"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Кескiндеме» пәні бойынша білім беру бағдарламасы



бет2/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар
өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Кескiндеме» пәні
бойынша білім беру бағдарламасы

      50. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Кескiндеме» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) білім мазмұнын, білімді игерудегі қажетті білімді, шеберлі пен дағдыларды меңгеруді, жұмыс әдiстерiн анықтайды.


      51. Бағдарламаның мақсаты: түстану негіздерін, түрлі кескіндеме құралдарымен және түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып акварель және гуашьпен салынатын кескіндеме техникасын оқыту.
      52. Бағдарламаның міндеттері:
      1) пән бойынша теориялық білім беру, алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануды үйрету;
      2) білім алушылардың заттарды және қоршаған шынайыл көріністерді көзбен көру арқылы қабылдау мәдениетін дамыту;
      3) кескіндеменің эстетикалқы мәнін, түстанудың, перспективалардың, кескіндеменің түрлі техникаларының теориялық негіздерін оқыту;
      4) түсті қабылдауды, заттардың көлемін түстер арқылы жеткізу, сызықтық және әуелік персективаларды оқыту;
      5) кескіндеме құралдарын пайдалануды, кеңістік пен жарықтық байланысындағы түстердің ерекшеліктерін ескере отырып формаларлы түспен модельдеу;
      6) өнермен қарым-қатынастың қажеттілігін дамыту;
      7) шығармашылық тұлға ретінде өзін үнемі дамыту қажеттілігін тәрбиелеу;
      8) шығармашылық даралықты қалыптастыруға әсер ету;
      9) отандық мұра мен әлемдік сызба өнеріне араласуға әсер етуг
      53. Бағдарлама білім алушылардың өз бетінше шығармашылық қызметке даярлығын қалыптастыруға бағытталған. Кескіндеме – академиялық білім негізін беретін, білім алушыларға өз шығармашылығы мен жеке қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік туғызатын көркемсурет мектептердегi маңызды пәндердiң бірі болып табылады.
      54. Пән 408 сағаттық жүктемемен 4 жыл оқытылады, даярлық сыныбындағы (10-11 жас) жылдық оқу жүктемесі – 68 сағат, бейіндік сыныпта – 136 оқу жүктемесімен оқытылады.
      55. Топтардағы балалардың сандық құрамы - 8 адамнан 15 адамға дейін.
      56. 1-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. 1-сыныптағы кесіндеме міндеттері және қажетті құрал – жабдықтармен танысу. Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Күн спектрі туралы түсінік. Түстерге мінездеме: негізгі және құрамдас түстер; жылы және суық түстер; қосымша түстер. Бояулардың араласуы.
      2-тақырып. Акварельмен жұмыс істеу негіздері. Қарапайым өсімдік пішіні мен тегіс заттың суреті. Акварель бояудың техникалық жұмыстары: түсті түске құю, лессировка – акварельдің мөлдір қабаттарын бір біріне қою, формасы, көлемі және бағыты бойынша түрлі бояулар.
      3-тақырып. Кескіндемедегі реңк және түс көлеңкелері. Түстің өзіндік реңк ерекшеліктері (жарық). «Гризайль» техникасымен танысу. Танысқан техниканың негізінде қараңғылықтан жарыққа жұмыс түрлерін жүргізу. Жалпыдан жалқыдағы реңк ара-қатынастарымен жұмыс. Реңк ара-қатынастарын берудегі су мен бояудың тепе-теңдік маңыздылығы
      4-тақырып. Көлемді берудегі түс пен реңк. Заттың шекті түсі және оның жарықтық ауа кеңістіктегі өзгерісі. Түстердің өзара ықпалдасуы, түс рефлексі туралы түсінік.
      5-тақырып. Гуашь кескіндемесі. Бояу туралы түсінік. Гуаш бояуларымен жұмыс істеу ерекшеліктері (бояулардың консистенциясы, айқын еместік, ақ бояу рөлі, жұмыс жүргізудің бірізділігі). Шектеулі түс гаммасы. Кескіндемедегі ауыр бояулар.
      6-тақырып. Түс және оның мол қамтылған жақтары Жарық әсерінен түстердің өзгеруі. Әр түстердің молдық деңгейлері, өзара әсер етуі. Заттың мол қамтылған түстері бойынша натюмортты орындаудағы бірізділік. Жинақтау туралы түсінік.
      7-тапсырма. Жартыжылдық сынақ жұмысы.
      Қорытынды жұмыстың негізгі талаптары. Жұмыс жүргізу кезеңдері. Жарыққа байланысты түстердің арақатынасы. Заттар қойылымдағы түстердің өзара ықпалы.
      Екінші жартыжылдық.
      8-тақырып. Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі Пуантилизм. Пуантилизмнің пайда болуына тарихи анықтама. «Пуантилизм» техникасының ерекшелігі. Түстерді көзбен алмастыру. Таяқшаларда бояуларды механикалық араластырусыз құрамдас түстерді алу ұстанымдары. Түс рефлекстері және оларды «пуантилизм» техникасымен беру жолдары.
      9-тақырып. Гуашь кескіндемесіндегі түстердің кереғарлығы Кескіндеменің жеңіл және ауыр түстері. Бояулардың кереғарлығы туралы түсінік. Кереғарлы түстердің өзара ықпалдасуы мен араласуы. Түс рефлекстері.
      10-тақырып. Ақ заттардың кескіндемесі. Ақ заттардың үстіндегі суреттегі түс рефлекстерінің рөлі.
      11-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Емтихан жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Жұмыс кезеңдерінің орындалуы. Жұмыстың аяқталғандығын білдіретін жалпылау және талдап көрсету.
      57. Оқу жылының соңында 1-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) арнайы терминдер мен түсініктердің мағынасын біледі;
      2) табиғаттағы түстердің сан-алуандылығын ажыратады;
      3) күн сәулесінің түс бояуларын, негізігі және құрамды түс, жергілікті бояу, түстің айқын және мол қамтылған жақтарын біледі;
      4) түстік кереғарлық және олардың құрамдастары болып табылатын, бір-бірін өзара толықтыратын түстерді біледі;
      5) өзара әсер еткен түс бояларын, сонымен қатар түстердің рефлекстердің шығуын көреді, біледі;
      6) тақтайшада күрделі түс реңктерін жасай біледі;
      7) акварель және гуашьпен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктерін түсінеді;
      8) форматтың сипатын ескере отырып композициялық құрылымның негізгі қағидаттарын пайдалана біледі;
      9) ұзақ және қысқа мерзімді этюдтерді гуашьпен және акварельмен орындау барысында негізгі жұмыс түрлерін игереді;
      10) зат көлемін түс реңкі арқылы беруді және түстердің жарыққа байланыстылығын түсінеді;
      11) алған білім, білік, дағдыларды бейнелеу қызметінің тәжірибесінде жүзеге асыра біледі;
      12) қойылымдардың көңіл-күйін беруге арналған мәнерлі шешімдер жасаудың тәсілдерін қолдана біледі;
      13) түрлі қарапайым қалыпта тұрған заттарды есте сақтауы бойынша сала біледі.
      58. 2-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып: Кіріспе сабақ. Түс берудің негіздері, өтілген материалдарды қайталау. Пейзаждағы түс-ауа перспективасы. Пленэрде жұмыс істеу.
      2-тақырып. Кескіндемедегі түс көлеңкелері «Гризайль». «Гризайль» техникасындағы көлемді пішіндегі сурет заңдылықтары. Натюрморт кескiндемесiндегi рең диапазоны.
      3-тақырып. Түс гаммасымен жақындасқан гуашь кескіндемесі. Қарама-қарсылық қатынастағы жақын (немесе жалғызхромды) түс гаммасындағы бояулар үндестігі.
      4-тақырып. Кескiндемедегi түс және реңктік кереғарлығы. Бiр уақыттағы қарама қарсылық. Кереғарлы бояулардың өзара ықпалы. Бояу кереғарлы рефлекстер рөлі.
      5-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Қорытынды жұмыстың негiзгi талаптары. Сынақ жұмыстың орындалу кезеңдері. Этюд жоспарының амалы ретінде детализациялау мен жинақтау.
      Екінші жартыжылдық.
      6-тақырып. Кескiндемесiндегi интерьердiң сызықты және әуе перспективасы.Интерьер этюдының кеңістікте жоспарлы берілу амалдары. Әуе перспективаларындағы бейнелеу заңдылықтары.
      7-тақырып. Гуашь кескіндемесінің түс-реңк ерекшелігі.Жанасқан болмашы рең диапазоны бар түс гаммасындағы кескiндеме.
      8-тақырып. Портерт кескіндемесі Живопись портрета. Акварельмен жанды үлгiлеу суретiнiң заңдылықтары.
      9-тақырып. Қысқа мерзімді этюдтердегі кескіндеме. Академиялық жұмыс тәсілдері және «шикі күйде» мен «құрғақтық» техникаларының қосарлануы. Кескіндемедегі стилизациялау мен сәндеу.
      10-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы.
      59. Оқу жылының соңында 2-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) қойылымның жалпы құрылымы мен түстер тізбегіне сараптама жасай біледі;
      2) қысқа және ұзақ мерзімді этюдтерді орындауда акварель және гуашьпен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игереді;
      3) суреттелетiн заттар және беттердiң қарапайым сипатын беруге оңай фактурасын береді;
      4) қарапайым геометриялық денелердiң көлемін үлгілеуді түсіну негізінде бүркелген маталардың күрделі емес көлемдерін үлгілеуді игереді;
      5) интерьердiң бұрыштық және қарсы алдынан келешегін құрастыру заңдылығын бiледі;
      6) адамның басының пропорцияларын біледі;
      7) портрет жасау үрдісінде қарапайым ракурсте адамның басының құрылымын құрастыруды игереді;
      8) күрделi, жақын түс – реңк қатынастарын салыстыра алу және олардың берiлу жолдарын игереді;
      9) әр түрлi түстердің тiркескен үйлесімін түсiнеді;
      10) әртүрлi түстік қатынастар мен әртүрлi реңдік қатынастардың тепе-теңдiгiн алып беруге икемi болады;
      11) натюрморттан шығармашылық этюд жасауда кескiндемедегi нақыштау тәсілдері мен сәндiк әдiстерді қолдана біледі;
      12) толыққанды әрі аяқталған этюд табысына жету үшін әдістер жиынтығының мәнiн түсiнеді;
      13) алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын танымдық, тәжірибелік және шығармашылық қызметті меңгеру негізінде пайдалана біледі.
      60. 3-сыныптың оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Түстану негіздерін қайталау. Пленэр кескіндемесіндегі бояу мен түс–әуе перспективасы. Пейзаждағы кеңістіктік.
      2-тақырып. Алдын ала салынған суретсіз акварельді кескіндеме. Түсті–реңктік дақ, жағу, осы тапсырманың басты бейнелілік құралдары. Кеңістіктегі құрылымдылықтың жиынтығы.
      3-тақырып. Гуаш кескіндемедесіндегі заттар бейнеленген материалдары мен өзгешеліктер бар фактура. Реңк және түс ерекшеліктері туралы түсінік. Фактураны жеткізудегі гуашпен жұмыс.
      4-тақырып. Натюрморт жанрындағы шығармашылық құрылым. Натураға сүйене отырып әртүрлі заттарды нақыштап бейнелеу арқылы шығармашылық құрылысын салу тәсілдері (оңайлату, «жан беру» және тағы басқа).
      5-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Сынақ жұмыста академиялық тапсырмаларды орындау кезеңдері. Күрделі натюрморттың аварель кескіндемесіндегі әртүрлі беттердегі фактура.
      Екінші жартыжылдық.
      6-тақырып. Күрделі интерьер қойылымының этюдты кескіндемесі. Интерьерлік кеңістік пен натюморттағы сызықтық перспектива бірлігі. Композицияның жоспарлылығы мен түс-реңк бiрлiгi.
      7-тақырып. Гуашьпен портрет кескіндемесі. Адамның төс портретiнiң композициясы. Негiзгi көлемдердiң пропорционал байланыстары. Портреудің жеке сипаттамасы. Жанды үлгі портреттеуде гуашпен жұмыс істеудің техникалық ерекшеліктері. Әртүрлi түстiң реңдерiнiң максимал алудағы материалдың мүмкiндiктерi.
      8-тақырып. Акварель кескіндеменің айна фактурасы. Емтихандық жұмыстарға дайындық этюдтері. Заттардың айнаға шағылысуы.
      9-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Күрделi тақырыптық натюрморт кескiндемесiндегi шыны фактурасы және тағы басқа материалдар. Суреттегі заттардың түс пен реңктік ерекшеліктері және олардың айнадағы шағылысуы.
      61. Оқу жылының соңында 3-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) күрделі композициялық қойылымдар қатарын композициялық, түстік және реңктік тұрғыдан талдай біледі;
      2) күрделі натюрморттар мен интерьерлардың құрылымдарындағы сызықтық перспектива заңдылықтарын біледі және қолданады;
      3) әуе перспективасы әдістері арқылы көпжоспарлы, күрделі қойылымдарда кеңістікті жеткізе біледі;
      4) әр түрлі фактурадағы бейнелерді жеткізе біледі, ол үшін акварель мен гуашпен жұмыс істеу техникасын сауатты таңдай біледі;
      5) күрделі композиясы мен бояу жұмыстың біткендігін көрсете біледі;
      6) жеке дара портреттің үлгілеу сипатын мен жас айырмашылығын жеткізе біледі;
      7) жеке дара шығармашылық талаптарды қоя біледі;
      8) ойлаған ойға және жұмыстың ерекшелігіне байланысты түсті таңдай білуге нақыштық әдістерді қолдана алады.
      62. 4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Төртінші сыныпқа арналған кескіндеме бағдарламасымен, керекті материалдармен танысу. Түстану мен әуе перспективаның заңдылықтарын қайталау.
      2-тақырып. Алдын ала суретсіз жасалған акварель кескіндемесі. Жұмыс жасауды қабылдау және техника. Күрделi көп деңгейлi жарықтық шарттарындағы көркем бейне ретiнде гүл шоғы туралы бүтiндiктің әсері. Түс үндес дақ қысқа мерзімді этюдтегі басты көркемдік құрал.
      3-тақырып. Сәндік кескіндеме. Тақырыптық натюрморттағы гуашьпен жұмыс кезіндегі әрлеу тәсілдері. Натюрморттың шығармашылық этюдтегі әртүрлі техникалық тәсілдері.
      4-тақырып. Портрет. Жасаралық және жеке дара модельге мінездеме. Портрет жұмысының кезеңдері.
      5-тақырып. Жартыжылдық сынақтық жұмыс. Күрделі натюрморттың орындалу кезеңдерінің этюды. Гипстелген дене пішінінің өңдеуіне қоршаған ортаның түс пен жарық жағынан әсері.
      Екінші жартыжылдық.
      6-тақырып. Интерьер кесіндемесі. Интерьердің суретіндегі кеңістік. Сызықты және әуе перспективасының заңдылықтары.
      7-тақырып. Тақырыптық портрет. Белдеудің суреті бар құрылымдық портреттің көрінісі. Портреттегі күнделікті жанрдағы тақырып, көңіл күй, элементтер.
      8-тақырып. Гипстік модельді жүргізу арқылы гуашьпен күрделі натюрморттың кескіндемесін жасау. Ақ және түрлi түстi беттердегі ақ заттардың кескiндемесiнде, түс берудегі өзара ықпалы. Гуашьтық кескіндеме техникасындағы гипстың және басқа материалдардың фактурасы.
      9-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Кескіндеменің қорытынды жұмысындағы академиялық міндеттердің орындалу тәртібі. Шығармашылық жұмыстардың фольклорлы сипаты, бояудың ерекшеліктері, тақырыптық натюрморттың өзіндік атрибуты.
      63. Оқу жылының соңында 4-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) акварель және гуашьті пайдаланатын академиялық және сәндік кескіндеме жасаудың түрлі тәсілдерін біледі;
      2) қысқа мерзiмдi және ұзақ кескіндемедегі этюдтер үшiн техникалық әдiстерi үшін өз алдына таңдап қолдана алады;
      3) түстану негiзiн бiледі;
      4) натураның түстік ерекшеліктерін талдау және шығармашылық тапсырманың түстік мәнін анықтай алады;
      5) әуе ортасына жарық түстiң өзгерiстерiнiң барлық алуан түрлiгiн түсiнiп дәлелдей біледі;
      6) кескіндеуде басты композицияны таба біледі, оны барлық бөліктерін композициялық, мағыналы орталықтарына бағындыра біледі;
      7) көңіл күйді білдіру үшін түстерді дұрыс қолдана алады;
      8) әртүрлі материалдардың фактурасын кескіндеу құралдарымен жеткізе біледі;
      9) күрделi конструкциялардың суретiндегi сызықты перспективаның заңдарын қолдана алады;
      10) негiзгi заңдар және композицияның ережесiн бiледі;
      11) тақырыптың ашылуы үшiн әр түрлi композициялық құралдарды қолдана алады (түстердің кереғарлығы, ырғақ және басқалары);
      12) күрделі этюдтердегі, академиялық және шығармашылық міндеттері бар көп жоспарлы қойлымдардың аяқталғандығы мен түстік тұтастыққа қол жеткізе отырып, жалпылау және әуе перспективасының тәсілдерін игерген.

3-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер
мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Станокті композиция» пәні
бойынша білім беру бағдарламасы

      64. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Станокті композиция» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) композиция негіздері бойынша оқыту негіздерін және күтілетін нәтижелерді анықтайды.


      65. «Станокті композиция» пәні өнер тілін түсінуге, білім алушылардың бейнелі ойлау қабілеттерін дамытуға, тіршілікті бақылай білуге, қызықтыларды, өнерде бейнелеуге лайықтыны көре білуге үйретеді.Композицияның жалпы теориялық негіздерін оқыту практикалық композициялық тапсырмаларды орындау арқылы бекітіледі.
      66. Бағдарламаның мақсаты:
      бала тұлғасын көркемдік-эстетикалық тұрғыдан дамыту, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, бағдарламаны меңгеру барысында оқу пәні бойынша көркемдік-орындаушылық және теориялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын меңгеруге жағдай жасау.
      67. Бағдарламаның міндеттері:
      1) балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту (заттарға, қоршаған ортаға деген эмоциялық көзқарасын, қиялын, көзбен көру-бейнелі есте сақтауын);
      2) эстетикалық талғамды, әсемдікке деген эмоциялық жанашырлықты тәрбиелеу;
      3) «Станокті композиция» пәнінің терминологиясын игеру;
      4) бейнелеу өнері мен көркемдік шығармашылыққа деген қызығушылығын дамыту;
      5) екі және үш дәрежелі кеңістікті сатылап игеру;
      6) композияцияның негізгі заңдарымен, заңдылықтарымен, ережелерімен және тәсілдерімен танысу;
      7) түс пен реңктің бейнелілік мүмкіндіктерін үйрену;
      8) көркемдік-орындау орындаушылық қызметіне деген қабілеттерін дамыту;
      9) үйрену: этюдтермен, сызбалармен, нобайлармен, дайындық материалдарымен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын;
      10) білім алушының шығармашылық қызметтен тәжірибе алуы.
      68. Бағдарламаның теориялық бөлімі композиция теориясымен танысуды, иллюстрациялық материалдармен талдау жұмыстарын жүргізу бөлімдерін және алған білімдерін тәжірибеде бекітуді қамтиды.
      Тәжірибе сабақтары композицияның негізгі заңдылықтарын меңгеру және қоладануға есептелген композициялармен тікелей жұмыс жүргізуден тұрады.
      69. Осы бағдарлама бойынша оқу жылдарында білім алған білім алушы кескіндеме мен сызбаның түрлі жанрларының көмегі арқылы композицияның тақырыбын ашу біліктерін меңгереді және дамытады.
      Сабақтар балалардың жас ерекшеліктерін және ең алдымен олардың кеңістіктік ойлау ерекшеліктерін ескеріліп құрылады.
      70. «Станокті композиция» пәні композициялық білік негіздеріне сүйеніп, сондай-ақ өз бетімен шығармашылық жұмыстарға араластыра отырып, 1-4-сыныптарды оқытылады.
      71. Топтардағы балалардың сандық құрамы - 8 адамнан 15 адамға дейін.
      72. Бағдарламаның мазмұны балалардың шығармашылық қабілеттерін бастапқы кәсіби деңгей сатысына дейінгі шығармашылық қабілеттерін барынша қолдану негізінде олардың жеке мүмкіндіктерін ескереді.
      73. 1-сыныпта білім алушылар көркемдік шығармаларды құрудың негізі болатын заңдылықтарды, ережелерді, композициялардың тәсілдерін оқиды. Оқу барысыныда білім алушылар композициялармен сауатты түрде сатылап жұмыс жүргізу дағдыларын меңгереді, құрылым қағидаттары мен сурет элементтерінің бір ойға бағынуын меңгереді.
      Шығармашылық жұмысты құру реті қарапайым элементтері түсіруден, бейнелеу құралдарын (сызық, нүкте, дақ) қолданудан бастап, көркемдік образ бен көркемдік шығарманы талдауға дейін жүргізіледі.
      74. 2-сыныптың басты міндеті – колорит, статика – динамика, ритм, сатылап көшу, тереңге қарай қозғалу сияқты түсініктер арқылы шешілетін көркемдік бейнені жасау.
      75. 3-сыныпты композицияның негізгі заңдылықтары арқылы сюжетке бейнені жеткізу болып табылатын негізгі міндеттері бар, композицияның тақырыптары күрделенеді.
      76. 4-сыныпта өтетін станокті композия сурет, кескіндеме, композициялық заңдылықтар мен тәсілдерді меңгеруді меңзейді, сондықтан міндеттердегі маңызды орын шығармашылық жұмыстарға бөлінеді.
      77. Білім алушыларға композициялық тапсырмалардың мақсаты ретінде – композициялық заңдылықтарды сауатты қолдану, білім алушылардың көркем бейнені шешуі, әр білім алушының даралығын іздеу, бұлардың барлығы міндетті түрде композицияларды мәнерлі орындауға алып келеді.
      78. Сабақтар білім алушылардың бастаған тапсырмаларын аяқтап үлгеретіндей құрылады. Композициямен жұмыс істеу кезінде міндетті түрде нобайлар жасалынып алады. Суреттердің көлемі жұмыстың мазмұны мен материалдарға байланысты А4 форматтан А3 және А2 форматқа дейін болады.
      79. Жылдар өткен сайын компизицияға қойылатын міндеттер күрделенуде. Осы бағдарлама бойынша оқу жылдарының ішінде білім алушы кескіндеме мен сызбаның - натюрморт, пейзаж, интерьер және басқалары сияқты түрлі жанрларының құралдары арқылы композициялардың тақырыбын ашуды меңгереді және дамытады. Олар сюжетті-тақырыптық композициямен жұмыс істеу кезінде көмектеседі.
      Сабақтар балалардың жас ерекшеліктерін, ең алдымен олардың кеңістіктік ойлау ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.
      80. Композиция бағдарламасы сурет, кескіндеме және жаздық оқу практикасы (пленэр) бағдарламаларымен тығыз байланысты.
      81. 1-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. «Композиция» түсінігін анықтау. Шығарма бөліктерінің өзара орналасуын, олардың бір-біріне және тұтастай бағынуын ұйымдастыратын шығарма құрылысының құрылымдық қағидаты. Композициямен жұмыс жасау кезеңдері. Композиция түрлері: статикалық, динамикалық, ашық, тұйық, жазықтықтық, кеңістіктік. Форматтағы суретті тұтастыру. Композиция элементтерін тұтастыру нобайлары: диагональдық, толқын тәрізді, шеңбер бойынша, үшбұрышты, текше түрінде және басқалары.
      2-тақырып. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Бейнелеу өнерінің түрлері: көркемөнер, сызба, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер. Бейнелеу өнерінің жанрлары: портрет, пейзаж, натюрморт, интерьер, тұрмыстық жанр, батальды, тарихи, мифологиялық, анималистикалық. «Жанрлық картина» түсінігі.
      3-тақырып. Бейнелеу құралдары: сызық, нүкте, дақ. Негізгі бейнелеу құралдары - сызық, нүкте, дақ, оларды көркемөнерде, сызбада және бейнелеу өнерінің басқа түрлерінде қолдану. Сызық типтері. Штрихтау түрлері. Реңкті, түсті дақтарды жасау тәсілдері.
      4-тақырып. Симметрия, асимметрия. Тепе-теңдік. Симметрия түрлері – осьтік, айналық, орталық. Табиғаттағы симметриялар үлгілері. Симметриядағы станокті және сәндік композиция. Симметриялық композициядағы тұрақтылық, тыныштық күйі. Масса, реңк, түс бойынша сюжеттік композиция бөліктерінің біркелкілігі. Композициядағы ассимметрия. Ассимметриялық композициядағы қозғалысты, тұрақсыздықты көрсету. Нысан, масса, реңк және түс айырмашылығындағы композициялық тепе-теңдікті сақтау.
      5-тақырып. Ырғақ және ырғақтық қозғалыс. Композициядағы динамика және статика. Композиция элементтерінің (реңктік және түсті дақтардың, заттардың, фигуралардың, табиғат нысандарының, ою-өрнек элементтерінің) кезектесуі. Станоктіжәне сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы ырғақ және ырғақтық қозғалыс. Өрнек түрлері - геометриялық, өсімдіктік, зооморфтық. Құрылу қағидаттары: тұйық (шеңберде, текшеде, ромбта және басқалары), ашық (жолақты, торлы).
      6-тақырып. Туынды форматы және оның бейнелеу қасиеттері. Тұйық композиция және «ашық» композиция. Формат – композиция құралдарының бірі. Көркемдік ойды бейнелеу үшін суретшілер таңдайтын формат түрлері. Форматтың бейнелеу қасиеттері және мүмкіндіктері. Сюжетті ашудағы форматтың рөлі.
      8-тақырып. Түстердің кереғарлық заңдылықтары. Нюанс. Колорит түсінігі. Реңктік және түстік кереғарлық. Көлемнің, фактуралардың, сипаттардың, табиғат көріністерінің және басқалардың кереғарлығы. Кереғарлық – композициядағы маңызды мағынаны көрсетуге арналған құрал ретінде. Бояу (колорит) – түстер гаммасы. Бояулардың кереғарлық және жақындатылған эмоциялық қасиеттері.
      9-тақырып. Нысан мен мазмұн бірлігі. Композицияның барлық құрылым заңдылықтары мен құралдарының идея ойына бағынушылығы. Түс, жарық, өң және форма саны мен сапасы, ырғақ пен пластиканы көрсету, қозғалыс пен салыстырмалы тыныштық күйі және тағы басқа саны мен сапасының ара қатынасы. Бүкіл фигуралар мөлшерінің формат мөлшері мен нысанына, сюжеттік орталықтық композицияның басқа бөліктеріне қатынасы. Композиция бөліктері мен элементтері үйлесімділігінің ойымен сәйкестігі. Табиғаттың әртүрлі жанды және жансыз заттарын топтарға, түрлерге, нысан, мөлшер, фактура, мазмұн түсініктеріне біріктіретін белгілер.
      10-тақырып. Түрлерге бөлу заңы. Түрлерге бөлу заңының негізгі үш белгісі. Іс-әрекет дамитын сипаттардың және жағдайлардың түрлері. Бейнедегі элементтердің түрлік, сипаттылық белгілерін (мөлшерлері, нысандары, фактуралары, мазмұны, сипатты элементтердің саны) беру. Іс-әрекеттің уақыттағы қозғалыс және даму сезімін беру, яғни сюжеттің алдындағы және кейінгі дамуы. Жаңалық факторы. Күнделікті өмірдегі әдеттегіні шығармашылық интерпретациялау, ғажайыптағы эстетикалық жаңалық.
      11-тақырып. Сюжеттік-композициялық орталық. Көркемдік шығармадағы сюжеттік-композициялық орталықтың мәні. Композицияның геометриялық және мағыналық орталығы және олардың сипаттамалары. Сюжеттік-композициялық орталықтың орналасуының шығарманың ойына тәуелділігі. Алтын қиманың пропорциясына сәйкес бастының орналасуы – тұтастың үштен бірі, яғни бейненің жазықтықтағы тепе-теңдігі. Бастыны мөлшермен, түсімен, үйлесімімен, қалған бөлшектерін топтаумен ерекшелендіру.
      12-тақырып. Стилизациялау. Бейнеленетін нысандарды суреті және түсі бойынша жинақтау және жеңілдету. Заттың «натуралық» бейнені стилизациялаудә әртүрлі әдістері. Стилизациялаудың белгілі мысалдары: мультипликация, эмблемалар, пиктограммалар, ою-өрнек, карикатура. Стилизациялаудың декоративті-қолданбалы өнерде, көркемөнерде, графикада, скульптурада қолдану. Стилизациялау дизайны құралы ретінде.
      13-тақырып. Сызықтық және әуе перспективасы. Сызықтық перспективаны құру қағидаттары: орталық және бұрыштық. Түйісу нүктелері. Сурет салушыдан алыстаған сайын заттардың мөлшерлері мен түстерінің өзгеруі. Заттардың түсіне жарықтандырудың (күннің және айдың) ықпалы. Колориттің көмегімен тәулік уақытын беру.
      14-тақырып. Көркемдік шығарма, көркемдік бейне. Көркемдік шығарманың мақсаты – көркемдік бейнені жасау. Көркемдік образдың сипаттық ерекшеліктері – нақты құралдар мен композиция әдістерімен құрылған үлгілік және даралық, мәнерлілік және эмоциялық, өміршеңдік және жаңалық. Көркемдік шығарманың белгілері: тақырыпты шешудегі жаңалығы, олардың образдық бірлігіндегі мазмұны мен нысанының мәнерлілігі, нақыштық өзінділігі, бірегей авторлық қолтаңбасы, композиция заңдарын ескере отырып композициялық құрылым. Көркемдік шығармадағы түстің, үйлесімдіктің және колориттің мәні.
      15-тақырып. Көркемдік шығарманы талдау. Көркемдік шығарманы талдай білу – өнерді түсінудің негізі. Шығарманы (композициялық сызбаны) құру тәсілдері, ережелері, заңдары, құралдары. Көркемдік шығарманы талдау жүйелілігі.
      16-тақырып. Сынақ сабағы.
      Екінші жартыжылдық.
      17-тақырып. Иллюстрациядағы нысан мен түстегі сәнділіктің стилизациясы. Иллюстрациялау мақсаттары мен міндеттері туралы, иллюстрациялар түрлері туралы кіріспе әңгіме. Иллюстрацияларды орындауға қойылатын негізгі талаптар. Жұмысты орындау кезеңділігі. Бейнелерді ашудағы колориттің рөлі, оның мәнерлілігі, сипаты, эмоциялық күйі.
      18-тақырып. Қазақ ою-өрнегі. Оюдың халық мәдениетіндегі маңызы. Қазақ оюлары элементтерінің символикасы. Өсімдік және жануарлар нысандарын өрнектік элементтерге стилизациялау. Өрнектік элементтердің түрлері және оларды құру қағидаттары. Әртүрлі тұрмыстық заттарды ою-өрнекпен декорирлеу қағидаттары.
      82. Оқу жылының соңында 1-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) композицияны – белгілі бір заңдарды, ережелерді және құралдарды қолдана отырып, туынды жасаудағы шығармашылық үдеріс ретінде түсінеді; 2) бейненің мәнерлілігін көрсету үшін негізгі бейнелеу құралдарын өз бетімен таңдай біледі;
      3) бейнелеу өнерінің алуан түрлері мен жанрлары туралы түсінеді;
      4) ою-өрнек пен тақырыптық композициялардағы ырғақ тәртібі әдістерін біледі;
      5) бейнелеу қасиеттері мен форматтың мүмкіндіктері туралы түсіну, оларды бейнелеу өнерінің түрлі жанрларында пайдалана біледі;
      6) материалдармен және аспаптармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді;
      7) тапсырмамен жұмыс істеу сатыларын дұрыс жүргізеді;
      8) түсті таңдау негіздерін меңгеру: құрамдас түстерді алу тәсілдері,бір түстің түсі мен өңі, ашық және қара түстерді, жылы және суық гаммалар туралы түсініктің болуы, түстердің эмоциялық-мағыналылық мәндерін сезіне білу дағдыларына ие;
      9) түрлі форматтарда біріктіре алады;
      10) өзара байланысы мен қиысуында композицияның басты элементтеріне қосалқыларды бағындыра біледі;
      11) стилизациялаудың негізгі әдістерін білу және оларды шығармашылық композицияларда қолдана біледі;
      12) образдардың, оқиғалардың, құбылыстардың үлгілік, өзіндік белгілері туралы түсініктерді жалпылай алады;
      13) сызықтық және ауа перспективасы туралы түсініктері бар;
      14) композициялық құрылымның барлық таңдалған құралдарын негізгі ойға сәйкес туындының мазмұнына бағындыра біледі;
      15) көркемдік туындының тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі құрастыру қағидаттарын біледі;
      16) көркемдік туынды және көркемдік образ, олардың ажырамас өзара байланысы туралы түсінеді;
      17) композиция заңдары, ережелері және тәсілдері білімі негізінде көркемдік туындыны өз бетімен талдай біледі;
      18) ығармашылық композиция үшін ақпараттық-теориялық материалды таңдауда өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізе біледі;
      19) күрделі шығармашылық жұмысты сауатты кезең-кезеңмен жүргізе біледі;
      20) қазақ ою-өрнектері сарынының ерекшелігі және оларды құру қағидаттары туралы түсінеді.
      83. 2-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Сюжеттік композиция. Тұрмыстық жанр туралы әңгімелер. Жанрлық картинадағы композицияның заңдары мен ережелері. Тақырыпты, сюжетті бейнелеу. Сюжеттік-композициялық орталық. Композицияның түстік және үйлесімдік құрылымы. Композициядағы сызықтық және ауалық композиция.
      2-тақырып. Бейнелеу өнерінің сәнді-монументальді түрлері. Бейнелеу өнерінің сәнді-монументальді түрлері (витраж, мозаика, қабырғалық көркем панно), сондай-ақ гобелен, батик, ши – циновка шим-ши сияқты сәндік түрлер туралы кіріспе әңгіме. Бұл шығармалардың орындау технологиясы және оларды нобайлауға қойылатын талаптар.
      Екінші жартыжылдық.
      3-тақырып. Плакат. Графика түрі ретіндегі плакат түрі. Плакат тарихы туралы, оның: жарнамалық, экологиялық, саяси, ақпараттық, плакат-афиша және тағы сол сияқты түрлері туралы қысқаша мәліметтер. Плакаттағы шрифтің рөлі. Плакаттағы мәтіннің мазмұны, оның тақырыптың мәнін ашатындай қысқалылығы. Плакат сұлбасымен жұмыс жасау кезінде компьютерлік технологияларды қолдану.
      4-тақырып. Жанрлық көпфигуралық және көпкөріністік композиция. «Наурыз» мейрамын өткізудегі қазақтың ұлттық дәстүрлері. Ұлттық билердің, костюмдердің, ат жарыстық-спорттық ойындардың ерекшеліктері. Тақырыпты ажудағы пейзаж бен сәулет. Әртүрлі елдердегі ұлттық мерекелер.
      84. Оқу жылының соңында 2-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) неғұрлым терең кеңістікті бере отырып, көпфигуралы композицияларды орындай алады;
      2) сәулет пен адамдар топтарын пейзажға үйлесімді қосады;
      3) алдыңғы және артқы көріністеріндегі композициялар элементтерін салыстыра біледі;
      4) жанрлық композицияларда сызықтық және әуелік перспективаны береді;
      5) жыл мерзімін және тәулік уақытын ескере отырып, сызықтық, түстік және үндестік шешім арқылы сюжеттің эмоциялы мәнерлілігін бере алады;
      6) адам мен жануарлар фигурасының пропорцияларын, құрылымдарының жастық және жеке-дара ерекшеліктерін білуді және олардың өзара қатынастарындағы қимылдарын бере біледі;
      7) сюжеттік-композициялық орталықты анықтай білу және композициялар заңдарын, ережелері мен құралдарын білуінің негізінде бөліктердің реттелуін жалпы идеялық ойға бағындыра алады;
      8) бейнелеу өнерінің сәнді-монументальді түрлері туралы түсініктерге ие;
      9) нақыштау қағидаттарын түсінеді және оларды өсімдіктерді, жануарларды, құстарды, ұсақ жәндіктерді, адамдарды бейнелегенде қолдануды біледі;
      10) плакатта ықшамды бейнелеу және қысқа мәтін арқылы мазмұнды ашудың тәсілдерін игерген;
      11) өз жұмыстарында түрлі көркемдік техниканы пайдалана білу, сондай-ақ түрлі көркем материалдардың бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалана алады;
      12) алынған білімдерін, дағдылары мен біліктерін тәжірибелік жұмыста дербес, сауатты қолданады;
      13) өзін өзі дамыту уәждемесін ескере отырып өзінің жетістік деңгейін бағалайды.
      85. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Қалалық пейзаж жанрындағы көп көріністі композиция. Пейзаждың жанры және оның түрлері. Көркемдік бейне ретіндегі қала. Қалалық пейзаждың композициялық құрылымы. Сюжеттік-композициялық орталық және композицияның қосалқы орталықтары.
      2-тақырып. Көркемдік образдардағы қазақ фольклоры. Станокті көркемөнер жанрларындағы фольклор: тарихи, мифологиялық және тұрмыстық. Тілдің байлығы, әлеуметтік түрлердің әралуандылығы, даналық, қазақ ертегілеріндегі, эпосындағы және халық ауыз шығармашылығындағы ғибраттылық пен әзіл-оспақ. Қазақ халқының тұрмысы, үй жиһаздары, халық билері мен ойындары фольклорлық шығармалардың ажырамас бөлігі ретінде. Фольклорлық шығармалардың суретші-иллюстраторлары Е. Сидоркин, К. Ходжиков, Сахи Романов, М. Қисамединов, А. Смағұлов және басқалары.
      Екінші жартыжылдық.
      3-тақырып Кітаптың көркемдік ресімделуі. Кітап шығару және кітап графикасы тарихынан қысқаша мәліметтер. Кітапты ресімдеу құрылымы және элементтері, иллюстрациялар түрлері. Әдеби шығармамен білім алушының танысуындағы суретші-иллюстратордың рөлі. Кітап графикасының жетекші шеберлерінің шығармашылығындағы иллюстрацияларды орындаудың стилдері мен техникаларының әралуандығы (Е. Кибрик, Кравченко, Агин, Фаворский). Кітап парағының композициясы. Кітапты ресімдеудегі шрифттің рөлі. Иллюстрациялардың сюжеттік мазмұны.
      4-тақырып. Портрет. Портреттік жанр және портрет түрлері (кеудеден жоғары, белден жоғары, толық түскен, жұпталып түскен, топтық портрет). Портреттегі мінез бен көңіл-күй. Портреттің эмоциялық мазмұнын берудегі колориттің рөлі. Портреттік образды ашудағы композицияның қосымша элементтерінің, атрибуттарының рөлі. Портреттің тақырыбын ашуға мүмкіндік беретін жанрлар синтезі (мысалы, портреттік және тұрмыстық жанрларды құрастыру, пейзаждағы портрет).
      86. Оқу жылының соңында 3-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) көп фигуралы, көп жоспарлы композицияларда жалпы идеялық ойға сәйкес фигураларды алдыңғы және артқы көріністер арасында бөле отырып, орналастыра білу;
      2) сызықтық және ауалық перспективаларды пайдалана отырып кеңістіктің тереңдігін бере білу және сәулеттік элементтер мен адамдар тобын пейзажға үйлесімді енгізу;
      3) пропорцияларды, жастық ерекшеліктерді, жеке сипаттамаларды, адамдардың бір бірімен өзара қатынастарындағы көрнекі ишараттарын беру дағдаларын иелену;
      4) бас кейіпкерлер бейнелерінің психологиялық сипаттамаларын беру үшін көрнекі құралдардың, композициялық тәсілдердің, орындау техникасының әралуандылығы туралы түсіну;
      5) портреттік бейнені ашу кезінде адамның дара және мінездерінің сипаттарын аша білу, қоршаған ортаның элементтерін, атрибуттарын жинақтауды қолдана білу;
      6) бұрын игерілген білімдері мен біліктерін шығармашылық жұмысқа оны бірегей тәсілмен шешу жолымен дербес ауыстыра білу.
      87. 4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Бітіру жұмысы – қорытынды аттестаттаудың формасы ретінде. Диплом туралы әңгіме құру (бағыты, бағдары). Тақырыпты іздеу. Бөлімдерінің тұжырымдамаларын құру, материалдарды іздеу және өңдеу, сызбалар, нобайлар. Бір ойлылыққа байланыстырылған бөлімді құру. Жеке парақта, толық бөлім түріндегі сызбалық және кескіндемелік шешімдерді табу. Композициядда жеке жұмыс жасау.
      Алдын ала масштабтық эскиздеу. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Болуы мүмкін тақырыптардың сан алуандылығы және оларды көркемдік бейнелерде іске асырудың шығармашылық әдістері. Материалдар технологиясы және оларды орындаудың мүмкін технологиялық әдістері. Дербес шығармашылық қорытынды жобамен жұмыстың кезеңдері.
      2-тақырып. Бітіру жұмысының бекітілген тақырыптары бойынша негізгі эскиздермен жұмыс. Негізгі эскиздеу – бекітілген тақырыпты шешудің шығармашылық әдісін түпкілікті анықтау процесі. Жобаның станокті және декоративті-қолданбалы түрлеріндегі негізгі эскиздеудің ерекшеліктері: нақты мөлшерінде («қалың қатырма қағаз»), белгіленген масштабта (А3 форматынан кем емес), материалда (қолданбалы-сәндік өнер, мүсін).
      Екінші жартыжылдық.
      3-тақырып. Түпнұсқадағы Бітіру жұмысы. Түпнұсқаларды орындау – бұл жобаны пысықтау және кемшіліктерді жою бойынша барслық ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, композициялық шешімдердің нобайларында пысықталып, таңдалып алынған форматтар мен материалға түсіру үрдісі.
      4-тақырып. Бітіру жұмысының түпнұсқасымен жұмысты аяқтау. Бітіру жұмысының негізгі бөлігін орындаудың қорытынды кезеңі. Алдындағы жылдардағы мектеп бітірушілерінің дипломдық жобаларымен жұмыс жасау тәжірибесі.
      5-тақырып. Бітіру жұмысын аяқтау. Жұмысты қорғау алдындағы дайындықтар. Бітіру жұмысының ресімделуі.
      88. Оқу жылының соңында 4-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) өз бетінше шығармашылық жұмысты жүргізуде кескіндеме сауатын еркін меңгеруде алған білімдерін, біліктерін мен дағдыларны қолдана біледі;
      2) стилистикалық ұстанымды қалыптастыру, бейнені стилизациялаудың тәсілдерін анықтау, материалдағы тәжірибелер арқылы жобаны орындау техникасын таңдай алады;
      3) бітіру жұмысының алдын ала әзірлемелеріндегі станокті композиция, сурет, көркемөнер, графика, скульптура, қолданбалы композиция бойынша қалыптасқан практикалық дағдыларын қолдана алады;
      4) ұсынылатын образдардың, нақыштық ерекшеліктің эстетикалық құндылықтарын, көркемдік деңгейін талдай біледі;
      5) шығармашылық жұмыстағы сюжеттік-композициялық орталықты, мағыналық доминантаны, түстік-үйлесімділік шешімді дербес анықтайды;
      6) жалпылаудың практикалық тәсілдерін, бейнені (бұйымды) мұқият бөлшектеуді және оның тұтастығын біледі.
      7) бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлерінің ерекшеліктерін, олардың жанрларындағы, нақыштарындағы өзара байланысты және олардың көркемдік мағынасын түсінеді;
      8) болашақ жоба идеясының бірегейлігін дербес айқындау – кесіндемелерде, суреттемелерде, кішкентай эскиздерде оның шығармашылық іске асырылуының нұсқаларын әзірлеу арқылы тақырыптың шеміні талдамалы іздейді;
      9) бітіру жұмысын қалыптастырудың әртүрлі көркемөнер құралдарымен және тәсілдерімен композицияны шешудің баламасын көре біледі;
      10) түрлі варияциялардағы идеяларды тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндіктерін көрсете біледі;
      11) жазбаша түрде де, диалогтық түрде де өз ойының шығармашылық іске асырылуын әдістерін және тақырыпты таңдаудың сенімді, дәлелді негіздемелерін дербес анықтау міндеттері;
      12) алынған білімдердің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы нықтау, нәтиженің шынайылылығын дербес бағалайды;
      13) көркемдік матиериалдармен жұмыстың түрлі графикалық және көркемөнер техникаларын, техникалық тәсілдерін игереді;
      14) жазықтықты асимметриялық толтырудағы парақтағы композициялық тепе-теңдікті жеткізеді;
      15) сызықтық және ауалық перспективаларды, жарқыты, кеңістікті қолданады;
      16) адамның сыртқы келбетінің даралығын жеткізеді;
      17) түстердің кереғарлықтары мен байланыстарды байқайды;
      18) жұмыстың түрлі техникалары мен тәсілдерін пайдаланады;
      19) композиция мен түсті жүргізудің негізгі заңдылықтарын тәжірибеде қолдануыды меңгереді.


Балалар көркемөнер мектебінің (балалар өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдері) үлгілік оқу жоспары
Балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспары (хореография бөлімі)
Балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспары (қуыршақ театры)
Балалар өнер мектебінің «классикалық би» пәні бойынша оқу-тақырыптық жоспары
Екінші жартыжылдық.
Екінші жартыжылдық

Каталог: userdata -> user-69 -> files
files -> Сабақтың тақырыбы : «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»
userdata -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Құрастырған: №26 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі Сыздықова Әсима Қалауевна Кіріспе
files -> Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
files -> Бауыржан Момышұлының рухани- адамгершілік және әскери мұрасы Бауыржан Момышұлының марапаттары
files -> Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд Жүргізуші
files -> Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» сайысы
files -> Қазақ Әдебиеті нұсқау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу