатар ол дене шынықтыру, аттракциондық-ойындарды қамтиды.


Ертеңгілікте балалардың музыкалық қызметі негізгі орын алады. Мұның өзі музыка репертуары мен оны таңдауға қойылған талаптардың ерекше ролін анықтайды.

Дегенмен ертеңгіліктің маңызы эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка ықпалымен шектеліп қалмай, сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп, бір тақырыпты шешуде бірін-бірі толықтырады, мұның өзі барынша айқындала түсуіне мүмкіндік береді.

Музыка бөлмесінің жарқын де көктем безендірілуі оған салтанатты, мерекелік сән береді және кірген балалардың көңілдерін бірден көтереді. Мерекені жүргізушінің әсерлі сөздері көпшіліктің сезім дүниесін ширатады. Балалар оқыған өлеңдерден мерекенің негізгі идеясы толық әрі айқын беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет