5. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру
объектілерін сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға,
жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
109. Объектілерде жұмысқа жарамды жағдайда болуы тиіс орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау жүйесі, кәріздеу және суағарлар көзделеді.
110. Объектілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгенталаптарға сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.
111. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті сумен жабдықтау жүйесі жабдықталады.
112. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша тасымалданатын сумен жабдықтауға жол беріледі және қолмен су құятын қолжуғыштар орнатылады.
113. Тасымалданатын суды пайдаланатын объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған ыдыстар орналастырылған жеке үй-жай көзделеді. Ыдыстарда таңба (ауыз су), су алатын кран болуы тиіс және олар апта сайын (және қажет болғанда) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, тазалауға және дезинфекциялауға жатады. Ауыз суға арналған ыдысты басқа мақсатта пайдалануға жол берілмейді.
114. Суды тасымалдауды оған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған кезде немесе ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған арнайы таңбаланған ыдыстарда жүргізеді.
115. Тамақ өнімдерін өңдеу және тамақ дайындау технологиялық үдерістерінде, асханалық ыдыстарды, жабдықты, мүкәммалды жуу, үй-жайларды санитариялық өңдеу, жеке гигиена үшін пайдаланылатын суық және ыстық су Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
116. Объектілердегі дәретханаларда, буфеттерде, кір жуатын орындарда, себезгі бөлмелерде, интернат ұйымдары мен тұратын орындардың жуынатын, кір жуатын, себезгі бөлмелерінде, жеке гигиенаға арналған бөлмелерінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету бөлмелері және ас блогында орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, су жылытқыштардың көмегімен алынатын ыстық су көзделеді.
117. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен келіскен кезде өзінің от жағу орнының ыстық суымен жабдықтауға жол беріледі.
118. Объектілерде ауыз су ұйымдастырылуы тиіс. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтар мен шөлмектерге өлшеп-құйылған су сапасы мен қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Қайнаған су 3 тәуліктен аспай сақталған жағдайда, оны пайдалануға жол беріледі.
119. Стационарлық су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасындағы биіктігі кемінде 10 см болатын шектеу сақинасын көздейді.
120. Су ішу үшін таза ыдысты (шыны ыдысты, фаянсты ыдысты, бір рет қолданатын стақандарды) пайдаланады, таза және пайдаланылған ыдыс үшін таңбаланған жеке поднос немесе бір рет қолданылған ыдысты жинау үшін контейнерлер бөлінеді. Ыдысқа құйылған суға оның қайдан әкелінгендігін, сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары қоса беріледі.
121. Ауыз су үшін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыт ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.
122. Кәріздеу жүргізілмеген аудандарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша септигі бар жергілікті кәріздеу жүйесі жабдықталады. Септикті тазалау 2/3 көлемде толтыру бойынша жүргізіледі.
123. Орталықтандырылған кәріз тазарту құрылыстары болмаған жағдайда, сарқынды суды бұру жергілікті тазарту құрылыстарының жүйесімен жүзеге асырылады.
Тамақ өнімдері сақталатын және өңделетін және тамақ дайындалатын үй-жайларда, медициналық үй-жайларда кәріздеу діңгектерін және құбырларды орнатуға жол берілмейді.
124. Объектілер ғимараттарының әрбір қабатында және жеке блоктарында балалар (бозбалалар) мен қыздар (бойжеткен қыздар), сондай-ақ педагогтар мен қызмет көрсететін персонал үшін бөлек санитариялық тораптар көзделеді. Санитариялық тораптарға кіретін жерлерді оқу үй-жайларына кіретін жерлерге қарама-қарсы және олардың жанында орналастырмайды. Санитариялық аспаптар саны мен көлемін осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ұйымның түріне және бейініне байланысты көздейді.
125. Арнайы түзету мектеп-интернаттарының жалпы мектеп үй-жайларының санитариялық тораптарындағы санитариялық құралдардың, гигиеналық жабдықтардың саны мекеменің мынадай бейінін есепке ала отырып есептеледі:
1) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп- интернаттарда 20 қызға 1 унитаз және 30 қызға 1 қолжуғыш, 30 ер балаға 1 унитаз және 0,5 м болатын писсуар және 1 қолжуғыш; мектеп-интернаттың персоналына арналған дәретханаларда қолжуғышы бар 1 унитаз болады;
2) соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарда 20 қызға 1 унитаз және 30 қызға бір қолжуғыш; 30 ер балаға 1 қолжуғыш, 1 унитаз және 0,5 м болатын писсуар; оқу-тұрмыстық блоктағы персоналға арналған 1 дәретхана болады. Писсуарлардың жанына бекіткіш тұтқаларды орнатады;
3) саңырау, сөйлеу кемшіліктері бар, нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттарда жабдықты жалпы білім беретін мектеп- интернаттарға арналған нормалар бойынша орнатады;
4) ақыл-есі дамымаған балаларға арналған мектеп-интернаттарда 20 қызға 1 унитаз және 40 қызға 1 қолжуғыш; 30 ер балаға 1 унитаз бен 1 писсуар және 40 ер балаға 1 қолжуғыш; қызметкерлерге арналған дәретханалардың әрқайсысында бір унитаз бен қолжуғыш болады;
5) қолжуғыштарды 18 орынға 1 қолжуғыш есебімен тамақ ішетін залдың жанындағы өтпелі емес үй-жайларда немесе залға кіретін жерлер мен дәліздерде (3,6 – 4,0 м дейін) орнатады; соқыр және нашар көретін балалар үшін 10 орынға 1 қолжуғыш; ақыл-есі дамымаған балалар үшін 15 орынға 1 қолжуғыш орнатады.
126. Сәбилер үйлерінің, МДТОҰ, жалпы білім беретін мектепалды даярлық және бастауыш сыныптардың, интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының дәретханаларында балаларға арналған унитаздар орнатылады.
Көркемөнер шығармашылығымен айналысуға арналған шеберханалар ыстық және суық су келтірілген қолжуғышпен жабдықталады, сурет салу және жабыстыру шеберханаларын екі қолжуғышпен, оның біреуін раковинамен және кең үстелмен жабдықтау қажет.
Жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар ыстық және суық су келтірілген қолжуғышпен жабдықталуы тиіс.
127. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша IV климаттық аудан үшін және селолық елді мекенде САҚ-ты орнатуға жол беріледі (75 адамға 1-еу).
128. САҚ-та жердің үстінде орналасқан үй-жайлары мен қазылған шұңқыр болады және оларды ғимараттан 25 м қашықтықта орналастырады. Жердің үстінде орналасқан үй-жайларды бір-біріне тығыз жалғасқан материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) салады.
Қазылған шұңқырды су өткізбейтін материалдан жасайды. Шұңқырдың тереңдігі топырақты су деңгейіне байланысты, бірақ 3 м аспайды.
САҚ айналасында жаңбырдың және еріген суды ағызуға арналған еңісті бетон құрылғылар көзделеді.
САҚ салу кезінде желдету қорабын шұңқырдан шатырдың төбесінен жоғары шығару, сондай-ақ табиғи желдету көзделеді.
129. Кәріздеу жүргізілмеген аудандарда суды қолмен құятын қолжуғыштар орнатылады.
130. Объектілердің негізгі үй-жайларының табиғи жарығы болуы тиіс. Жобалау кезінде ТЖК шамасы үй-жайдың терезеден барынша алыстағы нүктесінен кемінде 1,5% көзделеді; көруі және естуі нашар балаларға арналған мектеп-интернаттарда – 2,5 %, олардағы мектепке дейінгі топтарда – еденнің деңгейінде 2% көзделеді. Жарық коэффициенті 1/5 деп көзделеді.
131. Оқу үй-жайлары терезелерінің бағытын көкжиектің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бетіне қаратады. Сызу кабинеттерінің, сурет салу кабинеттерінің, сондай-ақ асүйдің терезелері солтүстікке, солтүстік-шығысқа және солтүстік-батысқа қарайды; есептеу техникасы кабинетінің терезелері солтүстікке, солтүстік-шығысқа қарайды.
132. Объектілерде дәліздердің, дәретханалардың, рекреациялық емес киім ауыстыратын бөлмелердің, сондай-ақ табиғи жарықтандырусыз жобалауға рұқсат етілген барлық бөлмелердің қабырғаларында әйнекті арақабырғаларды немесе фрамугаларды салу арқылы екінші жарықты түсіруге жол беріледі.
133. Мыналар:
1) МДТОҰ-да, сәбилер үйлеріндегі коммуникациялық жүйелер үй-жайлары (су құбырларының және кәріздеу бөлмелері, желдету және ауаны салқындату камералары), рекреациялық емес дәліздер, қойма және тұрмыстық бөлмелер, мүкаммалға арналған бөлмелер, жуынатын, себезгі бөлмелері мен дәретханалар, дезинфекциялау құралдарын дайындайтын бөлмелер, қоймалар;
2) жалпы білім беретін, арнайы (түзету) және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында: снаряд қоятын бөлмелер, қойма үй-жайлары (тез жанатын сұйықтықтарды сақтайтын бөлмелерден басқа), кітап сақтайтын бөлмелер, бойлер тұратын бөлмелер, су құбырлары мен кәріздеу сорғылары, желдету және ауа баптау камералары;
3) ТКБ, ЖОО-да: кітап сақтайтын бөлмелер, акт залдары, телестудиялар, фотозертханалар, киім ілетін орындар, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар;
4) мектептен тыс ұйымдарда: қойма және тұрмыстық бөлмелер, мүкәммалға арналған, снаряд қоятын, жуынатын бөлмелер, спорт залдарының және бассейннің жанындағы себезгі бөлмелері және дәретханалар, персоналға арналған дәретханалар, қыздарға арналған жеке гигиена бөлмелері, радиотораптар, кино-фотозертханалар, кітап сақтайтын бөлмелер, бойлер тұратын бөлмелер, су құбырлары мен кәріз сорғылары, желдету және ауа баптау камералары, дезинфекциялау құралдарын дайындайтын үй-жайлар, ғимараттың инженерлік және технологиялық жабдығын орнату және басқару үй-жайлары;
5) жалпы білім беретін ұйымдарда: акт залдары, кулуарлар, фойе, киім ілетін орындар, киім ауыстыратын бөлмелер, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, радиотораптар, фотостудиялар және оларға зертханалар, асханалардың тамақтану залдары және ас блогының өндірістік үй-жайлары табиғи жарықтандырусыз жол беріледі.
134. Оқу үй-жайларында сол жақты бүйірден жарықтандыру көзделеді. Екі жақты жарықтандыру кезінде, оқу үй-жайларының тереңдігі 6 м астам болған жағдайда, төбеден кемінде 2,2 м биіктіктегі оң жақты жарықтандыру көзделеді. Негізгі жарық ағынының оқушылардың алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.
135. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақты табиғи бүйірден жарықтандырумен және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандырумен қамтамасыз етуге жол беріледі.
136. Күндізгі жарықты барынша пайдалану және оқу үй-жайларын біркелкі жарықтандыру үшін ағаштарды ғимараттардан 15 м жақын емес, бұталарды – 5 м жақын емес қашықтықта отырғызады. Терезе әйнектерін бояуға жол берілмейді.
137. Топтық бөлмелердегі, ойын және жатын бөлмелердегі жарық түсетін саңылауларды реттелетін күннен корғайтын құрылғылармен (жалюзді, перделерді) жабдықтайды. Жатын үй-жайлардағы терезелер балалар ұйықтаған кезде перделермен жабылады, басқа кезде перделерді түріп қояды.
138. Терезелердің алдына табиғи жарықтандыруды азайтатын үлкен жапырақты гүлдерді орналастыруға жол берілмейді.
139. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді. Жекелеген функционалды аймақтарды және жұмыс орындарын жарықтандыру үшін жергілікті жарықтандыру орнатылады.
140. Жасанды жарықтандыру үшін люминесценттік, қызу және электр қуатын сақтайтын шамдарды пайдаланады. Бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Шамшырақтар қорғаныш құрылғыларымен жабдықталады. Қыздыру шамдарымен жарықтандыру кезінде штангадағы аспалы шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды қолданады.
141. Люминесценттік шамдарды сыртқы қабырғадан 1,2 м және ішкі қабырғадан 1,5 м қашықтықта жарық түсіретін қабырғаға параллель орналастырады
142. Жасанды жарықтандыру реттелетін және адамның көзін шағылыстырмайтын және басқа да қолайсыз әсері жоқ қауіпсіз болып көзделеді. Білім беру ұйымдарының үй-жайларындағы және балалар мен жасөспірімдер тұратын орындардағы жасанды жарықтандыру осы Санитариялық қағидаларларға 7-қосымшаға сәйкес нормаланады.
143. Күннен қорғайтын реттелетін құрылымының бастапқы қалпы терезенің жарық түсіретін алаңын азайтпауы және ТЖК нормаға келтірілген шамасын төмендетпеуі тиіс.
144. Сынып тақтасы оған параллель орнатылған екі шаммен жарықтандырылады, олар тақтаның жоғарғы шетінен 0,3 м жоғары және алдыңғы жағынан 0,6 м аралықта орналасады.
145. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған объектілердегі оқу үй-жайларында (сыныптарға, кабинеттерге, зертханаларға, шеберханаларға), сондай-ақ оқу залдарына қызу шамдары қолданылатын жасанды жарықтандырудың аралас жүйесі жүргізіледі.
Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық деңгейі мынаны құрайды:
1) жоғары деңгейдегі күрделі алыстан көрмейтін және жоғары деңгейдегі жақыннан көрмейтін оқушылар үшін – 1000 лк; көздің торлы қабығы мен көру нерві зақымдалған (көздің қарығуы болмайтын) балалар үшін – 1000 – 1500 лк;
2) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетін оқушылар үшін 500 лк-тен артық емес;
3) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк деңгейінде болады;
4) әр жұмыс орнына қуаты 40 ватт болатын қыздыру шамдары қолданылатын жергілікті жарықтандыру шамдарын орнатады. Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітіледі және еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге болатын иілімді кронштейні болуы тиіс.
146. Істен шыққан шамдар уақтылы ауыстырылады. Жұмыс істемейтін, істен шыққан люминесценттік шамдарды балалар мен оқушылар кірмейтін жеке үй-жайда сақтайды. Пайдаланылған люминесценттік шамдарды қоқыс жинайтын контейнерлерге тастауға жол берілмейді. Оларды сақтау және шығару мекеме басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі. Пайдаланылған шамдарды жою және кәдеге жаратуды осындай қызмет түріне арналған лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.
147. Объектілердің балалар тұрақты болатын үй-жайларында штепсельді розеткаларды және ажыратқыштарды еденнен 1,8 м биіктікте орналастырады.
148. Вестибюльдерде, дәліздерде, рекреацияларда, гимнастика және акт залдарында, оқу шеберханаларында, ұйымдардың баспалдақтарында (еденде, негізгі аралықтардың сызығы бойынша және сатыларда) 5 лк болатын авариялық жарықтандыру жүргізіледі.
149. Терезелердің әйнегін жылына 3 – 4 рет және ішін айына бір рет жуады және тазалайды. Жарықтандыру арматурасын тазалауға балаларды тартуға жол берілмейді.
150. Объектілердің ғимараттары орталықтандырылған жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
151. Орталықтандырылған жылыту көзі болмаған жағдайда жеке қазандықты және газ жылуын пайдалануға жол беріледі.
152. Ауылдық елді мекендердегі орын саны 300-ден аспайтын аз жасақталған ауылдық ұйымдардың бір қабатты ғимараттарында пеш құрылғысына жол беріледі. Пеш жағу жеке кіретін жері бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.
1-ші қабатта орналасқан сәбилер үйі, МДТОҰ ойын бөлмелерінде жылы едендер көзделеді.
153. Сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-ғы балалардың күйікке шалдығуын және жарақат алуын болдырмау үшін жылыту құралдарын алмалы-салмалы ағаш торлармен қоршайды. Басқа ұйымдарда жылыту құралдарын сыртқы қабырғаларда, терезелердің астында, қоршаусыз орнатады.
154. Сору желдеткіші жүйесінің жекелеген жүйелері оқу сыныптарында, кабинеттерде (ауамен жылытылмайтын жағдайда), зертханаларда, акт залдарында, дәрісханаларда, оқу шеберханаларында, спорт залдарында, бассейндерде, тирлерде, асханада, медициналық пунктте, киноаппарат бөлмесінде, санитариялық тораптарда, тазалау мүкәммалын дезинфекциялау және өңдеу бөлмелерінде көзделеді.
155. Асханалардағы ауаның алмасуы технологиялық жабдықтан бөлінетін артық жылуды сіңіру есебімен жүргізіледі. Ас блогының өндірістік үй-жайларына тамақтанатын зал арқылы бір орынға сағатына 20 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ) көлеміндегі ауаның кіруі көзделеді. Ауаны өндірістік үй-жайлар арқылы шығарады.
156. Зертханаларда, оқу-өндірістік шеберханаларда, дәрісханаларда, курстық және дипломдық жоба залдарында, акт және спорт залдарында, асханаларда, медициналық мақсаттағы үй-жайларда және санитариялық тораптарда сору желдеткішінің жеке жүйелері көзделеді.
157. Сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да ыстық сумен жабдықтау жүйесіне киім ауыстыратын орындардағы сыртқы киімді кептіруге арналған шкафтарда орналасқан жылыту құралдарын жалғайды.
158. Фрамугаларды және терезе желдеткіштерін жылдың кез-келген уақытында мақсатына сай қолданады. Металлопластикті терезелерді орнату фрамугаларды, терезе желдеткіштерін немесе күрделі ашумен жүзеге асырылады. Терезе желдеткіштерін ауданын еден ауданына кемінде 1:50 болатын қатынаста көздейді.
159. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді балалар болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретханалар арқылы жүргізбейді.
160. Жатын бөлмелерде жылдың салқын мезгілінде фрамугаларды немесе терезе желдеткішін балаларды ұйықтату алдында 30 минут бұрын жабады, сосын ұйықтаған кезде ашып, балалардың ұйқыдан тұруынан 30 минут бұрын жабады. Жылдың жылы мезгілінде ұйықтаған кезде терезелер мен фрамугалар ашық қалдырылады.
161. Ұйымдардың негізгі (топтық ұяшықтар, оқу, тұрмыстық) үй-жайларындағы, сондай-ақ себезгі бөлмелері мен спорт залдың жанындағы киім ауыстыратын орындардағы, спорт залындағы, медициналық пункттің үй-жайларындағы ауа температурасын бақылау үшін балалардың бойына байланысты ішкі қабырғаға 0,8 – 1,2 м биіктікте бекітілген термометрлер орнатылады.
162. Оқу үй-жайларын үзіліс кезінде, рекреациялық бөлмелерді – сабақ өткізу кезінде желдетеді. Сабақтар басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу бөлмелерін өтпелі желдету жүргізіледі.
163. Станоктарда және механиздермен жұмыс істегенде жылу мен шаң көп бөлінетін шеберханалар сору-тарату желдеткішімен және жергілікті шаң ұстағыштармен және сору құрылғылармен жабдықталады. Объектілерде үй-жайлардың қолайлы микроклиматтық жағдайлары (температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі.
164. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы мынадай болып көзделеді:
1) жатын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, зертханаларда, кітапханада, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін және демалу үй-жайларында, компьютер сыныптарында, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда плюс 18 – 22 градус Цельсий (бұдан әрі – оC);
2) тамақтану залдарында, буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, қоймаларда және киім-кешек бөлмелерінде +16оC;
3) физиотерапевт кабинеттерінде, массаж кабинеттерінде +28оC;
4) медициналық үй-жайларда, топ бөлмелерінде, балалар тобындағы киім ауыстыратын орындарда, балалар тобындағы жатын бөлмелерде, балалар тобындағы дәретханаларда +20 – 22оC, оңтайлы ылғалдылық – 40 – 60оC;
5) оқу шеберханаларында, спорт залында және секциялы сабақтарды өткізуге арналған бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін орындарда, асханада, киімдер мен аяқ киімдерді кептіру бөлмелерінде + 15 – 17оC;
6) спорт залының киім шешетін орнында +19 – 23оC;
7) ваннасы бар бассейн үй-жайларында +30оC;
8) себезгі бөлмелерінде +25оC;
9) дәрігерлер кабинеттерінде +21 – 23оC.
10) Үй-жайлардағы ауаның оңтайлы ылғалдылығы 40 – 50 % -ды, асүйде және кір жуатын бөлмелерде 60 – 70 % -ға дейін құрайды.
165. Жыл сайын объектілерде сумен жабдықтау, кәріздеу, электрмен жабдықтау жүйелеріне, жылыту кезеңінің басталуына қарай жылыту және желдету жүйелеріне ревизия және жөндеу жүргізеді.
166. Апатты ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
Объектілердің ғимараты объектінің апаттылығы туралы құзырлы органдардың актісі болған кезде апатты жағдайда деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |