Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен



бет5/22
Дата05.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#25715
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
4. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен
білім беру объектілерін жабдықтауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

70. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалар мен жасөспірімдердің бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Жабдықтың жиыны, саны мен көлемін мекеменің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін және қауіпсіздік техникасын сақтауды есепке ала отырып көздейді. Арнайы түзету білім беру ұйымдары үй-жайларының жиһазы мен жабдығы педагогикалық үдерістің ерекшелігі мен емдiк-қалпына келтiру іс-шараларын ескеруі тиіс.


71. МДТОҰ, жалпы білім беру және интернат ұйымдары және ТКБ жиhазының негiзгi өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларларға 5-қосымшада көрсетілген.
72. Сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО, МДТОҰ, жалпы бiлiм беру және интернат ұйымдарында жиhазды өлшеміне сәйкес таңбалайды.
73. Барлық стационарлық жабдық берік бекiтіледi.
74. Сәбилер үйлеріндегі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, КББО, МДТОҰ және интернат ұйымдарындағы қабылдау бөлмелері және киім ауыстыратын бөлмелер балалардың және персоналдың сыртқы киіміне арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады. Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және оларда бас киімге арналған сөрелері бар ұяшықтар мен сыртқы киім ілетін ілгіштер болады.
75. Жабдық, жиһаз, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитариялық-техникалық құралдар жұмыс жағдайында болуы және мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. Үй-жайларды әрлеудегі ақаулар мен жабдықтың, жиһаздың істен шығуы уақтылы қалпына келтіруге немесе ауыстыруға жатады.
76. Объектілердің дәретханаларында және санитариялық тораптарында жуынатын раковиналар, электрлі сүлгілері немесе бір рет қолданылатын гигиеналық сүлгілер, сұйық сабын дозаторы, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады.
77. Сәбилер үйлері топтарының дәретхана үй-жайларын сүлгілерге арналған ілгіштермен, жуынуға арналған раковиналармен, жуатын ванналармен, унитаздармен, түбектерге арналған шкафтармен, шаруашылық мақсатта қолданылатын шкафпен және ағызу жүйесімен жабдықталады. Кіші және орта топтарда ілгіштерді ересек адам бойының дейгейінде (еденнен 1 – 1,3 м биіктікте) орналастырады. Сүлгілерге арналған ілгіштерді жасы 2-ден асқан балалар топтарында 60 – 80 см биіктікте орналастырады.
78. 1,5 жасқа дейінгі балалар топтарында дәретхана бөлмелерінде ересектерге арналған бір қолжуғышты, ағызу жүйесін, ваннаны орналастырады. Үстелді және кір киімге арналған бакты қолжуғышпен қатар орналастырады.
79. 1,5 жастан жоғары топтардағы дәретхана бөлмелерінде балаларға арналған екі қолжуғыш, балаларға арналған бір унитаз, ағызу жүйесін, себезгі тұғырығы, түбектерге арналған таңбаланған ұяшықтары бар шкаф-стеллаждар орнатылады.
80. 6 айлыққа дейінгі сәбилер үшін топтарда 1 – 2 жеке манежді, өлшемі 2,4 х 1,2 х 0,8 м болатын ортақ манеждерді, құндақтау үстелдерін орналастырады. 1 жастан асқан сәбилерді тамақтандыру аймағын тамақтандыруға арналған арнайы 2 орынды үстелдермен жабдықтайды.
81. МБТОҰ-ның дәретхана бөлмелерінде балалардың сүлгілеріне және жеке гигиена заттарына арналған жеке ұяшықтары бар қабырғалық немесе аспалы ілгіштер; бөбек топтарында қосымша жеке таңбаланған түбектерге арналған бөлек ұяшықтары бар шкафтар орнатылады.
82. Сәбилер үйлерінде және МБТОҰ-да балаларға арналған санитариялық құралдар еденнен мынадай биіктікте көзделеді: бөбек және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қолжуғыштар 0,4 м; орта және жоғары мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қолжуғыштар 0,5 м; биіктіктегі тұғырларға бекітілген ванналар 0,6 м; сәбилерге және бірінші кіші топтарындағы балаларға арналған терең себезгі тұғырларын 0,3 м (себезгі торының тұғырық табанынан 1,5 м биіктікте орналасқанда); мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кішкентай себезгі тұғырларын 0,3 м (себезгі торының тұғырық табанынан 1,5 м биіктікте орналасқанда).
83. Жалпы білім беру ұйымдарындағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, КББО, ТКБ, ЖОО-дағы санитариялық тораптардағы унитаздарды жабық кабиналарда орналастырады. Кабиналарды еденнен 1, 8 м биіктікте және еденге 0,2 м жетпейтін қашықтықтағы арақабырға – экрандармен бөледі. 1-сыныптар үшін қолжуғыштардың үстіңгі бетінің биіктігі 0, 5 м, 2 – 4-сыныптар үшін 0, 6 м, 5 – 11(12)-сыныптар үшін 0, 7 м етіп көздейді.
84. Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын МБТОҰ-дағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын МБТОҰ-дағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
85. МБТОҰ-дағы жатын бөлмелерді жеке стационарлық төсектермен жабдықтайды. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған төсектердің ұзындығы жататын жердің және қоршауының өзгермелі биіктігімен бірге 120 см, ені 60 см; 3 – 7 жастағы балалар үшін – ұзындығы 140 см, ені – 60 см құрайды.
86. Балалар күндіз болатын мектепке дейінгі топтарда ауданы 1 балаға кемінде 2 м2 болатын норма сақталған кезде және екі қабатты төсектердің жататын жерінен кемінде 0,3 м биіктікте қоршау болған жағдайда, екі қабатты және жазылатын қатты төсектерді пайдалануға жол беріледі.
87. Сәбилер үйлеріндегі жатын бөлмелер төрт жағынан қоршалған, ұзындығы 1,2 м, ені 0,6 м стационарлық төсектермен жабдықталады. Жататын жердің биіктігі балалардың жасына байланысты еденнен 0,5 немесе 0,3 м құрайды. Қоршаудың еденнен биіктігі 0,95 м.
88. Пайдаланылатын әдістемеге байланысты жалпы нығайтатын (шынықтыратын) емшараларды жүргізу үшін мынадай жабдық көзделеді: салқын сумен белгілі жерге құйынуға арналған 0,5 л шөміш, шағын ағаш мінбелер; жеке таңбаланған сүлгілер, құрғақ және сулы сүртінуге арналған мохерден жасалған қолғаптар және басқа да қажетті жабдық.
89. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар белгіленген өлшемдегі жұмыс үстелдерімен және орындықтармен жабдықталады. Парталар, үстелдер, шкафтардың түсі табиғи ағаш түстес немесе ашық жасыл болуы тиіс. Отырғыштарды, табуреттерді және арқалығы жоқ орындықтарды пайдалануға жол берілмейді.
90. Әрбір тәрбиеленуші мен оқушы бойына және денсаулық жағдайына сәйкес партада немесе үстелде жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Оқу жылының басында сынып журналында орналастыру схемасы мен денсаулық парағы толтырылады. Парталар олардың нөмірлеріне қарамастан, есту және көру қабілеті нашар балалар отыратын парталарды бірінші қатарға орналастырады. Көру қабілеті төмен оқушылар отыратын парталарды терезе жақтағы бірінші қатарға орналастырады. Жіті респираторлық аурулармен, баспамен, суық тию ауруларымен жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызады.
91. МДТОҰ-да оқуға арналған жиһазды орналастыру кезінде мына талаптар орындалады:
1) үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын жарық түсіретін қабырғаға қарай орналастырады;
2) 4 орынды үстелдерді кемінде 2 қатарға, 2 орынды үстелдерді кемінде 3 қатарға орналастырады. Үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болып көзделеді; 1-ші қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы 1 м, бірінші үстелдерден тақтаға дейінгі қашықтық 2,4 – 2,7 м болады;
3) қабырғалық тақтаның төменгі шетінің ілмесінің биіктігі 0,7 – 0,8 м болады.
92. Негізгі оқу үй-жайларындағы жабдық арасында мынадай аралықтар мен қашықтықтар көзделеді:
1) алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см;
2) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғалардан бастап үш қатармен орналастырылған барлық қатардағы алдыңғы үстелдерге дейін кемінде 250 см;
3) үстелдер тобының арасы кемінде 140 см;
4) қатардағы үстелдер арасы кемінде 50 см;/
5) оқу үй-жайындағы сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі ең үлкен қашықтық 860 см;
6) барлық сыныптар үшін сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі (жұмыс жағдайында) 80 – 90 см;
7) оқу шеберханаларындағы станоктар (верстактар) арасы 130 см, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 170 см; қатарлардағы станоктар (верстактар) арасы 80 см, станоктардан қабырғаларға дейін 50 см;
8) тігін шеберханаларындағы аяқпен басатын машиналарды терезелердің бойымен бір қатарға орналастырады, бұл ретте машинаның табанына жарық сол жақтан түсуі тиіс.
Әрбір шеберханада ыстық және суық су келтірілген раковина орнатылады, орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда суды қолмен құятын қолжуғыштар орнатылады.
93. Сынып тақталарының өлшемі мен конфигурациясы әртүрлі болуы мүмкін: жылжымалы, ашылатын, биіктігі бойынша өзгеретін. Сынып тақталары бор үгіндісін жинауға, шүберекті немесе жұмсақ шүберекті қоюға арналған жері бар күңгірт немесе күңгірт қоңыр түсті болып көзделеді.
94. Есту қабілеті нашар балалар үшін парталар мен үстелдерді педагог үстелінің айналасына жартылай шеңбер түрінде орналастырады, есту аппаратурасын орнату үшін стационарлы бекітеді. Оқушылармен сабақ үстінде жеке оқыту үшін үстелдер мен парталар арасын кеңейтуге жол беріледі.
95. Шеберханалардағы жабдықты жарық түсіретін қабырғаға перпендикуляр немесе 30о – 45о бұрышпен орналастырады. Шеберхананы шуы аз жабдықпен жабдықтайды, шу мен дірілдің деңгейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.
96. Майлы көркем сурет шеберханаларын мольберттермен жабдықтайды және терезелерге перпендикуляр және паралелль орналастырады, акварельді көркем суретке және суретке арналған шеберханаларда мольберттер-бүйір қабырғаларда орналастырылған 2 модельдің жанында жартылай дөңгелек орналастырады. Кескіндеме және сурет шеберханаларына ауданы кемінде 9 м2 қойма тікелей жалғасып жатуы тиіс.
Мүсіндеу шеберханаларының жанында механикалық сору желдеткішімен жабдықталған, оқшауланған күйдіру бөлімшесі бөлінуі тиіс. Қолданбалы өнер және компазиция шеберханаларының жанында ауданы кемінде 9 м2 қойма, мүсіндеу шеберханаларының жанында саз бен гипсты сақтауға арналған екі қойма болуы тиіс.
97. Темір ұстасының бөлмесінің және ағаш кесетін аралас үстелдің ені кемінде 390 мм және биіктігі кемінде 325 мм қорғаныш экрандары болуы тиіс. Олар оң жақтан жарықтандыру кезінде терезелерге перпендикуляр орналастырылуы тиіс.
98. Дәнекерлеу жүргізілетін үстелдер мен шебердің үстелдері металлмен қапталады.
99. Физика мен химия кабинеттерін көтеріңкі жерде орналасқан демонстрациялық үстелдермен, белгілі өлшемдегі екі орынды оқушыларға арналған зертханалық үстелдермен жабдықтайды.
100. Химия кабинетін оқытушы үстелінің жанындағы сыртқы қабырғаның бойында орнататын сыртқа тарату шкафымен жабдықтайды.
101. Физика, химия, биология, информатика және есептеуіш техника кабинеттерінде аралас үй-жайларда 1 үй-жайға кемінде ауданы 18 м2 болатын зертхана көзделеді.
102. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтілерді жауапты адамның бақылауы арқылы таңбалайды, арнайы бөлінген сейфте сақтайды.
103. Соқыр балаларды оқытуға арналған үй-жайларды сабақтар үшін өлшемі мен арнайы құрал-жабдықтары Брайль бойынша оқулықтарды пайдалануға және оларды сақтауға мүмкіндік беретін көлденең тақталары бар үстелдермен жабдықтайды.
104. Соқыр және нашар көретін балалардың пайдалануы үшін аспаптар мен оқу құралдарының қосымша жиынтығын және арнайы оптикалық жабдықты қолдануға жол беріледі.
105. Күреске арналған залда жарақаттануды болдырмау үшін кемінде 2 м қабырғадан ашық жері бар орналастырылатын жұмсақ кілем болуы тиіс. Қабырғаның осындай ашық жерін ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде 1,5 м биіктікте қапталған төсеніш болуы тиіс. Кілемнің үстіне беті керілген және төзімді және жұмсақ материалдан жасалған жапқышы бекітілген жапқышпен жабылуы тиіс.
106. Спорттық төсеніштерді, жаттығуға арналған қаптарды жазықтық бойынша бірдей толтырады, тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы материалдардан жасайды. Былғары төсеніштерден басқа төсеніштерде матадан тігілген алмалы-салмалы тысы болуы тиіс.
107. Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен жабдықталады.
108. Хореографиямен айналысуға арналған залдағы балеттік көлденең ағаштарды еденнен 0,9 – 1,1 м биіктікте және қабырғадан 0,3 м қашықта орналастырады. Залдың бір қабырғасын биіктіктігі 2,1 м болатын айнамен жабдықталады. Залдың едені тақтайдан немесе арнайы линолеум төсемімен көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет