Балалар әлеміндегі әдебиеттер



бет2/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,51 Mb.
#5425
1   2   3   4


Әдебиеттанушы Қ.Ергөбек Ө.Тұрманжановтың балалар әдебиетімен айналысуына себеп болған екінші жайтты да атап көрсетеді. Ол бұған КСРО Жазушыларының 1934 жылы болған бірінші съезінің себеп болғанын айтады. Съезде назар аударылған мәселелердің бірі балалар әдебиеті болды. Бұл съезге қатысқан І.Жансүгіров елге оралысымен, қазақ балалар әдебиеті мәселелерін қолға алады. Өзге әріптестерін әдебиеттің осы саласына жұмылдырады. «Жалпы осы жылдары баланы болашақ тұтқан бірсыпыра қаламгер балалар әдебиетіне бетбұрыс жасады. Содан да отызыншы жылдары қазақ балалар әдебиеті қаламгерлерінің қатары толығып, недәуір еңсе көтеріп қалды. Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиетіне біржола бет бұрып, тұрақты машықтануына әсер еткен екінші фактор осы» - дейді ғалым Қ.Ергөбек.

«Таң өлеңдері»,«Қошан кедей»,«Карл», «Пулемет», «Құрыш құс», «Таң сыры», «Еңбек және мектеп», «Қарлығаш» секілді кітаптары жарық көреді. Ө.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастаған екен. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы – «Қарлығаш». Алғашқыда көптеген өлең, поэма, проза жазған ол бертін келе бойдағы бар дарын қуатын, алтын уақытын осы салаға біржола бағыштады. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетінің кезеңдік проблемалары, жеке таланттары жайлы мақала да жазып отырды. Ө.Тұрманжановтың бүлдіршіндерге арнаған өлең-жырларынан сәбиге тән бала тілін, оқушыға тән асқақ сезімді, романтизмді, лиризмді оңай аңғарамыз. «Ән салайық» айналып өлеңінде:

Балалар-ау, балалар!

Бойларыңа қарап ал.

Беттеріңді жуып ал,

Белдеріңді буып ал.

Бастарыңды құрап ал,

Тізбектеліп тұра қал.

Жұрт тыңдасын тамсанып,

Би билейік, ән салып- деп балаларды көңіл көтеруге шақырады.

Бұл ретте ақын өлеңдері І.Жансүгіровтің «Ой, балалар, балалар» деп басталатын «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерін еске түсіреді. Өтебай ақын «Балқаш көлге барайық»- деп аталатын тағы бір өлеңінде балаларға:



Балалар-ау, балалар!

Қатар басып, барабар

«Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған»

Балқаш көлге барайық-деп тілек білдіреді.

Ө.Тұрманжанов - Ы,Алтынсарин, С.Көбеев, С.Дөнентаев секілді ағартушы ақындардың дәстүрін жалғастырушы. Ақын өз ұстаз ағалары сияқты балаларды өнер-білім үйренуге шақырады.

Ө.Тұрманжановтың дидактикалық өлеңдері құрғақ ақыл айтумен шектелмейді. Ойын суретке жалғайды. Кейде белгілі бір оқиға, көріністі суреттей бастап, ойын ақылмен түйеді. Осының бәрі табиғи өріліп, өзара әдемі жымдасып жатыр. Ақынның ақыл айтқан қай өлеңі болсын, қимыл-қозғалысқа, бояуға толы динамикалы өлең болып келеді.

Қарапайым апорт алмасын суреттеген ақын «Тәтті алма» өлеңінде мынадай ой айтады:



Бір апортқа нысапты

Екі бала тояды.

Тату қылып тәтті алма,

Табыстырып қояды.

Бұл өлеңде «өле жегенше, бөле же!» деген ой бар. «Көбелектерді сыйладым» өлеңінде лирикалық кейіпкер аулаға гүл егіп, көріктендіреді. Гүлді көріп көбелек ұшып келеді. Осы сәтті ақын былай суреттейді:



Гүл өсіріп, қуантып,

Көбелектерді сыйладым.

Жаз сұлуын мұңайтып,

Сыйламауға қимадым.

Ақын балалар шығармаларын бала тілімен бойлап,қиялмен қиыстырып,терең зерттей отырып жазды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет