"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Эстадалық вокал» пәні бойынша білім беру бағдарламасы



бет11/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
#2886
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

14-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер
мектептері музыка бөлімдерінің «Эстадалық вокал» пәні бойынша
білім беру бағдарламасы

      644. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Эстрадалық вокал» сыныбы бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқу пәнінің мазмұнын, күтілетін нәтижелерді, болжамды бағдарламалық талаптарды, осы пән бойыншы білім алушылардың білімдерін бағалау өлшемдерін анықтайды.


      645. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының тұлғасын кешенді дамыты, әншілік қызмет дағдыларын қалыптастыру, арнайы вокалдық дағдыларды жетілдіру, әншілік дауыстың негізгі қасиетттерімен дыбыстық аппараттың қызметін үйлестіру және есту дағдыларын дамыту.
      646. Бағдарламаның міндеттері.
      Дидактикалық міндеттері:
      1) тұтас тарихи дамушы көрініс ретінде әншілік өнер туралы түсінікті қалыптастыру;
      2) жалпы және музыкалық мәдениетін кеңейту, қазақстандық және әлемдік эстрадалық және көпшіліктік музыканың ең үздік үлгілеріне танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, сан алуан нақыш, жанр, орындаушылық мектептерінің туындыларын игеру үдерісінде ассаоциациялық ойлауларын дамыту, білім алушылардың көркемөнер-эстетикалық талғамын жетілдіру.
      Көркемдік-орындаушылық міндетттері:
      1) сан алуан эстрадалық, бұқаралық музыкаға тән вокалдық техниканы, арнайы тәсілдерді меңгеруді қамтамасыз ететін білім, дағды, шеберліктерін қалыптастыру, музыкалық мүмкіндіктерін дамыту;
      2) шығармалардың көркемдік түпкі ойларын ашу мен жүзеге асыру үшін музыкалық-көркемдік құралдар мен вокалдық-техникалық, орындаушылық шеберліктерінің бірлігіне қол жеткізу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру;
      3) вокалдық репертуармен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, өз ойын білдіру және өзін-өзі дамытуды жалғастыру сұранысын дамыту;
      4) орындаушы ретіндегі болашақ әншілік қызметіне арналған вокалдық-педагогикалық репертуарын байыту;
      5) сахналық мәдениетке тәрбиелеу.
      Тәрбиелік міндеттері:
      1) алдына қойған мақсатқа жету үшін еңбекқорлық, мақсаттылық және қажырлылық, табандылыққа тәрбиелеу;
      2) өзін-өзі ұйымдастыра алу және өзін бақылай алу дағдыларын, зейін қою, есту қабілетін, ойлау қабілетін, жадын жинақтау дағдыларын тәрбиелеу;
      3) адамгершілік гуманистік өмір нормалары мен мінез-құлықтарын игеру;
      4) әртүрлі ұлттық дәстүрлер, нақыштар, дәуірлердің музыкалық өнерлері арқылы мәдени төзімділікке тәрбиелеу.
      647. Білім беру бағдарламасындағы оқу материалдары шартты түрде бөлінген. Педагог білім алушылардың дайындық деңгейіне қарай вокалдық техниканы меңгеру бірізділігі, оның жеке вокалдық қабілеттері мен кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті уақытты анықтайды.
      648. Білім беру бағдарламасы білім алушының жеке білім алу болашағын саралау, гуманизациялау және қалыптастыру, тұлғаға бағдарланған оқыту, дамытушылық мәселелерін шешуге арналған дәстүрлі, сонымен қатар инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануды көздейді.
      667. «Эстрадалық вокал» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес әр сыныпта аптасына 2 сағаттан құрастылған. Сабақ түрлері – 45 минуттан жеке сабақтар.
      650. Оқыту жеке, шағын топтық және топтық формада жүзеге асырылады.
      Даярлық сыныбындағы білім алушылардың сандық құрамы - 8-10 адам.
      651. Жеке сабақ түрлері вокалдық өнер құралдары арқылы әрбір білім алушының шығармашылық даралығын, оқыту үдерісінде балалардың музыкалық қабілетін, музыкалық-теориялық даярлығын, психологиялық-физиологиялық және жас ерекшеліктерінің деңгейін есепке алатын сараланған тәсілді қолдануға мүмкіндік береді.
      652. Оқыту мерзімі: 5-7 жыл. Білім беру бағдарламасы қорытынды мемлекеттік аттесттестациямен аяқталады.
      653. Білім алушылардың білімі мен дағдыларынақойылатын талаптар.Бағдарламалық материалды игеру нәтижесінде білім алушыларда келесі білім, білік және дағдылар қалыптасады:
      1) негізгі ұғымдар мен терминологияларды біледі, орындайтын шығармалардың нақыштары мен бағыттарында бағдарланады;
      2) адамның әншілік қызметінің психофизиологиялық үдерісі туралы ұғымы бар, дауыс аппаратының анатомиясы, оның ән айту кезіндегі жұмысы туралы жалпы мағлұматы болады;
      3) музыкалық және вокалдық есту қабілеті, жалпы және музыкалық ой-өрісі бар;
      4) мынадай вокалдық-техникалық және музыкалық-орындаушылық дағдыларын: әншілік тыныс алуын, дыбыстық сүйеу, резонаторлардың үйлестірілген жұмысы, дұрыс дыбысқұрау және дыбысты жүргізудің түрлері (legato, non legato, staccato және тағы басқалар) ұйымдастыру дағдылары қалыптасқан; дауыстың сапалы естілуін жетілдіру (тембр, жоғары дыбыстық және серпінді диапазон, вокалдық интонациялау, дауыстық қозғалысы, дұрыс әншілік артикуляция және мақамның (дикция) анықтығы, эмоциялық-көркемдік көрнекілік, шығарманың дәлелді түсіндіре алады;
      5) дауысты қоюдың теориялық дағдыларын және вокалдық дағдыларды практикалық тәрбиелеу әдістемелік тәсілдерін меңгерген;
      6) орындаушылық қызметке қажетті вокалдық репертуары бар;
      7) концертмейстердің, a cappella, фонограммамен сүйемелдеудің жеке және ансамбльдік орындау дағдылары бар;
      8) микрофон, аудио және дыбыстық аппаратура, фонограмма, компьютермен жұмыс дағдылары қалыптасқан;
      654. «Эстрадалық вокал» пәнін зерделеу «Сольфеджио», «Хор», «Әлемдік музыкалық әдебиет», «Қазақ музыкалық әдебиеті», «Музыкалық аспап» пәндерін практикалық жағынан игерумен тығыз байланыста іске асырылады.
      655. Қазіргі кезеңде аталған өнер бағытын дамыту сұранысына жауап бере алатын, сапалы даярлықты қамтамасыз ету мақсатында «Эстрадалық вокал» жұмыс жоспарларына «таңдау бойынша пән» сағаттарының есебінен «Хореграфия» және «актерлік шеберлік» және тағы басқа пәндерін оқытқан жөн. Аталған пәндерді енгізу қажеттілігі жанрдың ерекшелігімен түсіндіріледі.
      656. Эстрадалық орындаушының міндеті – ән айту мәнерінің даралылығын іздеу, дауыс тембрі, күші, шыдамдылығын, қайталанбас сахналық бейнесін қалыптастыру.
      Эстрадалық ән айтуда дикция сапасына, орфоэпия заңын білу мен бағынуына, айтылған сөзінің ойшылдығы, көркемділігі, эмоциялық жағынан толыққанды болуына ерекше талаптар қойылады, өйткені, поэтикалық мәтін әнннің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда сөз сөйлеу мәдениеті, сөз сөйлеу тренингтері бойынша сабақтар өте көп көмек көрсетеді.
      Осы сабақтарда сөз сөйлеу аппаратын жаттықтыру және нығайту, сөз сөйлеу мәнерін қою, тыныс алу, артикуляция, дыбыс шығарумен жұмыс, дауыс көркемділігі мен оралымдылығын дамытумен жұмыстар жасалады.
      657. «Эстрадалық вокал» пәнінің бағдарламасын іске асыру төмендегідей оқытудың материалдық-техникалық құралдырының болуын қарастырады: вокалдан жеке сабақтар өткізу үшін жабдықталған оқу кабинеті; концерттік зал (сахна); музыкалық аспаптар (фортепиано, синтезатор және тағы басқа); дыбыстық аппаратуралар кешені(күшейткіш, пульт, колонкалар, CD күйтабақ ойнатқышы жәнетасымалдаушы флэш)микрофондар; компьютер,бағдарламалық қамтамасыз ету; музыкалық орталық, магнитофон; «+» және«-» режиміндегі фонограммаларды жазу;оқу-әдістемелік, ноталық, дидактикалық материал, фонотека; аудио-, бейнежазба, CD, MP3форматында; бейнекамера, фотоаппарат;концерттік, өнер көрсету жазбалары;айна, тақта, нота үшін пульт.
      658. Мектептің материалдық-техникалық базасы санитарлық және өртке қарсы талаптарға, еңбекті қорғау тәртіптеріне сай болуы тиіс.
      659. Оқу жоспарындағы пәндерді оқытудың ұйымдастырушылық түрлері: пәндер бойынша жеке сабақтар: арнайы сынып (вокалдық ән айту: академиялық вокал, эстрадалық вокал), музыкалық аспап, таңдау бойынша пән (хореография және актерлік шеберлік және тағы басқа).
      Хореография және актерлік шеберлік пәндері бойынша сабақтар аптасына 0,5 академиялық сағат бойынша жүргізіледі, музыкалық мектепте оқыту 1-сыныптан бастап.
      660. Пән бойынша топтық сабақтар: сольфеджио, қазақ музыкалық әдебиеті, әлемдік музыкалық әдебиет, ұжымдық музыкада ойнау.
      661. Дайындық бөлімінде жеке сабақтар: арнайы сынып (вокалдық ән айту: академиялық вокал, эстрадалық вокал) пәндері, таңдауы бойынша пән (дұрысы – музыкалық аспапта).
      662. Сольфеджио бойынша топтық сабақтар. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1-тарау. Дауысты қою. Әншілік нұсқаулық. Әншілік дауыстың негізгі қасиеттері.
      1) Дауысты қою – білім алушыларға дұрыс үн шығаруға мүмкіндік беретін дауыс аппаратының рефлекторлық қозғалысына дағдыландыруға әкелудің ән айтуға оқытудағы жеке үдерісі. Дұрыс қойылған дауыс ұғымы оның барлық диапазондағы түзулігін, жатықтығына (регистрлердің тегістігі), үнділік, дауысты дыбыстардың бүркемеленгендігі, тембрдің әсемдігі, икемділігіне саяды. Жақсы қойылған дауыс үндегі әншілік форманттың болуымен сипатталады.
      2) Әншілік ұстаным (певческая установка) – әншінің фонация (дыбыс шығару) алдында қоятын қалыбы. Білім алушының санасында және жүйке-бұлшық ет түйсінуінде тұла бойын, ауыз-тамақ қуысын және барлық дауыс аппаратын табиғи, жайлы және нәтижелі бастапқы қалпына қоя білуін бекіту. Тұрып тұрғандағы әншілік ұстаным: денесін тік жинақы күйде ұстауы, екі аяғына тең тұруы. Қолдары екі жағына еркін орналасқан немесе көкірек тұсына немесе арқасына қарай қолдың білезік бөлігі айқастырыла орналастырылған, кеудесі жазық, иықтары болмашы артқа жіберілген, басын тік, күш түсірілмей тұру. Отыру қалпында да дене мен бастың орналасу қалпы сақталынады, аяқтары тік бұрышта орналасқан. Білім алушыға қажет кезде әншілік қалыпты ұстай білуге үйрету маңызды, өйткені ол дұрыс әншілік дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
      3) Әншілік дауыстың негізгі қасиеттері. Дыбыстық диапазон. Тесситура. Примарлық тондар. Жоғары және төмен әншілік форманттар. Дауыс (үдемелілік) күші. Дауыс тембрі (дауыс сыңғырлығы, жарқындығы, көлемі, тығыздығы және жалпы бояуы). Дауыс шарықтауы. Дыбыс тұғырының жоғарылығы. Әншілік вибрато.
      4) Негізгі вокалдық дағдылар – дыбыс құрау, әншілік тыныс алу, есту қабілеті дағдылары, артикуляция, эмоциялық көнекілік дағдылары.
      2-тарау. Дауыс аппаратының құрылысы, дауыс құрушы үдеріс.
      1) Дауыс аппараты – дауыс пен әндік сөз құруға қатысушы органдар жүйесі.
      Тыныс алу органдары – тыныс алу үдерісін жүзеге асырушы өкпе, тыныс алу жолдары. Тыныс алу жүйесінің қызметтері – газ алмасудың жүзеге асуы.
      Тыныс алу жүйесі органдары: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, өкпе, диафрагма.
      Дыбысты қалыптастыру органдары – резонаторлар, артикуляциялық аппарат.
      Резонаторлар – тыныс алу жолдарының үстіңгі және төменгі жақтарын қоршап тұрған дауыс қатпарларының ауа қуыстары: жоғары бас және төменгі кеуде резонаторлары. Кеуде резонаторлары: кеңірдек, бронхтар.
      2) Бас резонаторлары: жұтқыншақ, ауыз қуысы, мұрын қуысы, мұрынның қосалқы қуыстары.
      Артикуляциялық аппарат – сөз және дауыс дыбыстарын қалыптастыратын органдар жүйесі. Сөз сөйлеу белсенді органдары: дауыс қатпарлары, тіл, ерін, жұмсақ таңдай, көмей, төменгі жақ сүйек. Сөз сөйлеудің белсенді емес органдары: тіс, қатты таңдай, үстіңгі жақ сүйек.
      Дыбыс жасаушы органдар: – кеңірдек, дауыс қуыстары.
      3) Дауыс жасаушы үдеріс – бас миымен жүйке байланыстарының кең жүйесі арқылы жүзеге асырылатын көмейдің барлық бөліктерімен күрделі және нәзік өзара іс-әрекеттесу нәтижесі. Дауыс қатпарларына күш түсіру және оларды бір-біріне әкелуде, қабырға аралық бұлшық еттер мен диафрагма қимылдарымен күшейтілетін кеңірдек пен бронхта ауа қысымымен күшейтілетін, оны дауыс қатпарларының тесіктері арқылы тербелістер пайда болатын ауық-ауық жарып өтетін ауа ортасының тербелісін қамтамасыз ететін дауыс дыбыстарын қабылдаудың физиологиялық актісі.
      3-тарау. Вокалдық дағдылар. Тыныс алумен жұмыс (әншілік тыныс алу, тыныс алу жаттығулары туралы түсінік)
      1) Вокалдық дағдылар – әншілік акт компоненті болып табылатын іс-әрекеттерді орындаудың ішінере автоматтандырылған тәсілі.
      2) Бастапқы кезең – реттелетін вокалдық-музыкалық бейнені құру, вокалдық іс-әрекеттерді орындау және оларды іске асыруға талпыныс тәсілдерін түсіну. Келесі кезең – берілген акустикалық талаптарға сәйкес шартты рефлекторлық байланыстарды құру. Жаттығу әрекеттеріне қарай бұл байланыстар бекемделеді, артық қозғалыстар мен қателіктер жойылады, кейбір іс-әрекеттерді орындау нақты, дәл бола бастайды, олардың сапасы арттырылады. Олар автоматтандырылады және бірыңғай әншілік актіге құйылады.
      3) Одан әрі дауысқұраушы үдеріс иілгіштік бейімделуі (қалыптасқан серпінділік стереотиптер) дыбысты шығару жағдайын өзгертуге (мысалы, жоғарғы және төменгі бөліктер диапазонындағы дыбыс шығаруды және дауыс құраушы тәсілдерді меңгеру, орындалатын шығарманың және тағы басқа эмоциялық-мәнді мазмұнына байланысты дыбысталудың өзгерісі) әкеледі.
      4) Ән айту негізі ретінде әншілік тыныс алу және оның дамуы әншілік дауыспен жұмыс үдерісінде жүреді, және біртіндеп және жүйелі түрде тәрбиеленеді. Әншілік тыныс алу бір қалыпты, еркін, дауысты құруға қатынасатын барлық жүйелердің табиғи түзетілуіне мүмкіндік береді. Тыныс алу типтері. Костальдық (бұғаналық, жоғарғы кеуделік, көкіректік). Косто-абдоминалдық (аралас, бауыреттік) тыныс алу. Абдоминалдық (құрсақтық, диафрагмалық) тыныс алу. Төменгі қабырғалық-диафрагматикалықтыныс алу. Фонациялық тыныс алу элементтері (музыкалық фразаны әндету кезіндегі тыныс алу, демді іште ұстау және демді ұстап тұруды сақтау жағдайы). Демді ішке алу мен демді шығаруды бақылау, ырғақ және тыныс алуды ұйымдастыру. Жартылай есінеу.
      5) Әншілік тыныс алу - «диафрагманы сүйемелдеу» дыбыстық негізі. Әншілік тірек–күрделі кешендік сезім, тыныс алуды дұрыс ұйымдастыруға, дыбысты құруға және дауысты резонаторлауға байланысты.Әншілік тіректің негізгі өлшемдері – дыбыс шығарудың сапасы. Тіреулі дыбыс. Тіреусіз дыбыс. Тыныс алу жаттығулары. Дыбыссыз жаттығулар. Тыныс алуды, диафрагма, құрсақ тығыршығын сүйемелдеуді дамыту үшін демді ішке тарту және шығару тренажы. Дыбыстық жаттығулар.
      4-тарау. Сөз сөйлеу және ән айтудағы артикуляция қағидаттары (артикуляциялық аппаратты дамыту үшін сөздік және вокалдық жаттығулар).
      1) Сөз сөйлеудегі артикуляциялық аппарат. Ауыз-жұтқыншақтық канал органдары: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, төменгі жақ сүйек бөліктері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Тыныс алу бұлшық еттері мен тамақ бұлшық еттерімен артикуляциялық аппаратты түзету.
      2) Ән айтуда артикуляциялық аппарат жалғамалы түтікшенің ұзындығы мен барынша кең ашылған ауызды өзгерту жағдайында жұмыс жасайды. Резонаторлық қуыстың бұлшық еттерінің жиырылуын көбейту, ауыз-мұрын қуыстары каналының қуыстарын кеңейту, тіл, ерін және жұмсақ таңдайдың сөз сөйлеу құрылысын өзгерту; ауызды ашу дәрежесін арттыру. Артикуляциялық аппаратты жаңа жағдайға және орындарға бейімдеуде қажетті нақты дауысты дыбыс форманттарды құру үшін ұйымдастырылады. Дауыстыларды дөңгелектеу. Ән айтудағы дауысты, дауыссыз дыбыстар. Вокалдық орфоэпия заңдары. Артикуляциялық аппараттарды дамыту үшін сөз сөйлеу және вокалдық жаттығулар.
      5-тарау. Дыбыспен жұмыс (дауысты дыбыстарды әндету, дауыссыздарды айту, дыбысты жүргізу сипаты, дыбыс шабуылдары, дыбыстың жоғары тұғыры)
      1) Ән айтуда дауысты және дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру. Дауыстың негізгі вокалдық қасиеттеріне дағдыландыру. Дауысты дыбыстың жоғарғы және төменгі форманттары. Ән айтуда дауысты дыбыстарды қалыптастыру бірлігі. Екпінді және редуцияланған дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстарды тегістеуге арналаған жаттығулар. Дауыссыз дыбыстар (еріндік, тілдік, таңдайлық, қатаң, ұяң, үнді, үнсіз). Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстармен үйлесімдікте қалыптастыру. Шығарманың көркемдік бейнесі, дыбысты жүргізуде дауыссыз дыбыстарды айту сипаты. Ән айтудағы эмоциялық көрнекіліктің вокалдық-фонетикалық құралдары.
      2) Дыбысты жүргізу сипаты. Легато (legato) – дауысты дыбыстарға тыныс алусыз, түрткісіз созылыңқы, үздіксіз, бір-бірімен байланыста дауыссыз дыбыстарға ауысқан, бір буыннан екінші буынға аяқталатын ән айту, сондай-ақ, дауыссыз үнді дыбыстарда (л,м,н,р) ән салу. Легатодағы дауыссыз дыбыстар–бір-бірімен тығыз байланысқан, айтылу жылдам, тұтас дыбыстың бірлігі бұзылмастан айтылады.
      3) Нон легато (non legato) – бір-бірімен байланыспайтын дыбыстарды бөлуді көздейтін дыбыс жүргізу әдісі, әуеннің кейбір бөліктеріндегі дыбыстарды баса айтылатын, бірақ оның үздіксіздігін сақтау көзделетін әдіс. Дыбыстарды бөлу жаңа дыбыс алдында тыныс алумен (қайта қалпына келтірусіз) қысқа мерзімдік кешігуде жүреді. Дыбыстарды атап айту әдейі істелетін екпінге өтусіз және тіпті – цезура немесе үзіліске өтпейді. Сонымен қатар көңіл бөлуді азайту әрбір пайда болған дыбыстың немесе аккордтың анық қырларын шайып жіберуге алып келмеуі керек, осылайша, әуенді көрнекі емес тәсілге, орташа легато және нон легатоға әкелмейді.
      4) Стаккато (staccato) – үздік-создықсыз, ұзындықтары қысқа, қысқа түрткілермен, бір дыбысты екінші дыбыстан бөлектеуге апармайтын, орындауды көздейтін дыбыс жүргізу әдісі.
      5) Дыбыстың шабуылы – ән айтудың басында дауыс желбезегін жұмысқа қосу дәрежесі мен сипаты. Білім алушының шабуылдардың барлық түрлерін меңгергені және оларды мәнерлі міндеттерге қарай қолданғаны абзал. Жұмсақ шабуыл– дауыс желбезегі аса тығыз емес жақындап барып, жабылады, дыбыстың ең басталар алдында, оның алдында емес. Жұмсақ шабуыл ән айтудың сипатын: кеңдігін, дөңгелектігін, жұмсақтығын, мәрттігін және эмоциялық мәнерлілілігін білдірген кезде қолданылады. Қатаң шабуыл– дауыстық қуыс дыбыс басталар алдында тығыз жабылады, содан кейін шығарылатын ауаның кернеуімен күшпен атып шығады. Қатты шабуыл ән айтудың сипатын: наразылықты, ашынуды, ынтығу, қорқу және қайғыру сезімін білдірген кезде қолданылады. Тыныс алу алдындағы шабуыл– желбезектер толық емес жабылған кезде, ауа елеулі мөлшерде шығарылғанда. Тыныс алу алдындағы шабуыл ән айту сипатын: абайлауды, әлсіздікті, қорқақтықты, шаршағандықты білдірген кезде.
      6) Дыбыс тұғыры – жоғары дыбысты қабылдауға тембрдің әсерін көрсету. Дыбыстың жоғарғы және төменгі тұғырлары. Тембрде жоғары жиілікті обертондардың жеткілікті санының болуы дыбысты барынша айқын, сыңғырлаған, жарқын, ұшқыр, атап айтқанда тұғыры бойынша жоғары болуын қамтамасыз етеді. Жоғары жиілікті обертондардың жеткіліксіздігі ол сол абсолютті биік болса да қатаң, төмен, жатық ретінде қабылданады. Тұғырлық таза болмауды жоюға болады, ол үшін дауысқұраушы техниканың дәлдігі мен дұрыстығына назар аудару қажет.
      7) Жоғары әншілік тұғыр: «әншілік бетперде», «жартылай есінеу», «дыбыстық тірек» ұғымдарымен байланысты. Жоғары тұғырды сақтау – құрсақ тығыршығын белсенді жұмылдыра отырып, терең, күш түсірілмеген тыныс алуда, онда ауыз және жұтқыншақты жақсы аша отырып, төменгі жақ сүйекті босатып, бүркемеленген дыбысты және жұмсақ, дәл дауыс шабуылын пайдалана ән айту. Осындай тұғырды тауып алу үдерісінде жоғары көтерілген жұмсақ таңдай шешуші рөл атқарады.Мұнда иекашылады, жұмсақ таңдай жұтқыншақты аңқадан (носоглотка) толық бөлектеп, көмей түсіріліп, тіл босатылады, жұтқыншақ жандандырылады.
      8) Вокалдық есінеу дұрыс дыбыс құрау үшін қажетті әдіснамалық әдіс болып табылады, ол демді ішке тартқанда дайындалып, дыбысты құраудың бастапқы сатысы және дыбысты дұрыс берудің шартын қалыптастырады. Жоғары дыбыстық тұғырда ән айту әншілік бетпердені пайдалануды қарастырады, атап айтқанда басты резонаторларды, яғни, дыбыстың жоғарғы тірегін, ал тыныс алу, оның төменгі тірегі болып табылады, толық белсендендіруді көздейді. «Бетпердеге» дауысты бағыттау дұрыс дыбыс шабуылына мүмкіндік береді, яғни, дыбыс шығару кезінде тыныс алуды ұйымдастыру. Тыныс жоғарғы тіс тамырларына қарай тар ағынмен жіберіледі. Жоғарғы тіс тамырларынан дыбыс тіреуіш нүктесі алыстаған сайын дыбыс сонша жарқын шығатын болады.
      6-тарау. Әншілік дауыстар жіктеуіші және әншілік дауыс регистрі (бас және кеуде регистрлерін дамытуға арналған жаттығулар есебінен әншілік диапазонды кеңейту)
      1) Әншілік дауыстар жіктеуіші. Диапазон – дауыстың дыбыстық көлемі. Әншілік дауыс регистрі – дыбыстық көлемнің (жоғарғы, орта, төменгі) бірлескен тәсілімен алынатын айқындалған бөліктегі дыбыс тембрі бойынша бірдей фонациялық қатар. Балалар дауысының регистрі. Әншілік дауыстың негізгі регистрлері –төс-кеуде регистрі (Chest voice), фальцет (Falsetto), бас регистрі (head), микст (Mixed voice), ысқырмалы регистр (Whistle register ), штро бас (Stroh bass). Регистрлік табалдырықтарды тегістеу және дауыс регистрін жұмсарту. Өтпелі ноталар. Балалар дауысы. Сопрано: ми–фа-диез (екінші октавалар), альт: ля–си (бас регистрге өтудегі бірінші октавалар); ре–ми (кеуде регистріне өтудегі бірінші октавалар). Бас және төс-кеуделік регистрлерін дамытуға арналған жаттығулар есебінен әншілік диапазонды кеңейту. Дауыс диапазоны орталығын нығайту арқылы төменгі және жоғарғы дыбыстарды дамыту.
      7-тарау. Есту қабілеті мен дауыс арасындағы түзетулер (интонация тазалығы, дұрыс әншілік тұғырды дағдыландыру үшін жаттығулар)
      1) Есту қабілеті дағдылары. Есту зейіні және өзін-өзі бақылау. Әншілік дыбыстың сапалы жақтарын саралау. Әншілік дыбыс пен оны құру тәсілдері туралы вокалдық-есту түсініктері. Қабылдау және елестету арасындағы есту-қозғалыс байланыстары (есту қабілеті мен дауыс арасындағы түзету). Қабылдаушы және дыбыс бейнелі дыбыс шығарудың сапасына есту қабілеті мен өз бетінше бақылауды жүйелі тәрбиелеу негізінде қалыптастыру. Дыбыстың кейбір элементтерін, дыбыс шығару, артикуляция және тыныс алу тәсілдерін санасына сіңіру, түйсіну.
      2) Интонация жиілігінің музыкалық есту қабілеті және есту көріністерінің көлемінің даму дәрежесіне тәуелділігі. Музыкалық есту қабілеттерін дамыту үшін (ладтық, үйлесімділік, ішкі) вокалдық-интонациялық жаттығулар (гамма, интервал, аккорд, секвенциялар, әуендік айналымдарды әндету).
      3) Әншілік дұрыс тұғырды дағдыландыру - ән айту кезінде дененің барлық бұлшық еттер жұмысының жиынтығы, дауыс аппаратының барлық жиынтығының, диафрагма, құрсақ қуысынан бастап және төмен орналасқан кеңірдек пен тілдің босатылған сіңірлерімен аяқталған барлық жиынтығы.
      8-тарау. Дауыс ақаулары және оларды жою (тамақ және мұрын қосымша дауыс құбылысы (призвуки), дыбысты күшейте шығару, ақауларды жоюға арналған жаттығулар)
      Дауыс ақаулары. Тамақтан шығатын қосымша дыбыс құбылысы. Дауыстың көмескі шығуы. Әр түрлі дауысты қысу түрлері. Мұрыннан шығатын қосымша дыбыс құбылысы. Таза емес дыбыс. «Ақшыл» дыбыс. Дикция ақаулары. Форсирлеу. Сип, вибратоның бұзылуы (тремоляция, «күшті тербеліс», «тік дауыс»), жалған интонация, дыбыстың төменгі тұғыры.
      9-тарау. Вокалдық репертуардың көркемдік-орындаушылық қырларымен жұмыс.
      1) Көркем шығарманың мазмұны мен нысанасын қабылдау және түйсіну. Идеялық-көркемдік ойдың жеке дара орындаушылық тұжырымдамасын жасау. Шығармашылық міндеттерді барынша оңтайлы шешуді іздеу. Орындау түрі мен мазмұнын құрастыру, өзінің көркемдік жағынан дұрыс бағыт алу мен орындаушының жасаған түсіндіруінің (трактовка) құндылығына сенімділік сезімін тудыру.
      2) Әншінің эстрадалық бейнесі – қайталанбас және шектелген бейнені (имидж) іздеу. Эстрадалық әннің көрнекілік құралдары - эстрадалық вокалист-әртістің вокалы, сөзі, актерлық шеберлігі, пластикасы, костюмі, жарық беру, мизансцена. Қосымша көрнекі құралдарды қолдану шегі орындаушының даралылығына, әннің мазмұндық, бейнелік, эмоциялық және стилдік өзіне ұқсамауына тәуелді.
      3) Орындаушының даралығы, әннің музыкалық-мәтіндік негізінің сипаты, жанрлық алуан түрі (лирикалық, азаматтық-патриоттық, әзілдік, ойын түріндегі, баллада; классика, ретро, джаз, рок және тағы басқа). Эстрадалық вокалдық репертуар театрландыруға шектеулі бейімделгіш және белсенді театрландыруға қарсылыққа ие. кішігірім сахналық ән - кішігірім спектакль - жаңалықтық қатар құрылады, кейіпкерлердің мінез-құлқы табылады, дау-дамай табиғаты айқындалады, берілген жағдайда іс-әрекеттер қатары құрылады. Кейіпкер тұлғасынан туындаған ән - өз атынан айтылатын әннің кейіпкерінің мінез-құлқын құру, қайта жаңғыруы. Эстрадалық әнді театрландыру - сюжеттік театрландыру, шығарманың мәні мен бейнесі ән мен актерлық көрнекілік арқылы ашылады. Эстрадалық әншінің актерлық психотехникасы ішкі аңғарымы, қиял-елесі, материалдың эмоциялық-мәнді құрылысына ену жетекші орын алады; эстрадалық әншінің өмір сүруі - толық сол бейнеге айналуы емес, ән кейіпкерінің (кейіпкерлерінің) сезімі мен ойы туралы әңгіме; әнге тірідей сүйемелдеу әншінің концертмейстер немесе оркестрмен қарым-қатынасы мағынасындағы ауқымды театрландырылуына мүмкіндік беруі.
      10-тарау. Жаттығулар мен вокализдермен жұмыс.
      1) Дауысты дамыту және қалыптастырудың бастапқы сатысындағы жаттығулардың рөлі. Вокалдық-техникалық дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіру: әншілік диапазонды кеңейту, дыбысты жүргізудің алуан түрі, дауысты дыбыстардың үнін тегістеу, көшпелі ноталар, вокалдық есінеу. Әншілік дауысты дұрыс дауыс жағдайына келтіру, орын алған кемшіліктерді жою. Әншілік тұғырды қалыптастыру. Дыбыстың тегістіне, дауыстың қозғалыстылығына қол жеткізу үшін тыныс алумен, резонаторларды меңгеру. Legato үшін дұрыс әншілік тонды жасау, ән айту дағдыларын еркін, күш түсірусіз айту дағдыларын құру. Әншілік дұрыс тұғыр: әншілік дыбыстық мақсатқа жету; әншілік жоғары тұғыр; әншілік тыныс алу (аралас) және дыбыс тірегі; ән айтудағы дыбыс шабуыл түрлері; әншілік артикуляция және дикция.
      2) Жаттығуларды мына қағидаттар бойынша: қарапйымнан күрделіге, «жабылған ауыздан» «ашылғанға» жету арқылы ән айту, жеңіл дыбыстармен ән айтудан серпінді және қоюлатылған тембрлыққа, диапазон ортасынан шеткі диапазонға қарай қолдану. Кіші диапазонға арналған жұмыс. Білім алушының өскелең мүмкіндіктеріне сәйкес жаттығуларды біртіндеп күрделіндіру және ұзарту. Барынша күрделі жаттығуларға өту алдыңғы кезеңдерді тұрақты игеруден кейін ғана жүзеге асырылады, жақсы бекітілудің болуы маңызды. Жаттығу типтері: сақталған дыбыс арқылы; гамма құраушы; арпеджио; түрлі секіріске арналған жаттығулар; вокализдер; шығармалардан үзінділер. Жаттығуларды көрнекі орындау міндеттерін вокалдық-техникалық міндеттермен қатар жүргізу. Жаттығуларды білім алушылардың даму деңгейіне, дауыс типтеріне қарай техникалық тапсырмаларға сай іріктеу.
      3) Вокализ - дауысқа арналған сөзі жоқ пьеса. Аралық музыкалық материал жаттығулардан көркем шығармаларға дейін. Жаттығулардан өзгешелігі - күрделіндірілмеген поэтикалық мәтіні жоқ нағыз көркем шығарма болып табылатындығы. Вокалдық-техникалық дағдыларын қалыптастыру - вокализдер материалындағы дыбыс шығарушылық, дауыстық жетекшілік, дауыс тегістігі, жүгірте айту техникасы, кантилен және тағы басқалары Вокалдың анық бір түрін дамытуға есептелген және дауыстардың анық бір типтеріне қарай іріктелген жинақтар түріндегі вокализдер. Ф. Абт, Дж. Конкон, Г. Зейдлер, Б. Лютген, Г. Панофки, Д. Россини, М. Маркезидің вокализдері. Ноталар атауымен (сольфеджиолау), дауысты дыбыстарды, түрлі буындарды қолданумен вокализдерді жаттау. Вокализдерді әндетуді түйсіну, эмоциялық сезімдерді білдіру. Вокализдердің музыкалық мәтіндерін талдау - нысан, баса айту, кульминация, қарқын, ырғақ, серпінді реңктер, орындау сипаты.
      11-тарау. Халық әндерімен жұмыс.
      Халық музыкасы жанрымен танысу. Халық әндерінің кең әндетілуінен шығатын музыкалық әншілік дауысты дамыту. Басқа да халықтардың әндерімен танысу. Вокалдық-техникалық жұмыс. Мазмұн байлығы, жанрдың алуандығы. Салт-дәстүрлік, сатиралық, еңбек, ойнақы, лирикалық және тағы басқа әндер. Әртүрлі елдердің халық әндерінің арнайы келбеті (қазақ әндерінің бір дауыстық тыныс алу кеңдігі, орыс халық әндерінің қосалқы дауыстық полифониясы, немістің төртдауыстық хоралы, көптеген шығыс әуенінің күй таңдағыштық ырғақтық және интонациялық қыры және тағы басқа) Сөз орамдарын анық және нақты бөлу, баяндаудың қарапайымдылығы, сарынды және ырғақты суреттің қарапайымдылығы.
      12-тарау. Эстрадалық шығармалармен жұмыс.
      1) Вокалдық репертуармен жұмыстың ерекшелігі оның мазмұнының тек музыка арқылы ғана емес, сонымен қатар поэтикалық мәтін арқылы ашылуымен байланысты. Вокалдық шығарманы талдау. Музыка мен мәтін авторлары, шығарма сипаты. Әдеби мәтінді саналы және эмоциямен оқу. Мәнінің шарықтау шегін көрнекі декламациялау, өлеңнің фонетикалық және ырғақтық ерекшелігі.
      2) Әуенді ойнау. Әуенді әндету және әуеннің сипатын анықтау, оның серпінділік диапазонын, нысанасын анықтау, шарықтау шегін, тыныс алуды ауыстыруды табу.
      3) Вокалдық-техникалық талдау: тесситура (қолайлы, қолайлы емес). Примарлық дыбыстардың болуы, білім алушының дауыс диапазоның шеткі (төменгі, жоғарғы) дыбысы. Әуен қозғалысының сипаты (толқын тәріздес, біртіндеп, секірістік және тағы басқалары) Дыбыс мінездемесі (жұмсақ, ашық, жеңіл және тағы басқалары). Вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірістер, хроматизмдер, интервалдардың ұлғаюы және кішіреюі және тағы басқалары); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және басқалары.); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтар (ұзақ фразалар және тағы басқалары), шабуыл түрлері.
      4) Вокалдық шығармалардың бейнелік жақтарын ашу және орындаудың жоғары көркемдік деңгейіне қол жеткізу. Сүйемелдеу сипаты. шығармалардың аудиотаспаларын тыңдау, бейнежазбаларды, бейнебаяндарды қарау. Шығарманы вокалдық-техникалық жағынан игеру. Орындаудың вокалдық мәдениетімен жұмыс. Шығарманың көркемдік-эмоциялық, сахналық қойылымымен жұмыс. Концерттік орындау.
      663. Білім алушылардың бағдарламаны игеруінен күтілетін нәтижелер.Білім алушылардың басты және оқу-танымдық құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейі пәндік, жүйелік-қызметтік және тұлғалық нәтижелері аясында бағаланады.
      664. Білім беру үдерісінің тиімділігі оның мақсатының мазмұны мен тәрбиелеу міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, педагог пен білім алушының кәсіби құзіретті педагогикалық өзара байланыстарына байланысты.
      665. Музыка мектептерінінде музыкалық қабілеттері жақсы балалармен қатар музыкалық-орындаушылық мүмкіндіктері шектеулі балалар оқиды. Сабақта педагог олармен жұмыс істегенде музыка ойнаудың түрлі нысандары мен шығармашылық дағдыларын дамытуға екпін жасай отырып, дамытуға бағытталған оқыту әдістеріне сүйенеді. Репертуарды таңдау барысында жеке жоспардың түрлі нұсқада болуына жол беріледі: 1 және 2 сыныптардың талаптарының (оның ішінде гаммалардың да) деңгейлерін төмендету.
      666. Әр жартыжылдықтың басында жеке жоспарлар әзірленеді және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың соңында педагог алдында бекітілген тізімдердегі тапсырмалардың орындауы мен өзгерістерінің сапасын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушыныңмузыкалық және техникалық жағынан дамуының, үлгерімі мен еңбекке қабыілеттілігіне сипаттама береді.
      667. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында,жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.
      668. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.
      Білім алушының жылдық оқу жоспарының негізігі құрамдас бөлігі: ірі нысандағы туындылар, полифония, пъесалар, этюдтер, гаммалар және музыкалық шеберліктерін дамытатын жаттығулар, ансамбльдер, сүйемелдеулер, өзі оқып-үйренуі, қағаз бетінен оқуы және тасымалдауы, үйде музыкада ойнау үшін пъесалар.
      669. Білім алушылардың жеке жоспарлары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 20-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтып көрсетіледі.
      670. Жеке жоспарда білім алушының жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:
      1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;
      2) жалпы даму, эмоциялық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;
      3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;
      4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;
      5) жылдың аяғындағы табыстары;
      6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.
      671. Бірдей сыныпта бағдарламаны оқытудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілігінің деңгейі бойынша өзгеше болуы мүмкін.
      672. Репертуармен жұмыста педагог шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтиханда) орындауға, ал қалған бөлігі – сынып жұмысына немесе танысуға арналатындығын ескеру керек. Педагог педагогикалық репертуармен жұмыстың аяқталу дәрежесін білім алушының жеке жоспарында оқу сатыларын белгілеу арқылы анықтауы мүмкін.
      673. Педагогтің әрбір білім алушының жеке ыңғайын ескере отырып, жаңа репертуар есебінен репертуарлық тізімдерді толықтыра отырып, бағдарламаның көлемі мен күрделілігін саралайды.
      674. Даярлық сыныбына арналған болжамды бағдарламалық талаптар. Білім алушылардың вокалдық тәрбиесі музыкалық қабілеттерінің дамуы мен жалпы мәдени деңгейімен тығыз байланыста. Дайындық сыныбында музыкалық сабақтарға деген тұрақты, эмоциялық-жағымды қызығушылықты қалыптастыру маңызды.
      675. Оқу жылы ағымында білім алушыда музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және шеберлік, дағды қалыптасады. музыканы тыңдау, қабылдау және есте сақтау, музыканы қабылдаудың музыкалық сезімталдық, әсершілену дағдылары қалыптасады. «Әншілік орнығу», «әншілік дауыс», «әншілік тыныс алу», «кантилена» деген ұғымдармен танысу қажет. Әншінің тыныс алу және әншілік дұрыс дауыс дыбысы (қарқынды емес) негіздері қалыптастырылады. Музыкалық-есту қабілеті түсінігі мен ырғақ сезімі, артикуляция дағдылары қалыптасады. Оқу жылында кемінде 9-10 шығарма үйретіледі.
      676. Оқытудың даярлық кезеңі нәтижесінде білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс, әншілік тыныс алу туралы жалпы түсінік туралы біледі;
      2) әншілік орнығуды нұсқаулығын сақтайды;
      3) тыныс ала алу және музыкалық фразада тынысты бөле біледі;
      4) жеңіл дауыспен ән айту, оны «соза» түсуге талпыныс жасай біледі;
      5) әуенді фрагменттер бойынша аспаптың дыбысқа сүйене отырып, және аспапсыз да интонациялық дұрыс айта алады;
      6) ән сөздерін дұрыс және анық айта біледі, дауысты дыбыстарды бұрмаламай әндету, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айта алады, белсенді түрде артикуляция жасай біледі;
      7) концертмейстердің сүйемелдеуімен және фонограммамен ән айта алады;
      8) микрофонмен жұмыс жасаудың бастапқы дағдыларын игереді.
      677. 1-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      1-сыныпта музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік, дағдылар қалыптасады. «Дауыстық аппарат» ұғымымен жалпы танысу. Әншілік дауыстың негізгі қасиеттерімен танысу (диапазон, тесситура, күш, тембр). Ән айту үдерісінде әншілік орнығуды сақтай алу дағдысына, негізгі вокалдық дағдыларға – дұрыс дыбыс шығару (жұмсақ шабуыл), көмейдің тұрақты қалпын, иықты көтермей байсалды дем шығару, ән айту кезінде демді ішке тартатын жағдайды сақтауға, есту қабілеті дағдылары, артикуляция, эмоциялық көрнекілік дағдыларына үйренеді.
      Әншілік дауыстың негізгі қасиеттерін қалыптасады (сыңғырлаған дауыс, ұшқыр дауыс, тембр бойынша тегіс дауыс). Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс қалыптастыру, сөздерді анық айтуды қалыптастыру. Диапазон дамиды. Ән айту, нотаны оқу кезінде өзін бақылауға үйренеді.
      678. Оқытудың бірінші жылының нәтижесінде білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс аппараты туралы (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбыс шығару органдары), әншілік дауыстың гигиенасы туралы жалпы теориялық білімі болады;
      2) әншілік тұғырды сақтайды;
      3) шығарманың қарқыны мен сипатамасына байланысты тыныс ала біледі (байсалды дем шығару, жылдам дем шығару, белсенді дем шығару), дем шығаруды ұстап тұра алады, тыныс алуды музыкалық фразаларға бөлуді, үнемдеп дем шығаруды біледі;
      4) жеңіл дыбыспен ән айтады, оны күш салусыз «созуға», ауаның шығып кетпеуіне тырысады;
      5) таза және нақты интонациялайды;
      6) ырғақтық суретті дұрыс орындайды, тұрақты қарқынды дұрыс ұстайды;
      7) әннің сөздерін дұрыс және анық айтады, бұрмалаусыз дауысты дыбыстарды әндетеді, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айтады, белсенді түрде артикуляциялайды;
      8) концертмейстердің сүйемелдеуімен фонограммамен ән айтады;
      9) микрофонмен жұмыс жасаудың бастапқы дағдыларына ие.
      679. 2-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      2-сыныпта музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және дағдыларды қалыптастыру одан әрі жалғастырылады. Дауыс аппаратының әр түрлі бөліктерінің қызметтерімен танысады, әншілік тұғырды сақтайды, әншілік дауыс қасиеттерін дамытады (диапазонды кеңейту, орта диапазонды нығайту, дауыс күшін дамыту).
      680. Білім алушылардың вокалдық дағдыларды дамиды (тыныс алу, дыбыс шығару, дыбыс шабуылы, артикуляция, эмоциялық көрнекілік дағдылары), әншілік дауыстың негізгі қасиеттері қалыптасады (айқын сыңғырлау, ұшқырлылық, тембр бойынша тегістік), дауысты және дауыссыз дыбыстарды, сөздерді анық айтуды қалыптастырады. Дауыстық дара бояулары анықталады.
      Білім алушылар ырғақ элементтерін пайдаланады, музыкамен қозғалады. Сахналық мәдениетін тәрбиелейді. Ән айту, нотаны оқу кезінде өзін бақылауға үйренеді.
      681. 2-сыныптың аяғында білім алушыларкелесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс аппаратының қызметтері туралы жалпы ұғымы болады (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбыс шығару органдары), әншілік дауыс гигиенасын сақтайды;
      2) әншілік тұғырды сақтайды;
      3) шығарманың қарқыны мен сипаттамасына байланысты тыныс алуды ұйымдастыра біледі (байсалды дем шығару, жылдам дем шығару, белсенді дем шығару), дем шығаруда демді ұстап тұра алады, айтарлықтай ұзын музыкалық фразаларда тыныс алуды бөледі, демді ішке тартуды үнемдеуді біледі;
      4) дауыстың жұмсақ шабуылын пайдалана отырып таза, табиғи, жеңіл дыбыспен ән айтады, дыбысты күш салусыз, тегіс, ауаның шығып кетпеуін қадағалай отырып, дені сау әншілік дауыс дыбысының даралығын сақтайды;
      5) дыбыстың жоғарғы тұғырын сақтай отырып ырғақтық суретті таза және дәл интонациялайды;
      6) ырғақтық суретті дұрыс орындайды, қарқынды үнемі ұстап тұрады;
      7) шығарманың мінездемесіне қарай legato, non legato-ны айта алады;
      8) әннің сөздерін дұрыс және нақты айта алады, дауысты дыбыстарды бұрмалаусыз әндетеді, дауыссыз дыбыстарды дәл және қысқа айтады, белсенді артикуляциялауды біледі;
      9) әнді эмоциялы, көрнекі, әртүрлі серпінділік реңкте айтады;
      10) ритмика элементтерін пайдалану және музыкамен қозғалады;
      11) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен, a cappella-да ән айтады;
      12) сахналық бейнелермен жұмыс істей алады;
      13) микрофонмен жұмыс істеу дағдыларына ие.
      682. 3-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      3-сыныпта бұрын алған музыкалық-теориялық, вокалдық білім, дағды, шеберліктерін қайталау, бекіту және тереңдету жүргізіледі. Әншілік тұғыр дағдыға айналады.
      Дауыстың жеткілікті деңгейдегі иілгіштігін қамтамасыз ететін тегіс, байсалды-белсенді, үнемді, ұзын тыныс алу дағдыларымен жұмыс. Диапазонды шамамен біржарым октаваға кеңейтіледі. Регистрлерді тегістеу, аралас дыбыс шығуын қалыптасады. Жұмсақ, сыңғырлаған, ұшқыр дыбысталуды қалыптасады, дара тембрді анықталады. Әртүрлі сипаттағы шығармаларды орындауды үйренеді.
      Білім алушылардың шығарманың көркемдік мәні мен мазмұнын музыкалық көрнекілік құралдарын, вокалдық-техникалық дағдыларды қолдана отырып, түрлі эмоция, сезім арқылы жеткізу дағдылары дамиды. Өзіндік вокалдық орындау мәнерімен жәнесахналық мәдениетін тәрбиелеу жұмыстары жалғастырылады. Би қозғалыстарын қоюды үйренеді.
      683. 3-сыныптың аяғында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымы болады (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);
      2) әншілік дауыс гигиенасын сақтайды, суық тиіп сырқаттанған кезде дауысты қалпына келтірудің қарапайым әдістерін біледі;
      3) әншілік тұғырды сақтайды;
      4) бір тыныс алумен барынша ұзақ созылған фразаларды оны теңдей бөле отырып, ән айта біледі;
      5) дауыс құраудың негзгі әдісі ретінде жұмсақ дауыс шабуылын қолдана отырып таза, табиғи, жеңіл дыбыспен, кейде, бейнелеу тәсілі ретінде қатаң шабуылды пайдаланып ән айта алады;
      6) дыбысты күш салусыз, ауаны жібермей, тегіс созу, дұрыс әншілік дыбысталудың даралығын сақтай алады;
      7) дыбыстың жоғарғы тұғырын сақтай отырып, таза және дәл интонациялай алады;
      8) қарқынды үнемі сақтай отырып, ырғағтық суретті дұрыс орындайды;
      9) шығарманың мінездемесіне байланысты legato, non legato, marcato, staccato-ны әндете біледі;
      10) әннің сөздерін саналы түрде, көрнекілікпен айтады, дауысты дыбыстарды бұрмалаусыз әндетеді, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айту, белсенді артикуляциялау, орфоэпия ережелерін сақтайды;
      11) әнді эмоциямен, көрнекілікпен, түрлі серпінділік реңктерімен айта алады;
      12) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен, a cappella-мен ән айта біледі;
      13) ырғақтық және музыкамен қозғалу элементтерін пайдалана алады;
      14) сахналық бейнеде жұмыс жасай алады;
      15) әншіліктің сахнаға шығар алдындағы және одан кейінгі тәртіп ережелерін біледі.
      684. 4-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      4-сыныпта жұмыс мазмұны музыкалық-теориялық білімдерін нығайтумен, тереңдетілумен, вокалдық-техникалық дағдыларын одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты (төменгі қабырғалық-диафрагмалық тыныс алуды қолдану, тірекпен ән айту, диапазонның кеңейтілуі, регистрлерді тегістеу, жоғары әншілік тұғырда ән айту, дауыстың икемділігі, түрлі дыбыс шабуылдарын меңгеруі, дыбысты жүргізудің түрлі тәсілдерін пайдалану, артикуляциялық аппараттың реттелгендігі).
      Әншілік дыбыс және оларды құру әдістері туралы вокалдық-естушілік ұғымдарын жетілдірумен жұмыс, есту қабілеттері зейінін және дыбыс қабылдау және шығару сапасын өз бетінше бақылауды қалыптастыру, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау, әнді театрландыру әртістігі, сахналық бейне, даралықпен жұмыс жасау жалғастырылады.
      Білім алушылардың ішкі түйсігі, қиялын дамыту, орындалатын әндердің эмоциялық-мәндік құрылысына ену қасиеттері дамиды. Ән репертуарын талдау дағдылары жетілдіріледі (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтін ерекшелігі. Ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайсыз) және әуен қозғалысының сипаты (толқын тәріздес, секірмелі, ақырындап және тағы басқалары) жұмыс істеу жалғасады. Вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірулермен, хроматизмдермен, аралықтың ұлғаюы мен қысқаруы және тағы басқа); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және тағы басқа); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары және тағы басқалары) жеңе біледі.
      685. Жылдың соңында 4-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымны болады (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);
      2) әншілік дауыс гигиенасын сақтайды, суық тиіп сырқаттанған кезде дауысты қалпына келтірудің қарапайым әдістерін біледі;
      3) әншілік тұғырды сақтайды
      4) дыбыс шығаруға, тыныс алуға қатысатын барлық жүйелерді табиғи үйлестіруге әсер ететін бір қалыптылықты, еркіндікті пайдалана біледі;
      5) дауыс құраудың негзгі әдісі ретінде жұмсақ дауыс шабуылын қолдана отырып таза, табиғи, жеңіл дыбыспен, кейде, бейнелеу тәсілі ретінде қатаң шабуылды пайдаланып ән айтады;
      6) дыбыстың жоғарғы тұғырын сақтай отырып, таза және дәл интонациялайды;
      7) күрделі ырғақтық фигураларды (триоли, сипкопы, пунктирлі ырғақ) орындау, агогикалық өзгертулерімен түрлі жылдамдықта орындау дағдыларына ие;
      8) шығарманың сипатына байланысты legato, non legato, marcato, staccato-ны әндете біледі;
      9) әннің сөздерін саналы түрде, көрнекілікпен айтады, дауысты дыбыстарды бұрмалаусыз әндетеді, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айтады, белсенді артикуляциялау, орфоэпия ережелерін сақтайды;
      10) әнді эмоциямен, көрнекілікпен, түрлі серпінділік реңктерімен, дыбысты жұмырлау және күшейте айта алады;
      11) ырғақтық және музыкамен қозғалу элементтерін пайдалана алады;
      12) сахналық бейнемен, түрлі жанрдағы, сипаттағы шығармаларды жеке орындаумен жұмыс істей алады;
      13) көпшілік алдында концерттік ән айту дағдыларына ие.
      686. 5-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      5-сыныпта меңгерген вокалдық техниканың барлық түрлерін, музыкалық есту қабілеті, есту қабілеті ұғымдары, музыкалық-теориялық білімді жетілдіру және дамытумен жұмыс жалғастырылады, осыған қоса: әншілік аппараттың барлық элементтерінің еркіндігі мен үйлестірушілігі, тыныс алуды игеру, дыбыс сапасы, тембрлік бояудың сан алуандығы, артикуляциялық-штрихтық техникасы, икемділік, дауыстың техникалығы, резонаторларды қолдану шеберлігі, барлық диапазонда дауыс тегістігі.
      Шығарманың көркемдік мазмұны мен нысанасын қабылдау мен саналы ойлауымен жұмыс, әнді баяндаудағы дара орындаушылық, орындау мәдениеті, шығармашылық еркіндік, әртістікпен жұмыс жалғастырылады.
      Білім алушының ішкі түйсігін, қиялын дамыту, орындалатын әннің ой-саналық құрылысына ену жұмыстары жалғастырылады.
      Жалпы және музыкалық ой-өрісі кеңейеді. Әндік репертуарға жазбаша талдау жасау дағдылары (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтіннің ерекшелігі), ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайлы емес), әуен қозғалыс сипаты (толқын тәріздес, ақырындап, секірмелі және тағы басқа) дағдылары жетілдіріледі. Вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірулер, хроматизмдер, аралықтың ұлғаюы және қысқаруы және тағы басқа); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және тағы басқа); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары және тағы басқа) жеңу жұмыстары жүргізіледі.
      Эстетикалық және сахналық мәдениет, вокалистің қозғалыстары және сахналық бейне жетілдіріледі.
      687. 5-сыныпта білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымы бар (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);
      2) әншілік дауысты қорғау және гигиена ережелерін біледі;
      3) дауыс құрауға, тыныс алуға қатысушы жүйенің барлық үйлестірілуі мен еркіндігін меңзейтін негізгі әдісімен таза, табиғи, жеңіл дыбысты пайдалана алады;
      4) барлық дауыс құраушы жүйенің еркіндігі мен үйлестірушілігін болжайтын дамыған вокалдық техникаға, артикуляциялық-штрихтық техниканың сан алуандығы, икемділігін, дауыс техникасын, резонаторлары қолдна алу білігі, барлық диапазондағы дауыс тегістігі, тембр байлығына ие болады;
      5) шығарманың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық көрнекілік және вокалдық техника құралдарын шебер пайдаланады;
      6) әншілік репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және толықтыру дағдыларын меңгеру;
      7) сахналық бейнемен жұмыс жасау білігі, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау даралығымен жұым істейді;
      8) концерттік ән айту дағдыларына ие.
      688. 6-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.
      6-сыныпта барлық оқу жылдарында меңгерген музыкалық есту қабілетін, естуі арқылы елестету, музыкалық-теориялық білімі, вокалдық техниканың барлық түрін оның ішінде: әншілік аппаратының барлық элементтері еркіндігі мен үйлестірушілігі, дауыс құрауға қатысушы барлық жүйелердің табиғи үйлестірілуіне мүмкіндік беретін: еркін, тең элементтерін, тіркпен ән айту, дыбыстың вокалдық сапасы мен әсемдігі, тембрлік бояудың сан алуандығы, икемділік, дауыстың қозғалғыштығы және техникасы, резонаторларды қолдана білу шеберлігі, артикуляциялық-штрихтық техника, барлық диапазондағы дауыс тегісітігін одан әрі жетілдіру және дамыту жұмыстары жалғастырылады.
      Шығарманың көркемдік мазмұны мен нысанасын қабылдау мен саналы ойлауымен жұмыс, әнді баяндаудағы дара орындаушылық, орындау мәдениеті, шығармашылық еркіндік, әртістікпен жұмыс жалғастырылады. Білім алушының ішкі түйсігін, қиялын дамыту, орындалатын әннің ой-саналық құрылысына ену қасиеттері дамиды.
      Жалпы және музыкалық ой-өрісі кеңейеді. Әндік репертуарға жазбаша талдау жасау дағдылары (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтіннің ерекшелігі), ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайлы емес), әуен қозғалыс сипатымен (толқын тәріздес, ақырындап, секірмелі және тағы басқалар) жұмыс істеу жалғасады. Вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірулер, хроматизмдер, аралықтың ұлғаюы және қысқаруы және тағы басқалары); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және тағы басқалары); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары және тағы басқалар)жеңу жұмыстары жүргізіледі.
      Эстетикалық және сахналық мәдениеті, вокалистің қозғалыстары және сахналық бейне жетілдіріледі.
      Дара орындаушылық стилін құрумен жұмыс. Концерттік нөмірлерді әзірлеу және құру, фонограммамен өз бетінше жұмыс, әндік репертуарды студияда жазумен жұмыс жасау жалғастырылады.
      689. 6-сыныптың соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс аппаратының құрылымы мен оның қызметін біледі (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);
      2) әншілік дауысты қорғау және гигиена ережелерін біледі;
      3) дауыс құрауға, тыныс алуға қатысушы жүйенің барлық үйлестірілуі мен еркіндігін меңзейтін негізгі әдісімен таза, табиғи, жеңіл дыбысты пайдалана алады;
      4) барлық дауыс құраушы жүйенің еркіндігі мен үйлестірушілігін болжайтын дамыған вокалдық техникаға, артикуляциялық-штрихтық техниканың сан алуандығы, икемділігін, дауыс техникасын, резонаторлары қолдана алу білігі, барлық диапазондағы дауыс тегістігі, тембр байлығына ие болады;
      5) шығарманың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық көрнекілік және вокалдық техника құралдарын шебер пайдалана алады;
      6) әншілік репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және толықтыру дағдыларына ие;
      7) сахналық бейнемен жұмыс жасау, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау даралығымен жұмыс жасай алады;
      8) концерттік қойылым дағдыларына ие;
      9) концерттік нөмірлердің драматургиясын әзірлей біледі;
      10) әндік репертуарды студияда өз бетінше жазу жұмыстары дағдыларына ие.
      690. 7-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар. 7-сыныпта оқу жылдары меңгерген вокалдық техниканың барлық түрлерін, музыкалық есту қабілеті, есту қабілеті ұғымдары, музыкалық-теориялық білімді, оған қоса: әншілік аппараттың барлық элементтерінің еркіндігі мен үйлестірушілігі, тыныс алуды игеру, дыбыс сапасы, тембрлік бояудың сан алуандығы, артикуляциялық-штрихтық техникасы, икемділік, дауыстың техникалығы, резонаторларды қолдану шеберлігі, барлық диапазонда дауыс тегістігін жетілдіру және дамытумен жұмыс жалғастырылады.
      Шығарманың көркемдік мазмұны мен нысанасын қабылдау мен саналы ойлауымен жұмыс, әнді баяндаудағы дара орындаушылық, орындау мәдениеті, шығармашылық еркіндік, әртістікпен жұмыс. Білім алушының ішкі түйсігін, қиялын дамыту, орындалатын әннің ой-саналық құрылысына ену жұмысры жалғастырылады.
      Жалпы және музыкалық ой-өріс кеңейтіледі. Әндік репертуарға жазбаша талдау жасау дағдылары (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтіннің ерекшелігі) жетілдіріледі. Ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайлы емес), әуен қозғалысымен (толқын тәріздес, ақырындап, секірмелі және тағы басқалар) жұмыстаржалғастырылады. Вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірулер, хроматизмдер, аралықтың ұлғаюы және қысқаруы және тағы басқалары); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және тағы басқалары); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары және тағы басқалары) жеңу жұмыстары жүргізіледі.
      Эстетикалық және сахналық мәдениет, вокалистің қозғалыстары және сахналық бейне жетілдіріледі.
      Дара орындаушылық стилін құрумен жұмыс. Концерттік нөмірлерді әзірлеу және құру. Фонограммамен өз бетінше жұмыс. Әндік репертуарды студияда жазумен жұмыс.
      961. 7-сыныптың аяғында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымды біледі (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);
      2) әншілік дауысты қорғау және гигиена ережелерін біледі;
      3) дауыс құрауға, тыныс алуға қатысушы жүйенің барлық үйлестірілуі мен еркіндігін меңзейтін негізгі әдісімен таза, табиғи, жеңіл дыбысты пайдалана алады;
      4) барлық дауыс құраушы жүйенің еркіндігі мен үйлестірушілігін болжайтын дамыған вокалдық техникаға, артикуляциялық-штрихтық техниканың сан алуандығы, икемділігін, дауыс техникасын, резонаторлары қолдана алу білігі, барлық диапазондағы дауыс тегістігі, тембр дағдыларына ие;
      5) шығарманың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық көрнекілік және вокалдық техника құралдарын шебер пайдалана алады;
      6) әншілік репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және толықтырудың қалыптасқан дағдыларына ие;
      7) сахналық бейнемен, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау даралығымен өз бетінше жұмыс істеу алады;
      8) концерттік қойылым дағдыларына ие;
      9) концерттік нөмірлердің драматургиясын өз бетінше әзірлей алады;
      10) әндік репертуарды студияда өз бетінше жазу жұмыстары дағдыларына ие.
      692. Білім алушылардың бағдарламаны игеру нәтижелерін бақылау нысандары және бағалау өлшемдері.
      Үлгерімді бақылау оқу үдерісін орындау кестесі туралы ақпаратты алу мақсатында, материалды игеру сапасын анықтау, оқытудың алдына қойылған мақсатқа жету дәрежесі, білім алушылардың өз бетінше жұмыстарға ынталандыру, білім алушылардың өз оқуларының сапасына жеуапкершілігін күшейту, оқу сабақтарын ұйымдвстыру мен өткізуді жақсартуға әсер ету үшін өткізіледі.
      693. Пән бойынша келесідей бақылау нысандары мен әдістері қарастырылған: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, қорытынды аттаестация.
      Ағымдық бақылау жеке сабақтар үдерісін, материалды игеру дәрежесін тексеру және білім алушылардың білім алудағы кемшіліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      Аралық бақылау – 1, 2, 3 тоқсан соңында академиялық тыңдау түрінде.
      Қорытынды бақылау – оқу жылының соңында өткізілетін көшіру емтиханы, мұнда білім алушылар сәйкес сыныптағы талаптарға сәйкес бағдарламаны көрсетеді.
      Қорытынды аттестация – мамандық бойынша бітіру емтиханы.
      Үлгерімнің ағымдық, аралық бақылауы тестілеу, техникалық сынақ, коллоквиум, академиялық тыңдаулар, техникалық сынақтар, концерттік қойылымдар, байқау қойылымдары түрінде өткізіледі.
      694. Бірінші сабақтарда баланың вокалдық мүмкіндіктерін диагностикалау түрінде өтеді (дауыс аппаратының, диапазон, тыныс алу, дыбыс күші, артикуляция, дикция жағдайы). Оның нәтижелерін ескере отырып білім алушының жеке бағдарламасы қалыптастырылады. Білім алушының жеке жоспары вокализдерді, қазақ, орыс, шетел тілдеріндегі әндерді зерделеуді қарастырады.
      695. Білім алушылардың орындаушылық дағдыларын қалыптастыруда негізгі орынды концерттерді дайындау мен қойылымдарды қоя алады, олар оқу жылының аяғында өткізіледі.
      696. Осыған байланысты, жаңа репертуарды зерделеуді 1,2,3 тоқсанға жоспарланады, ал 4 тоқсанда алдыңғы тоқсандарда өткен бағдарламамен, яғни, орындаушылық шеберліктерін қайрап, қорытынды бақылау үшін концерттік және емтихандық нөмірлерді дайындауға жұмыс жасауы қажет.
      Оқу үдерісін ұйымдастырудың аталған нысаны оқу міндеттерінен басқа, шығармаларды интерпретациялық орындау міндеттерін қояды, концерттік нөмірлерге дайындалуға уақыт береді, концерттік репертуар жинап, оларды белсенді орындаушылық жұмыс күйінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
      697. Сыныптар бойынша тоқсандық болжамды жеке жоспар.
      1-сынып. 1, 2, 3 тоқсан:1 вокализ.
      2 ән (қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде).
      Оқу жылында шамамен 9-10 шығарма оқытылады.
      2-сынып. 1,2, 3 тоқсан: 1 вокализ.
      2 ән (қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде).
      Оқу жылында шамамен 9-10 шығарма оқытылады.
      3-4-сынып. 1,2, 3 тоқсан: 1 вокализ.
      3 ән (қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде).
      Оқу жылында шамамен 12-13 шығарма оқытылады.
      5-сынып. Мемлекеттік бітіру бағдарламасы оқу жылы ағымында оқытылады.
      1 вокализ.
      1 қазақ халық немесе қазақ халық композиторларының әні.
      1 Қазақстан композиторларының әні.
      1 орыс композиторларының әні.
      1 шетелдік композиторлар әні.
      Оқу жылында шамамен 5-6 шығарма оқытылады.
      6-сынып. 1,2, 3 тоқсан: 1 вокализ.
      3 ән (қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде).
      Оқу жылында шамамен 12-13 шығарма оқытылады.
      7-сынып. Мемлекеттік бітіру бағдарламасы оқу жылы ағымында оқытылады.
      1 вокализ.
      1 қазақтың халық немесе қазақ халық композиторларының әні.
      1 Қазақстан композиторларының әні.
      1 орыс композиторларының әні.
      1 шетелдік композиторлар әні.
      Оқу жылында шамамен 5-6 шығарма оқытылады.
      698. Аралық бақылауға қойылатын талаптар (академиялық тыңдау).
      Бір вокализ фортепианоның сүйемелдеуімен. Педагогтің ұйғарымымен екі вокалдық шығарма «минус» фонограммасымен немесе концертмейстердің сүйемелдеуімен (халық әндері, қазақ, орыс, шетел тілдеріндегі классиктердің, заманауи композиторлардың шығармалары).
      699. Қорытынды бақылауға қойылатын талаптар (көшіру емтиханы).
      Педагогтің ұйғарымымен үш вокалдық шығарма «минус» фонограммасымен немесе концертмейстердің сүйемелдеуімен (халық әндері, қазақ, орыс, шетел тілдеріндегі классиктердің, заманауи композиторлардың шығармалары).
      700. Қорытынды аттестаттауға қойылатын талаптар (бітіру емтиханы).
      Бір вокализ фортепианоның сүйемелдеуіменнемесе «минус» фонограммасымен. Педагогтің ұйғарымымен төрт вокалдық шығарма «минус» фонограммасымен немесе концертмейстердің сүйемелдеуімен (халық әндері, қазақ, орыс, шетел тілдеріндегі классиктердің, заманауи композиторлардың шығармалары).
      701. Әр тоқсанның соңында аралық бақылау өткізіледі, академиялық тыңдау мен ағымдық тоқсандық бағалардан құралатын тоқсандық баға қойылады. Мұнда мүмкіндігінше білім алушының жеке қабілеттері мен табиғи мүмкіндіктеріне бағдарламалық талаптарды орындауға қатынасын есепке алынады.
      702. Келесі сыныпқа көшіру мамандық бойынша қорытынды бақылау, екінші жартыжылдықтың аяғында өткізілетін жұмыстардың нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Қорытынды жылдық баға қорытынды бақылау (емтихан) бағасы мен тоқсандық баға негізінде қойылады, сонымен қатар білім алушының концерттерге, байқауларға, фестивалдарға, олимпиадаларға, жобаларға, мәдени-ағартушылық іс-шаралар және тағы басқаларға қатысуын ескеру керек.
      703. Білім алушалардың үлгеріміне аралық және қорытынды бақылаудың мазмұны, баға өлшемдері, жағдайлары мен түрлері мектепте өздігінше әзірленеді.
      704. Ағымдық, емтихандық, тоқсандық және жылдық бағалар журнал мен күнделіктерге қойылады. Оқу жылы бойы күнделікке шығармамен жұмысқа қарасты үй тапсырмасы, педагогтің ескертулері мен ұсыныстары жазылады.
      705. Қорытынды аттестация оқу пәндері бойынша бітіру емтихандары түрінде өткізіледі: 1) Арнайы сынып. 2) Сольфеджио.
      706. Арнайы сынып пен сольфеджио бойынша бітіру емтиханының бағасы мектепті бітіру туралы куәлікке енгізіледі.
      Білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізудің мазмұндық, бағалау өлшемдері, шарттары мен түрлеріне қойылатын талаптарды мектеп өзі айқындайды.
      707. Бітіру емтиханының қорытындысы бойынша «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағлар қойылады. Бітіру емтихандары арасындағы уақыт үш күнтізбелік күннен кем болмайды.
      708. Пән бойынша оқыту нәтижелерін болжамды бағалау өлшемдері.
      1) «5» (өте жақсы) бағасы -вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс әншілік тұғыр, интонациялау тазалығы, дыбысты жүргізу, нюанстердің негізгі тәсілдерін меңгеруі, есту қабілетін өз бетінше бақылау, ноталық мәтінді дәл оқу және білу, шығарманың көркемдік бейнесін ашу, көркем, әртістік жағынан орындауы, музыкалық көрнекілік құралдарын поэтикалық және музыкалық мазмұнмен икемді қосу, орындайтын шығармасын өз бетінше түсіндіруі, орындау мәденитінің жоғарылығы.
      2) «4» (жақсы) бағасы - вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс әншілік тұғыр, интонациялау тазалығы, дыбысты жүргізу, нюанстердің негізгі тәсілдерін меңгеруі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетіне бақылаудың жеткіліксіздігі, шығарманың қиын жерлерінде техникалық олқылықтар (интонациялық дәлдіктің жоқтығы), шығарманы орындауда музыкалық ойлау көзқарасынан қараудың өзінің ой елегінен жеткіліксіз өткізуі, саханадағы психологиялық тәртібінің тұрақсыздығы.
      3) «3» (қанағаттанарлық) бағасы - вокалдық аппаратты, дыбысты шығару тәсілдерін жеткіліксіз игеруі, қарқындық ырғақтық ұйымдастырудың болмауы, біртекті серпін және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, музыканы ой елегінен өткізбестен авторлық ноталық мәтінді оқудың формалдылығы, орындаудағы әлсіз есту қабілетін бақылауы, орындауда стилистік және интонациялық қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің орташа деңгейі, сахнадағы тұрақсыз психологиялық жағдайы.
      4) «2» (қанағаттанарлық емес) бағасы - вокалдық аппаратты, дыбысты шығару тәсілдерін жеткіліксіз игеру, есту қабілетіне бақылаудың болмауы, көрнекі емес интонациялау, метроырғақтық тұрақсыздық, қателер, ноталық мәтінді нашар білуі, орындау мәдениетінің төмендігі, сахнадағы тұрақсыз психологиялық жағдайы.
      709. Вокалдық-техникалық және орындаушылық шеберлігін бағалау кезінде интонация сапасы, дикция нақтылығы мен мәтінді айтуда ой елегінен өткізе білуі, ырғақтылық, әншілік диапазонының кеңдігі, баса айту мәнерлілігі, серпінді реңктер, тембр ашықтығы, сить сезімі мен орындау мәнері, микрофонды меңгеруі бағаланады.
      710. Шығарманың көркемдік іске асырылуын бағалауда шығарманың көркемдік бейнесін берудегі шешім ерекшелігі және сахналық ұсыну, әртістік, пластика, орындаушылық еркіндік ескеріледі.
      711. Сонымен қатар бағалау кезінде сыныптағы жұмыс сапасы мен белсенділігі, білім алушының концерт, байқау, фестиваль, олимпиада, жобаларда, мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысуы, сабақтардан қалмауы ескеріледі.
      712. Қорытынды, бітіру емтихандарында оқудың барлық жылдарындағы жұмыс сапасы мен табыстарын ескеріп бағалау қажет.
      713. Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету.«Эстрадалық вокал» сыныбында оқу және тәрбие қызметтері үдерістерін ұйымдастырудың негізгі түрі педагогтің білім алушылармен аптасына 2 академиялық сағат көлеміндегі жеке сабақтар.
      714. Дәріс құрылымы мен сабақ типтерін таңдау алға қойылған мақсаттармен айқындалады: жаңа материалды игеру, білім, білік, дағды, шеберліктерін жетілдіру, білімдерін жинақтау және жүйелеу, білім, дағды, шеберліктерін есепке алу және бағалау.
      715. Жаңа материалды зерделеу барысында теориялық мәліметтер беріледі, музыкадағы сан алуан стилдер мен бағыттармен танысу қарастырылатын әңгіме-сабақ қолданылады. Материалды түсіндіру поэтикалық және музыкалық мысалдармен, көрнекі құралдармен, презентациялармен, бейне және аудио материалдармен безендіріле отырып зерделенеді.
      716. Практикалық сабақта білім алушы вокалдық, орындаушылық дағдыларды меңгеру жұмыстарымен айналысады. Практикалық сабақтың құрылымы тыныс алу және вокалдық жаттығулармен, вокализдермен, әндік репертуармен жұмысты көздейді.
      717. Бақылау-бағалау қызметтері мамандық бойынша академиялық тыңдау барысында іске асырылады. Академиялық тыңдау 1,2,3 тоқсанның соңында өткізіледі. Академиялық тыңдауға ата-аналар мен білім алушылар шақырылады.
      718. Қорытынды бақылау оқу жылының соңында емтихан арқылыжүзеге асырылады. Білім алушылар талаптарға сай бағдарламасын ұсынады.
      Есептік концерт білім алушылардың білім, дағды, біліктерін бақылаудың шығармашылық түрі болып табылады. Концерттік қойылымға арналған репертуар қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай таңдалады. Хореграфиялық қимылдармен, немесе сюжеттік іс-әрекеттері бар әндер вокалдық жағынан айтарлықтай жеңіл болуы тиіс, өйткені, орындау кезінде білім алушы ән айтудан бөлек би қимылдары мен актерлық ойынмен айналысуы керек болады.
      719. «Эстрадалық вокал» пәнінің ерекшелігі. Аппаратурамен жұмыс жасай алуды көздейді: микрофонмен, музыкалық орталықтармен және тағы басқамен жұмыс. Оқытудың барлық жылында электроқұрылғылармен жұмыста қауіпсіздік техникасы туралы әңгіме жүргізіледі. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа музыкалық техникалық орталықтармен жұмыс жасау ережелері (музыкалық орталықтарды қосу/ажырату, CD-дискілер мен флэш-карталармен жұмыс, микрофондармен жұмыс техникасы және тағы басқа) енгізілген.

Каталог: userdata -> user-69 -> files
files -> Сабақтың тақырыбы : «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»
userdata -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Құрастырған: №26 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі Сыздықова Әсима Қалауевна Кіріспе
files -> Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
files -> Бауыржан Момышұлының рухани- адамгершілік және әскери мұрасы Бауыржан Момышұлының марапаттары
files -> Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд Жүргізуші
files -> Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» сайысы
files -> Қазақ Әдебиеті нұсқау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет