"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан



бет1/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
#2886
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13130 болып тіркелді

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы № 157-158 (26976 - 26977) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары» осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» жіберуді;
      3) осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының назарларына жеткізілуін;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Білім және ғылым министрі                        А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы   


Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы 
№ 48 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы  


Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығымен бекітілген

Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің
және балалар өнермектептерінің Үлгілік оқу жоспарлары мен
білім беру бағдарламалары


1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің осы үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.


      2. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің, балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің білім алушыларының оқу пәндерінің, практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын анықтайды.
      Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің білім беру бағдарламалары балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінде оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларын анықтайды.
      3. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің, балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының мақсаты тұлға, қоғам және мемлекет мүддесінде музыкалық және көркемөнер, эстетикалық білім беруді дамыту, балалардың тұлғалық дамуы, кәсіби өзін-өзі айқындауы және шығармашылық еңбегін тұлғаның таным мен шығармашылыққа уәждемесі, оқу пәнінің аясында білім алушыларда пәндік құзыреттілікті қалыптастыру.
      4. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің Үлгілік оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларының негізгі міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) білім алушыларды музыка, көркемөнер, хореография, театр және басқа өнер түрлерінің негіздеріне оқыту;
      3) білім алушылардың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, қабілеттерін іске асыруға және ерте бейіндік бағдарлануына ықпал жасау, өнер саласындағы шығармашыл дарынды білім алушыларды анықтау;
      4) көркемдік-эстетикалық талғамды қалыптастыру мен тәрбиелеу, әлемдік көркем мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерге қатыстыру;
      5) өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген отансүйгіштік, азаматтық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

2-тарау. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер
мектептерінің және балалар өнермектептерінің үлгілік оқу
жоспарлары

      5. Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының түрлері бойынша Үлгілік оқу жоспарлары осы балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің Үлгілік оқу жоспарларының қосымшаларында берілген:


      1) балалар көркемөнер мектебінің (өнер мектебінің көркемөнер бөлімі) Үлгілік оқу жоспары 1-қосымшаға сәйкес;
      2) балалар музыка мектебінің (өнер мектебінің музыка бөлімі) Үлгілік оқу жоспары 2-қосымшаға сәйкес;
      3) балалар өнер мектебінің (хореография бөлімі) Үлгілік оқу жоспары 3-қосымшаға сәйкес;
      4) балалар өнер мектебінің (театр бөлімі) Үлгілік оқу жоспары 4-қосымшаға сәйкес;
      5) балалар өнер мектебінің (цирк өнері) Үлгілік оқу жоспары 5-қосымшаға сәйкес;
      6) балалар өнер мектебінің (қуыршақ театры) Үлгілік оқу жоспары  6-қосымшағасәйкес;
      7) балалар өнер мектебінің (кино өнері) Үлгілік оқу жоспары 7-қосымшаға сәйкес;
      8) балалар өнер мектебінің (цирк өнері) Үлгілік оқу жоспары 8-қосымшаға сәйкес.
      6. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің пәндері бойынша бақылаудың келесі түрлері жобаланады: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, қорытынды аттестация.
      Ағымдық бақылау бағдарлама материалының әр тақырып және бөлім бойынша игерілуін тексеру мақсатында білім беру бағдарламасына сәйкес жеке сабақ процесінде өткізіледі.
      Ағымдық бақылау – 1, 2, 3 тоқсанның соңындағы академиялық тыңдалымдар.
      Аралық бақылау бір пән көлемі бөлімінің мазмұмын білім алушылардың игеру сапасын бағалау мақсатында сынақ немесе емтихан түрінде өткізіледі.
      Қорытынды бақылау – оқу жылының соңындағы көшіру емтиханы. Білім алушы сыныптың талаптарына сәйкес бағдарлама ұсынады.
      Қорытынды бақылау үлгілік оқу жоспарында қарастырылған және білім алушылардың пәнді оқуын аяқтағаннан кейін оның мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында оқу жылының соңында емтихан түрінде өткізіледі. Оған дайындалу кезінде меңгерілген материалды терең жалпылау және жүйелендіру жүргізіледі.
      Қорытынды аттестация – пән бойынша бітіру емтиханы.
      Білім алушыларды қорытынды аттестациялау білім беру бағдарламаларында қарасытырылған пәндердің көлемін игеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
      7. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің Үлгілік оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары тиісті жұмыс оқу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

3-тарау. Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер
мектептерінің және балалар өнер мектептерінің білім беру
бағдарламалары


1-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер
мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Сурет» пәні бойынша білім
беру бағдарламасы

      8. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Сурет» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) балалаларға сурет салуды, ең алдымен натураға қарап салуды, сонымен қатар елестету және есте сақтауы бойынша сурет салып үйренудің мазмұнын анықтайды, түрлі сызба құралдары арқылы геометриялық заттарды, натюрморттарды, күрделі қойылымдарды, гипстік модельдерді, тірі натураларды пайдаланудан алған білімдері, біліктері және дағдыларын қалыптастырады.


      9. Бағдарламаның мақсаты: академиялық және шығармашылық сурет арқылы тұлғаны дамыту және өз ойын көрсетуге ықпал ету.
      Бағдарламаның міндеттері:
      1) пән бойынша теориялық білім беру, алған білімдері, біліктері мен дағдыларын практикада қолдануды үйрету;
      2) заттардың сызықтық-конструктивтік құрылымдарын үйрету;
      3) екі өлшемді жазықтықты парақта үш өлшемді форманы көрсетуге үйрету;
      4) түрлі графикалық материалдар арқылы заттардың материалдылығы мен фактурасын жеткізуді үйрету;
      5) суретпен жұмыс ісдеудің реттілігін үйрету;
      6) кеңістіктіктік елестетуді, көркемдік және ұқсата отырып ойлауды дамыту;
      7) өнермен қарым-қатынас жасау қажеттілігін жетілдіру;
      8) шығармашылық тұлға ретінде өзін үздіксіз дамытып отыруға тәрбиелеу;
      9) шығармашылық даралықты қалыптастыруға ықпал ету;
      10) отандық мұра мен әлемдік сызба өнеріне араластыру.
      10. Оқу мерзімі 4 жыл, жылдық сағаттар жүктемесі 476 сағат, оның ішінде даярлық сыныбындағы (10-11 жас) жылдық сағаттар жүктемесі 68 сағат, бейін сыныбына 136 сағат қарастырылған.
      Топтардағы балалардың сандық құрамы - 8 адамнан 15 адамға дейін.
      11. Білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушылар теориялық білім мен тәжірибені бір уақытта алады.
      Білім беру бағдарламасы сатылап күрделендіру, жүйелендіру қағидаттарына сүйеніп әзірленген. Оқу тапсырмалары біртіндеп күрделендіріледі, жұмыс сапасына қойлатын талаптар жоғарылайды. Осылайша білім алушылардың білімдері, дағдылары, техникалық тәсілдері жүйелі түрде жиналады.
      12. 1-сыныптың бағдарламасы академиялық суретті сауатты бейнелеуді меңгерудің тұрақты алғашқы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл жерде білім алушылардың жас ерекшеліктері, талдау қабілеттері, арнайы көркемдік дағдылары мен біліктері арқылы шығармашылық қиялды жүзеге асыру ескерілген.
      Суретке оқыту кіріспе әңгімелесуден басталады, онда педагог балаларды пәнмен, оның мақсаттарымен және міндеттерімен қол жетімді және қызықты түрде таныстырады, сабақтарда қажет болатын материалдарды (қағазды, резеңкені, графит және басқа да қарындаштарды, көмірді, сангинді, соусты, тушьті, пастельді және басқалары) көрсетеді.
      Балаларды мейлінше қызықтыру үшін мектептің әдістемелік қорындағы еңбектерді және алуан түрлі сызбалық материалдар мен түрлі қағаз түрлерінде орындалған шеберлердің суреттерінің көшірмелерін көрсету қажет.
      13. Педагог білім алушылардың сурет салудағы дайындық жұмысына: қарындаштарды ұштауға, планшетке ватман тартуға және сапалы ластиктің болуынаназар аударады. Білім алушылардың сызықтармен, штрихпен және реңктермен таныстыратын бастапқы жаттығуларды қағаз көлемінің шағын ғана форматтарында (А4, А3), ал кейінгілерін - планшеттерде орындауға болады, бұл балаларды жұмысқа байсалдылықпен қарауға баулиды.
      14. Суреттің негізгі материалы болып қаттылығы әртүрлі графит қарындаштар табылады. Бөлек тапсырмалар жұмсақ материалмен (көмірмен, сангинмен, пастельмен және басқалары), сонымен қатар қауырсынмен, тушьпен, фломастермен орындалады. Бірінші және кейінгі сабақтарда педагог білім алушылардың натуралық қойылымға қатысты дұрыс орналасуын, қарындашты ұстай білуін, тапсырмаларды нақты және мұқият орындауын байқау керек.
      15. Заттардың пропорциясымен, формасымен танысу үшінші сабақтан-ақ геометриялық денелердің суреттемелерінен (сымды конструкциялардан) басталады, мұнда білім алушылар сызықтық перспектива түсінігін меңгереді. Суреттегі «пропорция» түсінігін зерттей отырып, педагог «визалау» әдісін пайдалана отырып, балаларды заттарды өлшеуге үйрету керек. Бейнеленген заттың формасын түсіну және жақсырақ көру үшін білім алушыға оны барлық жағынан қарауға мүмкіндік беру керек.
      16. Суретті оқытудағы маңызды орында форма мен оның құрылымының мәселесі алады. Заттардың және кеңістіктің сызықтық перспективасын анағұрлым толық түсіну үшін сыйымдылықтардың құрылымын түсінуге көмектесетін, кеңістікті ойлау қабілетін дамытатын геометриялық денелердің сымды құрылымдары пайдаланылады.
      17. Сурет салушыларға жұмыстың әдістемелік жүйелілігін сақтау керек, мұнда әрбір нақты тапсырма алдыңғысынан шығады, және соған негізделеді. Суретке оқыту әдістемесі натурамен жұмыс істеудің келесі негізгі кезеңдерінің бірізділігін қарастырады:
      1) қойылыммен танысу, оған қызықты деген көзқарасты таңдау;
      2) осы қойылым үшін форматты таңдау және парақ бетіне жалпы композицияны орнату;
      3) осьтік, конструктивті, қосалқы сызықтарды пайдаланумен заттардың формасын жасау;
      4) конструктивті суреттің сызықтық перспективаға бағынуы;
      5) жарық көлеңкесінің көмегімен көлемді модельдеу, заттардың реңкін және олардың жарықтандырылуын жеткізу.
      18. Заттар мен пропорциялардың, қойылымның реңктік сипаттамасының, заттардың білім алушының көзқарасына қатысты кеңістікте орналасуының сараптамасы – жұмысты бастаудың қажетті шарты болып табылады. Педагогтердің өздерінің суреттерін басқа еңбектерімен салыстыра білулері, оның жағымды және жағымсыз жақтарын көргендері маңызды.
      19. Суреттің бекітуші кезеңі: суреттің жалпы жағдайын, бөлшектердің бүтінге бағынуын тексеру, суреттің реңкін нақтылау. Суреттің нақтылығын тексеру және олардағы қателіктерді анықтау мақсатында ұжымдық қараулар өткізген абзал. Жеке жұмыста балалардың көркем суреттерінің шеттерінде немесе бөлек парақтарда қателіктерді түзету тәсілдерін көрсетуді пайдаланған маңызды.
      20. Натюрморттың суреті – оқу жұмысының негізгі түрі. Ойластырылған, мақсаты жағынан айқын, қойылым орнынан жақсы көрінетін сурет білім алушылардың бойында көркемдік талғам мен қабылдау мәдениетін тәрбиелейді. Натюрморттар алуан түрлі, қызықты және қолдан келетін болу керек. «Жансыз» заттардың суретін салғаннан кейін, құстың тұлыбының (жұмсақ материалмен) суреттемесі сабақтарды әралуан етеді.
      21. Натюрмортты реңкпен салу бойынша 1-сынып білім алушылары мыналарды білу біледі: көлемін жарық көлеңкелі градациялар (жарық, өзінің көлеңкесін, жартылай көлеңкені, сәулені, рефлекс, түсетін көлеңке) арқылы бере отырып, реңкіне қарай бөлуді. Жұмыс бейнеленген заттардың формаларын және олардың санын бірте-бірте күрделендірумен жасалады.
      22. Дербес қабілеттіліктерге сәйкес, бағдарламалық тапсырмалардан басқа білім алушылар сыныпта және үйде өз бетінше қысқа мерзімді тапсырмаларды (әр түрлі техникаларда және материалдарда) орындайды. Көру арқылы қабылдау өткірлігін тәрбиелеуге, ой-өрісін кеңейтуге, байқағыштықтың және көзбен көргенді сақтаудың дамуына бүтіндей көріп, байқауды тез арада қағазға белгілеу шеберлігін шынықтыратын қысқа мерзімді суреттер, суреттемелер, нобайлар ықпал етеді.
      23. 1-сыныпта-ақ «композиция» пәнінде білім алушылар сурет сабақтарында адам мүсінінің бейнесін салатын болатындықтан аудиторияда және үйде (тапсырманы сабақтың соңында беруге болады) натурадан нобайлар салу тәжірибесі енгізіледі. Жасы, жынысы және дене бітімі әртүрлі адамдарды салу – байқағыштықты, адамды есте сақтауы мен елес-қиялы бойынша салу шеберлігін дамыту мақсатында қажет.
      Сурет сабақтарында көрнекі материалды, құралдарды, слайдтарды, әр түрлі техникалық оқу құралдарын мүмкіндігінше жиі қолдану маңызды, бұл білім алушыларға жаңа материалды жылдамырақ және сапалы меңгеруге мүмкіндік береді.
      24. Оқу жылының соңында 1-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) қарындашпен жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, оның техникалық мүмкіндіктерін біледі;
      2) жұмсақ материалдармен (көмір, сангина, соус, сепия, пастель), қаламұш, тушьпен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін біледі;
      3) «пропорция», «симметрия», «асимметрия», «реңк» түсініктерін біледі;
      4) тәжірибеде «перспектива» (көкжиек сызығы, түйісу нүктесі) түсінігін біледі және қолданады;
      5) «жарық (блик)», «жарық», «көлеңке», «жартылай көлеңке», «рефлекс» түсінігін біледі және оларды тәжірибеде қолданады;
      6) «нақыш» түсінігін біледі, шығармашылық жұмыстардағы нақыштау амалдарын;
      7) сызба өнері түріндегі (сызық, штрих, дақ, нүкте) бейнелеу-мәнерлеу құралдарының негізін біледі;
      8) берілген қағаз парағының форматындағы заттарды біріктіре алады;
      9) формаларды, заттардың пропорциялары, сонымен қатар олардың негізгі жарықтық-көлеңкелік градация арқылы (блик, жарық, жартылай көлеңке, өзінің көлеңкесі, рефлекс, түсіп тұрған көлеңке) немесе бай реңктік «созылымдарды» және реңктік кереғарлықтың тазалығын пайдаланып жеткізеді;
      10) есте сақтау және елестету арқылы натураға қарап жұмыс істейді;
      11) перспективаның заңдылықтарын пайдалана отырып, заттардың ерекшелік сипаттарын және кеңістіктің тереңдігін жеткізе біледі;
      12) көңіл күйді және бейнелеп отырған заттардың жағдайын жеткізу үшін суреттің мәнерлілік тілін білу және түсінеді;
      13) суреттің (пропорциялар, симметрия, асимметрия, түстердің кереғарлығы, ось, масштаб, тепе-теңдік) негізгі бейнелеу-мәнерлеу құралдарын түсінеді және қолданады;
      14) педагогтің көмегі арқылы және өз бетінше парақтың форматын дұрыс таңдайды;
      15) жұмысты жүргізудің негізгі кезеңдерінде бейнеленген заттарды біріктіреді;
      16) педагогтің көрсеткен жарық пен көлеңке негіздерінде және қойылымды жарықтандыру сипатын ауызша талдау негізінде түстерді талдай біледі;
      17) адамдардың бет әлпеттері мен сұлбасының пропорциялық құрылымының алғашқы дағдыларын тәжірибеде қолдана біледі.
      25. 1-сыныптағы оқу пәнінің оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Мектепте және 1-сыныпта суреттің міндеттері туралы әңгіме. Көркем сурет, оқу бейнелеу құралы. Сызықтардың түрлері. Сызықтардың пластикалық қасиеттері.
      2-тақырып. Көркем суреттің бейнелеу құралдары. Реңк. Штрих, дақ, нүкте. Штрихтеу түрлері. Реңк, Реңктік дақ, реңктік диапазон. Реңкті жеткізудің техникалық тәсілдері.
      3-тақырып. Сызықтық перспектива. Көлемдік дененің фронтальді және бұрыштық перспективадағы құрылымдық заңдылықтары. Көкжиек сызығы, заттық және суреттік жазықтық, перспективалық қысқартулар, түйісу нүктесі. Шаршы және шеңбер перспективалары.
      4-тақырып. Сурет салудың жүйелілігі. Сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі. Жалпыдан жекеге, күңгірттен ашыққа қарай жұмысты жүргізу қағидаты. Жарық көлеңкесі мен оны қабылдаудағы және заттардың көлемділігін жеткізудегі өрбуі.
      5-тақырып. Сызықтық перспектива туралы білімді бекіту. Заттардың формасы, негізінде цилиндр, конус, шар және олардың үйлесімінің формасы жатқан конструкция ретінде. Заттар пропорциясы.
      6-тақырып. Суреттегі реңктік кереғарлық. Үлкен реңктік диапазонда жұмыс істеу ерекшеліктері. Суретте кереғарлық реңктік қатынастардың тазалығы.
      7-тақырып. Жұмсақ материалмен танысу. Әртүрлі жұмсақ материалдардың түрлері мен қасиеттері. Жұмсақ материалмен жұмыс істеу техникасындағы графикалық мәнерлілік пен өзгешелік.
      8-тақырып. Сынақ жарты жылдық жұмыс. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Натюрморт көркем суретінде бейне кезеңдерінің жүйелілігі.
      Екіншіжартыжылдық.
      9-тақырып. Суреттемелер. Заттардың көлемділігін жеткізудегі сызба-техникалық тәсілдердің сан алуандылығы.
      10-тақырып. Заттар конструкциясы және олардың ерекшеліктері. Заттардың формасы қойылымның тереңдігінің кеңістігімен бірлікте кеңістік конструкциясы ретінде.
      11-тақырып. Жұмсақ материалмен көлемді форманы жеткізу қағидаты.
      Түрлі беттердегі кеңістікті, көлемді, фактурасын жеткізудегі жұмсақ материалдың қасиеттері: қауырсындануы, керамика және тағы басқалары
      12-тақырып. табиғи формалардың конструкциясының әралуандылығы.
      Пластика мен өсімдіктер фактурасының ерекшеліктері, оларды салу техникасы.
      13-тақырып. Шығармашылық сурет.Натураны шығармашылық тұрғыдан қайта пайымдаудағы нақыш және нақыштық тәсілдер. Қысқа реңктік шешімнің графикалық мәнерлілігі.
      14-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Емтихан жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Натюрморт көркем суретіндегі академиялық міндеттерді орындау жүйелілігі мен бүтінділігі.
      26. 2-сыныпта 1-сыныпта алынған білімдер бекітіледі және ұлғайтылады. Зерттелген ережелерден басқа, күрделендірілген деңгейде пропорционалды қатынастар, біріктіру туралы жаңа қойылған талаптарда қойылымдардың кеңістікті жоспарлылығы және олардың перспективасы зерттеледі.
      27. Ұзақ мерзімді қойылымдар – жас суретшінің оқуының негізі. Бұл жерде алуан түрлі формалардың құрылымын байсалды және терең қарауға, олардың заңдылықтарын ұғуға мүмкіндік болады.Ұзақ мерзімді қойылымдағы көркем суретпен жұмысты орындай отырып, білім алушылар ең қарапайымнан күрделіге дейін техникалық тәсілдерді меңгереді.
      28. Білім алушылар алғаш рет ілініп тұрған қаптау материалының қатпарларын зерттеуге араласады – сынақ қойылымының міндеттерінің бірімен. Тік, радиалды және доға тәріздес бағытта қалыптасатын қатпарлармен таныса бастағандары абзал.
      29. Екінші жартыжылдықта тапсырмалар қиындатылады. Білім алушылар адамның басының бейнесін және киінген фигураның суреттемесін салады.
      Қиын емес интерьерлік қойылымның көркем суретінің және жерде жатқан ірі заттардан салынған натюрморт перспективасы туралы білімдер бекітіледі.
      30. Емтихан тапсырмасында (гипс розеткамен натюрмортта)педагог білім алушылардан гипс плитаның нақты композициялық және конструктивті шешіміне, олардың перспективасына ғана емес, сонымен қатар заттардың материалдылығын таратуға да қол жеткізу керек.
      31. Оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) бейнелеу өнерінің сызба түрінің ажырамас бөлігі ретінде суреттің ерекшеліктерін түсіну, оның басқа жанрлармен, нақыштармен қарым-қатынасын, көркемдік мәнін түсінеді;
      2) натураны шығрармашылық ойлау арқылы нақыштық тұрғысынан түрлы жанрдың, тарихи кехеңдер мен оларды тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы сызба шығармаларының туындыраны түсіндіре біледі;
      3) салыстыра білу, нысан формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, олардың жазықтықтағы бейнесін салыстыра біледі;
      4) натураны шығармашылық тұрғыдан қайта ойлау арқылы сызба өнері туындысын талдай біледі;
      5) қойылым мен суреттің жалпы реңкін талдай біледі;
      6) форма мен кеңістікті қабылдау дағдыларына ие болады;
      7) сызықтық перспектива заңдарын біледі (койылымға жоғары көзқараспен қарағанда);
      8) суреттегі сызықтар, реңктер, иілгіш формаларды, штрихтарды, дақтарды ерекшеліктерні пайдаланады.
      9) пропорциялар мен сәуле мен көлеңкенің қатынастарын анықтай алады;
      10) бейнеленіп отырған заттар мен үстіңгі бөліктердің фактураларын жеткізе біледі; сызықтық және әуе перспективалары туралы білімдерін пайдаланады;
      11) адамның басын, киінген сұлбасын бейнелеу дағдыларына ие;
      12) реңктік созылымдар арқылы натюрморттағы, портреттегі, интерьердегі, сонымен қатар адам сұлыбындағы және киім қыртыстарының жағдайы мен көңіл-күйін берудің негізгі модельдеу тәсілдерін пайдаланады;
      13) бұрын қалыптасқан машықтардың негізінде күрделендірілген кеңістікті шешімдердің қойылымын бейнелей біледі;
      14) олардың бейнесінің заңдылығын түсіне отырып, алуан түрлі күрделендірілген формадағы заттармен көркем суреттерді сала біледі;
      15) ұзақ мерзімді қойылымдарда суретті жасаудың негізгі техникалық тәсілдерін, сонымен қатар жұмсақ материалдардың мәнерлік мүмкіндіктерін біледі;
      16) бастың, адамның мүсінінің және әр түрлі табиғи формалардың конструктивті ерекшеліктерін біледі;
      17) мата қатпарларының негізгі түрлері мен формаларын модельдеу қағидаттарын біледі;
      18) интерьер мен оның конструкциясы бейнесінің ерекшеліктерін білу;
      19) жаңа терминологияны түсінеді (тондық масштаб, радиалдық қатпарлар, гипс розетка және басқалары);
      20) сызбалық көркем материалдарды пайдалану ерекшеліктерін пайдалана біледі және шеберлігі, оларды біріктіру мүмкіндіктері (бор, сангина, көмір; бор, түрлі түсті қарындаштар; гель қаламдар және қара акварель және басқалары.);
      21) оқу қойылымдарымен жұмыс істеудің негізгі кезеңдеріне ие болады (натюрморт, интерьер, портрет, адамның мүсіні);
      22) педагогтің бақылау сұрақтарына сүйене отырып, көзқарасты өз бетінше сауатты таңдайды;
      23) өз бетінше, алынған білімдердің негізінде тииімді формат түрін таңдайды;
      24) педагогтің жетекші сұрақтарынсыз заттардың, модельдің, нысандардың таңдалған форматта саналы түрде біріктіріледі;
      25) заттардың, бейнелердің, олардың бөліктерінің пропорцияларын педагогтің жетекші сұрақтары бойынша салыстыра білу, сонымен қатар өз бетінше, көркем суреттің құрылуының қосымша сызықтарын пайдаланады;
      26) тапсырмаларда бұрыштық және фронталды сызықтық перспектива туралы алынған білімдерді қолданады;
      27) педагогтің бақылауымен жұмысты жүргізудің кезеңдік жоспарын ұсына отырып, жарық негізгі көлеңкесі градациялары туралы білімін пайдаланады;
      28) педагогтің жеке мысалына, әдістемелік құралдарға сүйене отырып, анағұрлым күрделі оқу қойылымдарымен қарындашпен және басқа да графикалық материалдармен жұмыс жүргізу жүйелілігін иелену, шеберлердің жұмыстарының көркем суреттерін өз бетінше зерттейді;
      29) күрделі ракурстан заттардың көлемі бойынша анағұрлым ірі пропорциялардың формаларын жеткізе біледі (көкжиек сызығынан әлдеқайда төмен);
      30) жаңа қойылымдарда қаңқа пластикасын пайдалана біледі;
      31) ер және әйел натурасының әр түрлі қалыптағы бейнелерінің білімі мен машықтарын игереді. Натураның тән ерекшеліктерін түсіну, пропорционалды ара қатынастарды, тондық құрылымды және қиын емес іс–қимылдарды жеткізеді;
      32) гипстік розетка суретінде анағұрлым күрделі тапсырмаларды орындау үшін конструкциялар, тондық градациялар, пән фактурасы туралы білімді жүзеге асыра біледі.
      32. 2-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. 2-сыныптағы тапсырмалар туралы әңгіме. Натурашының суреттемесі. Баладағы, жасөспірімдегі және ересек адамдағы пропорционалды қатынастардың ерекшеліктері.
      2-тақырып. Сурет салушының көз деңгейінен төмен орналасқан заттардың конструктивті бейнесінің ерекшеліктері.
      Жоғарыдан бейнеленетін геометриялық денелердің сызықтық перспективасы.
      3-тақырып. Тақырыптық натюрмортта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасы. Жұмсақ материалмен бейнеленген заттардың формалары мен көлемдерінің әралуандылығы. Жарық көлеңке градацияларына пайдаланылатын жұмсақ материалдардың түсі мен тонының сәйкестігі.
      4-тақырып. Мата қатпарларының негізгі түрлері және формалары. Көлемді конструкция ретінде маталар қатпарлары. Қатпарлардың негізгі типтері (цилиндрлі, конустық). Мата қатпарларындағы жарық көлеңкесінің градациялары. Мата қатпарлары мен қарапайым геометриялық денелердің формаларын модельдеудің тепе–теңділік қағидаттары.
      5-тақырып. Жарты жылдық сынақ жұмысы. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Тіреуіштің көлденең және тік жазықтықтарының, қойылым заттарының және қапталған мата қатпарларының перспективті қысқартуларын жеткізудегі бірлік.
      Екінші жартыжылдық.
      6-тақырып. Интерьерді салудың ерекшеліктері. Бөлме ішкі көрінісінің сызықтық перспективасы. Салушы көзқарасынан қарағанда көкжиек сызығы, түсу нүктесі, интерьер суретіндегі перспективтік қысқартулар.
      7-тақырып. Адам фигурасы суретінің заңдылықтары. Адам фигурасының негізгі пропорциялары. Кеуденің, бастың, қол-аяқтарының коснтруктивтік ерекшеліктері. Ракурсқа байланысты, фигураның суретін салудағы перспективтік қысқартулар.
      8-тақырып. Портрет. Адам басының негізгі пропорциялары. Ракурсты есепке ала отырып бас конструкциясы құрылысының жүйелілігі. Бастың суретін салудағы перспективті қысқартулардың заңдылықтары (қарсап, үште бір, беттің қырынан қарағандағы сұлбасы).
      9-тақырып. Салушы көзінің деңгейінен төмен болатын ірі заттарды бейнелеудің ерекшеліктері. Төбе тұсынан қаралатын қойылымның сызықтық перспективасы. Формат шегінен тыс, биік көкжиек жағдайларында перспективті қысқартулардың өзгеруі.
      10-тақырып. Жылдық емтихандық жұмыс.
Емтихандық жұмысқа негізгі талаптар. Розетка плитасының және оюлы бедерлердің сызықтық перспективасы.
      33. 3-сыныптың бағдарламасы академиялық сурет туралы тұтас білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған, білім алушылардың жұмысты өз бетінше жүргізу дәрежесінің ұлғайғандығы және тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілі ескеріледі. Бағдарлама білім алушылардың өзін-өзі дамытуға және дамытуға, олардың суреттің күрделі тапсырмаларына жеке көзқарастарына бағытталған.
      34. 3-сыныптың қойылымдарының міндеттері мен сипаттары жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескеріп, айтарлықтай қиындатылады.
      Натураны терең әрі жан жақты зерттеу талаптары жоғарылайды. Мысалы, «портрет» тақырыбы бойынша бас пропорцияларын, модель даралығын көрсету ептілігі тұрақты жаттығулар арқылы қалыптастырылады: беттің жеке бөліктерін, күрделі ракурста сызықтық және түстік суреттеулерді зерттеу, автопортреттерді және натурашыны анықтап зерттеу. Көрнекілік материалдар белсенді қолданылады: портреттердің көшірмелері, білім алушылар туындыларының үлгілері және пластикалық анатомия бойынша кесте. Үй тапсырмасы ретінде шеберлердің туындыларын қайталап көшіру болуы мүмкін.
      35. 3-сынып білім алушылары планшеттің үлкен форматы – 45 сантиметрде х 55 сантиметрге көшеді.
      36. Гипстен жасалған мүсіннің басын салуда асқан дәлдік және шыңдалғандықтың ең жоғары деңгейі қажет, онда форма пластикасын, көркемділігін және өнер туындысының эстетикалық құндылығын ұғынуды дамыту қажет. Форманың пластикалық ерекшеліктерін түсіндіру үшін білім алушыларды пластикалық анатомияның қарапайым қарапайым мәліметтерімен таныстыру қажет (бас сүйек, «экорше»).
      37. Тірі моделдің натуралық қойылымдары – фигура, портрет эстетикалық қызықты, айқын, нақты оқылатын формалы болу қажет. Нобай жасауда мінез, пропорция, қозғалысты көрсетуді мақсат ету қажет. Оймен сурет салу үшін оқу жоспарына кірмеген қосымша сағаттар берілу қажет.
      38. Оқу жылының соңында 2-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) графикалық тілдің әртүрлілігі туралы түсінігі болады;
      2) академиялық және шығармашылық суреттің оқу-тәжірибелік жұмысының жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгереді;
      3) мәселелерді өз бетімен шешу негізінде оқу және шығармашылық жұмысты жүргізудің жоспарын жасай алады;
      4) күрделі формалы заттардың, сондай-ақ, тірі моделдің және олардың пропорциясы және перспективті өзгерістерінің конструктивті ерекшеліктері туралы білімін қолдана біледі;
      5) түстік қатынастарды және кереғарлықты ескере отырып заттар мен образдардың көлемін жарық-көлеңке арқылы моделдеуді біледі;
      6) ұзақ мерзімді тақырып бойынша натюрморттарды, гипстен жасалған және тірі моделді, гипстен жасалған күрделі бедерлі розеткаларды жасауда жұмыстық тәжірибелік тәсілдерін жетілдіреді;
      7) қойылымның түстік құрылымын талдай біледі, түстелген қағазда сурет салу жұмысында қажет графикалық материалдарды өз бетінше таңдай біледі, әртүрлі техникалық тәсілдерді қолдана отырып (материалдың бір қабатын басқаға салу, штрихтеу, қарайту, жапасынан жұмыс және басқа) заттардың материалдығын көрсетеді;
      8) тақырыптық көп жоспарлы қойылым суреттерінде заттардың көлем қатынастары, олардың пропорциялары, күрделі түстік диапазонды сақтайды.
      9) таңдалған техникалық құралдарға сәйкес (нүктелер, дөңгелектер және тағы басқа) шығармашылық тапсырмаларды орындайды;
      10) көп жоспарлы интерьерді бейнелеуде суретті моделдеудің негізгі конструктивті және жарық көлеңкелік қағидаттары туралы білімді қолдана біледі;
      11) қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін біледі (дұрыс отыру және жұмыс орнын ұйымдастыру, жарықты бақылау, кескіш құралдармен жұмыс жасай біледі);
      12) оқу және шығармашылық жұмыс барысында жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін орындайды;
      13) оқу қойылымының қызықты көз қарасын өз бетінше таңдау жасайды;
      14) педагогтің бағыттаушы сұрақтарына байланысты, формат және заттарды тұтастырудың сәтті түрін сауатты өз бетінше анықтайды;
      15) бойында бар тәжірибе негізінде, жұмысты жүргізудің басты кезеңдерін өз бетінше жоспарлайды;
      16) педагогтің бағыттаушы және бақылаушы сұрақтары негізінде натуралық қойылымдардың конструктивті және түстік талдауын жасау, өз бетінше;
      17) «кесіндеме» тұрғысынан, натураны жалпыланған, тұтас ретінде қабылдай білу;
      18) ұзақ және қысқа мерзімді суреттерде сызықтық және ауа перспективалары туралы білімді тәжірибеде қолдану;
      19) бейнеленетін суреттердің кеңістікте алатын орнын, түрлі фактуралығын, ол үшін қарындаш және жұмсақ материалдармен жұмыс жасау техникаларының тәсілдерін сауатты таңдай отырып, көрсете біледі;
      20) натуралық қойылымдардың түстік құрылымын талдай біледі;
      21) композиция жағынан күрделі жұмыстарда аяқталған жұмысты көрсете біледі;
      22) қойылған мәселелерді шешу үшін жұмыстың ең айқын тәсіл және әдістерін таңдайды (графит қарындашпен, жұмсақ материалдармен, қылқаламмен және тағы басқа);
      23) зерттелген жұмыс үлгілері және білім алушының жеке ұсыныстары негізінде моделді бейнелеу үшін пластиканың, нақыш және техниканың сәйкес түрлерін таңдайды;
      24) қойылым заттарының жарықтығын, розетка элементтерінің (интерьердің, гипстен жасалған және тірі бастың) жоспарлылығын, гипстің (матаның, бет терісінің және басқалар) материалдылығын көрсету үшін жарық-көлеңкенің негізгі үдемелері туралы білімін қолданады;
      25) суретте моделдерге сәйкес фактураларды көрсету үшін түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді қолданады (гипс, маталар, ағаш, әйнек, метал);
      26) педагогтің жеке мысалы және өз бетінше меңгерген техникалары негізінде штрихтеу мәдениетін жетілдіреді;
      27) академиялық және шығармашылық жұмысты максималды аяқтайды және айқындай біледі;
      28) суретті, оған сәйкес тұтастық пен эстетиканы бере отырып, жалпылай білу. Өз жұмысын одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып, сынап талдай біледі.
      39. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Сыныптың мақсаты мен қажетті материалдар жөнінде әңгімелесу. Адам фигурасының формаларының айқындылығын және динамикасын берудегі графикалық материалдардың мүмкіншіліктері.
      2-тақырып. Суреттегі түс. Жұмсақ материалмен жұмыс жасауда техникалық тәсілдердің әртүрлілігі. Қойылым заттарын моделдеудегі фактура, жоспарлылық.
      3-тақырып. Шығармашылық тапсырмамен тақырыптық натюрморттағы суреттің бейнелеу құралдары. Ерекше тақырыптағы көп планды кереғарлығы қойылым жұмысының ерекшеліктері. Түрлі графикалық материалдардың айқындауыш мүмкіндіктері.
      4-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Сынақ жұмысына негізгі талаптар. Розетка плитасының және ою бедерінің сызықтық перспективасы. Заттардың көлемдігін моделдеудегі гипс және мата фактурасы.
      Екінші жартыжылдық.
      5-тақырып. Жұмсақ материалмен күрделі интерьерді бейнелеудегі перспектива. Интерьердегі жарық. Түстік қатынастардың кереғарлығы және айқындылығы.
      6-тақырып. Гипстен мүсінделген адам басының конструктивті және түстік моделдеу. Адам беті бөліктерінің конструктивті ерекшеліктері негізінде басты бейнелеудің бірізділігі.
      7-тақырып. Натурашы басының суретінде конструктивті және түстік моделдеудің ерекшеліктері. Гипстен жасалынған және тірі модель бастарының суретін салудың арасындағы негізгі айырмашылықтар. Адам басының пропорцияларындағы үлгілілер және өзіндік ерекшеліктер. Жұмыс барысында типтеуден индивидуализацияға бірізді көшудің тәсілі.
      8-тақырып. Жылдық емтихандық жұмыс. Көп планды күрделі қойылым суретіндегі сызықтық перспектива. Гипстен жасалынған моделді енгізе отырып жасалынған кереғарлығы қойылымдағы түстік дипазон.
      40. 4-сыныптың бағдарламасы академиялық сурет туралы тұтас білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған, білім алушылардың жұмысты өз бетінше жүргізу дәрежесінің ұлғайғандығы және тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілі ескеріледі.
      41. 4-сыныптың қойылымдарының міндеттері мен сипаттары жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескеріп, айтарлықтай қиындатылады.Жаттығулар білім алушылардың белсенділікке жеке қабілеттілігі мен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларының дамуын ескеруі қажет.
      Натураны терең әрі жан жақты зерттеу талаптары жоғарылайды. Көрнекілік материалдар белсенді қолданылады: портреттердің көшірмелері, білім алушылар туындыларының үлгілері және пластикалық анатомия бойынша кесте. Үй тапсырмасы ретінде шеберлердің туындыларын қайталап көшіру болуы мүмкін.
      42. 4-сыныптың білім алушылары планшеттің 45 сантиметрдех55 сантиметр өлшеміндегі үлкен форматта жұмыс істейді.
      43. Гипстен жасалған мүсіннің басын салуда асқан дәлдік және шыңдалғандықтың ең жоғары деңгейі қажет, онда форма пластикасын, көркемділігін және өнер туындысының эстетикалық құндылығын ұғынуды дамыту қажет. Форманың пластикалық ерекшеліктерін түсіндіру үшін білім алушыларды пластикалық анатомияның қарапайым қарапайым мәліметтерімен таныстыру қажет (бас сүйек, «экорше»).
      44. Тірі моделдің натуралық қойылымдары – фигура, портрет эстетикалық қызықты, айқын, нақты оқылатын формалы болу қажет. Нобай жасауда мінез, пропорция, қозғалысты көрсетуді мақсат ету қажет.
      45. Оқу жылының соңында 4-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
      1) өз бойындағы сызбалық сауаттылықты өз бетінше дамытады және біледі, және оларды тәжірибелік академиялық және жеке шығармашылық жұмыста пайдаланады;
      2) сызықтық және әуе перспективасы тәсілдерімен саналық түрде қолдана біледі;
      3) гипстен жасалған адамның басын, портретін, сұлбасын және тағы басқаларын қонструктивті құру және жарықтық көлеңкемен жасау, заттары жазықтыққа мықтылап орнату;
      4) күрделі заттардың көлемдерін жарық көлеңке арқылы саналы түрде жүргізеді және белсенді түрде модельдейді;
      5) академиялық суретпен жұмыстың барлық негізгі кезеңдерінің ретін сақтай отырып өз бетінше ұзақ қойылымдармен жұмыс жасайды;
      6) реңк арқылы күрделі заттардың формаларын модельдейді;
      7) жарық–көлеңке құралдары арқылы кеңстіктікті, заттардың фактурасын жеткізе алады;
      8) сызық, дақ, штрихтеу мәдениетін сенімді меңгеру: көзбен өлшеуі жетілген, сызықтық және түстік суретті салу дағдылары болады;
      9) нобайлар мен суреттерде негізгі түпкі ойды ерекшелей отырып, мінезді байқата білу;
      10) әртүрлі қалыптардағы заттарды ойша сала білу;
      11) қойылымдардың композициясын шеше біледі, олардың эмоциялық күйін жеткізе алады;
      12) тұрмыстық жанрдағы қойылымдарды, натюрморттар мен портреттердің конструктивтік талдауын жүргізе біледі;
      13) сызық, штрих мәдениетін, дақтарды меңгерген: көз көрегендігі жеткілікті дамыған бола отырып сызықтық және түстік суреттерді құру дағдыларына ие;
      14) жеке ойларын және көркем талғамын негізге ала отыырп, суреттің шығармашылық мәселелерін креативті шеше білу;
      15) қойылымдармен жұмыс істеу негізгі кезеңдерін және оларды практикада қолдана біледі;
      16) натуралық қойылымның максималды тиімді ракурсын өз бетінше анықтау, сондай ақ, өз таңдауын сауатты түрде негіздей алу;
      17) қойылымды максималды мәнерлі ететін форматты қатесіз анықтай білу;
      18) адам сұлбасын, тұрмыстық заттар мен жихаздарды енгізе отырып интерьерлі көп жоспарлы қойылымдарды бейнелеу жұмыстарының барлық кезеңдерін жоспарлай алады;
      19) түрлі кеңістіктік жоспарда екінші кезектегі сұлбаларды басты сұлбаға бағындара отырып, пропорциональды бірнеше адам сұлбаларын топтай біледі;
      20) үлкен түстік диапазонды пайдаланып, қойылымды жарықтандыруды жеткізу, алғашқы кезеңдерде жұмысты жалпыдан жекеге, ал аяқтағанда жекеден жалпыға бойынша аяқтайды;
      21) гипстік бетпердені, капелиді нмесе адам бейнелеудегі көкжиек сызығы деңгейі мен перспективалық қысқартуларды ескере отырып алған күрделі формаларды бейнелеу дағдыларын пайдаланады және өзбетінше талдай алады;
      22) көкжиек сызығының деңгейі және перспективті қысқартуларды ескере отырып, күрделі формалар және кеңістік құрылысын жасау жөнінде алған тәсілдерін өз бетінше қолданады және талдайды;
      23) алдын ала жасалынған нобайлар негізінде бұрылыс және индивидуалды мінезін көрсетуге сәйкес тірі моделді бейнелей алады;
      24) ерспективаға барлық қажетті конструктивті сызықтарды бағындыру арқыл, қойылымға деген бір көзқарасты сақтап, өз бетінше адамның толық бойымен орындайды;
      25) кеңістіктің тереңдігін жеткізудегі әуе перспективаларын ескеру және жалпылай алу негізінде интерьер алдындағы сұлба бейнесінің артықшылығына қол жеткізу, түстік кереғарлық туралы білімін қолданады;
      26) жұмысты аяқталу, тұтастық және жалпылау кезеңіне дейін жеткізеді;
      27) өзінің, сондай ақ өз достарының шығармашылық туындыларын сынай отырып, талдай біледі.
      46. 4-сыныптағы оқу пәнініңмазмұны.
      Бірінші жартыжылдық.
      1-тақырып. Кіріспе сағат. 4-сыныптағы сурет тапсырмалары жөнінде әңгіме. Нобайлар мен суреттер.
      2-тақырып. Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті. Гипстен жасалған бастың суретінде жұмсақ материалмен салудағы түстік шешімнің айқындылығы және жалпылылығы. Күрделі форманы ықшамды құралдармен бейнелеу.
      3-тақырып. Гипстен жасалған моделден көп планды натюрморттың композициялық бірлігі. Артқы планда орналасқан, жұмыстың түстік тұтастығын есептей отырып, композициялық орталықты айқындаудың тәсілдері.
      4-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Салушы көзінің деңгейінен жоғары орналасқан, күрделі конструкцияның сызықтық перспективасы. Капитель конструкциясын геометриялық денелердің күрделі комбинациясы ретінде түсіну.
      Екінші жартыжылдық.
      5-тақырып. Жеке портреттік сипаттаманың конструктивтік шешімдерінің тәсілдері. Әртүрлі ракурстағы адам басы конструкциясының перспективасы. Бет көлемінің, оның бөлшектерінің, шашының, мойнының «мүсіндеріндегі» түстік шешімдер. Портреттегі индивидуализация.
      6-тақырып. Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын моделдеудің ерекшеліктері. Фигура мен интерьерлік кеңістіктің сызықтық деңгейінің бірлігі. Интерьер детальдары мен фигура пропорцияларының өлшемдерінің үйлесімділігі. Фигура мен интерьер кеңістігінің жарықтығы.
      7-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Емтиханға қойылатын негізгі талаптар.
      47. Білім алушылардың шығармашылық жетістіктері келесідей өлшемдерді есептей отырып бағаланады: алған білімдерді академиялық немесе шығармашылық жұмыста толық қолдану, графикалық материалдармен жұмыс жасай білу (қарындаш, пастель, көмір, соус, сангина, және тағы басқалары.
      48. Білім, ептілік және тәсілдерді бағалау жұмыстың әр кезеңінде жүргізіледі. Тақырып таңдау және орындау техникасына шығармашылықпен қарау, алған теориялық білдімдерді тәжірибеде қолдана білу жоғары бағаланады.
      49. Сондай ақ, бағалау жартыжылдық және қорытынды жылдық суреттерді қарауда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет