"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан



бет3/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
#2886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

4-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер
мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Қолданбалы композиция» пәні
бойынша білім беру бағдарламасы

      89. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Қолданбалы композиция» пәні бойынша білім беру бағдарламасы(бұдан әрі - Бағдарлама) көркемдік талғамды дамыту және түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдылары бойынша «Станокті композиция» пәнін толықтырады.


      90. Бағдарлама сәндік-қолданбалы өнердің жеке түрлерін, дайындау технологиясын меңгерген ұлттық көркемдік дәстүрлерді, тарих, бейнелеу өнері, сурет, кескіндеме, станокті композиция, мүсін сияқты пәндермен байланысын оқытуды қамтамасыз ететі.
      91. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері туралы: көркемдік кермика, жазба және ағашты ою, шыныға жазу, металды көркемдік өңдеу, батик, гобелен, көркемдік кестелеу, жұмсақ ойыншық және басқалары (мектептің таңдауы бойынша) білімдерді және олардың жалпы білім беретін пәндер бойынша алатын білімідермен (сызу, технология) байланысын, құралдарды тәжіриберде пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
      Қолданбалы композиция киімді, үйді және басқаларын халықтық дәстүр бойынша сәндеуге сүйенеді.
      92. Бағдарламаның мақсаты көркемдік білім алуға жағдай жасау, білім алушылардың рухани-адамгершіліктік қасиеттерін дамыту болып табылады.
      93. Бағдарламасының міндеттері: білім алушылардың әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру, білім алушылардың шығармашылық белсенділіктері мен көркемдік қабілеттерін дамыту, сәндік-қолданбалы өнер тілінің көркемдік-тазалық ерекшеліктерін түсіну, композицияның негізгі заңдарымен, заңдылықтарымен, ережелерімен және тәсілдерімен танысу, өңдер мен түстердің тазалық мүмкіндіктерін түсіну, дайындық материалдарымен: этюдтермен, сызбалармен, нобайлармен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын үйрену, білім алушылардың шығармашылық қызметте тәжірибе алуы.
      94. «Қолданбалы өнер» пәні көлемі 102 сағаттық жүктемемен үш жыл оқытылады. Көркемөнер мектептерінде қолданбалы композиция 2-сыныптан бастап жүреді.
      95. Топтардағы балалардың сандық құрамы - 8 адамнан 15 адамға дейін.
      96. Қолданбалы композицияны оқу барысында білім алушылар материалдар және құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, халықтардың түрлі сәндік өнерлері мен кәсіптерінің технологияларын оқып-зерттейді, өздерінің бейнелеу дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді және дамытады, абстракты, ассоциативті және көлемдік-кеңістікті ойлауларын дамытады. Балалардың ой-өрістері кеңейеді, олар көрнекі материалдармен жұмыс істеуді және шеберлердің жұмыстарын талдауды, өз жұмыстары мен күнделікті өмірде көргендеріне сын тұрғысынан қарауды, өз жұмыстарында бақылағандарын бейнелеуді үйренеді.
      97. Сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін оқып-үйрене отырып, білім алушылар өздерінде материалдарды жаңаша сезіну, заттардың жоғары эстетикалық құндылығы, декоры, ұлттық ерекшеліктерінің табиғи бірлігін түсінуді тәрбиелейді. Білім алушылардағы бұл сапалар шығармашылық қабілеттерді дамыту, халық мәдениетіне араластыру үшін қажет.
      98. Сабақтарда жұмыс; сызбалы сызықтық әзірлемелерден, тондық және түстік нобайларда жұмыстың өзін орындауға, яғни қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша жүргізіледі.
      99. Бірінші жартыжылдық сәндік қолданбалы өнер түрін таңдауға және шығармашылық түпкі ойдың нобайларда туындауына, ал екінші жартыжылдық түпкі ойдың бекітілген нобайлар бойынша материалда көрініс табуына арналады.
      100. Таңаудың кеңдігі, бұйымды орындау технологиясы мен материалдар және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасына байланысты әрбір сыныпта білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тапсырмалар біртіндеп күрделеніп отырады.
      101. Тапсырмаларды күрделендірудің бірізділік қағидаты мен оқу бағдарламаларының сабақтастығына сәкес композициялық шешімдердің күрделілігі,көлемі, мөлшері 4-сыныпқа қарай ұлғаяды.
      Мысалы, жұмсақ ойыншықты орындау 2-сыныпта жазықтықтан 4-сыныпта көлемді-қаңқалыққа дейін күрделене түседі. Ағашпен жұмыс сувенирге жазудан бастап кеңістіктегі сәндік панноға дейінгі көлемі мен күрделігі артады.
      102. 3 және 4-сыныптарда сәндік жұмыстардың еңбекқорлықты және зейіннің шоғырлануының қажет ететін неғұрлым күрделі түрлері (металды көркем өңдеу, коллаж, гобелен, костюм макеті) ұсынылады. Оларды орындау үрдісінде білім алушылар тақырыптар, орындау техникасы, құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің техникалық тәсілдері күрделене түсінетіндіктен алған білімдері мен біліктіліктерін бекітеді және кеңейеді.
      Мысалы, кілемді тоқу ине техникасынан түкті техникасына дейін орындалады, көлемі ұлғайтылады және композициялар күрделенеді.
      103. Оқу сағаттарын тақырыптар бойынша бөлу, бағдарламалық материалды орналастыру тәртібі білім алушының жас ерекшелігіне, жергілікті тәжірибеге байланысты мектептің педагогикалық кеңесінде қайта түзетілуі мүмкін.
      104. 2-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Сәндік-қолданбалы өнері, оның түрлері туралы әңгіме. Сыныпта ұсынылған («ши»,батик, ағашқа жазу, бетперде, тұзды қамырдан панно, маржан, жіптермен кестелеу) сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын дайындау технологиясы.
      2-тақырып. Сәндік-қолданбалы өнер түрі мен болашақ бұйымның тақырыбын таңдау. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиялары туралы жалпы түсінік. Түрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктері. Қажетті материалдарды таңдау. Құрал-жабдықтар және материалдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
      3-тақырып. Негізгі эскиздеу. Композициялық және түстік-тондық шешім. Композициядағы тепе-теңдік пен біртұтастық. Материалды түстік эскизде беру ерекшеліктері.
      Екінші жартыжылдық.
      4-тақырып. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Дайындау технологиясы. Түрлі құрал-жабдықтар мен материалдарды қолдану. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
      5-тақырып. Материалмен жұмыс. Түрлі материалдардың сәндік қасиеттері мен орындау техникасының ерекшеліктері.
      105. Жұмыстарға қойылатын талаптар:
      1) «ши» - техникасы өте көп еңбек сіңіруді қажет ететіндіктен, кішкене көлемдегі ши. Ою-өрнек, күрделі емес композиция, жазықтықтағы шешім мүмкіндігі, яғни көлемді бермей-ақ. Ши кезең-кезеңмен орындалады: эскизге сәйкес иірілген жіппен шиді орау, негіздерін рейкаға жіппен бекіту.
      Материалдар: ши шырпылары, жүннен иірілген немесе басқа жіп, негіздің жіптері, армирленген немесе жіңішке қармақ бау, рейкалар.
      2) маржанмен, жіптермен кестелеу – эскизге сәйкес матаның бейтарап фонында күрделі емес мотив орындалады. Фонның кеңістігі бос қалады. Жұмыс орындалғанан кейін кестелеу техникасы. Маржаннан сәндік панно орындалуы мүмкін.
      Материалдар: негіз матасы немесе канва, кергіш немесе кестелеуге арналған кергіш, маржан немесе «мулине» жіптері, багетті рама, инелер, оймақ.
      3) жұмсақ ойыншық – сәндік-жазықтық (қабырғалық) немесе қарапайым пішілген көлемді. Детальдарды пішу сызу бойынша эскизге сәйкес орындалады. Негізгі форма ішіне поролон немесе синтепон салынып тігіледі. Тігістер – ішкі машиналық немесе қолмен жасырын тігіс түрі. Қатты қағаздан негіз қолданылуы мүмкін. Бұйым сәндік элементтермен безендіріледі.
      Материалдар: түрлі фактуралар маталар, калька немесе миллиметрлік қағаз, қатты қағаз, инелер, поролон, синтепон, жасанды жүн, тесьма, түймелер және тағы басқа.
      4) Батик - суық, түйінді аралас техникада. Сызықтық суретті эскизден матаға түсіру. Суреттің контурын резервті құраммен құрсау. Жұмыс батикке арналған бояулармен орындалады. Композицияда кеңістік берілмеген (түстік «растяжкалардың» көмегімен фонды ойластыру), күрделі емес.
      Материал: кергіш, табиғи немесе жасанды жібек, бөз, батикке арналған бояулар, резервтеуші құрам.
      5) папье-маше – адамның бетінің табиғи өлшеміндегі бетперде немесе кішкене бетперделерден композиция немесе ваза және басқалары. Ермексаздан форма илеп жасалады. Формаға қағаз қабат-қабат бойынша жапсырылады. Толық кепкен соң жұқа наждақ қағазбен жеңіл өңделеді және ПВА желімімен, ақ гуашьпен грунтталады. Нобайға сәйкес жазу жазылады. Қосымша сәндік элементтер қолданылады. Бұйымға лак жағылады.
      Материал: ермексаз, қағаз немесе папье-маше массасы, ПВА желімі немесе клейстер, жұқа наждак қағаз, гуашь немесе акрил, нитроцеллюлозды лак (НЦ) немесе пентафтальденген (ПФ) лак.
      6) көркем жазу - ағаш, шыны, керамикадан сувенирлер және басқалары. Дайын бұйымдар, ағаш, шыны заттар немесе өз бетімен орындалған керамика қолданылады. Оларға гуашь темпера немесе акрилмен жазылады. Дайын жұмысқа лак жағылады.
      Материалдар: ағаш кәдесый пішіндер, сәндік тақтайшалар, қобдишалар, керамикалық бұйымдар немесе шыны ыдыс, гуашь, темпера, акрил шыны мен керамикаға арналған бояулар, НЦ немесе ПФ.
      7) тұзды қамырдан илеп жасау – дөңгелек пластика немесе көлемді композиция. Жасалған пішіндер немесе көлемді композиция элементтері суық немесе ыстық тәсілмен кептіріледі, бояу үшін грунтталады (алдын ала боялған қамыр пайдаланылуы мүмкін). Бұйым нобайға сәйкес жазылады және мата, таспа, сым темір, моншақтар, түймелер, ағаш шарлар және тағы басқалары сәндік элементтермен толықтырылуы мүмкін.
      Материал: түрлі түстегі тұзды қамыр, гуашь, темпера немесе акрил, ДВП-дан планшет, «Момент» немесе «супержелім» желімдері, планшетті қаптау үшін мата, лак.
      106. Оқу жылының соңында 2-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) сәндік-қолданбалы өнер түрлерін біледі;
      2) қазақ ою-өрнектерінің және ою-өрнектерінің басқа түрлерінің стилистикалық ерекшеліктерін біледі;
      3) тақырып мәселесін шешу үшін алдын ала нобайлауда өз бетінше ізденіс жүргізе алады;
      4) өзінің шығармашылық идеясын жүзеге асыру үшін сәндік-қолданбалы өнерде таңдалған орындау техникасын ескере отырып, композициялық құрылым заңдары, ережелері және тәсілдерін қолдану (кереғарлық пен нюанс, ырғақ пен ырғақтық қозғалыстар, стилизация, симметрия мен асимметрия) дағдыларына ие болған;
      5) нобайда сәндік-қолданбалы өнердің таңдап алынған түрінің сипаттамалық ерекшеліктерін жеткізе алады;
      6) нобайдан дайын шығармаға дейінгі жұмысты бірізді жүргізе алады;
      7) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын дайындалудың түрлі күрделі емес технологиялық тәсілдерін қолдана біледі;
      8) көркемдік бұйымдарды дайындау үшін қажетті материалдарды өз бетімен таңдай алады;
      9) түрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктерін қолдана алады;
      10) түрлі аспаптармен және материалдармен жұмыс істеудің алғашқы тәжірибелік дағдыларынына ие;
      11) түрлі құрал-жабдықтар және материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі және сақтайды;
      12) қауіпсіздік техникасын ескере отырып, өз бетімен жұмыс орнын ұйымдастыра алады.
      107. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып: Кіріспе әңгіме 3-сыныптағы қолданбалы композиция міндеттері. Сәндік-қолданбалы өнері, оның түрлері мен жанрлары туралы әңгіме. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін дайындау технологиясы. Бұл сынып үшін жаңа сәндік-қолданбалы өнер түрлері: гобелен, коллаж, костюм макеті, кілемдер және басқалары. Композиция тәсілдерін сәндік-қолданбалы сипаттағы жұмыстарды орындауда қолдану.
      2-тақырып: Тақырып пен орындау технологиясын таңдау. Тақырып таңдау. Түрлі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын орындау технологиясы.
      3-тақырып: Негізгі нобайлау. Композициялық орналастыру. Түстік-реңктңк шешім.
      Екінші жартыжылдық.
      4-тақырып: Қауіпсіздік техникасы. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдану. Жұмыс тәсілдері. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
      5-тақырып: Материалмен жұмыс. Орындау технологиясы. Түрлі материалдардың сәндік мүмкіндік былғары. Қажетті материалды таңдау. Түрлі материалдар мен олардың ерекшеліктері.
      108. Оқу жылының соңында 3-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрлерінің негізгі ерекшеліктерін біледі: гобелен, кілем тоқу, көркемдік керамика, коллаж, костюм макеті, былғарыдан көркемдік бұйымдар;
      2) арнайы терминологияны біледі;
      3) өзін-өзі дамыту мақсатында өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрлерін саналы түрде меңгере алады;
      4) өз бетімен сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін таңдай алады және жобалық әзірлеме мен ары қарай дайындау үшін нақты бұйымды анықтай алады;
      5) жинақталған білім негізінде көркемдік және функционалдық қасиеттері, размерлері, болашақ бұйымды дайындаудың материалдары мен технологиясын толық көрсете алатын нобайлық жобаларды әзірлеу алады;
      6) болашақ бұйым үшін өз бетімен оның сәндік және функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес материалдар таңдай алады;
      7) әрекеттің барлық жағдайында өзінің таңдауын негіздей алады;
      8) тәжірибелік жұмысты таңдап алынған қолданбалы өнерде қолданылатын технологиялық тәсілдерді қолдана отырып орындай алады;
      9) форма мен декор бірлігін түсіну негізінде заттарды әшекейлеу тәсілдері және дағдыларын меңгерген;
      10) бұйымды орындауда таңдап алынған техникада жұмысты өз бетімен, бірізділікпен орындайды;
      11) түрлі құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларына ие;
      12) жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін туралы білімді ескере отырып, қажетті құрал-жабдықтарды пайдалана алады;
      13) қауіпсіздік техникасын ескере отырып, жұмыс орнын өз бетімен ұйымдастыра алады;
      109. 4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      Тақырып 1. Кіріспе әңгіме. 4-сыныптағы қолданбалы композиция міндеттері. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын («ши», батик, ағашқа жазу, тұздалған қамырдан панно, маржанмен, жіптермен кестелеу, көркемдік жазу, костюм макеті,коллаж, гобелен, ілгекті кілемше, былғарыдан көркемдік бұйымдар, ағаш, металл, тасты көркемдік өңдеу) дайындау технологиясы.
      2-тақырып: Тақырып пен сәндік-қолданбалы өнер түрін анықтау. Композициялық орналасу. Сәндік композициядағы түстік-тондық шешім. Орындау техникасы.
      3-тақырып: Негізгі эскиздеу. Композициялық және түстік-реңктік шешімдер. Нобайда аталған түрдің мазмұнды ерекшеліктерінің «имитациясы».
      Екінші жартыжылдық.
      4-тақырып. Қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдану. Түрлі сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиялары туралы жалпы түсінік. Түрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктері. Қажетті материалдарды таңдау. Құрал-жабдықтар және материалдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
      5-тақырып: Материалмен жұмыс. Жұмыс кезеңдері. Материалдардың ерекшеліктері. Бұйымды дайындау технологиясы. Түрлі құрал-жабдықтармен жұмыс тәсілдері.
      110. Оқу жылының соңында 4-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік пен дағдыларға ие болады:
      1) сәндік-қолданбалы өнер технологияларының мен терминдері біледі;
      2) сәндік-қолданбалы өнер шығармаларында көркем бейнелерді құру үшін бейнелеу мен техникалық құралдарды саналы түрде таңдай алу;
      3) үйлесімді түстік үйлестіру мүмкіндіктерін сауатты пайдалана алады;
      4) өзінің шығармашылық жұмысында материалдардың созылғыштық мүмкіндіктерін біледі және қолдана алады;
      5) қажетті құрал-жабдықтарды сенімді пайдалана алады;
      6) білім алушылардың таңдауына сәйкес ұсынылған сәндік-қолданбалы өнер бойынша бұйымдардың түрлі технологиялық тәсілдерін меңгерген;
      7) композицияны құру кезінде төмендегі ережелер мен құралдарды қолдана біледі: тепе-теңдік, тұтастылық, статика, динамикасы, ашық және жабық композиция, симметрия және асимметрия, сюжеттік-мағыналық орталық;
      8) композициялық ойлау негіздерін біледі;
      9) сәндік композициялардың құрылымын талдай алады;
      10) бұйымдарды нақыштау және нақышты композициялар жасай алады;
      11) шығармашылық өзін-өзі дамытуға, эксперименттік ізденістер арқылы жеке жетістіктерді қалыптастыруға, алынған білім мен тәжірбиелік дағдыларды жинақтауға, материалдардың күтпеген комбинациялары мен жаңа өңдеу тәсілдерін, орындаудың аралас техникасын іздеуге, сонымен қатар, композиция негіздері мен көркемдік талғам туралы білімдеріне сүйенге отырып, нақыштықэклектикан қолдануға ұмтылады;
      12) тікенекті және кесетін құрал-жабдықтар, уландыратын материалдармен (лактар, еріткіштер) жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын бұлжытпай орындау.
      111. Білім алушылардың шығарамашылық жетістіктерін бағалау келесі өлшемдерді ескере отырып жүргізіледі:
      1) композицияны әсем шешудегі сәнділік пен қысқашалығы;
      2) форма мен түстің тазалығы;
      3) материалмен жұмыс істеу, ерекшелілігі.
      112. Білім, білік және дағдыларды бағалау жұмыстың әр кезеңінде жүргізіледі. Тақырып пен орындау техникасын таңдауға шығармашылық тұрғыдан келу жақсы қабылданады, алған теориялық білімдерін тәжірибелік сабақтарда қолдана алу.
      Қолданбалы композиция бойынша өткізілген жартыжылдық көрсетілімдерде, қорытынды көрмелерде нәтижелерді бағалау жүзеге асады.

5-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер
мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Мүсін» пәні бойынша білім
беру бағдарламасы

      113. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Мүсін» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) пластикалық құралдарымен нақты кеңістікте көлемді формаларда көркемдік бейнелер жасауды, кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуды, көлемді форманы үш дәрежеде қабылдауды, мүсіндік композициялардағы мәндік байланыстарды жеткізу біліктерін қалыптастыру мазмұнын анықтайды.


      114. «Мүсін» пәні 204 сағатық жүктемемен төрт жыл, даярлық сыныбы (10-11 жас) – 68 сағаттық жылдық жүктемемен оқытылады. Балалар бедерді және дөңгелек мүсін негіздерін, ермексазбен, сазбен, басқа материалдармен жұмыс істеудің техникалық тәсілдерін үйренеді.
      115. Топтардағы балалардың құрамдық саны - 8 адамнан 15 адамға дейін.
      116. Бағдарламаның мақсаты:
      1) мүсін арқылы тұлғаның өзін көрсетуіне және дамуына әсер ету.
      117. Бағдарламаның міндеттері:
      1) «Мүсін» пәні бойынша теориялық және тәжірибелік білім беру;
      2) натураға қарап заттарды илеуге үйрету;
      3) үш дәрежелі форманы көрсетуге үйрету;
      4) бедерде, тақырыптық композияциялармен жұмыс істеуде еске сақтауы және елестетуі бойынша сатылы жұмыс істеуге үйрету;
      5) табиғи формалар мен заттарды нақыштаудыі үйрету;
      6) алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолана білуді үйрету;
      7) кеңістіктік елестетуді, көркемдік және ұқсата отырып ойлауды дамыту;
      8) шығармашылық даралықты қалыптастыруға ықпал ету;
      9) отандық және әлемдік өнерге араластыруға ықпал ету.
      118. Бағдарламалық тапсырмалар қарапайымнан күрделіге деген әдістемелік сатылықпен орналастырылады. Оқу тапсырмалары біртіндеп күрделенеді, жұмыс сапасына қойлатын талаптар артады. Техникалық тәсілдерді қамтитын білім мен дағдыларды жүйелеп жинауды жүзеге асырады.
      Мүсін бойынша білім беру бағдарламасы сатылап күрделендіру, жүйелендіру қағидаттарына сүйеніп жасалған, «Сурет» және «Станокты композиция» пәндерімен тығыз байланыста.
      119. Бағдарлама білім алушылардың теориялық алған білімдерін бір уақытта тәжірибеде бекітіп отырады, ол өте нәтижелі және мақсатты болып табылады. Мүсінді оқыту бағдарламасында натурадан жұмыс істеу – елес пен қиял бойынша мүсінді композицияларды құруға негіз болып табылады.
      Білім алушылар композицияларының мәнін ұғынуды алдын-ала және көлемді нобайларды, және болашақ туынды өлшеміндегі нобайларды жасау барысында өздерінің шығармашылықтарын бастайды, мұнда олар кейіпкерлердің психологиялық сипаттамасы мен сюжетті жеткізумен қаңқаның формасын және плинт өлшемін, мүсіндік композицияның пластикалық және динамикалық құрылымын ойластырады.
      120. Оқу-шығармашылық міндеттерді шеше отырып, білім алушылар мүсінге тән көлемдердің, массалардың тепе-теңдігінің, кеңістіктегі қозғалыстың, кескіннің мәнерлілігінің, композицияның тұтастығының ара қатынастарын жеткізеді.
      Мүсіннің осы ерекшеліктері білім алушылармен оқу жоспарының барлық пәндері бойынша бүкіл оқу кезеңі ішінде білім жүйесінің тұтастығын қалыптастыру үдерісінде игеріледі.
      121. Білімнің нұсқалылығының талаптары оқу мекемелеріне бағдарламаның мазмұнын олардың ерекшеліктері мен тәжірибесіне сәйкес дифференциялауға мүмкіндік береді.
      Бағдарламаға енгізілген тақырыптар, – бұл білімнің міндетті минимумы, бірақ қандай да болмасын бір тақырыпты зерттеу көлемдері (сағаттарда) басқа тақырыпты анағұрлым терең зерттеу мақсатында қысқартылуы ықтимал. Ұсынылған тақырыптардың күрделілігінің деңгейі сондай-ақ білім алушылармен жұмыста дербес тұрғыдан қарау тәртібінде қиындату немесе жеңілдетуге қарай да түзетілуі ықтимал (фигуралардың санын арттыру немесе қысқарту, сәйкесінше – композициялық-пластикалық міндеттерді дербестендіру).
      122. Білім беру ұйымы білім алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік беріп, педагогиканың тұлғаға бағдарлану идеясын сақтай отырып, міндетті минимімға қойылатын талаптарды азайтпай білімнің түрлі болуын қамтамасыз етеді.
      Бағдарламаны жүзеге асыруға түрлі деңгей тұрғысынан қарағанда санитарлық нормалардың сақталуын есте сақтап, білім алушылардың денсаулығының сақталуына қамқорлық көрсетіп, оқудың салмағының артып кетуіне жол бермеу керек.
      123. Мүсін бойынша сабақтарды өткізу үшін тиісті материалдар мен құралдар қажет: мүсіндік ермексаз, саз, шамот, жіңішке қамшылар, бедерлі мүсінге арналған белгіленген өлшемдердегі планшеттер, дөңгелек мүсінге арналған ағаш тіреуіштер, сым мен қаңқалар жасауға арналған құралдар, мүсіндік станоктар.
      Жұмысқа сәнділік беру үшін түстеуді қолдануға болады, яғни, бедерді де, металлға, патинирлеу, тас және тағы басқа дөңгелек мүсінді де аэрозольді бояудың жұқа қабатымен жабу (алтын, күміс түсті және басқа).
      124. Мүсін бойынша 1-сыныпқа (12-13 жас) арналған бағдарламада білім алушылардың кеңістікті және бейнелі ойлау қабілетін бастапқы кәсіби машықтарды иемдену және әлемдік және ұлттық мүсіннің жоғары жетістіктеріне жеткізу арқылы дамыту қарастырылған.
      125. Бағдарламаны игеру осы жастағы балалардың жалпы білімінің дайындығына сүйенеді, яғни, білімдер деңгейлерінің сабақтастығы, және көркемдік мектеп дисциплиналарына және жалпы білім беретін дисциплиналарға қатысты пән аралық байланыстар қарастырылады.
      126. Бірінші жартыжылдық мүсін бедерімен, оның сан алуандылығымен және бедерде тапсырмаларды орындаумен танысуға арналған. Бұл тапсырмаларда бедерді жасаудың бастапқы машықтарын беру мақсаты ғана қойылмайды, сонымен қатар басты дәрежеде, кеңістікте заттардың қалпын анықтау шеберлігін дамыту мен өндіруге және тіпті, биік емес рельефте көлемдер мен кеңістіктерді жеткізу тәсілдерді меңгеруге көмектеседі.
      127. Бедерде «Кеңістіктікті» түсіну үшін «Құс тұлыбы барельефі» алғашқы тапсырма натурадан орындалады. Келесі сынақ тапсырмасы – құстармен, балықтармен немесе жануарлармен шығармашылық композиция соған негізделеді, мұнда биік емес рельефте кеңістіктің тереңдігін ғана жеткізбейді, сонымен қатар практикада композицияның ережелері мен құралдарын да пайдаланады: формат қасиеттерін, ырғағын және қозғалысын, форманы стилизациялауды, шамалардың, формалардың және фактуралардың әралуандылығын ескере отырып, композициялық орналастыру,композициялық орталықты бөліп көрсету. Бұл жұмыс өзіндік ізденуде және қажетті ақпаратты пайдалануда көрініс табатын білім алушылардың өз бетінше даму қабілеттілігін көрсету керек.
      128. Бірінші жартыжылдық «Дөңгелек мүсін» тақырыбына арналады. Дөңгелек мүсіндегі бірінші тапсырма - сенімді және органикалық жануар бейнесін жасау үшін білім алушылар шығармашылық үдерісінде жасау тәсілін – артығын бөлііп тастау жолымен бүтін кесектен мүсіндеуді ескере отырып, оның айқындаушы анатомиялық ерекшеліктерін, пропорцияларын, тән пластиканы сезініп жеткізуге тырысу керек. Бұл әдіс форманы тұтастай қабылдауды дамытады.
      129. «Балалар мен жануарлар» екі фигуралы композицияда білім алушылар мүсіндегі мақсатын түсінудің негізінде сым қаңқаны құрастыру және орындауды меңгереді. Қаңқа қағазда табиғи шамада екі бұрылумен орындалған нобай негізінде берік және ойланып жасалады. Фигураларды модельдеуде байқағыштық пен көзбен көргенді есте сақтауды дамыту білім алушыларғаэмоциялы-пластикалық сипаттамаға және сюжеттік өзара байланысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      130. Бедерлі және дөңгелек мүсінмен жұмыс 2 кезеңде жүргізіледі:
      1) тақырыптың композициялық-пластикалық шешімін іздеу – нобайлар жасау;
      2) материалмен нобай бойынша практикалық жұмыс.
      131. Емтихан жұмысы – екі фигуралы тақырыптық композиция – шығармашылық іздену барысында бейнелі ойлаудың дамуын, сонымен қатар оққушылардың мүсіннің бейнелеу құралдарымен кеңістіктік қиын емес композицияларды жасау машықтарын жүйелі жинауды көрсету керек: композицияның дөңгелекті шолуын ескере отырып фигуралардың сауатты композициялық шешімі мен тіреуіштер; осы тапсырманың ерекшеліктерімен қамтамасыз етілген сенімді қаңқаны дайындау; көлем мен пропорциялар сезімін, бейнелердің пластикалық мәнерлілігін жеткізуді дамыту, шығармашылық тапсырманы шешу, жеке тұлғалық тұрғыдан қараудың болуы.
      132. 1-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Мүсін бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде әңгімелесу. Мүсіннің түрлері: рельефті және дөңгелек. Мүсінші жұмыс істейтін материалдар. Құстар мен жануарлардың натурасына қарап сурет салу. Олардың құрылысымен танысу. Түрлі көзқарастан нобайларды орындау.
      2-тақырып. Геометриялық денелер. Күрделі көлемді формалардың негізінде жатқан қарапайым геометриялық денелер туралы түсінік. Көлемді форманы алу әдістері: конусты, цилиндрді, призманы. Қашау туралы түсінік. Жануарлар мен адамның бейнесін стилизациялау. Жұмыстардың декоративтілігі.
      3-тақырып. Бедер. Бедер, оның түрлері және сәулеттегі сәндеудегі ролі туралы әңгімелесу. Бедердің және оны қолдану аясының әр түрлілігі. Оқу бедері, бедерді жасау ерекшеліктері. Бедердегі көлем мен кеңістік.
      4-тақырып. Сынақ жарты жылдық жұмыс. Бедердегі тақырыптық композиция. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар.
      Екінші жартыжылдық.
      5-тақырып. Дөңгелек мүсін. Дөңгелек мүсін туралы әңгімелесу. Дөңгелек мүсіннің түрлері. Нобайларда формалардың пластикалық шешімін іздеу. Дөңгелек мүсінді жасау кезеңдері.
      6-тақырып. Емтихан жұмысы. Дөңгелек мүсін. Қорытынды жұмысқа қойылатын негізгі талаптар. Дөңгелек мүсінде тақырыптық композицияны орындауға шығармашылық тұрғыдан қарау. Мүсіндік композицияны жасаудың негізгі қағидаттары.
      133. Оқу жылының соңында 1-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) мүсін түрлерін біледі;
      2) мүсіндік материалдардың ерекшеліктерін біледі және ермексазды, сазды пайдалана біледі;
      3) нобайларда тақырыптың шешімін өз бетінше шығармашылық іздеуді орындайды;
      4) тақырыптық композицияларға арналған нобайларды орындайды;
      5) қарапайым заттарға, құстар мен жануарлаға тән пропорцияларды, жалпы формаларын, ерекшеліктерін жеткізу, натураға қарап бедерде сатылап жұмыс істей алады;
      6) жануарлардың пластикалық формаларын жеткізде біледі;
      7) мүсінді сатылап илеу дағдысына ие;
      8) дөңгелек мүсіннің бейнелеу құралдары туралы түсініктері бар;
      9) ұсақ формаларын жасамай адам сұлыбының сызбаларын орындайды;
      10) бір және екі фигуралы қаңқа мүсіні үшін нобайларда тақырыптың шешімін өз бетінше шығармашылық іздеуді орындайды;
      11) тақырыпты ашу мақсатында композициялық құрылымды анықтай алады;
      12) дөңгелек мүсінде пропорцияларды, тән ерекшеліктерді, қиын емес қозғалысты жеткізу дағдыларына ие;
      13) кейіпкерлердің мінездерін, көңіл-күйін жеткізе отырып, фигуралардың сюжеттік өзара байланысын анықтай біледі.
      134. 2-сыныпқа арналған мүсін бойынша бағдарлама міндеттерінің бірі алдыңғы оқу кезеңінде алған білімді бекіту болып табылады. Бағдарлама жас ерекшеліктеріне және курстың оқу міндетіне сәйкес, рельефті және дөңгелек мүсінде натуралық та, елес-қиял бойынша да тапсырмаларды күрделендірудің негізінде білім алушылардың пластикалық жұмыс машықтарын дамыту мен жетілдіруді ескере отырып жасалды.
      135. Кеңістікті күрделі рельефті композицияны одан ары игеру, фигуралардың эмоциялы өзара байланысын, көлемді модельденуін, пропорциялары мен қозғалыстарын жеткізу машықтарын жетілдіру қарастырылған.
      136. Бірінші жартыжылдықта бедерлі мүсінде плинт өлшемі ұлғайтылады (30Ч30 сантиметр). Рельефтегі өрнектің мотиві. Білім алушылармен алдыңғы тапсырмада натурадан өсімдік формаларын зерттеумен жасалады. Өрнекті рельефте өрнек элементтерінің жоспарлығы арқылы өсімдік мотивтерін стилизациялау композициясын және кеңістікті модельдеуді құруға күрделі оқу-шығармашылық міндеттер қойылады.
      137. «Қазақстанның жануарлар әлемі» тақырыбында дөңгелек қаңқа мүсінін орындамас бұрын хайуанаттар бағында нобайлар мен суреттемелер жасау немесе пленэрлік суреттемелерді пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырмада «Саванналар әлемі», «Африканың жануарлар әлемі» және тағы басқа тақырыптар болуы мүмкін.
      138. Білім алушылар фигуралар саны үшке ұлғайтылатын «Цирк» тақырыбындағы емтихан мүсіндік композициямен ерекше қызығушылықпен жұмыс істейді. Бұл туындыда стилизация, гро-теск болуы мүмкін, ишараттың мәнерлілігі, қозғалысты, көңіл-күйді жеткізу қажет. Осы талаптарға сүйене отырып, қаңқаны конструкциялау бойынша міндеті күрделендіріледі.
      Алға қойылған міндеттерді толық дәрежеде шешуге мүмкіндік беретін басқа да тақырыптар болуы мүмкін, қарындашы: «Театр», «Би» және басқалары.
      139. 2-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Міндеттер мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу. 2-курста мүсін бойынша бағдарлама талаптары.
      2-тақырып. Бедер. Рельефтегі өсімдіктер. Натурадан рельефте жұмыс ерекшеліктерімен танысу. Алдыңғы тапсырманың натуралық суреттемелеріне тіреуішпен рельефті жасауды жүргізу жүйелілігі.
      3-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Өсімдік өрнегінің рельефі. Өрнек элементтердің қайталануы және кезектесуі ретінде. Өрнек түрлері: геометриялық, өсімдік, зооморфты. Өрнектің берілген форматтағы композициясы және ырғағы.
      Екінші жартыжылдық.
      4-тақырып. Жануарлар мен құстар. Жануарлар мен құстарды тұлыптардан және көрнекі құралдардан алып, салу. Олардың құрылымымен танысу.
      5-тақырып. Дөңгелек мүсін және анималистік жанр. Дөңгелек мүсіндегі жануарлар мен құстар. Пластика, пропорциялар және қозғалыс. Тақырыптық мүсіндегі композициялық шешімнің тұтастығы.
      6-тақырып. Емтихан жұмысы. Эмоциялық ахуал мен динамиканы жеткізуге дөңгелек мүсіндегі сюжеттік композиция.
      140. Оқу жылының соңында 2-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) қажетті материалдарды еркін пайдалана біледі (ермексазды, сазды, жергілікті жағдайларға байланысты);
      2) сымдық қаңқа мен көмекші жазықтықты дайындауды орындайды;
      3) жануарлар мен құстардың, сонымен қатар адамдардың түрлі түрлеріне тән ерекшеліктерді және пропорцияларды біледі;
      4) натуралық нобайлардың негізінде болашақ өз бетінше шығармашылық жұмыстың нобайларын орындайды;
      5) қаңқада модельдерді ұсақ формадан үлкен формаға дейін сатылап илеу дағдыларына ие;
      6) этюдтерді натураға қарап және еске түсіру арқылы қаңқа бетіне түсіреді;
      7) эмоциялық күйді (ойын, тыныштық, қорқыныш) жеткізе біледі;
      8) екі фигуралы композицияларды орындайды: пропорциялар, қозғалыстар, өзара байланыстар, ұсақ формаларды жасау.
      141. Оқу-шығармашылық міндеттерді одан ары күрделендіру, «оригами» техникасындакеңістікті конструкциялаумен танысу, бет-әлпеттің бөліктерін натурадан, гипс бедерден жасау – осының барлығы 3-сыныпқа арналған мүсін бойынша бағдарлама тарауына кіреді.
      142. Білім алушылардың көзбен өлшеуі одан ары дамытылады, көп фигуралы композицияны сауатты және кезең-кезеңмен орындау машықтары бекітіледі, пропорцияларды жеткізу, фигураларды жасауда егжей-тегжейлі өңдеу және ең қиыны – мәнерлі динамиканы, тән қоғалыстарды жеткізу бойынша.
      143. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. 3-сынып бағдарламасының міндеттері. Қажетті материалдар. Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және техникалармен танысу.
      2-тақырып. Бедер. Натурадан жасалған бедердің күрделі формаларын модельдеу қағидаты.
      3-тақырып. Сынақ жұмысы. Натуралық қойылым мен бедердіңкөлемдік ара қатынасы. Сызықтық перспектива, кеңістіктік және пропорциялар натюрморт рельефінде. Көпжоспарлы бедерде көлемдер мен тереңділіктердің ара қатынасын белгілеу.
      Екінші жартыжылдық.
      4-тақырып. Адамның бет-әлпетінің бөлшектерінің конструктивті ерекшеліктері. Алдын–ала нобайсыз натурадан жұмыс істеу. «Көмкеру» –материалдың тұтас кесегін қысқарту әдісімен жұмыс істеу.
      5-тақырып. Емтихан жұмысы. Дөңгелек мүсін. Қозғалыстағы адам фигурасының нобайларының негізінде түсінігі және елес-қиялы бойынша орындалған тақырыптық композиция.
      144. Оқу жылының соңында 3-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) күрделі көпжоспарлы бедердегі сызықтық перспективалар заңдылықтарын түсінеді;
      2) бедердегі пропорциялық қатынастарды, көлемдерді, ракурстарды, қойылым заттарының перспективалық қысқартылымдары, көкжиектік және вертикалды күрделі көп жоспарлы дөңгелек мүсіндегі жазықтықтардың перспективаларын, мүсіндік бедердің шарттылығына байланысты натюрморт кеңістігінің тереңдігін жеткізе біледі;
      3) бедерде маталардың қыртыстарын илеу дағдыларына, сипатты және пластиканы жеткізу арқылы қыртыстардың бағыттарын көрсету цилиндрлік, доға түріндегі және сынған түрі;
      4) технологиялық сатылау бойынша көп жоспарлы бедерді илеуді орындайды;
      5) дөңгелек мүсіндегі көп фигуралы композицияларға арналған нобайларды өз бетінше жүзеге асыра алады;
      6) адам фигурасының пропорцияларын біледі және жеткізе алады;
      7) таңдалған тақырыпқа сәйкес көп фигуралы композицияда бөлек фигуралардың қозғалысының сипатын жеткізе біледі;
      8) динамикалық фигураларды олардың өзара байланысы жетістігі мен көп фигуралы композицияның тұтастығының пластикалық шешімімен ара қатынасын белгілей біледі;
      9) «қозғалыстағы» фигуралардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, өз бетінше қаңқаны орындайды;
      10) мүсіндік композициямен жұмыс істеу барысын өз бетінше сараптай алады және күрделі тән ерекшеліктерді және композицияның сюжеттік мәнерлілігін жеткізудегі мүмкін мәселелердің шешімін табады;
      11) форманың егжей-тегжейлі мұқият модельдеуін орындай алады;
      12) композицияның барлық бөлшектерін ортақ көркемдік арқауына бағындыра алады.
      145. 4-сыныптағы мүсін бойынша бағдарламаның тарауында оқу-шығармашылық міндеттерді күрделендіру, жұмысқа қойылатын талаптарды арттыру, және, сәйкесінше, тапсырмалардың санының азаюы қарастырылады. Бірінші кезекте – бұл оқу барысында алынған білімді бекіту, практикалық жұмыс машықтарын жетілдіру, шығармашылық әлеуетті кеңейту, жаңа тақырыптармен жұмыс істеуде елес-қиялды дамыту.
      146. Бірінші жартыжылдықта портреттік жанрдағы дөңгелек мүсінді орындау қарастырылған. Бұл тапсырмада адамның басы мен бет-әлпетінің бөлшектерінің құрылысы туралы білімді бекіту жүзеге асырылады. Дегенмен, ең бастысы, мұнда байсалды шығармашылық міндеттер алға қойылады: портреттің шынайы прототипінің дербестілігін, қасиетін және эмоциялығын жеткізу. Немесе керісінше – тақырыптық портреттік бейнені ашу үшін көркемдік жалпылау мен типизация тәсілдерін пайдалану. Тақырып стилизация, гротеск тәсілдерін пайдалануға жол береді. Осы жеткізу тәсілдерін пайдалану білім алушыларға жарқын қайталанбас портреттік сипаттаманы жасауға мүмкіндік береді.
      147. Екінші жартыжылдық дөңгелек мүсінде егжей-тегжейлі емтихан жұмысын орындауға арналады – сюжеттік мазмұны ашық айқындалған ерікті тақырыптағы көпфигуралы композиция. Білім алушылар нобайлардағы композицияларды жобалаудан бастап, өзіндік шығармашылық жұмысты орындайды. Таңдалған сюжет бойынша қорытынды жұмыстың ерекшелігі оның шығармашылық көрінісінің көп жағынан қабылдау, байқау, құбылыстарды өзіндік ұғыну, білім алушының алған өмірлік байқаулары мен әсерлерін сараптау мен синтездеу қабілеттілігінен деңгейіне байланысты болатынында.
      148. 4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. 4-сынып міндетері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу. Адамның басының көңіл-күйін жеткізумен, натурадан жсалған портреттік суреттемелері.
      2-тақырып. Сынақ жұмыс. Дөңгелек мүсіндегі портрет. Мүсіндік портреттегі шығармашылық тұрғыдан дербес, ұлттық, кәсіби сипаттар, психологиялық ахуалы, жас ерекшеліктері арқылы. Портреттегі көркемдік бейненің мәнерлілігі. Стилизация тәсілдерін пайдалану.
      Екінші жартыжылдық.
      3-тақырып. Емтихан жұмысы. Тақырыптық көп фигуралы композиция дөңгелек мүсінде. Көп фигуралы жанрлық композициядағы композициялық, пластикалық және бейнелі шешім.
      149. Оқу жылының соңында 4-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) білім алушылар өз бетінше дөңгелек мүсінге арналған нобайларды әзірлей алады;
      2) тақырыптың компоненттік шешімін іздеуді жүзеге асырады;
      3) қосымша құжаттық материалдарды пайдаланып, нақты сюжетті таңдай біледі, нобайлармен жұмыс жасай алады;
      4) адам фигурасының пропорцияларын біледі және оларды жеткізе алады;
      5) көп фигуралы композицияда олардың сюжеттік өзара байланысына қол жеткізумен бөлек фигуралардың пропорцияларын, қозғалыстағы сипатын жеткізе біледі;
      6) фигуралардың өзара байланыстарының жетістіктерімен динамикасын салыстырады, композицияның тұтас пластикалық шешімдерін біледі;
      7) қозғалыстағы фигуралардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, нобайлар бойынша қаңқаны өз бетінше орындайды;
      8) композицияның мүсінімен жұмыстың барысын өз бетінше талдайды және композицияға тән күрделі сипаттағы ерекшеліктерді және композицияныі сюжетінің мәнерлілілің шешімдерін табу: форманы егжей-тегжейлі модельдей біледі;
      9) портрет жанрында дөңгелек мүсін дағдыларына ие;
      10) адамның басының құрылым мен пропорциялық қатынастарын біледі;
      11) дөңгелек мүсінде адам басының құрылымын, денесі құрылысы туралы қағидаттарды біледі;
      12) портреттегі қозғалыстарды жеткізе біледі: бұрылу, еңкею, даралық, мінез, экмоциялық күйін.
      13) форманы бөлшектей алады;
      14) оқиғаның сипатын жеткізеді, көлемді-кеңістіктік композицияны ұйымдастырады.

Каталог: userdata -> user-69 -> files
files -> Сабақтың тақырыбы : «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»
userdata -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Құрастырған: №26 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі Сыздықова Әсима Қалауевна Кіріспе
files -> Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
files -> Бауыржан Момышұлының рухани- адамгершілік және әскери мұрасы Бауыржан Момышұлының марапаттары
files -> Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд Жүргізуші
files -> Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» сайысы
files -> Қазақ Әдебиеті нұсқау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет