Балалар әдебиетінің ерекшеліктері


Мақалдың мәтелден айырмашылығы



бет20/86
Дата17.12.2021
өлшемі220,03 Kb.
#102256
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Байланысты:
Балалар әдебиеті лекция

Мақалдың мәтелден айырмашылығы. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз қолданысы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ өзара айырмашылығы да бар. Басты айырмашылық – бұлардың мазмұнында. Қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады. Мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Мақалдың тағы бір ерекшелігі – оның құрылысында. Мақалдар, көбінесе, сөйлем түрінде келеді(«Тіл – қылыштан өткір», «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады»). Мәтелде мақалда кездесетін мазмұнды оқиғалы әңгімелер жоқ деуге болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрде әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөздерін тыңдаушының өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді(«Көппен көрген ұлы той», «Құрыққа сырық жалғап», «Тілге тиек жасап», «Ханнан қазық, биден тоқпақ» т.б.). Бұл мәтелдің өзіне тән ерекшелігінің бір болып табылады. Мәтелдер, көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады.

«Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен(көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады. (Еңбек етсе, емесің). Тура мағынада (Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарның тіленбей), ауыспалы мағынада (От жақпаған үй – қорамен тең, адам кірмеген үй моламен тең) қолданылатын мақалдарды, көбінесе, халық шығарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған(авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер де өте көп.



Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. «Өлең – сөздің патшасы», «Қызым, сған айтам, келінім, сен тыңда» т.б. Мәтелдер де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.» (Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы.Оқу құралы. А.Санат. 2001.17-б). Сонымен мақал - тура, нақтылы іске жасалған сөз түйіні(«Өнер алды – қызыл тіл», «Еңбек түбі – мереке», «Еңбегіне қарай өнбегі», «Ат- ер қанаты» т.б.) Ал мәтел көбіне ойды тұспалдап ишарлай, топшылау арқылы жеткізеді(«Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Шабан үйрек бірінші ұшар»,т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет