«Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет24/104
Дата22.12.2021
өлшемі2,54 Mb.
#436
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Мақал-мәтелдің тақырыптары. Мақал-мәтелдер мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, есте сақтауға жеңіл болатындықтан бала тәрбиелеу ісінде үлкен орын алады. Бала өсіруде, тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға да арнады. Өз өмірінің ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі-өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар оларды бейнелі сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын дамытады. «Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер. Елдік туралы мақал-мәтелдер: Туған жерге туыңды тік. Ит ттойған жеріне, ер туған жеріне. Өз елім - өлең төсегім. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Отан – оттан да ыстық. Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер: Өжет адам өлімді жеңеді. Ер бір өледі, қорқақ мың өледі. Қару күшті емес, қару ұстаған күшті. Белдескеннің белін сындыр, тірескеннің тізесін бүктір. Қара бет болып қашқаннан қайрат көрсетіп өлген артық. Өнер-білім турлы мақал-мәтелдер: Өнерлі өрге жүзеді. Өнерді үйрен де, жирен. Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер. Өнерліге өлім жоқ. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер: Қойдың сүті – қоғасын, Қойды соққан оңбасын. Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-гөсір. Есі кеткен ешкі жияр, Ешкісімен есін жияр. Нар жолында жүк қалмас. Екі аяқтыда бажа тату, Төрт аяқтыда бота тату. Ат ерінді келер, Ер мұрынды келер. Айғырды неден салсаң, Атты содан мінерсің. Сиыр сипағанды білмейді, жаман сылағанды білмейді. Егіншілікке байланысты мақал-мәтелдер: Жері байдың – елі бай. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас. Егін ексең тыңға, шықтым дей бер шыңға. Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер: Жақсының жаттығы жоқ. Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ. Жаман болса туысың туыспай-ақ құрысын. Төсектің тарлығы – тарлық, көңілдің тарлығы – қорлық. Әлсіз ат сүріншек, ақылсыз адам еріншек. Тәні сұлу – сұлу емес, жаны сұлу – сұлу. Адам болар баланың кісіменен ісі бар, Адам болмас баланың кісіменен несі бар.» (Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы.Оқу құралы. А.Санат. 2001.18-19-б) Өнер-білім, оқу, ғылым жайын сөз қылғанда халық бұлардың адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігін көрсетуден бастайды. «Оқыған озады, оқымаған тозады», «Білек сүріндіре алмағанды білім сүріндіреді», «Өнерліге өлім жоқ», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Өнерлінің өрісі ұзақ» деп халық өнер-білімді, оқу-ғылымды аса жоғары бағалайды. Білім алу жолының оңай еместігін «Оқу- инемен құдық қазғандай» деп түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет