Балалар әлеміндегі әдебиеттер



бет3/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,51 Mb.
#5425
1   2   3   4
С.Ерубаев

Горькийдің 20-жылдардың аяғы мен

30-жылдардың басында жарыққа шыққан “Тағы да сауаттылық туралы”, “Балалар әдебиеті туралы”, “Балаларға-әдебиет”, “Тақырыптар туралы”, “Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар” мақалаларында да болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты орынға қойылды. Саттар мақаласының нысанасы да осыған саяды: “… нақтылы міндеттемелер алыңыздар, балалар көркем әдебиетін жасауда өздеріңізді жауапты деп санаңыздар. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер”. Ендеше, қандай тақырыпта жазылмасын, балалар шығармаларының басты кейіпкері баланың өзі болуға тиіс. Балалар әдебиетінің осынау басты ерекшелігін Саттар ақын-жазушыларға “…балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер” деу арқылы аңғартып өтеді. Сөйтіп, С.Ерубаевтың аталған мақаласынан балалар әдебиетін ересектер әдебиетінен дараландырып тұратын сипаттарға сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің назарын аудармақ болған мақсатын байқағандаймыз. Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Балалар әдебиеті - әрбір ұлт мәдениетінің мықтап қаланған тас іргесі, халықтың рухани ахуалын балалар әдебиетінің дамуымен өлшеу керек, балалар әдебиеті жолға қойылмай тұрып, әдебиетіміз кемелдену үстінде деп айта алмаймыз.




Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны

Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі.Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады. Бүлдіршіндердің ой - өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан - теңіз. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал - мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.
Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
Қиял - ғажайып ертегілері
Хайуанаттар жайындағы ертегілері
Тұрмыс - салт ертегілері
Аңыз ертегілері
Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда (3 - 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 - 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.
Жазба әдебиет сияқты, ауыз әдебиетінің де өз тыңдаушысы, оқушысы бар. Ертегі шығарушылар оларды да ескереді. Ертегіні кімге айтады, не үшін айтады, ертегінің мақсаты не? Ертегі шығарушылар мұны да аңғарған. Мысалы, «Қотыр торғай», «Өзі бір қарыс, сақалы қырық қарыс», «Құйыршық» ертегілері құрылысы, сюжеті, тілі жағынан басқа ертегілерден мүлде ерекше. Бұлар балалардың ой-санасы, дүниетану дәрежесіне лайықталып шығарылған ертегілер. Халық ертегілеріндегі фантастика балалардың ойына қозғау салады, ақыл-ой қызметінің дамуына жәрдемдеседі. Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, ықыласпен тыңдайтыны оның көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Қазақ балалар фольклорындағы «Тазша баланың өтірігі», «Айлакер тазшаның өтірігі», «Тоқсанбай мен тоғыз жасар бала», «Екі суайт» және т.б. ертегілердің қай-қайсысы болсын балаларды тапқырлыққа, алғырлыққа баулиды. Қиыннан қиыстыра айта білетін шешендік өнерге жетілдіреді. Аталған ертегілер балалардағы логикалық ойдың даму процесін жеделдетуге көмектеседі. Қазақ ертегілеріндегі тазшалар сырт-пішіні жағынан елеусіз болып көрінсе де, ақыл-айласы бәрінен де асып түседі. Алдынан ажал тосып тұрса да, сабыр сақтайтыны, жол тауып құтылып кете беретіні балаларды сүйсіндіреді, ойға қалдырады. Халық ертегісіндегі өтірік өлеңдер балаларды неше алуан жәндіктердің атымен, олардың тіршілігімен таныстырады. Сирек қолданылатын көне атауларды еске түсіреді. Күлдіргі ертегілер «Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ», «Қаңбақ шал», «Байбай шал», «Айлалы шал», «Ұр, тоқпақ», «Тазшаның қырық ертегісі» т.б. көбінесе ықшам да қысқа келеді. Сол себепті ертегі баланың есінде сақталуына, жатталуына икемделіп тұрады.


Ертегілер


Қазіргі заман ертегілері

Шыншыл ертегі

Хайуанаттар жайлы ертегілер



Қиял ғажайып ертегілер



Аңыз әңгімелер. Қазақ халық прозасының бір саласы «Ертегілерден тыс прозалық жанрлар» болып табылады. Бұны фольклоршылар «Аңыздық проза» деп атайды. Бұлар өзінің мазмұн-мағынасына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді: миф, әпсана, хикая, аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер -өмірде болған оқиғаларға қатысты туған шығармалар. Аңыз дегеніміз –бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір елдің, тайпаның, рудың ауызекі шежіресі, бір аймақта болған оқиғаның әңгімесі. «Онда, көбінесе, өмірде болған нақты оқиғалар алынады да, оған қызық-ғажайып сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі құрылады.

Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан-жануар, ер, су, мекен аттары туралы. Жетіқарақшы, Үркер жұлдыздары, Самұрық, Бозінген туралы аңыз әңгімелерде жұлдыздар мен құстар адамша сөйлеп, ғажап тірлік пен ғажайып оқиғаларды басынан кешеді. 2. Үш жүз, Алты арыс Алаш, Домалақ ене т.б. аңыз әңгімелерінде ру, тайпалардың шығу тегі туралы өсиетті-өнегелі ойлар айтылады. 3. Діни мистикаға(дәріптеу – қиял-ғажайып). Лұқман Хакім, Қағбаның қара тасы т.б. аңыз әңгімелерде діни сенімдер уағыздалып, мистикалық(діни сенім ғажайыптары) нанымдар дәріптеледі. 4. Әлеуметтік утопияға(үміт, қиял). Жерұйық атты аңыз әңгімеде әлеуметтік арман-талап, мұң-мұқтаждың қиялдағы ғажап жақсылықтары орындалып, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбітшілік заман суреттеліп, молшылық тұрмыс-ахуалдың дәуірлеген кезеңі баяндалады. 5. Тарихи қаһармандық туралы құрылады. Тарихи қаһармандықты насихаттап, данышпандар мен шешендерді, батырларды үлгі-өнеге етіп көрсететін аңыз әңгімелер өте көп. Асан қайғы қазақ еліне жақсы жай іздейді. Қорқыт ата халыққа өлмейтін өмір, өшпейтін өнер іздейді. Төле би қазақ халқының бірлігін көксеп, басын біріктіреді..Қажымұқан дүние жүзіндегі ең күшті палуан – қазақ деген мақтаныш туғызады. Төлеген Тоқтаров ерліктің ерлігін көрсетеді, Мәншүк пен Әлия – ержүрек қазақ қызының бейнесін көрсетеді. Сонымен аңыз әңгімелер жанрлық жағынан үшке бөлінеді:топонимикалық аңыз әңгімелер, күй аңыздары, тарихи аңыздар.

тономикалық аңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет