Қант диабеті - асқазан асты безінің (ұйқы) бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3,5-5,5 ммоль/л. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.
Қант диабеті ерте заманнан белгілі болған: 18 ғасырда бұл науқастардың зәрінің тәтті болатындығы, 19 ғасырда бұл аурудың себебі-инсулин мөлшерінің азаюы екені дәлелденген, 20 ғасырда совет ғалымы Коган-ясный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан дайындағанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазіргі кезде 65 жылға дейін өмір сүреді.
Балаларда ең жиі кездесетін эндокриндік ауру қант диабеті болып табылады. Ол инсулиннің панкреатикалық және панкреатикалық емес жетіспеушілігінен туындайды, барлық зат алмасу бұзылыстарымен, әсіресе, көмірсу мен май алмасуының бұзылысымен көрінеді. Барлық жастағы балалар ауырады, бірақ көбінесе, мектепке дейінгі, препубертатты және пубертатты кезеңдегі балалар ауырып жатады.