Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары


Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру



бет3/4
Дата01.12.2022
өлшемі30,9 Kb.
#160768
1   2   3   4
Байланысты:
Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыстары
www.zharar.com.docx-morf, Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау, Реферат та ырыбы Синтаксис терминіні ма ынасы. Синтаксис п нін, Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт
2.3 Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру.Қоғам дамуының экономикалық заңдылықтарын білу, соның негізінде өндірістік-экономикалық қызметке қабілетті жастарды тәрбиелеу. Экономикалық мәдениетті тәрбиелеу жастарды өмірге даярлаумен қатар, азаматтық ұстанымдарын қалыптастырумен тығыз байланысты. Біртұтас педагогикалық процестегі экономикалық мәдениетті қалыптастыру міндеттері: оқушы жастарды экономикалық тұрғыдан ойлауға қалыптастыру; мүлік иесі-азаматты (үнемшіл, шаруашылықты жақсы меңгерген, тәжірибелі) тәрбиелеу; оқушыларды экономикалық талдаудың қарапайым түрлерімен, үнемшілдік пен өсім алу сапаларымен қаруландыру. Осы міндеттерді іске асыру үшін еңбек пен өндірісті экономикалық жағынан ұйымдастыру білімі, кәсіпкерлік, сауда-саттық, т.б. қызмет түрлерін қалыптастыру жүзеге асады.
Экономикалық мәдениет барлық пәндерді оқыту барысында қалыптасады. Экономикалық мәдениетті қалыптастыру «Тарих», «География», «Еңбек», «Химия», «Биология» пәндерін оқыту барысында ауқымды түрде жүргізіледі. Осы оқу курстарында экономикалық тәрбиені жан-жақты іске асыруға болады.
Оқушылардың экономикалық мәдениетін арттыруда түрлі тәрбие формалары мен әдістерді қолдануға болады: әңгіме, әңгімелеу, дәріс, өндірістік міндеттерді шешу, экскурсия. Ойын түрінде өткізілетін сабақтар, сабақ барысы мен онан тыс жүргізілетін шығармашылық жұмыстар (іс-әрекеттік ойындар, экономикалық есептер жүргізу, еңбек өнімділігін есепетеу, алынған өнімнің тиімділігі, т.б.).(22,36-38)
Қорытынды
Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде сыныптан тыс жұмыстары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жас өспірімдерді біріге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық – практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын – жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар фестивальдар және т.б. Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады. Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады. Қорыта келгенде, оқушының жан дүниесіне көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін арттыруда сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың рөлі өте зор. Яғни балаға ықпал ету, олардың неге ынтық, қандай ерекшеліктері мен өзіндік ұмтылыстары бар екенін жете білуіне қажет жағдайлар сабақтан гөрі осы сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда мол. Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін және тәрбиелік мақсатқа нақ көздеген нәтиженің болуы үшін мұғалім, сынып жетекшісі бұл жұмыстардың түрі, мазмұны дегендерді өзі жете біліп және оларды оқушының қызығушылығы мен жас ерекшелігіне сәйкес жүргізе білу шарт(156)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет