Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Жонглерлеу» пәні



бет17/31
Дата25.01.2017
өлшемі7,17 Mb.
#7696
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

21-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Жонглерлеу» пәні



бойынша білім беру бағдарламасы

      1069. Балалар өнер мектептерінің «Жонглерлеу» пәні бойынша білім беру бағдарламасы пәннің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағдарламамалық талаптарды, оқыту жылдары бойынша оқу-тақырыптық жоспарды, бақылау нысанын, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтайды.

      1070. Жонглерлеу – цирк өнерінiң негiзгi арнайы зерттелетiн пәндерінің бiрi.



      1071. Пәннің мақсаты: дара ерекшелiктері мен дене шынықтыруын дамыту және «жонглерлеу» шеберлiк шеңберiнде әртістік қабілеттерін анықтау және дамыту.



      1072. Пәннің мiндетi:



      1) жонглерлеу техникасын меңгеру;



      2) шапшаңдық сезiмiн дамыту және кеңiстiкте қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгі, бағдар, көзбен шамалау қабiлетiнiң дәлдiгi, зейiндігі;



      3) шапшаңдықтың дамуы;



      4) тепе-теңдiк аппаратын жетiлдiру;



      5) адами ерiк-жігер сапаларын тәрбиелеу;



      6) салауатты өмiр салтын насихаттау;



      7) ұжымдық шығармашылық қызмет, ұжымның әр мүшесiн жұмыстың нәтижелiлiгiне жауапкершiлiк дағдыларын дамыту.



      1073. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі:



      2-9 сынып - аптада 2 сағат, жырына - 68 сағат, барлығы - 544 сағат.



      Білім алушылар құрамы: 7-8-ден 16 жасқа дейін (2-9-сыныптар):



      2-3 сыныптар - кiшi топ;



      4-6 сыныптар - орта топ;



      7-9 сыныптар – жоғары топ.



      Концерттік нөмірлерді дайындауға арналған оқу сағаттары топтық формада, сондай-ақ жеке сабақтарда пайдаланылады.



      Оқу процесін жетілдіру мақсатында есептік концерттерді (спектакльдерді) дайындауға режиссер-қоюшы, балетмейстер, аталған тұлғалар үшін сағаттық жүктеме төлемімен шақырылады.



      1074. «Жонглерлік ету» теориялық курсының бiр бөлiгiнде, оның барлық қолтумасымен және техникалық күрделi әрекеттермен танысады және осы эстрадалық – цирк жанрының әртiстерiмен орындаушылар қазiргi уақытта орындалады.



      1075. Оқыту жылдын басында қауiпсiздiк техникасы бойынша бiр сабақ өткізіледі. Қауiпсiздiк техникасы – еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етуге немесе басқа да сабақтарды өткізуге бағытталған ережелер жиынтығы.



      1076. Мақсаты: Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, жарақат алу жағдайын минимумға жеткізу, білім алушылар денсаулығын қорғау.



      1077. Сабақтың қауiпсiз шарттарын қамтамасыз ету келесi факторлармен анықталады:



      1) штаттан тыс жағдайларды минимумға жеткізу қажеттiлiгі;



      2) қызмет нәтижесi тиiмдiлiгін арттыру үшiн жарақаттану жағдайын минимумға жеткізу қажеттiлігі.



      1078. Спорт киімі түрi таза және ұқыпты, қозғалысқа кедергі келтірмейтін, жарақаттанудың алдын алу үшін – тамыр тартқыш кию қажет – қолды таянумен орындалатын трюктер кезінде кәрі жілік – білезік буынының созылуын болдырмас үшін тері білезікшелер; алақан қаптамасы – қолғаптар кию, алақандағы ауоу сезімдерін болдырмас үшін; залда жаттығу кезінде бір-біріне кедергі келтірмес үшін шахматтық тәртіпте орналасады.



      1079. Зал, оның жабдықтары және залда болудың тәртібімен ережесі



      1) Егер мұғалiм залда жоқ болса онда кіруге тыйым салынады.



      2) Топтың барлық мүшелерi, педагогтарына, залда жұмыс атқарушы адамдармен сыйлы қатынаста болады.



      3) Педагогтың нұсқау жұмысын нақты және өз уақытында орындау қажет. Жаттығуларды сапалы орындайды.



      4) Көңiл-күй, жағдайы нашар болса, педагогқа хабарлайды.



      5) Топта жаттығуларды орындау жайында соқтығысты болдырмас үшін алдын ала арақашықтық сақталады (бастапқы орынға құлау, аялдама, қалпына қайтару және тағы басқалар) жаттығудың теріс орындауы жағдайында мүшелердiң қайсысы болса да.



      6) Күрделi жаттығуларды орындау үшiн педагогтен сақтандыруды қамтамасыз етуді сұрап, жерге қону, жерге түсу аймағына гимнастикалық төсенiш жаю.



      7) Жаттығушылар өртке қарсы қауiпсiздiк ережесін және эвакуация жайында ғимараттан шығу жоспарын білу қажет. Электр жабдығында ақаудың табылу жағдайында жедел мұғалiмге хабарлайды.



      1080. Реквизитті пайдалану ережесі.



      1) Залдағы спорт жабдығына ұқыпты қарау және киiм шешінетін және қосалқы бөлмелерде тазалық тәртiбін сақтайды.



      2) Сабақ аяқталған кезде спорт жабдықтарын орынына апарып, жинап, жаттығулар орнын және киiм шешетiн бөлмеде орын тәртiбімен қойып кетеді.



      1081. Күтілетін нәтижелер.Оқыту курсының аяғына дейін кіші тобында (2-3-сыныптар) білім алушылар біледі:



      1) арнайы терминологияны;



      2) жонглерлік ету техникасының негiзін;



      3) қауiпсiздiк техникасы ережесiн орындау жаттығуларын;



      4) гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын;



      5) зиянды әдеттерінің алдын алу іс-шараларын.



      Істей алады:



      1) жалпы дене-күшінің жаттығулары орындайды;



      2) бағдарламаға кiретін жонглерлі ету тәсiлдi орындауға икемi бар;



      3) қиын емес цирк жаттығулары (доптар, шығыршық, жiңiшке таяқ) бұйымдар мен орындайды;



      4) қауiпсiздiк техникасы ережесiн оқу үдерісінде дұрыс қолданады;



      5) салауатты өмiр салтын ұстанады.



      1082. Бірініші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 2-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Жалпы дене дайындығы.



      3) Қимыл-қозғалыс ойындары.



      4) Доп эстафеталары.



      5) Реакцияға жаттығу.



      6) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу.



      7) 1 доппен жонглерлік ету.



      8) 2 доптармен қақпақыл iстеу.



      9) Жұпта 2 доппен жонглерлік ету.



      10) Құламамен 2 доппен жонглерлік ету.



      11) 1 шығыршықпен жонглерлік ету.



      12) 1-2 орамалдармен жонглерлік ету.



      1083. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      2) Жалпы дене дайындығы – 3 сағат.



      3) Доптар эстафетасы – 6 сағат.



      4) Қимылды ойындар – 6 сағат.



      5) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      6) Қимылды үйлестіру жаттығулары – 4 сағат



      7) 1 доппен жонглерлік ету – 6 сағат.



      8) 2 доппен жонглерлік ету – 8 сағат.



      9) Жұпта 2 доппен жонглерлік ету – 10 сағат.



      10) Каскадта 2доппен жонглерлік - 8 сағат.



      11) 1 шығыршықпен жонглерлік ету – 6 сағат.

 

      12) 1-2 орамалмен жонглерлік ету – 6 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1084. Екінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 3-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Жалпы дене дайындығы.



      3) Қимыл-қозғалыс ойындары.



      4) Доп эстафеталары.



      5) Реакцияға жаттығу.



      6) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу.



      7) Бiр қолдағы 2 доппен жонглерлік ету.



      8) Құламада 2 қолмен жонглерлік ету.



      9) Қарсы ұшқан бұйымдарды 2 қолмен жонглерлік ету.



      10) 3 доппен жонглерлік ету.



      11) Құламамен 2 қолмен 2 шығыршықпен жонглерлік ету.



      12) Қарсы ұшқан бұйымдармен, 2 шығыршықпен жонглерлік ету



      1102. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      2) Жалпы дене дайындығы – 3 сағат.



      3) Қимылды үйлестіру жаттығулары – 4 сағат.



      4) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      5) Қимылды ойындар – 6 сағат.



      6) 1 қолмен 2 доппен жонглерлеу – 6 сағат.



      7) Каскадта 2 доппен жонглерлік ету – 6 сағат.



      8) 2 қарсы лақтырған доппен жонглерлік ету – 6 сағат.



      9) Доптармен эстафетасы – 4 сағат.



      10) 3доппен жонглерлік ету – 12 сағат.



      11) Каскадта 2 қолдағы 2 шығыршықпен жонглерлік ету – 8 сағат.



      12) 2 қарсы лақтырған шығыршықпен жонглерлік ету – 8 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1085. Күтілетін нәтижелер. Орта топта оқу соңында (4-6 сыныптар) білім алушылар біледі:



      1) арнайы терминологияны;



      2) жонглерлік етудің зерделіп отырған тәсiлдерiн орындау техникасын;



      3) жаттығу орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы ережесiн;



      4) гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын;



      5) зиянды әдеттердi алдын алу іс-шараларын.



      істей алады:



      1) жалпы дене-күш жаттығуларын орындайды;



      2) бағдарламадағы жонглерлік етутәсiлдерін орындай алады;



      3) қауiпсiздiк техникасы ережесiн процесте дұрыс қолданады;



      4) салауатты өмiр салтын ұстанады.



      1086. Үшінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 4-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Жалпы дене дайындығы.



      3) Доп эстафеталары.



      4) Реакцияға жаттығу.



      5) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу.



      6) 3 доптармен жонглерлік ету.



      7) Жұпта 3 доппен жонглерлік ету.



      8) 2 тәрелкелермен жонглерлік ету, төмен түсіру.



      9) 1 шоқпармен жонглерлік ету.



      10) Әр түрлi бұйымдармен жонглерлік ету(тәрелкелермен, жасанды алмалар, стакандармен).



      1087. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      2) Жалпы дене дайындығы – 3 сағат.



      3) Қимылды үйлестіру жаттығулары – 4 сағат.



      4) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      5) Доп эстафеталары – 6 сағат.



      6) 3 доппен жонглерлік ету – 10 сағат.



      7) Жұпта 3 доппен жонглерлік ету – 8 сағат.



      8) 2 тәрелкемен жонглерлік ету, тастау – 8 сағат.



      9) 1 шоқпар таяқпен жонглерлік ету – 6 сағат.



      10) Әр түрлі заттармен жонглерлік ету – 10 сағат.



      11) 1 қолдағы 2доппен жонглерлік ету – 4 сағат.



      12) Каскадта 2доппен жонглерлік ету – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1088. Төртінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 5-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Дене шынықтыру дайындық араласа.



      3) Допты эстафеталары.



      4) Реакцияға жаттығу.



      5) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу.



      6) Құламамен 3 доппен жонглерлік ету.



      7) Қарсы ұшуқан бұйымдарды 3 доптармен жонглерлік ету.



      8) 3 әр атты бұйымдармен жонглерлік ету.



      9) Жұпта 6 доппен жонглерлік ету.



      10) 2 шоқпарлармен жонглерлік ету.



      11) Қарсы ұшқан бұйымдармен 2 қолдағы 2 шығыршықпен жонглерлеу.



      1089. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы - 3 сағат.



      3) Қимылды үйлестіру жаттығулары – 4 сағат.



      4) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      5) Доп эстафеталары – 4 сағат.



      6) Каскадта 3доппен жонглерлік ету – 10 сағат.



      7) Қарсы лақтырған 3 доппен жонглерлік ету – 8 сағат.



      8) Әр түрлі атаған 3 заттармен жонглерлік ету – 10 сағат.



      9) Жұпта 6доппен жонглерлік ету – 10 сағат.



      10) 2 шоқпар таяқпен жонглерлік ету – 8 сағат.



      11) 2 қолдағы қарсы лақтырған 2 шығыршықпен жонглерлік ету – 8 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1090. Бесінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 6-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Жалпы дене дайындығы.



      3) Доп эстафеталары.



      4) Реакцияға жаттығу.



      5) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкке жаттығу.



      6) 1 қолдағы 2 шығыршықпен жонглерлік ету.



      7) Құламамен 3 доптармен жонглерлік ету.



      8) Әр түрлi асыра лақтырулармен булардағы 6 доптармен жонглерлік ету.



      9) Қарсы ұшқан шығыршықпен (1 айналған) 2 шоқпармен жонглерлік ету.



      10) 3 шығыршықпен жонглерлік ету.



      11) Жұпта 2 сақиналармен жонглерлік ету.



      1091. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      1) Жалпы дене шынықтыру дайындығы – 3 сағат.



      2) Қимылдың үйлестіру жаттығулары – 4 сағат.



      3) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      4) Доп эстафеталары – 2 сағат.



      5) 1 қолдағы 2 шығыршықпен жонглерлік ету – 8 сағат.



      6) Каскадта 3доппен жонглерлік ету-10 сағат.



      7) 2 шоқпар таяқпен (1 айналым) қарсы лақтырған жонглерлік ету – 8 сағат.



      8) Жұпта 6 доппен әр түрлі лақтырыспен жонглерлік ету – 10 сағат.



      9) 3 шығыршықпен жонглерлік ету - 10 сағат.



      10) Жұпта 2 шығыршықпен жонглерлік ету – 8 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1092. Күтілетін нәтижелер.Оқыту соңында жоғары топтың (7-9-сыныптар) білім алушылар біледі:



      1) арнайы терминологияны;



      2) жонглерлік етудегікүрделi тәсiлдердiң сипаттамасын;



      3) зерделеніп отырған жонглерлік етудің күрделі тәсілдерін орындау техникасын;



      4) шығармашылық жобаны әзiрлеудiң технологиясын;



      5) жаттығуды орындау кезіндегі қауiпсiздiк техникасы ережесiн;



      6) гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын;



      7) зиянды әдеттердiң алдын алу іс-шараларын.



      істей алады:



      1) сабақ тәжiрибесінде арнайы терминалогияны қолданады;



      2) бағдарламадағы жонглерлік етудегікүрделi тәсiлдердi орындау: (әр түрлi нұсқалар) 1, 2, 3, 4 доптар, (әр түрлi нұсқалар) 1, 2, 3 сақиналар, 1, 2, 3 орамалдар, 1, 2, 3 шоқпарлар, булар, топтарындағында жонглерлік етеді;



      3) шығармашылық жобаны өз бетiмен әзірлейді және қорғайды;



      4) қауiпсiздiк техникасы ережесiнiң процесте үдерісте дұрыс пайдаланады.



      1093. Алтыншы оқу жылының бағдарламалық талаптары. 7-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Жалпы дене дайындығы.



      3) Доп эстафеталары.



      4) Реакцияға жаттығу.



      5) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу.



      6) Жұпта 2 шоқпарлармен жонглерлік ету.



      7) Шығудың әр түрлi нұсқалары: 3 доппен жонглерлік етужәне айналымдар.



      8) 3 шығыршықпен жылжып, айналып жонглерлік ету.



      1094. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      2) Жалпы дене дайындығы - 4 сағат.



      3) Қимылдың үйлестіру жаттығулары – 4 сағат.



      4) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      5) Доп эстафеталары – 2 сағат.



      6) Жұпта 2 шоқпар таяқпен жонглерлік ету – 10 сағат.



      7) 3 допты шығарып лақтырудің әр түрлі нұсқаумен жылжып, айналып жонглерлеу – 14 сағат.



      8) 3 шығыршықпен жылжып, айналып жонглерлік ету – 14 сағат.



      9) Жұпта 6доппен жонглерлік ету – 8 сағат.



      10) 2 шоқпар таяқты қарсы лақтырып жонглерлік ету – 7 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1095. Сегізінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 8-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.



      3) Доп эстафеталары.



      4) Реакцияға жаттығулар.



      5) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу.



      6) Қатарлас ұшумен 1 қолдағы 2 доппен жонглерлік ету.



      7) 1 қолмен 2 шоқпарлармен жонглерлік ету.



      8) Үштiктер, топтарындағында доптармен жонглерлік ету.



      9) Доппен ауысу жонглерлік ету бұрылыспен қайта лақтыру.



      10) Жұпта шығыршықпен жонглерлік ету.



      1096. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      2) Жалпы дене дайындығы – 4 сағат.



      3) Қимылдың үйлестіру жаттығулары – 5 сағат.



      4) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      5) Доп эстафеталары – 2 сағат.



      6) 1 қолдағы 2 допты қатар лақтырып жонглерлік ету – 8 сағат.



      7) 1 қолдағы 2 шоқпар таяқпен жонглерлік ету – 10 сағат.



      8) Үштік,жұпта доппен жонглерлік ету – 14 сағат.



      9) Доппен жылжып, қайта тұрып,айналып жонглерлік ету – 10 сағат.



      10) Шығыршықпен жұпта жонглерлік ету – 10 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1097. Сегізінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 9-сынып.



      1) Қауiпсiздiк техникасы.



      2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.



      3) Доп эстафеталары.



      4) Реакцияға жаттығу.



      5) Қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкке жаттығу.



      6) 3 шоқпарлармен доппен жонглерлік ету.



      7) 4 доптармен жонглерлік ету.



      8) Топтарындағы әр түрлi бұйымдармен доппен.



      9) Жонглерлік етудің доппен әр түрлi тәсiлдерiнiң, әр түрлi бұйымдармен байламдарын құрастыру.



      1098. Оқу-тақырыптық жоспар.



      1) Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.



      2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы – 4 сағат.



      3) Қимылдың үйлестіру жаттығулары – 5 сағат.



      4) Реакцияға жаттығулар – 4 сағат.



      5) Доп эстафеталары – 2 сағат.



      6) 4 доппен жонглерлік ету – 14 сағат.



      7) 3 шоқпар таяқпен жонглерлік ету – 12 сағат.



      8) Топта әр түрлі заттармен жонглерлік ету – 14 сағат.



      9) Әр түрлі заттармен әр түрлі тәсілдермен тізбек құрып жонглерлік ету – 12 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1099. Бақылау нысандары. Үлгерімді бақылау және бағалау өлшемдері.



      Жонглерлік ету пәні бойынша үлгерiмді бақылау және бағалау өлшемі оқу - бақылау іс-шаралары, бақылау сабақтары түрінде (1 жарты жылдыққа) жылына екi рет жүргiзiледi және есеп беру концертiнде, концерттiк нөмiр түрiнде жыл соңында өткізіледі.



      1100. 9 сыныптың білім алушысы қорытынды аттестациялардан өтедi. Қорытынды аттестацияны бағдарлама әр білім алушы үшiн педагог жеке-жеке құрады.



      1101. Бақылауға педагогикалық талаптар:



      1) жеке сипаттама (әрбір жеке білім алушы бақылау қажет. Білім алушылардың қызмет нәтижелерінің орнын ауыстыруға немесе керісінше жiберуге болмайды);



      2) жүйелік және үздіксіздік;



      3) бақылаудың түрі мен әдістерінің түрлері; оны өткізуге деген білім алушының қызығушылығы және оның нәтижелері; жан-жақтылық (барлық бағдарлама бөлiмдерін қамту; теориялық өнер-бiлiмдердiң тексеру және практикалық бiлімдер және дағдыларын тексеру)



      4) объективтiлiк;



      5) дифференциялық ұстанымы (ерекшелiктердi есептеу, әр білім алушының әр пән бөліміне қарай);



      6) мұғалiм талаптардың бiрыңғай болуы.



      1102. Реминдерді, түсініктерді және психологиялық тұрғыдан серпілту мақсатында арнайы дайындалған сөзжұмбақтар, басқа да сөзбен ойналатын ойындар ойнатылады.



      1103. Бағалау өлшемдері:



      1) жонглерлік етудің әр түрлi тәсiлдерiн орындаудың техникасын меңгеру: орындаудың айқындығы, жылдамдық және кеңiстiкте қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгінің дәлдiгi, бағдар, қарқын сезiмi және орындалатын элементтердi ырғаққа қарай жеке-жеке және тобында орындау;



      2) жонглерлік етудің тәсiлдiң толық игеруiнiң басты белгiлерiнiң бiрi 1 минутта жаттығуды қатесiз орындауы болып табылады, атап айтқанда: жонглерлiк жасаған бұйымды түсiрiп алмай және орыннан қимылдамай жоглерлік жасау.



      3) концерттiк нөмiрден (трюк, этюд) жалпы әсер: білім алушының (қабiлеттiлiк) мүмкiндiктері, оның жетiстiктерi, артистік, көрнекілік.



      1104. Сонымен қатар цирк өнерінің оқыту процесі кез-келген оқу процесi сияқты дидактикалық қағидаларда сай құрылады, бiрақ өз ерекшелiгi болып цирк тәртiптерiнің ерекшелiгі шығады. Сабақтың дұрыс жоспарлауына сәйкес өсiңкi желi қағидасы бойынша құрылады. Жаттығуларын әр түрлiлiк есебiнен, жүктеменiң демалыстың қысқа фазаларымен бұлшық еттердегі алмасуда әр түрлi топтарына және мiндеттi дұрыс тынысты сақтауға арналады.



      1105. Дайындық-сабақтың негiзгi дидактикалық қағидалары:



      1) қайталану қағидаты – трюк орындаудың тұрақты жаңғырту және бірнеше әрекет жасау;



      2) бiртiнде қағидаты - жалпы бөлiгінен жеке бөлшектерге негiзден, оңайынан қиынына қарай, өнер-бiлiмнен дағдыға құрылған. Тапсырмалар қолдан келетiндей болып берiледi бiрақ келесi орындағанда күрделенеді;



      3) жан-жақтылық қағидаты - белгiлi трюк әрекеттерді орындауға қажеттi жаттығуларды ғана орындау емес, сонымен қатар басқа жаттығуларды қосады. Мамандандыруға арналған сабақ сапасы дене-күш дамуында жан-жақты табыстырақ болады. Күш салатын жаттығулар созылу қозғалыстармен қосылады. Жүктемені сан жаттығулармен ауыстырып, үзiлiстердi мөлшерімен кезектестіреді. Жаттығуларды әр түрлiлiк жаттығулары тиiмдiлiк және жүктемелердi қолданбаның жан-жақтылығы едәуiр өседi;



      4) даралық қағидаты – білім алушыларға нақты ерекшелiктерiн есептеу тәсiлімен қарастырады. Мына қағиадттар арқылы олардың жүктемелері орындауын қарқынды жүргiзiледi және берiлген жаттығулар, әрекеттерін меңгеріп дараландырады;



      5) саналылық қағидаты - атқарылатын жаттығуларды мағынасы және рөл талабын анық және айқын түсiнеді. Білім алушылар ұзақтықта өздiгiнен талдауға жеке фазалар, олардың келiсушiлiгiндегi алда тұратын қозғалысты бөлшектеуiне ойланып үйрету керек. Ол үшiн күрделі үйлесімді қимыл алдында идиомоторлық дайындықтары жүргiзiледi.



      1106. Жаттығу орындау алдында ол ойында келесі компоненттерді еске түсіру керек:



      1) бастапқы қалып;



      2) қозғалыстың атауы;



      3) орындау жолы (сілтеу, күшпен, еңкейіп…);



      4) қозғалыстыңбағыты (артқа, алға…);



      5) амплитудасы, жылдамдығы, қозғалыстың күші;



      6) қалыпты өзгертуі, ырғағы;



      7) қайталаудың саны;



      8) соңғы қалпы, бет әлпеті.



      1107. Педагог мен білім алушы өзара iс-әрекетi цирк бөлімі сабақтарында пайдаланылатын педагогикалық технология негiзінде жеке бағытталған тәсiл жаттығуларды жүзеге асады - немесе әр білім алушының дара ерекшелiктерін ескере отырып, әр бала үшiн педагог таңдап алуда концерттiк нөмiр мiндетті және қабiлеттiлiктердi деңгейі де есепке алынады.



      Атап өтiлген ұстанымдар негiзінде жаттығу бағдарламасы құрылды. Оқыту әдiстер әртүрлi - сөздiк, көрнекi және практикалық болады.



      1108. Сабақтарды ұйымдастыру. Педагог әр білім алушыға жүктеменiң мөлшерiн дұрыс ұйымдастыру жайында белгiлi қарқын, икемділік, жеке ықпал ету дағдылары ескереді.



      1109. Шығармашылықтың атмосферасы және сабақтарды жүргiзу орны да нәтижеде саналы, қуатты, табысты жүргiзу үшiн маңызды шарттар, және бағдарламалық материалды жоғары сапалы меңгерілу жүзеге асырылады.



      1110. Бағдарламаны интенсивті игеруге шоғырландыру және сабақтарға жүйелі түрде қатысу білім алушыларға белгіленген мерзімде ұсынылған материалдарды игеруге кепіл болады.



      1111. Барынша ілгері дамыған білім алушылар үшін қосымша трюктық диапазон қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет