Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет2/22
Дата05.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#25715
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер

1. Осы санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу, тұру жағдайларына, тамақтануды ұйымдастыруға, персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға), тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына (мектеп оқулықтарына), өндірістік практикаға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.


2. Осы санитариялық қағидалар мынадай қызметтерді жүзеге асыратын тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қолданылады:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту (барлық үлгідегі балалар-сәбилер бақшалары, балалар толық және қысқа мерзімге болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу орталықтары, бала күтуші қызметтері);
2) жалпы орта білім беру (мектептер, гимназиялар, лицейлер) бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер) және жоғары кәсіптік білім беру (университеттер, академиялар, институттар және оған теңестірілгендер (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер), сондай-ақ арнайы және түзету оқу бағдарламаларын іске асыру;
3) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың тұратын орындарын ұйымдастыру (сәбилер үйлері, жетім балаларға және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, интернат ұйымдары, жасөспірім балалар үйлері, пансионаттар, медреселер, жетімханалар және басқалары);
4) балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және дене тәрбиесін (қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жастар шығармашылығы орталықтары, музыкалық, спорт және көркемсурет мектептері, жасөспірім балалар орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттары, оқу курстары және басқа да мектептен тыс ұйымдар) ұйымдастыру.
3. Санитариялық қағидаларды қабылдағанға дейін пайдалануға берілген балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген мерзімдерде осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келтіріледі.
4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу кезінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізіледі.
6. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) шағын жинақталған мектеп – оқушылар контингенті аз, біріккен сынып-жиындары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше түрі бар жалпы білім беру мектебі;
2) арнайы киім – шикізаттарды, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектерден, микроорганизмдерден және басқа да ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиыны;
3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тамақтардың сапасын бағалау;
4) гимназия – оқушылардың бейімділігі мен қабілеттілігіне байланысты бастауыш, негізгі орта және гуманитариялық салалар бойынша жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
5) дайындау бөлмесі – азық-түлік шикізаттарын дайындау және жартылай фабрикаттарды өңдеу жүргізілетін үй-жай;
6) дайындау алдындағы бөлме – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімін дайындауды жүзеге асыратын үй-жай;
7) дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене күші қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
8) жалпы бiлiм беру мектебі – әрқайсысы жеке қызмет істей алатын, бастауыш, негізгі және жоғары үш деңгейді қамтитын негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беретін оқу орны;
9) жартылай фабрикаттар – алдын ала жылумен өңдеуге дайындалған шикі тамақ өнімдері;
10) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімін шығару (дайындау), айналысы үдерістерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мерзімі өткенше тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану үшін қауіпсіз болып саналатын кезең;
11) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, тәрбиелеу мен білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемесі;
12) жиынтық оқу жүктемесі – факультативтік және секциялық сабақтарды, үйірмелерді өткізуге бөлінетін сағаттары бар оқу сағаттарының жиынтығы;
13) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясының нормаланатын көрсеткiші;
14) интернат ұйымдары – тұратын орын бере отырып, белгiлi бiр санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;
15) интерлиньяж – кітаптағы және басқа да баспа басылымдарындағы екі жол арасындағы аралық, ашық жер;
16) кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары (бұдан әрі – КББО);
17) қажу – жұмысқа қабілеттіліктің, организмнің функционалдық мүмкіндігінің уақытша төмендеу жағдайы;
18) қатарластырып орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру;
19) кегль (кегель) – әріптің биіктігін (очко) және оның астыңғы және үстіңгі бос аралығын қоса алғандағы қаріп өлшемі, пунктпен өлшенеді – 1 пункт 0,376 миллиметрге тең (бұдан әрі – мм);
20) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
21) қоғамдық тамақтану – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты қызмет;
22) балаларға қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын дамытудың, денсаулығын нығайтудың және кәсібін өзі белгілеудің, шығармашылық еңбегінің, олардың жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеудің, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастырудың қажетті жағдайларын қамтамасыз етуге арналған мектептен тыс мекеме;
23) күні – балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарындағы белгіленген күн тәртібі;
24) литера – дөңбек жағында бедерлі әріп, сан немесе белгі бейнеленген типографиялық қорытпадан, ағаш немесе пластмассадан жасалған тік бұрышты шағын білеу;
25) лицей – оқушылардың бейiмділіктері мен қабiлеттерiне сәйкес тереңдетiп, бейінді, саралап оқытуды көздейтiн негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын орта білім беретін оқу орны;
26) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту ұйымы (бұдан әрі – МДТОҰ) – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қызметтің ерекше түрлерін есепке ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада көзделген басқа да қызметтерді көрсететін, сыйымдылығы 4-тен 12-ге дейін топтар болатын мектепке дейінгі ұйымдар;
27) мектеп алды сыныптары – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;
28) мектеп оқулығы – нақты білім саласындағы материал қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің деңгейінде жүйелі түрде берілетін оқушыларға арналған кітап;
29) оқу сағаты – техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшiн сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;
30) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие үдерісіне оқушылар мен тәрбиеленушілердің қатысуының нормаланатын жиынтығы;
31) оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ і білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар, денсаулық сақтау және білім беру органдарының оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады;
32) оқу құралы – тиiстi оқу бағдарламасының белгiлi бiр пәнi бойынша материалы мазмұндалатын оқушылар мен тәрбиеленушiлерге арналған әдебиет;
33) оңтайлы микроклиматтық жағдай – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылуы жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;
34) ортасына орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топпен орналастыру;
35) очко – литерде, стереоүлгіде дөңбек жағында бедерлі әріптерді немесе белгілерді басып шығаратын бет;
36) периметрлік орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаға (периметр бойынша) жақын орналастыру;
37) петит – 8 пунктке (3 мм жуық) сәйкес келетін типографиялық қаріп, кегль (өлшем);
38) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
39) рухани (діни) білім беру ұйымдары – діни қызметкерлерді даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
40) сақтау мерзiмi – тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттарда көрсетiлген өздерiнiң барлық қасиеттерiн сақтайтын, белгiленген шарттарды сақтау кезеңi;
41) санитариялық-аулалық қондырғылар (САҚ) – жерүсті бөлiгi мен қазылған шұңқыры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, объектінің аумағында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын тығыз бір біріне тығыз жалғасқан материалдармен (тақтайлармен, кірпіштермен, блоктармен) жасайды. Шұңқыр су өткізбейтін материалдан жасалады. Шұңқырдың тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден аспайды;
42) сәбилер үйі – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, некесіз жас аналардан туған балаларды, сондай-ақ ақыл-есі мен дене бітімі кемтар балаларды тәрбиелеуге және оларға медициналық көмек көрсетуге арналған мемлекеттік мекеме;
43) септик – сарқынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камераны қамтитын, көлденең үлгідегi жерастындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;
44) спорт объектілері – балалар және жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік жұмыстарды және бос уақытты мәдени ұйымдастыратын және жүзеге асыратын ұйымдар;
45) сыныптардың толықтырылуы – бұл оқу сыныбының үй-жайының ауданына қатысты сыныптағы оқушылардың саны;
46) тауар көршiлестiгі – тауардың сапасына әсер ететін ластануын және бөгде иістердің сіңуін болдырмайтын, шикі және дайын өнімдердің бірге сақталуына және өткізуіне жол бермейтін жағдайлар;
47) таңертеңгi сүзгi – инфекциялық аурудың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар;
48) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелген мерзiм iшiнде тасымалдаудың, сақтаудың және өткiзудiң арнайы талаптарын қажет ететiн тамақ өнiмдерi;
49) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті механизмдердің, машиналардың, құрылғылардың, құралдардың жиынтығы;
50) табиғи жарықтандыру коэффициентi (бұдан әрi – ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандырудың нормаланатын көрсеткiші;
51) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелік нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;
52) топтық бөлiк – бiр топтағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруға арналған үй-жайлардың жиынтығы;
53) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны;
54) түсіру орны – азық-түлік шикізаттарын және тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;
55) форзац – екі төрт беттік парақ, оның біреуі кітап блогының бірінші парағын мұқабаның алдыңғы жағымен біріктіреді, ал екіншісі – блоктың соңғы парағын артқы бетімен қосады;
56) халықтың аз қозғалатын топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және онымен ауыратын мүгедектер, сондай-ақ алып жүрушінің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар;
57) шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (шағын орталықтар) – сыйымдылығы 3 топқа дейін, жеке тұрған ғимаратта, көп пәтерлі тұрғын үйде, сондай-ақ ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
58) шмуцтитул — жеке, таза, мәтінсіз, әдетте тақ санды беттегі оқулық бөлімінің тақырыбы (айдары);
59) кәріп гарнитурасы – әртүрлі кегльдері (өлшемдері) бар, бірақ очколарының суреттері бірдей кәріптер жиынтығы.



Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет