Мерекелерге, әсіресе, қоғамдық-саяси мерекеге дайындық түрлі сабақтарда, көркемдік қызметтің әр түрінде жүргізіледі. Балалармен алдағы мереке туралы әңгіме өткізіледі, соған қатысты әңгімелер оқылады, тақпақтар үйретіледі. Олармен сәнді безендірілген көшелер бойымен экскурсиялар жасалады: мереке тақырыбы суреттерде, аппликацияларда көрініс табады. Музыкалық сабақтарда келе жатқан мерекелік ертеңгілікке байланысты жалпы тәрбие жұмыстарының белгілі бір бөлігі жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |