"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-параграф. Балалар музыка мектептерінің мен балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Труба» пәні бойынша білім беру бағдарламасы



бет10/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
#2886
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

13-параграф. Балалар музыка мектептерінің мен балалар өнер
мектептері музыка бөлімдерінің «Труба» пәні бойынша білім беру
бағдарламасы

      555. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Труба» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқу пәнінің мазмұнын, болсыныптар бойынша болжамды бағдарламалық талаптарды, бақылау нысандарын, бағалау өлшемдерін және бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелерді анықтайды.


      556. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың игерген білімдері, трубада ойнаудың дағдылары мен біліктері негізінде олардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.
      557. Бағдарламаның міндеттері:
      Білім берушілік:
      1) трубада музыкалық орындау құралы ретінде музыкалық сауаттылықты оқыту;
      2) музыкалық орындау саласында арнайы құзыретті қалыптастыру;
      3) музыкалық шығармаларды жалғыз және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін трубада ойнаудың негізгі орындаушылық әдістерін оқыту;
      4) музыкалық шығармаларды эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан орындау дағдыларын қалыптастыру.
      Дамытушылық:
      1) балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
      2) композитордың шығармашылық ойын іске асыруға арналған қажетті құрал ретінде орындау техникасын дамыту;
      3) ойынның техникалық дағдыларын дамыту;
      4) жеке дара және ұжымда жұмыс істеу дағдысын дамыту.
      Тәрбие берушілік:
      1) білім алушылардың әртүрлі халықтың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту;
      2) балаларда коммуникативтік дағдыларды, жауапкершілік сезімін және тәртіптілікті қалыптастыру;
      3) білім алушыларда эстетикалық көзқарастарды, адамгершілік ұстанымдарды және рухани құндылықтармен қатынас жасау қажеттіліктерін қалыптастыру.
      558. Бағдарлама дәстүрлі әдістерді, сонымен қатар дамыту мәселелерін шешуге, оқудың тұлғаға бағдарлануы, дифференцияциясы, білім алушылардың білім беру траекториясын жеке және адамгершіліктік қалыптастыруды қарастырады.
      559. Бірінші сыныпқа 10 жастан бастап 12 жас аралығында барған балалар үшін трубада ойнауға үйрету мерзімі 5-7 жылды құрайды. Оқыту мерзімі 5 немесе 7 жылды құрайтын бағдарламаларды таңдау білім алушының жасына, жалпы даярлығына, физикалық және музыкалық ерекшеліктеріне байланысты.
      560. Оқыту жеке, шағын топтық және топтық формада жүзеге асырылады.
      Даярлық сыныбындағы білім алушылардың сандық құрамы - 8-10 адам.
      Ұжымдық музыка ойнау пәні бойынша топтардың сандық құрамы: оркестрде және ұжымдық музыка ойнаудың басқа формаларында - 6 адам, ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық формаларында - 2 адамнан бастап 4 адамға дейін.
      561. Негізгі оқу міндеттері оқытудың басынан бастап, әрине күрделене және одан әрі кеңейе отырып, одан әрі әртүрлі күрделіленген репертуарлармен жұмыс істеу арқылы қойылады. Трубада ойнау білім алушылардан музыкалық қабілеттен басқа, жақсы денсаулық пен физикалық даярлықты талап етеді. Сондықтан оқу топтарына орта және жоғары мектеп жасындағы балалар қабылданады. «Труба» пәні бойынша оқу нысаны – жеке.
      562. Білім беру үдерісінің тиімділігі оның мақсатының мазмұны мен тәрбиелеу міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, педагог пен білім алушының кәсіби құзіретті педагогикалық өзара әрекеттестігіне байланысты.
      563. Музыка мектептерінінде музыкалық қабілеттері жақсы балалармен қатар, музыкалық-орындаушылық мүмкіндіктері шектеулі балалар оқиды. Сабақта педагог олармен жұмыс істегенде музыка ойнаудың түрлі нысандары мен шығармашылық дағдыларын дамытуға екпін жасай отырып, дамытуға бағытталған оқыту әдістеріне сүйенеді. Репертуарды таңдау барысында жеке жоспардың түрлі нұсқада болуына жол беріледі: 1 және 2 сыныптардың талаптарының (оның ішінде гаммалардың да) деңгейлерін төмендету.
      564. Әр жартыжылдықтың басында жеке жоспарлар әзірленеді және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың соңында педагог алдында бекітілген тізімдердегі тапсырмалардың орындауы мен өзгерістерінің сапасын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушыныңмузыкалық және техникалық жағынан дамуының, үлгерімі мен еңбекке қабыілеттілігіне сипаттама береді.
      565. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында,жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.
      566. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.
      Білім алушының жылдық оқу жоспарының негізігі құрамдас бөлігі: ірі нысандағы туындылар, полифония, пъесалар, этюдтер, гаммалар және музыкалық шеберліктерін дамытатын жаттығулар, ансамбльдер, сүйемелдеулер, өзі оқып-үйренуі, қағаз бетінен оқуы және тасымалдауы, үйде музыкада ойнау үшін пъесалар.
      567. Білім алушылардың жеке жоспарлары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 20-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтып көрсетеді.
      568. Жеке жоспарда білім алушының жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:
      1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;
      2) жалпы даму, эмоциялық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;
      3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;
      4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;
      5) жылдың аяғындағы табыстары;
      6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.
      569. Бірдей сыныпта бағдарламаны оқытудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілігінің деңгейі бойынша өзгеше болуы мүмкін.
      570. Репертуармен жұмыста педагог шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтиханда) орындауға, ал қалған бөлігі – сынып жұмысына немесе танысуға арналатындығын ескеру керек. Педагог педагогикалық репертуармен жұмыстың аяқталу дәрежесін білім алушының жеке жоспарында оқу сатыларын белгілеу арқылы анықтайды.
      571. Педагогтің әрбір білім алушының жеке ыңғайын ескере отырып, жаңа репертуар есебінен репертуарлық тізімдерді толықтыра отырып, бағдарламаның көлемі мен күрделілігін саралайды.
      572. Білім беру ұйымы білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін дамыту ортасын қалыптастырады:
      1) балалардың жеке дамуын есепке ала отырып, білім беру бағдарламасын іске асыру;
      2) музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтау және дамыту;
      3) білім беру үдерісінде заманауи музыкалық өнер мен музыкалық білім жетістіктеріне негізделген жаңа білім беру технологияларын пайдалану;
      4) түрлі іс-шаралар өткізу арқылы білім алушылардың шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру (байқаулар, фестивальдар, шеберлік сыныптар, олимпиадалар, концерттер, шығармашылық кештер, театрландырылған көрсетілімдер және тағы басқа);
      5) білім алушылардың мәдениет ұйымдарына баруын ұйымдастыру (филармониялар, көрме залдары, театрлар, мұражайлар және т.б);
      6) педагогтер мен ата-аналардың қолдауымен білім алушылардың өз бетінше тиімді жұмыс жасауы;
      573. Білім беру бағдарламасын іске асыруда жүйелі түрде ғылыми-әдістемелік қызметпен және өз біліктілігін жетілдірумен айналысатын, сабақ беретін пәніне сәйкес арнайы кәсіби білімі бар (орта немесе жоғары) педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.
      574. Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің материалды-техникалық базасы санитарлы және өртке қарсы нормаларға, еңбекті қорғау нормаларына сәйкес болуы қажет.
      575. Білім беру бағдарламасын іске асыру шарттары болып – музыкалық аспаптардың – труба, фортепиано, пюпитрлар; труба аспабын күтуге арналған аксессуалар; CD және DVD-таспаларын тыңдауға арналған құрылғылар; аудио және видео құрылғылары;ноталық әдебиеттер, оқу жинақтары мен құралдары; әдістемелік әдебиеттер; фонотека мен видиотека табылады.
      576. «Труба» пәні бойынша жүрзілетін сабақтарға арналған кабинеттер жеткілікті дыбыстық оқшауланған, заманауи оқуға қажетті жихаздармен қамтылуы, өз уақытында жөндеуден өтуі қажет. Пианино мен рояльді музыкалық аспаптарды күйге келтіретін мамандар тұрақты түрде тексеріп тұруы керек.
      577. Апта ішіндегі сағаттардың саны мен сабақтардың ұзақтылығығы оқу жоспарына сәйкес анықталады және аптасына 2 академиялық сағатты құрайды.
      Білім беру бағдарламасын іске асыру үшін жылдық оқу уақытының көлемі – 68 сағатты құрайды.
      5 жылдық оқу мерзімі үшін – 340 сағат.
      6 жылдық оқу мерзімі үшін – 408 сағат.
      7 жылдық оқу мерзімі үшін – 476 сағат.
      578. Оқу пәнінің мақсаты жеке, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамудың түйінді міндеттер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл оқыту мазмұнын оқу үдерісінде қалыптастырылатын музыкамен қатынастың іс-қимылы, нысаны әдістерімен өзара байланыста іске асыруға мүмкіндік береді.
      579. Аталған пән дәстүрлі оқытуға, әрбір білім алушыға сараланған жеке тәсілмен қарауға, музыкалық-образдық ойлауды дамытуға, дыбыс шығару, артикуляция, штрихты қалыптастыруға, амбушюрды орындау техникасын, тыныс алуды, тіл мен саусақтарды дамытуға бағдарланған.
      580. «Труба» оқу пәні білім алушылардың базалық білімді, аспапта ойнаудың практикалық орындау біліктері мен дағдыларын игерулеріне, олардың музыкалық білім алуына бағытталған. Пән білім алушыларда шығармашылық қызмет дағдыларын, өзінің оқу қызметіне дербес бақылау жасауды жүзеге асыра білу дағдыларын қалыптастыруға арналған.
      581. Оқуға қабылдау кезінде ұйым балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында олардың музыкалық қабілеттерін тексереді. Қабылдау музыкалық қабілеттердің – ритмнің, жадының болуын айқындауға мүмкіндік беретін шығармашылық тапсырмалар нысанында өтеді.
      582. «Труба» пәні бойынша оқу нысаны – жеке.
      Аспаптық класта оқыту-тәрбие жұмысының негізгі нысаны педагогтың білім алушыға жеке сабақ беру түрінде өтетін сабақ болып табылады.
      583. Оқытудың бірінші жылдары (даярлық тобы, 1-2-сыныптар) сабақ өткізудің дәстүрлі түрлерімен қатар шағын топтық сабақтар да өткізілуі мүмкін, мұнда сабақ уақыты толығымен (немесе оның бір бөлігі) екі-үш білім алушымен бір уақытта жұмыс істеуге пайдаланылады.
      584. Білім алушыларды музыкалық дамыту үшін концертмейстермен жұмыс істеудің зор маңызы бар. Білім алушылардың сүйемелдеудің сүйемелдеуімен шығармаларды орындауы оның музыкалық танымын байытады, шығарма мазмұнын ереңірек түсінуге және игеруге жәрдемдеседі. Сүйемелдеумен бірге орындау интонацияны, ритмдік ұйымдастыруды нығайтады, жетілдіреді және үндескен ансамбльдік орындауға қол жеткізуге мәжбүрлейді.
      585. Ансамбльдік орындау дағдыларын оқытудың бірінші жылдарынан бастап игерту қажет, осы арқылы оркестр сыныбында оқуға дайындық жүреді.
      586. Сабақтан тыс жұмыс түрлері:
      1) оқу бағдарламаларын дайындау бойынша жеке сабақтар;
      2) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға даярлау;
      3) концерттерге, конкурстарға даярлау;
      4) филармонияларға, театрларға, концерт залдарына, музейлерге және тағы басқа бару;
      5) шығармашылық және мәдени-ағарту іс-шараларына қатысу.
      587. Балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінде «Труба» оқу пәні бойынша жеке оқытудың ерекшелігі оқытудың әдістерін, құралдарын, нысандарын таңдаудың және репертуарлық кешенді іріктеудің вариативтілігін болжайды.
      Әрбір білім алушы үшін сабақ өткізудің әртүрлі нысаны, қарқыны және әдісі қолданылады. Баланың музыкалық қабілетіне сәйкес педагог арнайы жеке оқыту жоспарын құрайды.
      588. Педагогке жалпы даярлық, музыкалық қабілет және өзге де жеке ерекшеліктер деңгейі бойынша ерекшеленетін білім алушыларды оқытудың сараланған тәсілін жүзеге асыруға көмектеседі.
      589. Жеке жоспарлар әрбір жартыжылдықтың басында жасалады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Әрбір жартыжылдықтың соңында педагог тапсырманың орындалу сапасын, бұдан бұрын бекітілген тізімдегі өзгерістерді атап өтеді, ал жыл соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, үлгерімі мен жұмыс қабілетіне сипаттама береді.
      590. Жеке жоспардың міндетті бөлімдері:
      1) гаммалармен жұмыс;
      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;
      3) полифониялық музыканы орындау;
      4) көлемі ірі шығармаларды орындау;
      5) классикалық және қазіргі заманғы авторлардың пьесаларын орындау;
      6) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;
      7) халық әндері мен билерін өңдеу;
      8) ансамбль құрамындағы жұмыс, оркестрлық партиялар;
      9) парақтан оқу дағдылары болады.
      591. 1-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.
      1) Аспаптармен танысу, оларға күтім жасаудың қағидалары. Дұрыс тыныс алумен жұмыс. Денені, қолдарды, басты, амбушюрды ұтымды қою қағидалары. Дыбыс шығарумен жұмыс. Қарапайым ырғақ формулаларын зерделеу. Парақтан оқудың және транспонирлеудің бастапқы дағдыларын игеру.
      2) Орындау аппаратын дұрыс қою. Трубкашының дұрыс тұру қағидаларын – денесін, аяқтарын, басын, саусақтарын, сондай-ақ ойнау кезінде аспапты дұрыс ұстау қағидаларын үйрену. Трубаның тарихы, қазіргі трубалардың құрылысы, оның бөлшектерінің атаулары, ойын кезіндегі олардың өзара байланысы жөніндегі материалдармен; труба мен мундштукке күтім жасау қағидаларымен танысу. Амбушюр түсінігін практикалық игеру. Ерін бұлшықеттерін, тыныс алудың негізгі түрлерін дамыту. Қарапайым орындау дағдыларын игеру: дыбыс шығаруға дайындалу; тыныс алу-шығару; табиғи дыбыс шығару.
      3) Техникалық даму. Техникалық тәсілдерді дамыту және қатаң шабуыл арқылы орындау аппаратын нығайту. Шабуыл тәсілдерін практикалық игеру, «ту» деген буынды нақты, дұрыс айтуды (артикуляция) – қатаң шабуылды қолдану. Дыбыстарды шығару, қолдану, біріктіру және аяқтау кезінде (detache, legato) қолданылатын негізгі штрихтарды игеру. Біркелкі, таза, дауыс ырғағы жағынан тұрақты, динамикасы жағынан әртүрлі дыбысты пысықтау.
      4) Музыкалық-көркем тапсырмалар. Музыкалық образдық ойлауды, музыкалық фразалар мен ұсыныстар құрылымын сезіне білу мен бере білу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту. Музыкалық-ырғақ сезімін, қарапайым ырғақ топтары мен топардың дәйектілігін қабылдау және жасай білу біліктерін дамыту. Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін қабылдау және беру біліктері.
      592. 2-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.
      1) Амбушюрмен, дыбыспен, дауыс ырғағымен, ырғақпен жұмыс істеуді жалғастыру. Штрихтарды зерделеу. Аспаптарды баптаумен танысу. Музыка терминологиясын кеңейту. Парақтан оқу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
      2) Орындау аппаратын дұрыс қою. Орындау аппаратын piano және mezzo forte дыбыстарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұру ойыны кіретін жаттығулар кешені арқылы қалыптастыру. Аспаптарды күту және жай-күйін тексеру бойынша дағдыларды бекіту (бұрандалы тетіктерді, крондарды майлау, аспапты жуу, крон мен жалпы құрылымын баптау). Ойын техникасын дамыту үшін тәсілдерді пысықтау (тыныс алу және музыкалық баса айту).
      3) Техникалық даму. Техникалық тәсілдерді одан әрі дамыту және қатаң шабуыл, ойын кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту арқылы орындау аппаратын нығайту. Ерінмен жұмыс (төзімділік, қозғалғыштық), саусақтармен жұмыс істеудің (жылдамдық, нақтылық, орындау аппаратының барлық элементтерімен үндестік) функционалдық дағдыларын пысықтау. Штрихтарды (detache, legato, staccato) жеке және жұптық комбинацияда (legato и detache, legato и staccato) қолдана отырып, гаммалармен жұмыс істеу. Тыныс алуды дұрыс ауыстыра отырып орындаумен жұмыс істеу (кіріспе тоннан кейін тыныс алу).
      4) Музыкалық-көркем тапсырмалар. Білім алушының музыкалық орындауға қатысты қызығушылық қатынасын тәрбиелеу. Нота мәтінін ғана емес, музыкалық шығарманың көңіл-күйін беруге ұмтылу. Ырғақта күшті және әлсіз уақытты бере білу, ойын процесінде талап етілетін дыбыс сипатын жатқа білу дағдылары. Фортепианомен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру.
      593. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.
      1) Орындау техникасының элементтерімен, дыбыс шығару және оның сапасын жақсартумен үйлестірілген жұмыс істеуді дамыту. Ойын диапазонын кеңейту. Орындау техникасын кешенді дамыту. Штрихтарды одан әрі игеру. Парақтан оқу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
      2) Орындау аппаратын дұрыс қою. Жаттығулар, этюдтер, гаммалар, арпеджио, пьесалар ойыны арқылы staccato штрихын орындау техникасын дамыту. Қатаң шабуылды еркін және батыл қолдану арқылы, сондай-ақ буындарды нақты айтуға, еріннің төзімділінін және тілдің қозғалмалылығын нығайтуға көмектесетін жаттығулар арқылы ерін мен тіл техникасын жетілдіру.
      3) Техникалық даму. Оқытудың техникалық міндеттеріне сәйкес келетін толық, біркелкі дыбысты орындауды пысықтау. Білім алушының қабілеттері мен техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін этюдтерді үйрену. Негізгі мелизмның барлық түрлеріне арналған дайындық жаттығуларын орындау. Фортепианоның сүйемелдеуімен этюдтерді және шығармаларды жатқа орындау.
      4) Музыкалық-көркем тапсырмалар. «Белгілі бір сипатта» орындаудың дағдылары мен біліктерін бекіту. Шығармамен жұмыс істеу процесінде образдық ойлауды қалыптастыру. Музыкалық-ырғақ сезімін, музыкалық ойлауды одан әрі дамыту. Фортепианомен және өзге аспаптармен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру. Әртүрлі концерттерде өнер көрсетудің ерекшеліктері мен өз-өзін ұстай білу қағидаларына үйрету.
      594. 4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.
      1) Ойын уақытында ыңғайсыздану мен қысылудан арылу. Дыбыс шығару және оның сапасын жақсартумен жұмыс істеу. Штрихтарды орындауды жетілдіру. Парақтан оқу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Музыкалық терминологияны одан әрі зерделеу.
      2) Орындау аппаратын дұрыс қою. Негізгі оқу-жаттығу материалын бекіту. Баяу ырғақта ән салу сипатындағы этюдтер мен пьесаларды орындау арқылы дыбыс сапасымен, оның ырғағымен және қарқынымен жүйелі жұмыс істеу. Тыныс алуды дамытуға арналған фактуралардың, жаттығулардың барлық элементтерін пысықтау. Дыбысты бақылай отырып, созылмалы ноталарды, әртүрлі интервалдарды қосумен жаттығулар ойынын орындау.
      3) Техникалық даму. Күнделікті гаммада ойнау дағдыларын қалыптастыру. Этюдтер мен музыкалық шығармаларда кездесетін мелизмдермен, олардың белгілерімен, ырғақ құрылымының ерекшеліктерімен, жеткілікті орындау дағдылары болған кезде орындау техникасымен жұмыс істеу. Тынысты бөлумен, біртіндеп ұлғайтумен және елеулі шарықтау шегі бар серпінді төмендетумен жұмыс істеу. Қарқынды сrescendo кезінде жылдамдатуға және diminuendo кезінде бәсеңдетуге жол бермеумен жұмыс істеу. Жаттығуларды pp-дан ff-ге дейінгі динамикалық реңктерді пайдалана отырып орындау.
      4) Музыкалық-көркем тапсырмалар. Музыкалық назарды шоғырландыру және бөлу дағдыларын қалыптастыру. Ырғақ сезімін, музыкалық ойлауды одан әрі дамыту. Фортепианомен және өзге аспаптармен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру. Әртүрлі концерттерде өнер көрсетудің ерекшеліктері мен өз-өзін ұстай білу қағидаларына үйрету.
      595. 5-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.
      1) 7 жылдық курс бойынша оқуды жалғастыратындар үшін
      Орындау техникасын жетілдіру, көркем ойнаудың маңызды шарттарының бірі ретінде музыкалық есту қабілетін, аспаптың дыбысты сапалы шығаруын қалыптастыру және дамыту. Шығармашылық және физикалық төзімділікті пысықтау.
      2) 5 жылдық курс бойынша оқуды аяқтайтындар үшін:
      Қорытынды бағдарламалады дайындау.
      Орындау аппаратын дұрыс қою
      Аспаптың дыбыс шығару сапасын жақсартумен жұмыс істеу. Ыңғайсыздану мен орындау аппаратының бұлшықеттерін қысылудан түпкілікті арылту. Шығарылатын дыбыстың ауқымын кеңейту, дыбыстың біркелкі, тұрақты болуымен, дауыс ырғағының таза болуымен жұмыс істеу. Динамикамен жұмыс істеу.
      1) Техникалық даму
      Анағұрлым күрделі ырғақ формулаларын игеру. staccato, оның ішінде «қосарланғанды» орындау. Негізгі жаттығу материалын пысықтау: дыбыс сапасын, дауыс ырғағының тазалығын, барлық тіркелімдерде дыбыстың біркелкі шығуын және динамикалық алуан түрлілік пен орындаудың өзге компоненттерін жетілдіру мақсатында гаммалар мен арпеджионың барлық түрлерінде ойнау. Ірі нысандармен жұмыс, концерттерді, сонаттарды орындау ерекшеліктері; ойынның концерттық мәнерін игеру; алуан түрлі концерт репертуарын жинақтау, орындау шеберлігін арттыру.
      2) Музыкалық-көркем тапсырмалар. Музыкалық шығармаларды саналы орындауды қалыптастыру. Дауыс ырғағының айқындығы мен сөйлемдердің анықтығымен, орындаудың тұтастығымен жұмыс істеуді жалғастыру. Орындалатын шығармалардың мазмұнын түсінумен және көркем образ жасай білумен жұмыс істеу.
      596. 6-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.
      1) 7 жылдық курс бойынша оқуды жалғастыратындар үшін:
      Орындау техникасын жетілдіру. Алдыңғы сыныптарда алынған барлық техникалық және шығармашылық дағдылар негізінде музыкалық шығармаларды орындауға қатысты жеке көзқараспен жұмыс істеу. Шығармашылық және физикалық төзімділікті пысықтау.
      5 жылдық курстың дарынды білім алушылары үшін 6-сынып арнайы орта оқу орындарына түсуге нысаналы дайындалудың қосымша жылы болып табылады. Қабылдау емтихандарының талаптарына сәйкес келетін бағдарламалармен жұмыс.
      2) Орындау аппаратын дұрыс қою. Дыбыстың сапасымен, оның біркелкі, тұрақты болуымен, дауыс ырғағының таза болуымен, тембрмен жұмыс істеу. Динамикамен жұмыс істеу. staccato, оның ішінде «қосарланғанды» еркін меңгеру. Штрихтық реңктерді игеру үшін қажет орындаушылық дем алу мен тілдің одан әрі өзара іс-қимылы.
      3) Техникалық даму. Гаммалармен, оның ішінде хроматикалық гаммамен (әртүрлі штрихтық, ырғақтық және қарқындық нұсқаларда орындау) жұмыс. Барлық тіркелімдердің (бұлшықет және есту сезімдерін бақылау) біркелкі естілуімен жұмыс. Әртүрлі техникаға арналған этюдтер. Қорытынды емтиханға этюд дайындау.
      4) Музыкалық-көркем тапсырмалар. Орындалатын шығармалардың сипатын көрсетуді жетілдірумен жұмыс. Композитордың көркем ойын аша білу және оны тыңдармандарға жеткізе білу.
      597. 7-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.
      1) Музыкалық шығарманың көркем талаптарына сәйкес келетін техниканы жетілдіру; көрнекіліктің агогикалық тәсілдерін игеру, шығармашылық және физикалық төзімділікті, 3-4 шығарманы үздіксіз орындау қабілетін пысықтау. Білім алушының шығармашылық перспективасын айқындау. Анағұрлым дарындыларды арнайы орта оқу орындарына түсуге даярлау. Қабылдау емтихандарының талаптарына сәйкес келетін бағдарламалармен жұмыс. Стилі мен жанры бойынша әртүрлі шығармаларды зерделеу. Концерттерге, конкурстарға, фестивальдарға белсенді қатысу. Музыкалық терминологияларды білу.
      2) Орындау аппаратын дұрыс қою. Дыбыстың сапасымен, оның барлық тіркелімдерде біркелкі, тұрақты болуымен, дауыс ырғағының таза болуымен, тембрмен, филировкамен, вибратомен жұмыс. Бет және ерін бұлшықеттерін қалыптастыруды аяқтау. Ойнау кезінде туындайтын ыңғайсыздану мен бұлшықеттің қысылуынан түпкілікті арылу. Төзімділік пен бірнеше шығарманы қатарынан орындау қабілетімен жұмыс.
      3) Техникалық даму. Орындау техникасының барлық элементтерін жетілдіру, төзімділік пен сахналық шыдамдылықты пысықтау. Гаммалармен, оның ішінде хроматикалық гаммамен (әртүрлі штрихтық, ырғақтық және қарқындық нұсқаларда орындау) жұмыс. Зерделенген этюдтерді қайталау. Әртүрлі техникаға арналған этюдтер. Қорытынды емтиханға этюд дайындау.
      4) Музыкалық-көркем тапсырмалар. Әртүрлі сипаттағы, нақыштағы және жанрдағы (оның ішінде ірі нысанды шығармалармен) пьесалармен жұмыс. Көркем мақсат туралы саналы қатынасты және анық түсінікті дамыту, оған игерілген техникалық тәсілдер, орындалатын шығармалардың мазмұнын түсіну негіз болып табылады. Орындалатын шығармаларға қатысты жеке көзқарасты, өзіндік орындау тұжырымдамасын әзірлеу.
      598. 1-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      Оқу жылының ішінде білім алушылар меңгереді:
      1) шағын октаваның барлық тіркелімін пайдалана отырып, бір белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын;
      2) тікелей қозғалыстағы үш дыбысты арпеджирлеуді;
      3) жартылай толық, төрттен бір ұзақтықпен, detache, legato штрихтарымен гаммалар мен арпеджионы;
      4) бірінші және шағын октавалардағы аппликатураны;
      5) p, f, mp, mf динамикалық реңктерді;
      6) секундтар, терциялар, кварталар аралығы шегіндегі жаттығуларды;
      7) 6-8 этюд пен жаттығуларды;
      8) игерілген диапозон шегінде 4-6 жеңіл пьесаны игереді.
      599. Емтихандық бағдарламалық талаптар.
      Бірінші жартыжылдықтың соңында бақылау сабағы өтеді, мұнда қалыпты шамада бір октавамен C-dur, a-moll гаммалары, бір пьеса орындалады. Жылдың соңында дебют-концерт өтеді, мұнда білім алушылар фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы екі пьесаны орындайды.
      600. 2-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      Оқу жылының ішінде білім алушылар меңгереді:
      1) шағын октаваның тіркелімін пайдалана отырып, 2 белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, сондай-ақ қалыпты шамада тікелей қозғалыспен арпеджионы;
      жартылай толық, төрттен бір ұзақтықпен, detache, legato, staccato штрихтарымен гаммалар мен арпеджионы;
      3) бірінші және шағын октавалардағы аппликатураны;
      4) p, f, mp, mf динамикалық реңктерді;
      5) секундтар, терциялар, кварталар, detache, legato, staccato штрихтары аралығы шегіндегі баяу қарқында ұзақ дыбыстармен орындалатын жаттығуларды;
      6) 8-10 этюд пен жаттығуларды;
      7) игерілген диапозон шегінде 6-8 жеңіл пьесаны игереді.
      601. Емтихандық бағдарламалық талаптар
      1 және 3 тоқсанның соңында техникалық сынақтар өтеді, мұнда 2 дейінгі белгімен мажор және минор гаммалары, бір этюд орындалады. Екінші және төртінші тоқсанның соңында академиялық концертте фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы екі пьеса орындалады.
      602. 3-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар
      Оқу жылының ішінде білім алушылар меңгереді:
      1) 3 белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын;
      2) әртүрлі ұзақтылықпен, detache, legato, staccato штрихтарымен гаммалар мен арпеджиоларды;
      3) p, f, mp, mf динамикалық реңкті секундтар, терциялар, кварталар арасындағы жаттығулар;
      4) 8-10 этюд пен жаттығулар;
      5) игерілген диапазон шегінде 6-8 жеңіл пьесаны игереді.
      603. Емтихандық бағдарламалық талаптар.
      1 және 3 тоқсанның соңында техникалық сынақтар өтеді, мұнда 3-ке дейінгі белгімен мажор және минор гаммалары, бір этюд орындалады. Екінші және төртінші тоқсанның соңында академиялық концертте фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы екі пьеса орындалады.
      604. 4-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      Оқу жылының ішінде білім алушылар меңгереді:
      1) мажор және минор гаммаларын;
      2) тікелей қозғалыс пен айналыстағы тоникалық үш дыбысты арпеджионы;
      3) әртүрлі техника түріне арналған 8-10 этюдтерды;
      4) әртүрлі сипаттағы 6-8 пьесаны;
      5) ансамбльдік пьесалар мен оркестрлік шығармаларды.
      605. Емтихандық бағдарламалық талаптар.
      1 және 3 тоқсанның соңында техникалық сынақтар өтеді, мұнда 4-ке дейінгі белгімен мажор және минор гаммалары, бір этюд орындалады. Екінші және төртінші тоқсанның соңында академиялық концертте фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы екі пьеса орындалады.
      606. 5-сыныптарға арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      Оқу жылының ішінде білім алушылар меңгереді:
      1) 5 белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын;
      2) тікелей қозғалыс пен айналыстағы тоникалық үш дыбысты арпеджионы;
      3) әртүрлі дыбыстағы хроматикалық гамманы;
      4) әртүрлі техника түріне арналған 8-10 этюдтерді;
      5) әртүрлі сипаттағы 6-8 пьесаны (оның ішінде ансамбльді) игереді.
      607. Емтихандық бағдарламалық талаптар
      1) 7 жылдық курс бойынша оқуды жалғастыратындар үшін:
      Бірінші және үшінші тоқсанның соңында техникалық сынақтар өтеді, мұнда 5 дейінгі белгімен мажор және минор гаммалары, тікелей түрде және айналыстағы арпеджио, бір этюд орындалады. Екінші және төртінші тоқсанның соңында академиялық концертте фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы екі пьеса орындалады.
      2) 5 жылдық курс бойынша оқуды аяқтайтындар үшін:
      Оқу жылы ішінде соңғы сыныптың білім алушылары түлектер бағдарламасының шығармаларын орындай отырып, тыңдалымдарда өнер көрсетеді.
      Емтиханда ірі көлемдегі бір шығарма және пьеса немесе әртүрлі сипаттағы үш пьеса (олардың бірі - кантилена) орындалады. Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау міндетті болып табылады.
      608. 6-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      Оқу жылының ішінде білім алушылар меңгереді:
      1) 5 белгіге дейінгі тоналдылықта мажор және минор гаммаларын, үш дыбысты арпеджионы және олардың айналысын, әртүрлі штрихтармен жылжымалы қарқында орындауды;
      2) әртүрлі штрихтық және ырғақтық нұсқалардағы хроматикалық гамманы;
      3) 8-10 жаттығу мен этюдтерді;
      4) әртүрлі сипаттағы 4-6 пьесаны (оның ішінде ансамбльді)
      5) ірі көлемдегі 1-2 шығарманы;
      6) оркестрлық партияларды игереді.
      609. Емтихандық бағдарламалық талаптар.
      1) 7 жылдық курс бойынша оқуды жалғастыратындар үшін:
      1 және 4 тоқсанның соңында техникалық сынақтар өтеді, мұнда 5 дейінгі белгімен мажор және минор гаммалары, тікелей түрде және айналыстағы арпеджио, бір этюд орындалады. Екінші және төртінші тоқсанның соңында академиялық концертте фортепианомен әртүрлі сипаттағы екі пьеса орындалады.
      2) 6 жылдық курс бойынша оқуды аяқтайтындар үшін:
      Музыкалық орындау саласында кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуге нысаналы дайындалып жүрген алтыншы сыныптың білім алушылары жылына екі емтихан тапсырады: желтоқсанда және мамырда. Желтоқсанда– ірі нысан.
      610. 7-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      Оқу жылының ішінде білім алушылар меңгереі:
      1) 6 белгіге дейінгі тоналдылықта мажор және минор гаммаларын, үш дыбысты арпеджионы және олардың айналысын, әртүрлі штрихтармен жылжымалы қарқында орындауды;
      2) әртүрлі штрихтық және ырғақтық нұсқалардағы хроматикалық гамманы;
      3) 8-10 жаттығу мен этюдтерді;
      4) әртүрлі сипаттағы 4-6 пьесаны (оның ішінде ансамбльді)
      5) ірі көлемдегі 1-2 шығарманы;
      6) оркестрлық партияларды игереді.
      611. Емтихандық бағдарламалық талаптар
      Оқу жылы ішінде соңғы сыныптың білім алушылары түлектер бағдарламасының шығармаларын орындай отырып, тыңдалымдарда өнер көрсетеді. Түлектер бағдарламасының шығармалары.
      Сынақтарда педагогтың ұйғарымы бойынша емтихан бағдарламаларының ішінен кез келген шығарма орындалады. Қорытынды емтихан алдында сынақтарда, сынып кештерінде және концерттерде түлектер бағдарламасы ойналады.
      612. 7-сыныпта білім алушылар кәсіби білім беру мекемелеріне түсуге нысаналы түрде дайындалады, жылына екі емтихан тапсырады: желтоқсанда және мамырда. Желтоқсанда – ірі нысанды шығарма.
      613. Академиялық концерттер мен емтихандарға арналған көрсетілімдерге қойылатын бағдарламалық талаптарды педагог сыныптарға бөліп әзірлейді, педагогтік кеңестің шешімімен қабылданып, білім беру ұйымының басшысының қолымен бекітіледі.
      614. Бағалау өлшемдері өзгеше болып келеді. Олар пән бойынша, ағымдағы үлгерімділігінің нәтижесі бойынша және концерттік қойылымдарда алған бағалары бойынша қойылады.
      615. Білім сапасын бағалау барлық бақылау нысандарын қамтиды. Олардың әрқайсысы белгілі оқу-әдістемелік міндеттерді шешуге бағытталған,өздерінің мақсаттары,міндеттері мен нысандары бар.
      616. Үлгерімді бақылаудың негізгі түрлері болып келесілер табылады:
      1) ағымдық бақылау;
      2) аралық аттестация;
      3) қорытынды аттестация.
      617. Ағымдық бақылау оқу пәнін қолдауға, пәндерге деген көзқарасын анықтауға, үй тапсырмаларын дайындауды ұйымдастыруға бағытталған, өзінің мақсаттары бар, ынталандыру сипатына ие болуы мүмкін.
      Ағымдық бағылауды педагог сабақ кестесі шеңберіндемандығы бойынша жүргізеді және түрлі бақылау жүйесін пайдалануды ұсынады.Бағалар журнал мен білім алушының күнделігіне қойылады. Онда мыналар ескеріледі:
      1) баланың пәнге деген көзқарасы, оның тырысуы;
      2) ұсынылған тапсырмаларды орындау сапасы;
      3) бастамашылдығы және сабақта және үйде өз бетінше жұмыс атқара алатындығын көрсетуі;
      4) жылжу қарқыны.
      Ағымдық бақылаудың нәтижесі негізінде тоқсандық бағалар шығарылады.
      618. Аралық бақылау білім алушының даму жетістіктерін, осы кезеңде оқу міндеттерін меңгеру дәрежесін анықтайды.Аралық аттестациялау бақылау сабақтары, сынақтар, академиялық концерттер, техникалық сынақтар, емтихандар түрінде өткізіледі.
      619. Көшіру емтиханынан басқа бақылаудың түрлері жеке (бағамен), сондай-ақ бөлінбеген (сынақ) түрінде болады.
      620. Қорытынды аттестаттау (бітіруші қорытынды емтихан) концерттік бағдарламалардағы музыкалық, техникалық, көркемдік міндеттерді меңгеру дәрежесін көрсетеді.
      621. Емтиханда құжатқа сәйкес бағалар белгіленеді және бағаланады.
      Ағымдық бақылау. Бақылау міндеттері: оқу пәнін қолдау; оқып отырған пәніне деген көзқарасын анықтау; ағымдық оқу материалын меңгеру деңгейін көтеру. Бақылау түрлері: бақылау сабақтары, байқаулар мен концертерді тыңдау.
      Аралық аттестаттау. Бақылау міндеттері: білім алушының оқытудың белгілі кезеңіндегі бағдарламаны меңгеру дәрежесі мен даму жетістіктерін анықтау. Бақылау түрлері - сынықтар, академиялық концерттер бітіру емтихандарының бағдарламаларын тыңдау, техникалық сынақтар, көшіру емтихандары.
      Қорытынды аттестаттау оқу пәнін меңгерудің дәрежесі мен сапасын анықтайды. Бақылау түрлері: бітіру емтиханы. 5-7-сыныптар; қорытынды емтихан - 6-сынып.
      622. Үлгерімділікті бақылау нысандары:
      1) Бақылау сабақтары білім алушының мамандық сыныбында алған білімін, біліктері мен дағдыларын анықтайды. Бақылау сабақтары көпшілік алдында орындау және концертке дайындықты қажет етпейді. Бақылаудың бұл түрі білім алушылардың еркін жұмыстарының нәтижелерін, техникалық өсуін, музыка ойнау дағдыларын меңгеру дәрежесін (парақтан оқу, есту бойынша таңдау), бітіру сыныбындағы білім алушылардың қорытынды аттестациялауға дайындығын тексереді. Бақылау сабақтары оқу пәніне бөлінген оқу үдерісінде жүргізіледі.
      2) Сынақтар оқу тоқсаны немесе жарты жылдық аяқталған кезде тапсырылады, техникалық немесе академиялық бағдарламаны көпшілік алдында орындауды немесе оның бір бөлігін комиссияның алдында орындауды білдіреді. Сынақтар ұсыныс сипатында, міндетті әдістемелік талқылауы бар, әртүрлі сынақтар.
      3) Академиялық концерттер дегеніміз - оқу бағдарламасын немесе оның бөлігін комисииялардың, ата-аналардың, білім алушылардың немесе басқа да тыңдаушыладың алдында (сахнада) орындауды білдіреді, түрлі бағалар қойылады.
      4) Көшіру емтихандары әр оқу жылының аяғында өткізіледі. Білім алушының көрсетілімі оның осы оқу жылындағы оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін көрсетеді. Көшіру емтиханы дифференцияланған бағалау жүйесін қолдану арқылы жүргізіледі. Емтихандар оқу сабақтарынан тыс кезде жүргізіледі. Бағдарламаны толық меңгерген білім алушы келесі сыныпқа көшіріледі.
      5) Қорытындылау аттестациясы (қорытынды және бітіру емтиханы)білім алу бағдарламасын меңгеру сапасы мен дәрежесін анықтайды. Бітіру емтиханы оқу жоспарына сәйкес 5 немесе 7-сыныпты аяқтағанда тапсырылады, ал қорытындылау аттестациясы 6-сыныпты аяқтағанда тапсырылады. Қорытындылау аттестациясы білім беру ұйымының басшысы бекіткен кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      623. Үлгерімді бақылау циклограммасы.
      Бақылау сабағы. Бақылау бағдарламасы: техникалық формулалар, терминдер. Бақылау мерзімділігі: бірінші және үшінші оқу тоқсаны. Бақылау нысандары: сынақ, баға.
      Сынақ (техникалық). Бақылау бағдарламасы: гаммалар, арпеджио, жаттығулар, этюдтер. Бақылау мерзімділігі: бірінші және үшінші оқу тоқсаны. Бақылау нысаны: сынақ, баға.
      Академиялық концерт. Бақылау бағдарламасы: Шығарма. Бақылау мерзімділігі: бірінші жарты жылдықтын аяғында. Бақылау нысаны: баға.
      Көшіру емтиханы. Бақылау бағдарламасы: Шығарма. Бақылау мерзімділігі: оқу жылының аяғында. Бақылау нысандары: баға.
      Бітіру емтиханы. Бақылау бағдарламасы: шығарма. Бақылау мерзімділігі: 5 немесе 7 жылдық оқу мерзімінің аяғында. Бақылау нысаны: баға.
      624. Сыныптар бойынша білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бағдарламалық-бақылау талаптары.
      1-сынып (5-7 жылдық оқу мерзімі). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: сынақ (академиялық концерт), түрлі сипатты екі пьеса. Екінші жарты жылдық: техникалық сынақ, емтихан (түрлі сипатты екі пьесалар).
      2-сынып (5-7 жылдық оқу мерзімі). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: техникалық сынақ, сынақ (академиялық концерт), түрлі сипатты екі пьеса. Екінші жарты жылдық: техникалық сынақ, емтихан (түрлі сипатты екі пьесалар).
      3-сынып (5-7 жылдық оқу мерзімі). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: техникалық сынақ, сынақ (академиялық концерт), түрлі сипатты екі пьеса. Екінші жарты жылдық: техникалық сынақ, емтихан (түрлі сипатты екі пьесалар).
      4-сынып (5-7 жылдық оқу мерзімі). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: техникалық сынақ, сынақ (академиялық концерт), ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы екі пьеса. Екінші жартыжылдық: техникалық сынақ, емтихан (ірі нысанды шығармалар немесе түрлі сипаттағы екі пьеса).
      5-сынып (7 жылдық оқу мерзімі). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: техникалық сынақ, сынақ (академиялық концерт), ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы екі пьеса. Екінші жартыжылдық: техникалық сынақ, емтихан (ірі нысанды шығармалар немесе түрлі сипаттағы екі пьеса).
      5-сынып (5 жылдық оқу мерзімінің бітіру сыныбы). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: сынақ (академиялық концерт), бітіру емтиханының бағдарламасын тыңдау. Екінші жартыжылдық: бітіру емтиханының бағдарламасын тыңдау, бітіру емтиханы (ірі нысанды шығармалар немесе пьеса).
      6-сынып (7 жылдық оқу мерзімі). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: техникалық сынақ, сынақ (академиялық концерт), түрлі сипаттағы екі пьеса. Екінші жартыжылдық: емтихан (ірі нысанды шығармалар немесе түрлі сипаттағы екі пьеса).
      6-сынып (5 жылдық курстың қосымша сыныбы). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: сынақ (академиялық концерт), ірі нысанды шығарма, емтихан бағдарламаларын тыңдау, қорытынды емтихан (ірі нысанды шығармалар немесе пьеса).
      7-сынып (7 жылдық курс). Аралық аттестациялаудың нысаны, талаптары. Бірінші жартыжылдық: сынақ (академиялық концерт), ірі нысанды шығарма, бітіру емтиханының бағдарламасын тыңдау. Екінші жартыжылдық: бітіру емтиханының бағдарламасын тыңдау, бітіру емтиханы (ірі нысанды шығармалар немесе пьеса).
      625. Аралық аттестаттау шеңберінде бақылау сабақтары мен сынақтары «Труба» пәніне көзделген оқу уақыты есебінен жартыжылдық оқу соңында өтеді. Емтихандар аралық аттестаттау шеңберінде өтеді.
      626. Емтихандық аттестаттауға (аралық, қорытынды) білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте құрылады. Ол білім алушылар мен педагогтердің назарына оны өткізуге дейін кемінде екі аптадан кешіктірілмей жеткізіледі. Емтиханға пән бойынша оқу тапсырмаларын орындаған білім алушылар жіберіледі.
      627. Білім алушылардың техникалық даярлығын, музыкалық терминологияны, дыбыс шығару қағидаттарын білуін, сондай-ақ орындалатын шығарма туралы музыкалық сауатты айта білулерін, парақтан ноталарды оқуларын тексеруді педагог сынып сабақтарында және техникалық сынақтарда бөлімнің екі-үш педагогінің қатысуымен жүзеге асырады.
      628. Қорытынды (ауыстыру) бағаларды шығару кезінде білім алушының ілгерілеуі, академиялық концерттерде өнер көрсету бағасы, емтихан бағалары, техникалық сынақ қорытындылары, сондай-ақ бір жыл ішіндегі білім алушының өзге де концерттерде өнер көрсету бағалары негізінде шығарылған жылдық жұмысының бағасы ескеріледі.
      629. Егер білім алушы қанағаттанарлықсыз баға алған болса, емтихан аяқталғаннан кейін оны қайта тапсыруға жол беріледі. Емтиханды қайта тапсыру және екінші рет тапсыру шарттары білім беру ұйымының «Білім алушылардың білімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау туралы ереже» деген жергілікті нормативтік актісінде айқындалған.
      630. 1-сынып білім алушыларының техникалық даярлығын тексеру бойынша сынақтарекінші жартыжылдықта ғана өтеді, 2-сыныптан бастап жылына екі рет өтеді.
      Білім алушылардың техникалық даярлығын, парақтан ноталарды оқи білу, орындалатын шығарманы музыкалық сауатты айта білу, іріктеу, есту бойынша тапсырмаларды орындау, білім алушы үшін қолжетімді деңгейде транспозициялау дағдыларын тексеруді мамандық бойынша педагог оқытудың барлық кезеңіндегі сабақ уақытында, сондай-ақ бақылау сабақтарында 2-3 педагогтің қатысуымен жүзеге асырады.
      631. Үлгерімді есепке алған кезде академиялық концерттерде, емтихандарда және өзге де жұрт алдында өнер көрсетулер кезінде шығармаларды орындау сапасына ерекше көңіл аудару қажет, сондай-ақ әртүрлі жанрлардың шығармаларын дербес және жан-жақты зерделеу, ансамбльдарда ойнау, аккомпанирлеу, парақтан ноталарды оқу, этюдтер мен жаттығулар материалдарында орындау техникаларын игеру дағдыларының болуын бағалау керек.
      632. Оқу жылы ішінде әртүрлі жанрлар мен нысандарда (соло және ансамбльдік) шығармаларды орындау арқылы академиялық концерттерде кемінде 2 рет өнер көрсету ұсынылады. Шығармалар саны шектелмейді. Емтихан бағдарламалары оқыту жылдары мен білім алушылардың әртүрлі дайындық деңгейлері бойынша бағдарламалық талаптарға сәйкес жасалады.
      633. Оқу жылы ішінде соңғы сыныптың білім алушылары түлек бағдарламаларының шығармаларын орындай (ойнай) отырып (бағалаумен) тыңдалымдарға қатысады (желтоқсан, ақпан, сәуір). Қалған сыныптарда білім алушылар академиялық концерттерге қатысады. Іріктеу тыңдалымдарына, концерттерге, конкурстарға және тағы басқаларға қатысу академиялық концерттерге теңелмейді. Барлық өнер көрсетулер мұқият талқыланады. Репертуар таңдау, орындаудың кемшіліктері, жеке ерекшеліктерді ескере отырып, оларды еңсеру жолдары сияқты мәселелерді қозғай отырып, білім алушылардың дамуын талдау маңызды.
      Барлық өнер көрсетудің бағдарламалары, сондай-ақ талқылау тұжырымдары өнер көрсету хаттамасында және білім алушылардың жеке жоспарларында тіркеледі. Ескертулер білім алушының оқу материалын игеру, белсенділік деңгейін, даму перспективалары мен қарқынын атап өте отырып, ұсынымдық, талдамалық сипатқа ие болады.
      634. Тексерудің әрбір нысаны (ауыстыру емтиханынан басқа) сараланған (бағамен), сондай-ақ сараланбаған да болуы мүмкін.
      Ауыстыру емтиханы барлығы үшін міндетті болып табылады.
      635. Баға өлшемдері білім алушылардың алдына қойған мақсаттарына байланысты. Педагогтың да, білім алушының да жұмысын бағалау керек. Бағалау кезінде оқыту барысындағы тиімділікті көрсетеді. Барлық жағдайда негізігі бағалау өлшемдері материалды және шығарманы орындауды сауатты, зерделі меңгеруі болып табылады.
      636. Қорытынды бағаны қою кезінде келесілер ескеріледі.:
      1) білім алушының оқу бағдарламасын меңгерудегі жеткен нәтижелеріне қарай қорытынды бағасы;
      2) академиялық концерт немесе емтиханда көрсеткен, сонымен қатар сынақ және бағылау сабағындағы бағасы;
      3) білім алушының оқу жылындағы басқа да өнер көрсетулері ескеріледі.
      637. Соңғы емтихандағы бағаны қою кезінде келесі көрсеткіштер ескеріледі:
      1) білім алушылардың аспапты керекті деңгейге дейін игергендігін көрсетуі;
      2) орындалатын шығарманың көркемөнер бейнесін толық және сенімді ашуы;
      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі мен орындауы.
      638. Бағалар тоқсандық және жартыжылдық оқу жылының аяөталуымен қойылады. Бітіру емтиханында баға бес балдық жүйемен қойылады («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз»).
      639. Білім алушының мінездемесі оның жеке ерекшелігінің мынадай жақтарын қамтиды:
      1) музыкалық қабілетінің деңгейі (есту қабілеті, ырғақ, жады);
      2) білім алушының орындау аппаратының аталған аспапқа сәйкес келуі;
      3) аспапқа бейімделу деңгейі;
      4) жалпы даму, эмоциялығы, сезімталдығы, іс-қимылының шапшаңдығы;
      5) музыка сабақтарына қарым-қатынасы;
      6) жұмыс қабілеті, жинақылығы;
      7) өз бетінше сабақ оқи білуі;
      8) мәтін талдаудағы сауаттылық деңгейі;
      9) музыкалық шығармаларды игеру жылдамдығы;
      10)жыл соңындағы жетістіктері;
      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктер мен оларды еңсеру бойынша міндеттер;
      12) кәсіби деректері бар білім алушыны сипаттау үшін көркем ойлаудың, музыкалық бастамашылықтың, техникалық деректердің болуы сияқты жеке ерекшеліктерді атап өту керек.
      640. Бағалау жүйесі. Бақылау-бағалау сипаттамалары
      5 «өте жақсы». Аталған оқу кезеңінің барлық талаптарына жауап беретін техникалық жағынан сапалы және көркем орындау;дыбыс шығаруды өз бетінше бақылау; нысанды жеткізе білу, көркемдік мазмұн; батыл, ашық, эмоциялық тұрғыдан және еркін қозғалыспен орындау.
      4 «жақсы». Техникалық және көркемдік тұрғыдан да біраз кемшіліктері бар сауатты, тұрақты орындау; бағдарлама шығармаларындағы музыкалық, техникалық және ырғақтық тапсырмаларды орындау, бірақ аз ғана кемшіліктері бар; динамикасының жарқындығы жеткіліксіз, дауыстардың сараланбаған арақатынасы.
      3 «қанағаттанарлық». Орындауда кемшіліктер саны көп: мәтінді толық жаттамау, техникалық әлсіз дайындық, ойнау көркемдігі аз, ойын аппараты еркіндігінің болмауы; орындауы сенімсіз, ырғағы тұрақсыз, дауыс ырғағы ашық емес, қозғалыс үйлесімі жеткіліксіз, динамикалық реңктері жоқ; мәтіндік қателіктер бар.
      2 «қанағаттандырарлық емес». Үй жұмыстарының жоқтығы салдарынан болған кемшіліктер кешені, сондай-ақ сабақты көп босату; мәтінді басынан аяғына дейін орындай алмау; ноталық мәтінді оқу және орындаудың негізгі талаптарын орындай алмау; орындаудың қозғалыс тәсілдерін игермеу.
      «Сынақ»(белгісіз). Оқытудың аталған кезеңінде даярлықпен орындаудың жеткілікті деңгейін көрсетеді.
      641. Білім беру бағдарламасын меңгеруден күтілетін нәтижелер.
      Түлек келесілерді біледеді:
      1) баяу үрлемелі аспаптарда жеке орындаушылыққа тән техникалық мүмкіндіктер мен көркемдік-орындаушылықты;
      2) музыкалық терминдерді;
      3) музыкалық шығармаларды түрлі түсінеді;
      4) бағдарламаның талаптарына сәйкес, түрлі жанрлар мен түрлі нақышты шығармалардан тұратын трубаға арналған репертуарларды біледі;
      642. Түлек істей алады:
      1) музыкалық шығарманы жеткілікті дәрежеде сауатты орындайды;
      2) жеңіл шырғармаларды үйрену барасындағы техникалық қиындықтарды жеңеді;
      3) теориялық білімдерін орындаушылық тәжірибесінде қолданады;
      4) орындалатын музыкалық шығармаларды талдайды;
      5) музыкалық нысандар туралы түсінігі бар.
      643. Түлекте келесі қасиеттер қалыптасқан:
      1) жеңіл музыкалық шығармаларды парақтан оқу және есту бойынша теру дағдылары;
      2) музыкалық-орындаушылықтықтың мәнерлілік құралын қолдану дағдылары;
      3) есту қабілетін бақылау дағдысын тәрбиелеу және орындау үдерісін басқара білу дағдысы
      4) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау дағдылары;
      5) орындаушылық практика, көпшілік алдында жеке шығып өнер көрсету дағдыларының болуы;
      6) ұжымдық шығармашылық қызмет ету дағдысы.

Каталог: userdata -> user-69 -> files
files -> Сабақтың тақырыбы : «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»
userdata -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Құрастырған: №26 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі Сыздықова Әсима Қалауевна Кіріспе
files -> Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
files -> Бауыржан Момышұлының рухани- адамгершілік және әскери мұрасы Бауыржан Момышұлының марапаттары
files -> Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд Жүргізуші
files -> Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» сайысы
files -> Қазақ Әдебиеті нұсқау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет