Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорттық жаттығу дайындықтары



Дата15.05.2020
өлшемі14,68 Kb.
#68519
Байланысты:
БЖСМ


Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі

спорттық жаттығу дайындықтары

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филалдары) ауылдарда оқушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүгізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты – оқушылармен жаттықтыру, тәрбие жұмыстарын жүргізу, спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету.

Міндеттері: оқушылардың денсаулығын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанының намысын қорғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойындары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің бағыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.

Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже-регламент» бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылымы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған.

Қазақстан мемлекетінің туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылы 15 шілде айындағы № 06-2-2 бұйрығымен бекітілген спорт мектептерінің ереже-регламенті бойынша оқу топтары мен оларға жүргізілетін бір апталық сағат сандары төмендегідей болып белгіленген. Оны келесі беттен көруге болады.

Спорт мектебін директор басқарады. Директор мамандар мен қызметкерлерді іріктеу мен қабылдауға, мектепті мамандармен, оқу топтарымен қамтамасыз етуге, жаттығу – тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен сапасына, спорт мектебіндегі барлық жұмыстарға жалпы басшылық етеді.



Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, әдіскер-нұсқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады.

Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу құжаттарына, жаттығу кестелеріне, күнтізбелік жарыс жоспарларына, оның орындалуына, жаттығу сабақтарының сапасына, бапкерлердің білім көтеру курстарының уақытында өтуіне жауап береді. Әдіскер- нұсқаушы оқу-тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет