Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары


Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың педагогикалық жағдайлары



бет2/4
Дата01.12.2022
өлшемі30,9 Kb.
#160768
1   2   3   4
Байланысты:
Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыстары
www.zharar.com.docx-morf, Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау, Реферат та ырыбы Синтаксис терминіні ма ынасы. Синтаксис п нін, Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт
2.1 Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың педагогикалық жағдайлары.  Еңбек тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін педагогикалық жағдайлар қарастырылуы керек.
Оқушылардың еңбегін оқу, қоғамдық-пайдалы және өнімді еңбек мақсатын көздейтін оқу-тәрбие міндеттеріне үйлестіру керек. Осындай еңбек түрлерінде оқушы білік пен еңбек дағдыларын тәжірибеде қолдануды үйренеді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері отбасында, үйірме жұмыстарында қосымша білім мекемелерінде жүргізіледі.
Қоғамдық мәні бар еңбекті, оқушы қызығушылығын ескере отырып, бірге қарастыру керек. Жеке басы, отбасы, қоғам үшін атқаратын еңбегінің пайдасын түсінуі тиіс. Еңбектің маңызын түсіндіру, олардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі.
Атқарылатын еңбек баланың әл-қуаты мен күшін ескеруі қажет. Шамасы келмейтін жұмыстан нәтиже күтуге болмайды. Ондай жұмыс оқушылардың өзіне деген сенімін төмендетеді. Дейтұрғанмен де, атқарылатын жұмыс олардың шамасы келетін күш-қуатын жұмылдырып, өз қабілеттері деңгейінде орындалуы тиіс.
Еңбекті атқару үшін талап қою, шарт, өйткені бастапқы кезде балалар барлық қызығушылығымен жұмысқа кіріскенмен де, тез жалығады. Тәрбиешінің мақсаты бастаған жұмыстың нәтижесіне жету үшін бірқалыпты жүйелі жұмыс жасауға қалыптастыру. Сынып ұжымы әр ұжым мүшелерінен нәтижелі жұмысты талап етуге құқылы.
Ұжымдық және жеке бастық еңбек формасын үйлестіру. Оқушылар кішігірім топта, ұжымда бірімен-бірі түсіністікте еңбек етуге және жеке міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау жауапкершілігі жүктелуі шарт.
Еңбек тәрбиесі оқу еңбегінің щығармашылық белсенділігі мен нәтижелілігін, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының іргетасын қалайды.(12-20)
2.2 Оқушыларға кәсіби бағдар беру.Мектеп үнемі оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі. Оқушыларға кәсіби бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталады. Педагогтар мен психологтар оқушыларға кәсіби бағдар беру теориясы мен әдістемесін терең зерттеді (А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова, т.б.).
Кәсіби бағдар беру оқушы жастарға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді негіздеп түсіндіру. Дұрыс таңдалған мамандықтың, оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды.
Таңдаған мамандықтың әлеуметтік маңызы қоғам талаптарына сай абыройлы, шығармашылық сипатта және материалдық жағынан жоғары болуы құнды.
Заман ағымына қарай қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.
Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады: кәсіби ағартушылық, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби таңдау, кәсіби бейімділік.
Кәсіби ағартушылық жұмыс оқушыларға әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктер туралы білім туралы және сол мамандыққа қажет психогиялық-физиологиялық талаптармен таныстыруы тиіс. Оқушыларды шаруашылық пен өндіріске, түрлі жеңіл өнеркәсіп салаларына қажетті мамандықтармен таныстыру жұмысы жүргізіледі. Мектеп пен ата-аналар бірігіп, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына белсенді түрде түрткі тудырып, мамандық таңдауға жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Кәсіби диагностикалық жұмыс арнайы мамандардың жастардың таңдаған кәсібіне жарамдылығын белгілі әдістер арқылы тексеруі. Онда жоғары нерв жүйесінің ерекшеліктері, денсаулығы, қызығушылығы, мотиві, құндылық бағдары, мамандық таңдаудағы басты ұстанымы ескеріледі.
Кәсіби консультацияарнайы мамандардың (психолог, педагог, дәрігер) кеңес беруі, таңдаған кәсібіне қойылатын талаптармен, жеке басынан талап етілетін ерекшеліктермен таныстыру.
Кәсіби таңдаужеке тұлғаның еркімен өзіне қажетті мамандықты таңдауы. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының оқуға түсушілерге және қызметке қабылданушыларға қоятын талаптарына сай болуы.
Кәсіби бейімділікжас маманның кәсіби қызметке араласуына, өндіріс жүйесіне, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайына, мамандықтың ерекшеліктеріне бейімділігі. Адамның бейімділік сапасы мамандықтың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру құрылымдары бірімен-бірі тығыз байланысты. Мектептің әр сатысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін кәсіби бағдар беру еліміздің түрлі саладағы жетістіктерінен оқушыларды хабардар етіп, өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі.(114-126)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет