Балалар бақшасындағы мерекелер Музыканың мерекелердегі рөлі


Мерекелік ертеңгілікке дайындық және оны өткізу



бет7/9
Дата27.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#5424
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мерекелік ертеңгілікке дайындық және оны өткізу

Ертеңгілік балалар бақшасында өткізілетін жалпы тәрбие жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Ертеңгілікте адамгершілік, ой, дене және эстетикалық тәрбие міндеттері жүзеге асырылады. Сондықтан мерекеге дайындық, оны өткізу және балалардың одан әрі алған әсерін тиянақтау жұмыстарын педагогикалық процестің бір тармағы деп қараған жөн.



Ертеңгіліктің бағдарламасы шамамен бір жарым ай бұрын ойластырылады. Оған балаларға жақсы таныс және мерекені атап өткенге дейін қалған уақыт ішіндегі сабақтарда меңгерілетін билер, музыкалық ойындар, әндер қосылады.

Сондықтан мерекелік бағдарламасына музыкалық материал іріктегенде балалардың мүмкіндіктерін ескерген абзал.

Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекеге ертеңгіліктің сценарийі барынша қарапайым материалдардан құрылады: оған ойындар, көріністер көптеп қосылады. Егер мерекелік бағдарламаға қосымша ән, би қосу қажеттілігі туындаса, онда олар балалардың қалыптасқан дағдысына сай және олар жеңіл игеретіндей болулары керек.

Репертуарға іріктелген бағдарлама бірте-бірте музыка сабақтарының жоспарына енгізіледі. Барынша күрделі әндер, билер бір, бір жарым ай ішінде үйретіледі. Репертуардың бір бөлігі – қызықты сәттерді, күрделі емес ойындар мен инсценировкаларды балалар мерекеге аз күн қалғанда дайындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет