Ертеңгіліктің ойдағыдай өткізілуі ең алдымен, жақсы ойластырылған сценарийге тән. Ол мүмкіндігінше тартымды көрсетулер мен орындауларға толы болып, жоғары және дайындық топтарында 35 – 40 минуттан, ал кіші топта 25 – 30 минуттан аспауға тиіс.
Жақсы құрастырылған бағдарламада балалардың әрекет етуі мен дем алуы ретімен кезектесіп отырады. Сөйтіп, көңіл күйді көтеретін салтанатты бөлімнен кейін балалар отырып өлең тыңдайды, көңілді биден соң бірнеше бала қатысқан инсценировка көреді.
Мектеп жасына дейінгі ең кішкентайларды олардың қолдарындағы атрибуттар: жалаушалар, әуе шарлары, гүлдер қуантады. Бөлменің мерекелік безендірілуін олар бірден аңғармайды, ол үшін көруге арнайы уақыт беру керек. Балалар өз сезімдерін білдіруге алғашқы сәттері ұстамдылық көрсетеді. Көңілді музыка, түрлі орамалдармен қимыл жасау оларды жадыратып, қозғалыс жасауға итермелейді.
Сан қилы әсерлер кейде балаларды шатастырып та жібереді. Олардың дағдысы әлі де болса тұрақсыз, балалар әуелгі сәтте қозғалыс тәртібін ұмытып қалулары мүмкін, сондықтан тәрбиеші оларға үнемі көмектесіп тұрады.
Кіші топтардағы ертеңгіліктердің бағдарламасына ересек балалардың, ересектердің орындауларындағы қызықты көріністер көбірек қосылады. Кішкетайлардың қимылы әлі де болса күрделі емес, олар дербестілігін аз танытады. Олар бастапқы кезде өлеңді тәрбиешіге қосылып қана айтады. Билер мен ойындар көрсетіліп орындалады. Қызықты көрсетулер ретінде қуыршақ театрының кейіпкерлері жиі қолданылады, мереке бағдарламасының бір бөлігін жүргізеді.
Ересектеу балаларға қабылдау мен орындаушылық қызметтегі белсенділік тән. Бөлменің сәнді жиналуы, әр түрлі атрибуттар, кейіпкерлердің киімдері – осылардың барлығы балалардың назарын аударады. Олардың өздері безендіруді байқайды, қызыға қарайды.
Жоғары топтың балалары ертеңгіліктерде көп жағдайда дербес әрекет жасайды, тәрбиешінің көмегінсіз таныс ойындарды, билерді сенімді орындайды. Олар ұжымда еркін бағдар жасайды, жолдастарының қимылды дұрыс орындауларын қадағалай алады.
Орындауларға балалар қатысуы тиіс. Бала дербес өнер көрсете алмағанның өзінде шағын топқа қосылып орындауы керек.
Ұжымдық орындаулар әрдайым жеке өлең оқумен, балалар музыка аспаптарында ойнаумен алмасып отырады. Кейде балалар шағын топ болып өнер көрсетеді. Олар әр түрлі кейіпкерлерге тән әндер мен билерді орындайды, кішкене драмалық ойын құрады.
Жеке орындаулар тұйық балалардың өзінің жасқаншақтығын жеңуге көмектеседі, өз күшіне деген сенімін арттырады, қимылдардағы әлжауыздықтан арылуға әсер етеді. Жеке орындауларда әрбір балаға өзінің музыкалық-шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік туады.
Музыка тәрбиесі жөніндегі жұмысты жақсы ұйымдастырған жағдайда әрбір жастағы топтарға бөлінген бағдарлама мазмұнын барлық балалар жақсы меңгереді. Сонымен қатар топта басқаларға қарағанда бағдарлама материалын жеңіл және жылдам игеретін балалар болады және олардың бұдан былайғы дамуы құрделілеу шығармаларды қолдануды талап етеді. Мұндай балаларға өз қабілеттерін толығырақ көрсетуге мүмкіндік беретін ән салу, би билеуге құрылған күрделірек рольдерді тапсыруға болады. Топта берілген тапсырманы орындауға қиналатын немесе балалар бақшасына жаңадан келген тәрбиеленушілер болуы мүмкін. Дегенмен олар да жалпы сауыққа қатысуға міндетті, оларға арнап қызықты қарапайым орындауларды ойлап табу қажет.
Мерекелік ертеңгіліктегі тәрбиешінің қызметі сан алуан. Ең жауаптысы жүргізушінің ролі болып табылады. Оның сезімталдығы, балалармен еркін әңгімелесе білуі, өлеңді, тексттерді мәнерлеп оқуы көп жағдайда жалпы көңіл күйді және мерекені жүргізу барысын анықтайды. Жүргізуші тек қана бағдарламаны біліп қоймай, сонымен қатар оқыстан болған өзгерістерге де табан астынан тың шешім тауып отыруы керек.
Тәрбиешінің жеке және топпен өнер көрсетулері балаларды қуаныш сезіміне бөлейді. Оларға әр түрлі халық билерін билеп, кейбір кейіпкерлердің ролін орындап, ән салып берулеріне болады.
Ешқандай рольге қатыспайтын тәрбиешілер өз тобындағы балалар арасында болады. Олар орындаушылардың өнерін балалардың қалай қабылдағанын мұқият қадағалайды, олармен қосылып өлең айтады, бүлдіршіндерді дер кезінде киіндіреді, ойын, би, өткізгендерге қажет болған жағдайда көмектеседі.
Ертеңгілік жақсы екпінде жүргізілуі тиіс. Орындаулардың созылуы, олардың көп болуы, орынсыз үзілістер – осылардың барлығы балаларды жалықтырады, эмоционалдық-физиологиялық ауырлықтың біртұтас жүйесін бұзады. Сондықтан, мерекеге ең алдымен ересектердің белсене араласқаны жөн. Сценарийді талқылағанда әрбір тәрбиешінің ролін, оның міндеттерін анықтау қажет, балаларды киіндіретін, жарық реттейтін, жекелеген кейіпкерлердің дәл уақытында шығуын, қызықты сәттерді өткізетін жауапты адамдарды тағайындау керек.
Мерекеден кейін балалар ұзақ уақыт өздеріне ұнаған орындауларды естеріне алып жүреді. Тәрбиеші мейлінше мазмұнды, ықпалды әсерлерді мереке тақырыбымен байланыстырып, жеткіншектердің сақталып қалуына әрекет етеді. Олар суреттерде, әңгімелерде бейнеленеді. Балалар өздеріне ұнаған билерді, әндерді, жекелеген кейіпкерлердің қимылдарын қайталайды. Тәрбиеші осы әңгімелерге қатысады, балалардың алған әсерлерін қорытындылайды, оның ең бастысын бөліп айтады, түсініксіз жерлерді түсіндіреді.
Әдебиеттер тізімі
Н. А. Ветлугина. Балабақшадағы музыкалық тәрбие әдістемесі.
Қазақстандағы дарындылық мәселесі бойынша инновациялық- педагогикалық қызмет. Астана-2005 ж.
С. С. Джансеитова. Орысша-қазақша музыкалық терминдердің түсіндерме сөздігі.
Н. Г. Канонова. Мектепке дейінгілерді балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйрету.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының тәжірибелері. Астана, 2005 ж.
Балабақшадағы мерекелер.
Бүлдіршіндерді ойында тәрбиелеу.
Музыка хрестоматиясы, Алматы, 2008 ж.
Балабақшадағы музыка. Әдістемелік құрал. Алматы, 2006 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |