20-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Эквилибристика» пәні
бойынша білім беру бағдарламасы
1022. Балалар өнер мектептерінің«Эквилибристика»пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) пәннің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағдарламамалық талаптарды, оқыту жылдары бойынша оқу-тақырыптық жоспарды, бақылау нысанын, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері анықтайды.
1023. Эквилибристика цирк өнердiң жанрларының арасында көсбасшылық орындағы позицияда. Латын тілінен аудармада «эквилибр» «тепе-теңдiкте тұрған» деген мағынаны бiлдiреді. Эквилибристика - шектi дәлдiкті талап ететiн күрделi өнер және шеберлiкке дейiн жеткiзiлген тепе-теңдiк сезiмi.
1024. Теңестiру шеберлігі берілген жағдайда теңгеруші нысанда ұстап тұру және шектік нүктеден ауытқуды болдырмау үшін қажет.
1025. Эквилибристикамен айналысу тепе-теңдiк сезiмiн, яғни, әр түрлi тұрақсыз позицияларда денені берiлген жағдайда ұстап тұру, түрлi тiрек нүктелерiне тұруды дамытады, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiктерге машықтандырады, тепе-теңдiк аппараттын нығайтады, шапшаңдықты дамытады және қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгін, дене шынықтыру ептiлiк пен денсаулықты нығайтудың мүмкiндiктерін туғызады.
1026. Пәннің мақсаты: «эквилибристика» пәні аясында дене шынықтыруын және әртістілікті, дара ерекшелiктерін анықтау және дамыту.
1027. Пәннің мiндеттерi:
1) қимыл-қозғалысының шапшаңдығын дамыту;
2) кеңістікте үйлестiру сезiмiн және бағдар сезімдерін дамыту;
3) тепе-теңдiк аппараттын жетiлдiру;
4) дене мәдениетiн тәрбиелеу;
5) күрделi әрекеттердi орындауға арналған дене шынықтыру аппаратын дайындау.
1028. Бағдарламаны iске асыру мерзiмі:
4-9-сынып - аптаға 1 сағат, жылына 34 сағат, оқыту курсының барлығы - 204 сағат.
Білім алушылар контингенті 10-жастан 16- жасқа дейін (4-9 сыныптар):
4-6-сыныптар - орта топ;
7-9-сыныптар)- жоғары топ.
1029. Бағдарламада 4-9-сыныптарда 4 жыл оқу қарастырылған.
Эквилибристикаға оқыту Өнер мектебінің цирк бөлімінде білім алушылар практикалық дағдыларға, акробатика, гимнастика сияқты бейінді пәндер бойынша арнайы және теориялық білімге ие болғаннан кейін 4 сыныптан басталады.
1030. Оқу жылының басында қауiпсiздiк техникасы бойынша бiр сабақ жүргiзiледi. Қауiпсiздiк техникасы – ережелер жиынтығы, еңбек қауiпсiздігі немесе басқа да сабақтарды өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.
1031. Мақсаты: қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жарақаттар алуды минимумға жеткізу, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
Үйрену іс-әрекеттерін қауіпсіз жағдайда өткізуді қамтамасыз ету мына факторлармен айқындалады:
1) штаттан тыс жағдайлардың орын алуын минимумға жеткізу;
2) қызмет нәтижелерінің тиiмдiлiгін арттыру үшiн жарақаттарды алу жағдайын минимумға жеткізу.
1032. Эквилибристикадағы сақтандыру және пассировка. Сақтандыру түрлерi:
1) қол лонждары көмегімен сақтандыру;
2) пассировка.
1033. Сақтандыруға трюкті орындаушылардың биiктiкке қарамастан күтпеген құлау мүмкiндiгіне қатысты әрекеттердi орындау жатады.
1034. Спорттық киiмдерге талап. Сабаққа киетін киім таза, ұқыпты, қозғалысқа кедергі келтірмейтін болуы тиіс, жарақаттарды болдырмау үшін алдын ала пульс тексерушi - әрекеттердi тiреуде сiңiр созылудан кәрi жiлiк буыны буындарын сақтау үшiн орындауға арналған былғары бiлезiктер; бастырма алақан - алақандардағыны ауырғанды сезіне алу үшiн арналған қолғаптар; орауышқа, Кубта орындаған жаттығулар, бiр-бiрiне кедергi болмайтын шахматтық ретте орналасу керек.
1035. Зал, оның жабдығы және залда жүру тәртібінің ережесi.
1) Егер мұғалiм залда жоқ болса онда кіруге тыйым салынады.
2) Топтағы барлық мүшелер, педагогтар, залда жұмыс жасаушы адамдардың барлығымен сыйлы қатынаста болу керек.
3) Педагогтың нұсқауларын нақты және өз уақытында орындау. Алдын ала жаттығуларды сапалы орындау қажет.
4) Денсаулығы, көңiл-күй жағдайы нашар болса педагогқа хабарлау керек.
5) Топта жаттығуларды орындау жайында соқтығыс болдырмау үшін арақашықтық сақтауға қажеттi аралық шаманы сақтау керек (бастапқы орынға құлау, аялдама, қалпына қайтару және тағы басқалар).
6) Күрделi жаттығуларды орындау үшiн педагогтен сақтандыруды қамтамасыз етуді сұрап, жерге қонудың аймағына гимнастикалық төсенiш жаюды сұрау қажет.
7) Жаттығушылар өртке қарсы қауiпсiздiк ережесін және эвакуация жайында ғимараттан шығу жоспарын білу қажет. Электр жабдығындағы ақаудың табылу жағдайында, жедел мұғалiмге хабарлау керек.
1036. Реквизит және оны пайдалану ережесі.
1) Залдағы спорт жабдығына ұқыпты қарау және киiм шешінетін және қосалқы бөлмелерде тазалық тәртiбін сақтау керек.
2) Сабақ аяқталған кезде спорт жабдықтарын орынына апарып, жинап, жаттығулар орнын және киiм шешетiн бөлмедегі орналасу тәртiбімен қойып кету керек.
1037. Эквилибристикада сақтандыру және пассировка.
1) Сабақ өтетін бiр жерден басқа жерге жүгiрiп жүруге тыйым салынады.
2) Күрделi акробатикалық жаттығуларды сақтандырусыз орындауға тыйым салынады.
3) Жаттығуды орындау кезінде жерге түсу аймағы немесе құлаудың мүмкiндігі бар жерде тұруға тыйым салынады.
4) Снарядтар мен тренажерде жаттығу орындау алдында олардың техникалық жұмыс істеп тұрғанын тексеру қажет, бұзылған жағдай анықталса, педагогке хабарлау қажет. Мүмкін болар құлау аумағына сақтандыру маттарын төсеу қажет.
5) Жазатайым оқиғада, жарақаттану кезінде, зақымданған немесе болған оқиғаны көрген адам дереу мұғалiмге хабарлауға мiндеттi немесе кез-келген адамға, бiрiншi дәрiгерлiк көмекке дейiн медициналық жәрдем көрсету бойынша шұғыл шешімдерді қабылдау үшiн педагогке хабар беруі тиіс.
6) Сабақ аяқталғаннан кейін керек-жарақ спорт жабдықтарын орнына жинау, киiм шешетiн бөлме мен жаттығуларды орындау залын тәртiпке келтіру қажет.
1038. Күтілетін нәтижелер. Оқыту соңында орта топтың (4-6-сыныптар) білім алушылары біледі:
1) арнайы терминологияны;
2) эквилибра жаттығулары техникасының негiзiн;
3) эквилибра жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы негіздерін;
4) салауатты өмiр салтының негiзi және зиянды әдеттердiң алдын алу негізiн.
істей алады:
1) сабақ тәжiрибесінде арнайы терминологияны қолданады;
2) секiрiп мiну және орауыштан (оларды жонглерлiк жасай білу) әр түрлi бұйымдармен орауышта тұрып, шабақта бағдарлама кiрушi тәрелкедегі тепе-теңдiк, қолға тұруға, баспен тұруға, орауышқа, айналуға қақпа қыл iстеудi орындай алады;
3) қауiпсiздiк техникасы ережесiнiң сабақ процесінде дұрыс қолдана алады;
4) салауатты өмiр салтын іске асырады.
1039. Бірінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 4-сынып.
1) Қауiпсiздiк техникасы.
2) Эквилибристика цирк өнерінің жанры ретінде.
3) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.
4) Қимыл-қозғалыс үйлестіруге арналған жаттығу.
5) Жалпы дамытушы жаттығулар.
6) Тепе-теңдiк; орындықтағы тепе-теңдiк.
7) Орауышта синхрон жаттығулары, гимнастикалық таяқпен тепе-теңдік сақтау.
8) Тәрелкемен жаттығу, арқада тәрелкенiң айналуы
1040. Оқу-тақырыптық жоспар.
1) Эквилибристика, цирк өнерінің жанры ретінде – 1 сағат.
2) Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.
3) Жалпы дене шынықтыру дайындығы – 2 сағат.
4) Қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар – 2 сағат.
5) Жалпы дамытушы жаттығулар – 2 сағат.
6) Тең салмақты сақтау – 4 сағат.
7) Орындықта тең салмақты сақтау – 4 сағат.
8) «Тоқаш» баста тұру тұрысы – 4 сағат.
9) Қолда тұру тұрысы – 3 сағат.
10) Тәрелкемен жаттығу – 4 сағат.
11) Тәрелкені арқада айналдыру – 6 сағат.
Барлығы: 68 сағат.
1041. Оқудың екінші жылының бағдарламалық талаптары. 5-сынып.
1) Қауiпсiздiк техникасы.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.
3) Қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу.
4) Жалпы дамытушылық жаттығулар.
5) Тепе-теңдiк: орауышқа, жоғарыдан тепе-теңдiкте сақтау.
6) Орауышқа секiрiп мiну, орауыштан секiру.
7) Затпен орауыштың қолдағы тепе-теңдігі, тепе-теңдiктi сақтау.
1042. Оқу-тақырыптық жоспар.
1) Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы – 2 сағат.
3) Қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар – 2 сағат.
4) Жалпы дамытушы жаттығулар – 2 сағат.
5) Тең салмақты сақтау – 3 сағат.
6) Орауышқа секіріп тұру – 4 сағат.
7) Орауыштан секіріп тұсу – 4 сағат.
8) Орауышта тең салмақты сақтау – 4 сағат.
9) Қолдағы затты баланстау – 4 сағат.
10) Орауышта затты теңестіру - 4 сағат.
11) Жоғарыда тең салмақты сақтау – 4 сағат.
Барлығы: 68 сағат.
1043. Үшінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 6-сынып.
1) Қауiпсiздiк техникасы.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.
3) Қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу.
4) Жалпы дамытушылық жаттығулар.
5) Тепе-теңдiк: орауышқа, (тәрелкемен шабақ, қолшатыр, гимнастикалық таяқ және тағы басқа) бұйымын тепе-теңдікте сақтау.
6) Орауышта жонглерлік ету: 1, 2 бұйыммен.
1044. Оқу-тақырыптық жоспар.
1) Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы - 2 сағат.
3) Қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар – 2 сағат.
4) Жалпы дамытушы жаттығулар – 2 сағат.
5) Тең салмақты сақтау – 2 сағат.
6) Орауышта тең салмақты сақтау – 6 сағат.
7) Орауышта 1 затпен жонглерлік ету – сағат.
8) Орауышта 2 затпен жонглерлік ету – 6 сағат.
9) Орауышта затпен баланстау тең салмақты сақтау (қолшатыр, таяқ және тағы басқалар) – 7 сағат.
Барлығы: 68 сағат.
1045. Күтілетін нәтижелер. Оқу соңында жоғары топтың (7-9-сыныптар) білім алушылары біледі:
1) арнайы терминологияны;
2) эквилибра жаттығулары техникасының негiзiн;
3) эквилибра күрделі жаттығуларының сипаттамасын;
4) шығармашылық жоба әзірлеу технологиясын;
5) эквилибра жаттығуларын орындау кезінде техника қауіпсіздігі
ережесін;
6) салауатты өмiр салтының негiзi және зиянды әдеттердiң алдын алу негізiн.
істей алады:
1) сабақ тәжiрибесінде арнайы терминологияны қолдана алады;
2) секiрiп мiну және орауыштан (оларды жонглерлiк жасай білу) әр түрлi бұйымдармен орауышта тұрып, шабақта бағдарламаға кiретін тәрелкедегі тепе-теңдiк, қолға тұруға, баспен тұруға, орауышқа, айналуға қақпа қыл iстеудi орындауға секiруді біледі;
3) шығармашылық жобаны жеке әзірлейді және қорғайды;
4) қауiпсiздiк техникасы ережесiн сабақ үдерісінде дұрыс қолдана алады;
5) салауатты өмiр салтын жүзеге асырады.
1046. Төртінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 7-сынып.
1) Қауiпсiздiк техникасы.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.
3) Қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу.
4) Жалпы дамытушылық жаттығулар.
5) Тепе-теңдiк: орауышқа, орындықта, кубте.
6) Орауышта қақпақыл iстеу: 1, 2, 3 бұйымдармен
7) Тұру: орындықта баспен, аяқты бөлек ұстап, орындықта баспен тұру.
1047. Оқу-тақырыптық жоспар.
1) Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.
2) Жалпы дене дайындығы – 2 сағат.
3) Қимылдың үйлестіру жаттығулары – 2 сағат.
4) Жалпыдамытушы жаттығулар – 2 сағат.
5) Тең салмақты сақтау – 3 сағат.
6) Орауышта тең салмақты сақтау – 4 сағат.
7) Орауышта жонглерлік ету – 4 сағат.
8) Орындақта тең салмақты сақтау – 3 сағат.
9) Текшеде тең салмақты сақтау – 4 сағат.
10) Орындықта, басында тұру – 4 сағат.
11) Орауышта 3 затпен жонглерлік ету – 5 сағат.
Барлығы: 34 сағат.
1048. Бесінші оқу жылының бағдарламалық талаптары. 8-сынып.
1) Қауiпсiздiк техникасы.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.
3) Қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу.
4) Жалпы дамытушылық жаттығулар.
5) Тепе-теңдiк: орауышта тепе-теңдiк.
6) Iлеспе жаттығулар: орауышта тепе-теңдiкте, гимнастикалық таяқпен орауышта тепе-теңдiкте.
7) Текшеде статикалық жаттығулар.
8) Айналатын (бас, кеуде тiкелейдi, айналдыра ораудың айнала аудармалары) тәрелке шабақта жаттығу.
9) Жұпта және баспалдақта қолдау.
1049. Оқу-тақырыптық жоспар.
1) Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы – 2 сағат.
3) Қимылдың үйлестіру жаттығулары – 2 сағат.
4) Жалпыдамытушы жаттығулар – 2 сағат.
5) Тең салмақты сақтау – 2 сағат.
6) Орауышта тең салмақты сақтау – 4 сағат.
7) Орауышта тең салмақты сақтап,синхрондық жаттығулар – 7 сағат.
8) Текшедегі статикалықжаттығулар – 5 сағат.
9) Арқада айналдырған тәрелкемен жаттығулар – 5 сағат.
10) Баспалдақта жұппен қолдау жаттығулары – 4 сағат.
Барлығы: 34 сағат.
1050. Алтыншы оқу жылының бағдарламалық талаптары.
1) Қауiпсiздiк техникасы.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы.
3) Қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу.
4) Жалпы дамытушылық жаттығулар.
5) Тепе-теңдiк: текшеде шынтақта, орауышқа шынтақта.
6) Iлеспе жаттығулар: орауыштарда тепе-теңдiк қақпақыл жұпта бiрiгiп, әр түрлi бұйымдарды тепе-теңдiктi сақтаумен орауыштарда тепе-теңдiк.
7) Табанды: орындықта баспен, аяқты бөлек ұстап,орындығында баспен, «кіші» текше қолде тұру.
8) Жұпта және баспалдақта қолдау.
1051. Оқу-тақырыптық жоспар.
1) Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау – 1 сағат.
2) Жалпы дене шынықтыру дайындығы – 2 сағат.
3) Қимылдың үйлестіру жаттығулары – 2 сағат.
4) Жалпыдамытушы жаттығулар – 2 сағат.
5) Тең салмақты сақтау – 2 сағат.
6) Орауышта тең салмақты сақтау – 4 сағат.
7) Шынтақта тең салмақты сақтау – 5 сағат.
8) Қолдағы «текшеде» тұрысы – 4 сағат.
9) Шынтақта және текшедегі тең салмақты сақтау – 4 сағат.
10) Орауышта синхрондық тең салмақты сақтап, жұпта жонглерлі ету жаттығулары – 5 сағат.
11) Орауышта әр түрлі заттармен баланстап, салмақты сақтау – 3 сағат.
12) Барлығы: 34 сағат.
1052. Бақылау түрі. Үлгерімді бақылау және бағалау өлшемдері.
Эквилибристика пәні бойынша үлгерiмді бақылау және бағалау өлшемдері оқу - бақылау іс-шараларында, бақылау сабақтары түрінде (1 жарты жылдыққа) жылына екi рет жүргiзiледi және есеп беру концертiнде, концерттiк нөмiрдiң түрiнде жыл соңында өткізіледі.
1053. 9-сыныпта білім алушылар қорытынды аттестаттаудан өтедi. Қорытынды аттестаттаудаға бағдарламаны әр білім алушы үшiн педагог жеке-жеке құрады.
1054. Бақылауға педагогикалық талаптар:
1) әр білім алушының жеке мiнезіне қарап жұмыс бақылауын өткізу (топ жұмысының қорытындыларының жеке білім алушының қызметі нәтижелерi орнына ауыстырып жiберуге болмайды немесе керісінше);
2) жүйелік және үздіксіздік;
3) білім алушының және нәтижелерге пiшiндердi әр түрлiлiк бақылаудың әдiстерi; оның жүргiзуiне қызығушылығын арттыру;
4) жан-жақтылық (бағдарламаның барлық бөлiмдерін қамту; теориялық өнер-бiлiмдерін және практикалық бiлімдері мен дағдыларын тексеру;
5) объективтiлiк;
6) дифференциялық ұстанымы (әр білім алушының және әрбір оқу пәнінің әр тарауының әр пән бөліміне ерекшеліктерін есептеу);
7) мұғалiм талаптарының бiрыңғай болуы.
1055. Терминдер, ұғымдарды меңгерудi тексеру мақсатымен психологиялық ауыртпалықтарды кетіру ретінде ойын жүргiзiледi, арнайы жасалынған сөзжұмбақтарды ұсынады, сөздiк ойындарды пайдаланады тағы басқа.
1056. Бағалау өлшемдері:
1) эквилибра элементтерін орындау техникасын игеру: орындау дәлдігі, жекеше және топта орындайтын элементтердің қарқыны мен ырғағын сезіну
2) концерттiк нөмiрден жалпы әсері (айла-әрекет, этюд): білім алушылардың мүмкіндігі (қабілеті), оның жетістіктері, әртістігі, мәнерлілігі.
1057. Дайындық-сабақтың басталу алдында педагогтер мiндеттi түрде – дайындықтардың жалпы дене шынықтыру бағытталған бұлшық еттердi қыздыруға мүмкiндiк туғызатын жаттығулар кешенін өткізеді, онда бой жазу жүргiзiледi және буындардың, тыныстың дамуына және мұндай эквилибр цирк өнердiң түрiнде жүктемелері ағзаның барлық жүйелерiн күш салуға, жүктемеге дайындайды.
1058. Эквилибристика орауышта. Эквилибраның осы түрінің бағдарламасы эквилибристиканың қолжетімді түрі болып табылады, оның негізгі элементтерін айтарлықтай қысқа мерзімде игеру мүмкіндігі болады.
Оқыту үдерісі:
1) білім алушыларды эквилибристика туралы негізгі түсініктермен таныстыру;
2) білім алушыларда заттың мәні туралы, сабақ алдындағы бұлшық еттерді қыздыру мақсаты мен сипаты туралы, сабақ мазмұны, бағдарлама элементтерін, дұрыс тыныс алу орындау техникасымен танысады;
3) оқу реквизиттерімен;
4) осы жанрға білім алушылардың жеке қабілеттерін, тепе-теңдік сезімдерін дамытудың бастапқы әдісін игеруін анықтау.
1059. Орауыш цирк реквизиті, ағаш бiлiкше болады немесе 25-30-шi және 15-16-ші диаметрде ұзындығымен металлдық қуыс цилиндр. Мұндай реквизиттің мiндеттi керек-жарағы 50-60-шi ағаш тақтайша, ұзыннынан тартылған және 14-16 орауыштың қомақты бөлігі.
1060. Тепе-теңдiк мынадай түрде жетілдіріледі:
1) білім алушы алаңның шетінде тұрады да тiзе аяғын кезек-кезек бүге отырып, тақтайша көлденеңдеу көрiнi теңестiредi, реквизиттің оның астынан домалап шығуына жол бермейді;
2) орауышқа секiрiп шығу үшiн, алаң шетін ұстай отырып, ептілікпен ұстап, алаңға секiрiп шығып және тез тiк тұру керек;
3) секiру үшiн алаң көлденең жатқан кезде, аяқпен иттеріп, күш алып жылжып секіруге болады. Алаңға секiрмей кiру үшiн, орауыш алаң бөлігінен ұзындау болу керек, қысқа жаққа аяқты қойып, басқа теңестiрiп, алаңның ұзын соңына екінші аяқты тез қойып, қолды жiберіп және тiк тұру керек;
4) iс-әрекет бәрi алаңнан жиналысы үшiн керi тәртiпте қайталау керек. Тепе-теңдiктi сақтаудың техникасы немесе орауыш алаңда тепе-теңдiк тiзелердегi аяқтар есебiнен кезектескен бүгулі күйі сақталынады;
5) алдыңғы қатарлы, дарынды білім алушылар үшiн келесi әрекет ескерілген. Түрегелiп тұрып орауыштың алаңында, үш бұйыммен жонглерлiк жасау, содан соң оларды жинап және секiру керек.
1061. Цирк өнерінің оқыту процесі кез-келген оқу процесi сияқты дидактикалық қағидаларда сай құрылады, бiрақ өз ерекшелiгi болып цирк тәртiптерiнің ерекшелiгі шығады. Сабақтың дұрыс жоспарлауына сәйкес өсiңкi желi қағидасы бойынша құрылады. Жаттығуларын әр түрлiлiк есебiнен, жүктеменiң демалыстың қысқа фазаларымен бұлшық еттердегі алмасуда әр түрлi топтарына және мiндеттi дұрыс тынысты сақтауға арналады.
1062. Дайындық-сабақтың негiзгi дидактикалық қағидалары:
1) қайталану қағидаты – трюк орындаудың тұрақты жаңғырту және бірнеше әрекет жасау;
2) бiртiнде қағидаты - жалпы бөлiгінен жеке бөлшектерге негiзден, оңайынан қиынына қарай, өнер-бiлiмнен дағдыға құрылған. Тапсырмалар қолдан келетiндей болып берiледi бiрақ келесi орындағанда күрделенеді;
3) жан-жақтылық қағидаты - белгiлi трюк әрекеттерді орындауға қажеттi жаттығуларды ғана орындау емес, сонымен қатар басқа жаттығуларды қосу керек. Мамандандыруға арналған сабақ сапасы дене-күш дамуында жан-жақты табыстырақ болады. Күш салатын жаттығулар созылу қозғалыстармен қосу керек. Жүктемені сан жаттығулармен ауыстырып, үзiлiстердi мөлшерімен кезектеу керек. Жаттығуларды әр түрлiлiк жаттығулары тиiмдiлiк және жүктемелердi қолданбаның жан-жақтылығы едәуiр өседi;
4) даралық қағидаты – білім алушыларға нақты ерекшелiктерiн есептеу тәсiлімен қарастыру керек. Мына қағиадттар арқылы олардың жүктемелері орындауын қарқынды жүргiзiледi және берiлген жаттығулар, әрекеттерін меңгеріп дараландырады;
5) саналылық қағидаты - атқарылатын жаттығуларды мағынасы және рөл талабын анық және айқын түсiнеді. Білім алушылар ұзақтықта өздiгiнен талдауға жеке фазалар, олардың келiсушiлiгiндегi алда тұратын қозғалысты бөлшектеуiне ойланып үйрету керек. Ол үшiн күрделі үйлесімді қимыл алдында идиомоторлық дайындықтары жүргiзiледi.
1063. Жаттығу орындау алдында ол ойында келесі компоненттерді елестетеді:
1) бастапқы қалып;
2) қозғалыстың атауы;
3) орындау жолы (сілтеу, күшпен, еңкейіп…);
4) қозғалыстың бағыты (артқа, алға…);
5) амплитудасы, жылдамдығы, қозғалыстың күші;
6) қалыпты өзгертуі, ырғағы;
7) қайталаудың саны;
8) соңғы қалпы, бет әлпеті.
1064. Педагог пен білім алушы өзара iс-әрекетi цирк бөлімі сабақтарында пайдаланылатын педагогикалық технология негiзінде жеке бағытталған тәсiл жаттығуларды жүзеге асады - немесе әр білім алушының дара ерекшелiктерін ескере отырып, әр бала үшiн педагог таңдап алуда концерттiк нөмiр мiндетті және қабiлеттiлiктердi деңгейі де есепке алынады;
Атап өтiлген ұстанымдар негiзінде жаттығу бағдарламасы құрылды.
1065. Оқыту әдiстер әртүрлi - сөздiк, көрнекi және практикалық болады.
1066. Сабақтарды ұйымдастыру. Педагог әр білім алушыға жүктеменiң мөлшерiн дұрыс ұйымдастыру жайында белгiлi қарқын, икемділік, жеке ықпал ету дағдылары ескерiледі.
1067. Шығармашылықтың атмосферасы және сабақтарды жүргiзу орны да нәтижеде саналы, қуатты, табысты жүргiзу үшiн маңызды шарттар, және бағдарламалық материалды жоғары сапалы меңгерілу жүзеге асырылады.
1068. Бағдарламаны интенсивті игеруге шоғырландыру және сабақтарға жүйелі түрде қатысу білім алушыларға белгіленген мерзімде ұсынылған материалдарды игеруге кепіл болады. Барынша ілгері дамыған білім алушылар үшін қосымша трюктық диапазон қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |